kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып жетекшісі: Дзельбаева Сымбат

Сыныбы:  9 «?»

К?ні: 15.10.2015ж

Саба?ты? та?ырыбы: «?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»

Ма?саты: отбасында?ы ?ке мен ананы?, баланы? р?лін ай?ындау, ата-ананы сыйлау?а, ?адірлеуге, татулы??а т?рбиелеу. Жан?яда?ы сыйласты??а, адамгершілікке, инабаттылы??а, ынтыма? пен бірлікке, татулы? пен ?йымшылды??а т?рбиелеу. ?лкенді ?лгі, кішіні ма?тан етуге, отбасыны? бірлігін са?тап, жан?яны? ма?танышы болу?а т?рбиелеу.
1-ж?ргізуші: Ассалаума?алейк?м, к?рермен халайы?! 8 «?» сыныбында  ?ткелі отыр?ан «?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»  атты ашы? т?рбие са?атына ?ош келді?іздер!

2-ж?ргізуші: Отбасы-ша?ын мемлекет. Ол – т?лім мен т?рбиені?, ?лгі мен ?негені?, мейірімділік пен адамгершілікті? ордасы. Адам баласыны? ?мірге келгенге кейінгі бар тіршілігі отбасында ?теді.

1-ж?ргізуші: Отбасы алтын ?я, киелі ша?ыра? болса, сол ша?ыра?ты? м?рагері, ?рпа? жал?асы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі т?рбиені ата-анадан алады. Олай болса баланы? бас ?стазы – ата-ана. ?лы Абай б?л туралы

« Ата-ана?а к?з  ?уаныш –

Алдына ал?ан еркесі.

К?кірегіне к?п ж?баныш,

Г?лденіп ой ?лкесі» деп жыр еткен екен

Т?рбие са?атыны? шымылды?ын ашатын «Сарыар?а» биіне береміз. Орындайтын Исен??л Гаухар

2-ж?ргізуші: ?ке мен ана – ша?ыра?ты? тірегі. Ата-ананы? отбасы т?рбиесіндегі негізгі міндетін ай?ындайтын на?ыл с?здерді де к?п кездестіруге болады. Дана хал?ымыз «?ке – ас?ар тау, ана – б?ла?, бала – жа?асында ?скен  ??ра?», «?кеге ?арап ?л ?седі, шешеге ?арап ?ыз ?седі» деп бекер айтпаса керек.

Кезекті о?ушыларды? та?па?тарына берейік.

Ерсінай:

?ке деген-биік шы?ы адамны?,

?ке деген-тірегі ?ой ?аламны?.

?ке деген-бойы?да а??ан ?аны? да,

Шы??ан тегі?, ол негізі?, жаны? да,

Не десе? де ?ке жолы бір б?лек,

?айда ж?рсе? ?олты?ы?нан т?р демеп.

На?ыз ?ке а?ылг?й де ас?а? жан,

Барлы? ?рпа? ?келерден бастал?ан.

?ам?орсы?, ?ке, ?мірде,

?уатым сенсі? к??ілге.

?лпештеп мені ?сірсе?,

?шармын ерте? к?гі?де.

Те?іздей шал?ып ж?ремін,

С?йенер сенсі? тірегім.

Барсам да ?айда, жан ?ке,

?зі?мен бірге ж?регім.

К?кке ?рлеп к??ілі?,

Н?р?а толсын ?мірі?.

Ба?ытты бол, жан ?ке,

?за? болсын ??мыры?.

Ерке?али:

А? жаулы?ы? ?ымбат ма?ан,

Тілегімсі?, с?йенішім, панамсы?.

Шапа?аты? с?уле болып т?гілген,

А?ылы  мол, мейірімді данасы?.

?згелерден мен ?шін ен дарасы?,

Береке отын ша?ыра??а жа?асы?.

А? шашы?ны?  ?р талынан белгілі,

Асыл ана сан ойла?ан баласын.

Мейірімі?нен алтын с?уле шашыл?ан,

Ж?регі?нен жомартты? та табыл?ан.

К?кірегі? аппа? ?ардай тап-таза,

Парасатты сен данышпан, асыл жан.

?рнек тап?ан ?мір сыры ж?зі?нен,

Асыл ізет, ?неге болып т?гілген.

А? с?ті?ді а?та?аным болар ед,

?з орнымды таба білсем ?мірден.

Бауыржан:

?ипа?тайды ?ит етсе ана?, ?ке?,

?айтсем ?ана осыны адам етем?

Бас?аларды? балалары осындай

Тап осындай жа??ала?, шала ма екен?

Ойым емес, оллахи, біздікіні?

Енжарлы?ы елде жо? ала б?тен.

Туа сала т?лпарды? жалын тарт?ан

?ыр?илар?а ?ызы?ып ?арап ?тем.

Жары? сыйлап, ма?ына жылу сыйлап,

Б? да бір к?н алаудай жанар ма екен?

Ел ?атарлы ерінбей е?бек етсе-ау,

Болмаса топ жар дара б?тен.

Жілік тістеп мы?тылар той жасаса,

Жерге ?арап мен сорлы ?алар ма екем?.

?мітпен к?дікті? ортасында

Ата-ананы? ж?регі талады екен.

Динара:

Ана
Сен ба?ыттысы?,
Жылама?ын!
Жай т?сіп жат?анда да ??ламады?
Т??ірі?нен мен едім ?ой с?ра?аны?
Сонды?тан жылама?ын, жылама?ын!

Бармын ?ой
Тірімін ?ой,
?асы?дамын.
?лмеймін, мен ?зі?дей асылданмын.
Таусылып, ?з-?зі?нен шашылма?ын,
Байыр?ы береке?ді ?ашырма?ын.

Мен сені? ?аны?пын ?ой к?з жасы?а
?зім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам са?ан бірін арнап
«Ана» деп жаздым ыл?и с?з басына.

Т??ірім кеше к?рсін кесірімді
Аспан?а жазсам сені? есімі?ді!
Ана,
Сен ба?ыттысы?, тербете бер
??ба талдан иілген бесігімді…

1-ж?ргізуші: Б?гінгі ?л – ерте?гі ?ке, ол ?кеге ?арап ?седі. Б?гінгі ?ыз – ерте?гі ана, ол шешесіне ?арап бой т?зейді. Ата-ана балаларына  ?лгі-?неге к?рсете алмаса, онда т?рбиелі бала ?сіруі екіталай. ?йткені бала ерсектерге, ?сіресе ата-анасына, т?рбиешілерге ?те еліктегіш келеді. Жа?сыны да, жаманды да солардан ?йренеді, к?ргенін ?айталайды. ?аза?ты? дауылпаз а?ыны Ілияс Жанс?гір?лы «Жаста берілген, бас?а сі?ген т?лімі? ?зі? ?лмей с?йегі?нен ?ала алмас» деп б?лдіршінге жастайынан берілген т?рбиені? жемісті екенін айтады. Жас бала?а ?з ата-анасы - ас?ар– тау. ?ке-шешені? ауызынан шы??ан с?з бала ?шін за? болып есептеледі.

2-ж?ргізуші: «Т?рбие тал бесіктен» дейді атам ?аза?. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланы? ?сіп жетілуіні? негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам т?рбиесі ?шін е? жа?ын ?леуметтік орта. Отбасы – белгілі д?ст?рлерді?, жа?ымды ?негелерді?, м?ралар мен салт-д?ст?рлерді? са?таушысы. Отбасында бала ал?аш рет ?мірмен, ?орша?ан ортамен танысып, мінез-??лы? нормаларын игереді. Отбасы баланы? азамат болып ?суіні? негізі болып табылады. Отбасыны? басты ?ызметі – бала т?рбиелеу. Олай болса кезекті Аналарымыз?а арнал?ан ?нге береміз.

?н: «Ана туралы жыр» Орындайтын жігіттер тобы

1-ж?ргізуші: «Бала? жа?сы болса, жерді? ?сті жа?сы, бала? жаман болса, жерді? асты жа?сы» дейді ?аза?. Отбасында?ы ата-ана мен бала арасында?ы кикілжі?дер к?бінесе бала к?мелеттік жас?а тол?аннан бастап орын ала бастайды. Бала бойында?ы физикалы?, психологиялы? ?згерістер  оны? мінез-??л?ыны? ?згеруіне ?келіп со?ады. Сонды?тан да ата-ана ?сіріп отыр?ан баласыны? т?рбиесіне осы кезе?дерде жете к??іл б?лгені ж?н.

2-ж?ргізуші Ата-ананы? ?міт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті оларды? бар тілеуі бала?а ба?ыштал?ан. Оны? аманды?ын, ?рім-б?та?ты, бай ба?ытты, ата?-абыройлы болуын тілейді, ?здері ?л-?уаты кетіп, ауру-сыр?аулы болып ?артай?анда сол баланы? ?айырын к?ріп, мерейіміз ?ссе екен деп армандайды. А?ыр?ы, е? ?астерлі тілектері: «Бала-ша?аны? алдында д?ние салып, солардан топыра? б?йырса». Осындай ата-ананы сыйлау, с?би ша?ында ?зі?ді олар ?алай ба?ып-?а?са, ?артай?анда оларды да солай ала?ан?а салып аялап к?ту – ?андай ?анибет!

?азиев ?айратты? орындауында «Ана арманы» к?йі

2-ж?ргізуші: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ?я» деп бекер айтылма?ан. ?детте жа?сылы?ты? б?рі отбасынан басталады. Отбасы – ж?ртты жа?ындастырушы, ?рпа? пен ?рпа?ты табыстырушы, ?рпа?аралы? т?тасты?ты? отын жа?ушы ерекше ?я. Сонды?тан да отбасы – барша адамзат?а е? жа?ын, е? ?асиетті ??ым.

1-ж?ргізуші: Ата-анасыз ?мір жо?, я?ни адам жо?. Демек, бала-ата-ана ?міріні? жал?асы. Сол ?шін ата-ана жата-жалынып ??дайдан перзент к?ргенде ж?регі жарылардай ?уан?ан, содан кейін «Баламны? табанына кірген ш??ге мені? мандайыма ?адалсын» деп ?лпештеп ?сірген, перзенті ауырып не бас?а ?атер т?нгенде мойындарына б?рша?ын салып «?зімді алып, баламды аман ?алдыр!» деп ??дай?а жалбарын?ан, ?здерін балалры ?шін ??рбан еткен. «Бала – ата-ананы? бауыр еті», «Балалы ?й – базар, баласыз ?й –мазар» деген сия?ы толып жат?ан ма?алдарда ата-ананы? бала?а деген ?лы с?йіспеншілігі жат?ан жо? па?

  1. Келесі кезекті Биші ?ыздарымызды тамашала?ыздар. Би: ?аза? биі

 2-ж?ргізуші: Ата-аналар мен балаларды?, а?а-інілер мен ?пке-?ары?дастарды? ж?не ту?ан-туыстарды? ортасын ??райтын отбасы ?о?амны? е? ма?ызды ?йыт?ысы болып табылады. ?йткені адам е? ал?аш шыр етіп д?ниеге келген с?тінен бастап осында ержетіп, отбасыны? т?рбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір ша?ын мемлекет.

1-ж?ргізуші: Отбасы – ?рпа?тар саба?тасты?ын жал?астырушы, адам бойында?ы асыл ?асиеттерді ?алыптастыруды? рухани-адамгершілік бастауы.

?рбір отбасында с?йіспеншілік пен т?сіністік мы?ты болса, ?о?амны? ді?гегі де берік болады.

  1. Келесі тамашалайтындары?ыз  сыныбымызды? ?зіл?ой жігіттері  Жайдарман «?ара домала?тар» командасы Б?л о?ушылар мектепішілік ж?не ауданды? жайдарман ойыныны? же?імпаздары.

2-ж?ргізуші: Отбасында ?уелі сенім мен сезім, с?йіспеншілік пен сыйласты? болса, ?андай жа?дайда болсын ?мірді? ащысы мен т?щысын, суы?ы мен ысты?ын, ?ай?ысы мен ?уанышын бірге б?лісіп ба?ыт?а жете алады.

  1. Кезекті тамашалайтындары?ыз к?рініс баламны? мектептегі жа?дайы

1-ж?ргізуші: Ислам ?а?идаларында да отбасы жо?ары ба?аланып, оны? бала т?рбиелеп ?сіруіне бірінші д?режелі м?н берілген. Онда «Балалар –ата-аналар ?олына  берілген аяулы аманат» делінген. Б?л ?ажайып ??дайшылы? аны?таманы жадыда ?стау былай т?рсын, ?р ?йді? ма?дайшысына жазып ?ою?а т?рарлы?.

  1. Келесі кезекте «?ке туралы ?н» Орындайтын ?ыз?алда?тар тобы

2-ж?ргізуші: Ата-ананы? ба?ыты баланы? д?рыс адам болып ?суіне байланысты. Ал балаларды? ?здері?ізге ба?ыт сыйлайтын т?л?а болып ?алыптасуы, ата-аналар, сіздерге байланысты. О?ушылар, сіздер болаша?та ата-ананы? ?мітін а?тар, елін с?йер азамат болады деп сенемін. ?р отбасына шатты? мейрімділік  ??т-береке, ?уаныш пен ба?ыт тілеймін.

  1. Ойын «Г?л терейік». Олай болса ??рметті ата-аналар ??мырада?ы г?лдерді? ішінен бір-біреуден алып ішіндегі с?ра?тар?а жауап берулері?із керек

 (?уен ойналып т?рады)   

С?ра?тар:

 1. Бала?ызды мінез-??л?ы кімге ??сайды?

 2. Бала?ызды ?андай маманды? иесі бол?анын ?алайсыз?

 3.  Бала?ызды? саба?ын ?йде кім ?арайды?

 4.  Бала?ызды ?алай еркелетесіз?

 5. Бала?ыз бірдеме б?лдірді делік, ?алай жазалайсыз?

 6. Бала?ызбен есеп шы?арасыз ба?

 7. Бала?ыз?а о?у ба?дарламасы бойынша ?андай п?н ?найды?    

 8. Дастархан басында бала?ыз?а ?андай ба?ытта ?неге бересіз?

 9. О?у жылыны? басынан бері  бала?ызды? неше саба?ына ?атысты?ыз?

10. Бала?ызды? апталы?  саба? кестесінде  сынып са?аты ?ай к?ні болады?

11. Бала?ызды? сынып жетекшісімен ?немі байланыста боласызба?

12. Бала?ызды? сынып жетекшісіні? аты-ж?ні?

13. Ата-аналар жиналысына ?немі ?атысып отырасыз ба?

14. Бала?ызды? о?у, кітап ??ралдарын ?стау де?гейін ?алай ба?алайсыз?

15. Бала?ызды? мектепішілік шаралар?а ?немі ?атысуын ?ада?алайсыз ба?

1-ж?ргізуші: Саба??а ?атысушы барлы? ата-аналар ал?ысымды білдіреміз «?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы» атты ашы? т?рбие са?атымызды осымен ая?таймыз. Келесі кездескенше к?н н?рлы болсын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»»

Сынып жетекшісі: Дзельбаева Сымбат

Сыныбы: 8 «Ә»

Күні: 15.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі-отбасы»

Мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, көрермен халайық! 8 «Ә» сыныбында өткелі отырған «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі-отбасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Отбасы-шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенге кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен екен

Тәрбие сағатының шымылдығын ашатын «Сарыарқа» биіне береміз. Орындайтын Исенқұл Гаухар

2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деп бекер айтпаса керек.

Кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік.

Ерсінай:

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да,

Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылгөй де асқақ жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Қамқорсың, әке, өмірде,

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірсең,

Ұшармын ертең көгіңде.

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

Көкке өрлеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың.

Еркеғали:

Ақ жаулығың қымбат маған,

Тілегімсің, сүйенішім, панамсың.

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол, мейірімді данасың.

Өзгелерден мен үшін ен дарасың,

Береке отын шаңыраққа жағасың.

Ақ шашыңның әр талынан белгілі,

Асыл ана сан ойлаған баласын.

Мейіріміңнен алтын сәуле шашылған,

Жүрегіңнен жомарттық та табылған.

Көкірегің аппақ қардай тап-таза,

Парасатты сен данышпан, асыл жан.

Өрнек тапқан өмір сыры жүзіңнен,

Асыл ізет, өнеге болып төгілген.

Ақ сүтіңді ақтағаным болар ед,

Өз орнымды таба білсем өмірден.

Бауыржан:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың балалары осындай

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойым емес, оллахи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...

Туа сала тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?

Ел қатарлы ерінбей еңбек етсе-ау,

Болмаса топ жар дара бөтен.

Жілік тістеп мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?...

Үмітпен күдіктің ортасында

Ата-ананың жүрегі талады екен.

Динара:

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

1-жүргізуші: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқар– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

2-жүргізуші: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Олай болса кезекті Аналарымызға арналған әнге береміз.

Ән: «Ана туралы жыр» Орындайтын жігіттер тобы



1-жүргізуші: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмелеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер  оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

2-жүргізуші Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағында өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!

Қазиев Қайраттың орындауында «Ана арманы» күйі

2-жүргізуші: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

1-жүргізуші: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?

  1. Келесі кезекті Биші қыздарымызды тамашалаңыздар. Би: Қазақ биі

2-жүргізуші: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

1-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастырудың рухани-адамгершілік бастауы.

Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

  1. Келесі тамашалайтындарыңыз сыныбымыздың әзілқой жігіттері Жайдарман «Қара домалақтар» командасы Бұл оқушылар мектепішілік және аудандық жайдарман ойынының жеңімпаздары.



2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

  1. Кезекті тамашалайтындарыңыз көрініс баламның мектептегі жағдайы

1-жүргізуші: Ислам қағидаларында да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына  берілген аяулы аманат» делінген. Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық.

  1. Келесі кезекте «Әке туралы ән» Орындайтын қызғалдақтар тобы

2-жүргізуші: Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар, сіздерге байланысты. Оқушылар, сіздер болашақта ата-ананың үмітін ақтар, елін сүйер азамат болады деп сенемін. Әр отбасына шаттық мейрімділік құт-береке, қуаныш пен бақыт тілеймін.

  1. Ойын «Гүл терейік». Олай болса құрметті ата-аналар құмырадағы гүлдердің ішінен бір-біреуден алып ішіндегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек

(Әуен ойналып тұрады)

Сұрақтар:


1. Балаңызды мінез-құлқы кімге ұқсайды?

2. Балаңызды қандай мамандық иесі болғанын қалайсыз?

3. Балаңыздың сабағын үйде кім қарайды?

4. Балаңызды қалай еркелетесіз?

5. Балаңыз бірдеме бүлдірді делік, қалай жазалайсыз?

6. Балаңызбен есеп шығарасыз ба?

7. Балаңызға оқу бағдарламасы бойынша қандай пән ұнайды?

8. Дастархан басында балаңызға қандай бағытта өнеге бересіз?

9. Оқу жылының басынан бері балаңыздың неше сабағына қатыстыңыз?

10. Балаңыздың апталық сабақ кестесінде сынып сағаты қай күні болады?

11. Балаңыздың сынып жетекшісімен үнемі байланыста боласызба?

12. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөні?

13. Ата-аналар жиналысына үнемі қатысып отырасыз ба?

14. Балаңыздың оқу, кітап құралдарын ұстау деңгейін қалай бағалайсыз?

15. Балаңыздың мектепішілік шараларға үнемі қатысуын қадағалайсыз ба?

1-жүргізуші: Сабаққа қатысушы барлық ата-аналар алғысымды білдіреміз «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі-отбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.
















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?рпа? т?рбиесіні? тірегі-отбасы»

Автор: Дзельбаева Сымбат Абдыказыевна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251395


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства