kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тағдыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жетоқсан оқиғасының басты батыры Тұрар Рысқұловтың өмірінен үзінді сахналық көрініс ретінде беріліп отыр. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тағдыр»

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Тағдыр (Тұрар Рысқұлов)

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи маңызы бар қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлыватың өміріміен қоғамдық қызыіметін таныстыру.

Тұрарадың зайыбы Әзизаның өмірінен көрініс . Т ұрардың ұрпақтары.

Сабақтың әдісі: Сахналық (театырландырылған ) сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Буклет

2.Т.Рысқұловтың суреті

3. Қабырға газеттері. Тұрар және Әзиза

4. Қанатты сөздер

5. Газет «Шамшырақ» (аудандық) «Рысқұл тағдыры» дастан.

6. Тұрар туралы романтикалар: (кітаптар көрмесі)

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір», Устиновтың «Служекие кароду», Е.Кузембаев «Тұрар», «Тағдыр»


  1. Сабақтың барысы:

I-жүргізуші : Құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы ревалюция қайраткері, бүкіл еңбекші халықтың қамқоршысы, өз халқын шын жүрегімен сүйе білген, халқы үшін бүкіл қайрат күшін, ақыл-ойын сарқи жұмсап, халықтың көш бастаушысы болған Т.Рысқұловқа арналады.

Т.Рысқұловтың арман-тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты

күнді көре алмаса да, оның туатынынада сенген еді.

Ән (хоус )


I-жүргізуші :

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1997 жылды «Репрессияға ұшырағандарды еске алу» жылы деп атаған еді.

1937 ж. Сталиндік қанды режимнің қатал қыспағына жазықсыз ілінген қазақтың оқыған, көзі ашық, сауатты және ұлтжанды азаматтары құрбан болған жыл еді. Жазықсыз жапа шегіп, жалған жаланың құрбаны болған азаматтарға 66 жыл толып отыр.

II-жүргізуші :

Ия, сол бір жылдарда құрбан болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов , Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов т.б. жүздеген, мыңдаған азаматтарды еске түсіру жыл болды.



I- жүргізуші :

1938 ж. адамзат тарихында бұрын соңды болып көрмеген қанды жарық жылы болды. Халық жауы деп ұсталған азаматтардың жанұясындағы әйелдерін, балаларын, қыздарын, туған-туысқандарын қынадай қырып салып, қуғын-сүргінге, ұшыратқан азапты жыл болды.


  1. Тарихтан айналайын әділетті

Алдыңда бас иемін құдіретті

Заманына қол жеткізіп қайта құру

Көрсеттің адамзатқа кереметті.


  1. Боларсың кейде қатал тарих ана

Тұқыртып жібересің күшке сала

Асылды аяғынан шалып жығып

Жоқ етіп жібересің қойыңа ала.


  1. Боларсың кейде жұмсақ халық үшін

Халықтың байқағандай алып күшін

Асылды жарқыратып шығарасың

Мен сені жақсы көрем соның үшін.


  1. Аталарым қорқады екен айтуға

Айтса егер бұйырылады атуға

Шамаларын келтірмеді халықтың

Революция қайраткерлерін атуға


  1. Қарақойын Рысқұлдың өскен жері

Тағдырдың қысымымен көшкен жері

Талғарда дүниеге келген екен

Халқымыздың көш бастаушы қайраткері.


  1. Әкесімен бірге ашты түрме есігін

Түрменің сығалады тар тесігін

Сыз топырақты төсек қып жата берді

Түрменің қуат етіп жер бесігін.


  1. Жасынан ауырлығын көрді өмірдің

Қыспағынан шыға аламай тор темірдің

Түрмеде-ақ ант беріп ед өз-өзіне

Быт-шытын шығаруға ескі өмірдің


  1. Қасиетті Қарақойын қара маған

Қойныңызды аш ұрпағыңа даралаған

Тұрарадай перзентіңді өсірдің сен

Тарихта жұлдыз болып жарқыраған



IІ-жүргізуші: Тұрардың әкесі Жылқайдарұлы Рысқұл Майлыкент болысының құрамына кіретін (қазірігі Түлкібас ауданы) сәлік (қазірігі Тұрар ауылы) ауылында туып өскен.

Өжет те, қайсар батыр тұлғасы Рысқұл Майлыкент өңірін билейтін күштілермен келісе алмай, елден аулақ кетіп, тыныш омір сүруге бел байлайды.

Алған бағытынан қайтапайтын қайсар Рысқұл бір топ ағайындарын соңына ертіп көшті бастайды. Жұпыны кедей ауылдың көші қара жолдың бойымен ілби жылжып, Әулиеата (Тараз), Меркі, Біткек шахарларын басып өтіп, шығыс Талғар болысын билеп тұрған билеуші Саймасайдың құзырына кірме ауыл болып қоныс тебеді.


І-жүргізуші:

Саймасай болыс Рысқұлды өзінің қарсыластарында кеткен кегін қайтаруға жұмсап, өз есебін түгендей басатады.

Іс насырға шауып, шегіне жеткен кезде барлық ауыртпалықты Рысқұлға аударып, өзі қарсыласын жүрген ағайындармаен ауыз жаласып кетді.

Бұл қорлыққа шыдай алмаған Рысқұл сөзінде тұрмаған болысты қарама –қарсы асуында атып өлтіреді.

Қысымға шыдай алмаған тау шілменбет-рі бет-бетімен елге қарай қашады. Қашқындардың біразы Меркі жеріне, біразы Әулиеатаға, біразы елегі келеді.


ІI-жүргізуші :

Болысытң туыстары Рысқұлды ұстап түрмеге қаматады. 10 жылға соттан сібірге жер аударуға үкім шығарды. Бұл кезде Тұрар 10 жаста еді.

Кішкентай Тұарар бала әкесінің қасында түрмеде бірге болады. Әке мен бала біржола ажырасатын мезгіл жеткенде Рысқұл Тұрарды құшақтап, маңдайынан сүйіп, ақыл айтады.



Түрмедегі қоштасу. Әке мен бала


  • Рысқұл. (қолында, аяғында кісен) Тұрар, ау Тұраржан тұршы,балам, ұйқыңнан келші менің қасыма.

  • Тұрар. (жатқан жерінен ұшып тұрып) Көке, не болды, дауысыңыз бір түрлі шықты ғой. Бір нәрседен шошындыңыз ба, айтшы көке, не болды?

  • Рысқұл . (күрсініп аз ойланып отырды да ) Балам, айтқан сөге түсіне аласың ба? Бір жұмыс айтсам.

  • Тұрар. (әкесінің қасына келіп) Көке, сіз айтқан сөздеріңіздің бәрін түсінемін. Сізбен бірге жатқандардың да бір-бірімен сөйлескендерінде түсінем. Бәрі ойымда тұр.

  • Рысқұл. Жыламайсың ба, жыламасаң айтам.

  • Тұрар. Көке мен, үлкен болдым ғой. Түрменің бастығы ұрғанда да жылағкам жоқ қой, өзің де көрдің ғой, жыламағанымды .

  • Рысқұл. Тұрардың басынан сынап, маңдайынан иіскей бергенде толқып кетіп, көзіне жас алып, кемсеңдей бастайды. Онысын Тұрарға көрсетпейін деп теріс айналады.

  • Тұрар. Көке, көке, неге жылап тұрсың? Маған жылама деп айтасың да, өзің үлкен болып жылайсың.

  • Рысқұл. Бірден бойын жинап, қатуланып. Балам, әкеңнің туған жерін білесің бе?

  • Тұрар. Өзің талай рет айтып отырушы едің ғой, Түлкібас, Майлыкент, Шілменбет деп. Мен сөздерді ұмытқан жоқпын. Сол сіздердің туған жеріңіз бе?

  • Рысқұл. Ақылың бар екен балам, жарайсың. Тыңдап ал, Түлкібас, Майлыкент менің туған жерім, ал Шілменбет сол аралықта тұратын елдің аты, Шілменбет ұрпағының бір тармағы Сәлік деген ауыл. Ол менің өскен жерім. Кейін үлкен азамат болған соң іздеймін десең сол Майлыкенттен іздегейсің,ұмытып қалма.

  • Тұрар. Жарайды, көке, мен естігенімді ұмытпаймын еш уақытта да ұмытаймын.

  • Рысқұл. Тұрар (құшақтап) енді екеуміз біржола ажырасқалы тұрмыз. Енді бір-бірімізді еш уақытта көре алмайтын шығармыз.

  • Тұрар. Неге,Көке! Не болып қалды. Осы үйде тұра бермейміз бе? Мені тасатап қайда кетесің?

  • Рысқұл. Түсінбейсің, балам. Түсінбейсің (күрсіледі). Үлкен болған соң түсінесің, білесің әкеңнің қайда кеткенін.

  • Айдалушы . Жылқайдаров Рысқұл, уақыт болды, жина жол дорбаңды, түйіншектеріңді қалдырма. Бол, тез, шық. Алдыма түс.

  • Рысқұл (Артына бұрылып, баласына қарап)


  1. Ей, балам сапар шектім ұзақ жолға

Басқан ба ісім менің сірә оңға

Енді сені көремін бе, көрмеймін бе

Жүресің әкеңді ойлап алып ойға.


  1. Кетті деп әкеңді ойлап жыламағың

Жаныма қатты батар жылағаның

Жан балам келші бері бір сүйейін

Көрейін құмарымның бір қанғанын.


(Тұрар әкесінің қасына келеді. Әкесі баласының басынынан сипап тұрып)


  • Рысқұл. Сөздерімді мына менің ұққым балам

Шалқып жатқан жерің бар жазық далаң

Оқу оқып, халқыңа қызметісте

Мені ойлап, бекерге болмай алаң.


  • Тұрар. Ал,Көке, қайғы жеме мен үшін

Оқимын жеткенінше барлық күшім

Ер жетсем азамата болып, білім алып

Қызметімді жасармын халқым үшін.


  • Рысқұл. Кейін сұрап білерсің әкең жайын

Өмірде көргенімнің бәрі дайын

Қағазға жазбазам да ел айтады

Аңыз қылып бірін-бірі көрген сайын.


  • Тұрар. Білмеймін не жазылды маңдайыма

Тап болам бұл өмірдің қандайына

Хош көке, хабар жібер барған жерде

Жүрсең дежер шарының шалғайында


  • Айдауыл. Тыңдар сөздеріңізді

Сахынадан шығады. Сонда Тұрар:

  • Тұрар. Қайда барады. Мен жібермеймін көкемді!

Кө-ке, мені тасьамашы, ала кетші мені

Кө-ке....... (жерге жата қалды)


Оқушылар:


Көке деп, Тұрар қалды зар еңіреп

Білместен не болғанын есеңгіреп

Үш күндей қозғалмастан жатып алды

Бауырын сыз топыраққа төсеңкіреп


Кетсем деп ем сендерді өзім алып

Сөзімді тыңдамады құлақ салып

Тірі жүрсем хабарымды білідіремін

Өткен-кеткен біреуден хабар салып.


Үш күннен соң орнынан тұрды бала

Дәптері мен қаламын қолына ала

Қоштасып түрмедегі ұстазымен

Сапар шекті Меркіге жалғыз ғана.


Ән «Әке толғауы» (жеке)

Кеткен қатал Сталиннің заманы

Момын елді қырып берді жаманы

Шайқасқанда Сталинмен ер Тұрар

Сақтау еді өз халқының аманын


Аш-жалаңаш қаңғырған бала-шаға

Ақыр заман орнады-ау қарашаға

Бала қамы, ел қамы зыр жүгіріп

Отырмады-ау кремльде тамашаға


Өз халқын Тұрар ата аралады

Жақсысы мен жаманын саралады

Тоз-тоз болған халқының жайын айтып

Сталинге хат жазып хабарлады.


I-жүргізуші:

Сталиннің шешімімен Қазақстан өлкелік партия ұйымын басқаруға өкімет басшысы болып баруға Голощекинді Қазақстанға шұғыл аттандырды. Голощекин республикадағы ішкі жағдайларды талдай келіп, қазақ халқының оқыған,сауатты, әділетсіздікке төзбейтін зиялы азаматтармен жұмыс істей алмайтынына әбден көзі жетті.


II-жүргізуші: Голощекин «халық жауы», «Тап жауы», «Шет ел тыңшысы», «Партияның жауы», «Алаш саясатын қолдаушы», терминдерді ойлап тапты. Сталине арнайы хат жазып, қазақстандықтарға «кіші төңкеріс» жасауға партияны ұлтшылдардан тазартуға рұхсат алды. Сталин Голощекинді қолдады. Өзіне аса қауіпті деп таныған Т.Рысқұловты қалайда Қазақстанан алып кетуді және тікелей бақылауға алуына Сталин мен Ежовтан өтінді. Голощекиннің бұл арам пиғылы жүзеге асты да.



І-жүргізуші: «Голощекин Қазақстанда» көрінісін назарларыңызға ұсынамыз. Кейіпкерлер:

Голощекин -Нұржан Сақтағанов

С.Сейфуллин- Нұрболат

Т.Рысқұлов-Кенжебеков Марат

Ораз Жандасов-Қайрат

Сұлтанбек Қожанов-Манат

(керекті заттар: стол 2-3 орындықтар, телефон газет)

  • Голощекин. (бюро басқ.отыр) Жолдастар, мен Қазақстанды түгел аралап шықпасам да, елдің жағыдайын көріп, біліп отырмын. Жағыдай өте ауыр. Көптеген кадрларды саралай келіп, қолынан іс келетін, тез орындайтын, таптырмайтын кадр есебінде Сталин жолдастың өзі мәдениеттен тысқары, шетте жатқан Қазақстанды жөндеуге менің қарсылық көрсетпеуіме қарамастан, мені осында жіберіп отыр. Мен сенімді толық атқаруым керек, жолдастар.

  • С.Қожанов. Жолдас, Голощекин! Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осында туып, осында өскен біздер де қазақ халқының әлуметтік жағыдайын толық зерттеп болдық деп айта алмаймыз. Ал, сіз бұл өңірге келмей жатып, жағыдайды толық білем деуіңіз мені ойландырып отыр. Иә, өте қызық екен.

  • Голощекин. Мен осында аттанар алдында Мәскеулік бір-екі ғалымдарға жолығып, 2-3 күн қазақ ұлты жайында біраз мәлімет алғам, жолдас Сұлтанбек Қожанович, енді түсінген боларсыз.

  • С.Қожанов. Түсіндім, түсінікті, Филипп Исаевич.

Сіз 2-3 күн емес, 2-3 жыл шұқшиып отырып зерттесеңіз де шегіне жете алмайсыз. Қазақ халқының әлеуметтік жағыдайы, оның тарихы сіз ойландырғандай емес. Бұл бюро мәжілісінде отырғандар бала емес екенін ескеріңіз.

  • С.Сейфуллин. Қазақстанға келмей жатып, халықтарының әлеуметтік жағыдайларымен таныспай жатып, жағыдайды жете білгеніңіз өте орынды болған екен. Орын алған олқылықтарды жинақтап, халықты қиыншылықтан алып шығу жайында Орталық сізге ақыл-кеңес бепген болар (жымиып күледі)

  • Голощекин. Сейфуллин жолдас (қатуланып) мен Мәскеуден аттанарда мәскеулік достар, әрине, өкімет мүшелері сен басқаруға бара жатқан қазақ деген ұлт тағылау, асу, өжет,көшпенді халық. Қалайда жолын тауып ықтырып алмасаң басқару тізгінінен айырылып қалуың ықтимал, байқа деген.

  • Тұрар. Жолдас Филипп Исаевич ақылгойлеріңіз тағы қандай кеңес берді. Сенетіндеріңіз мықты екен.

  • Голощекин. (қабақ түйіңкі) Т.Рысқұлович, мен тіке ашық айтқанды ұнатамын. Жабайылау халықты Европалық мәдениетке тарту, діннен алшақтау, қазақ тілін қазіргі социализм талабына сай емес, сондықтан, жаңа тілге көшу. Ұлы орыс тілін қабылдау, қазақтардың ескі мәдениетін жойып, жаңа өмірді мойынсындыру. Бұған сендердің көмектерің керек. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қазақтардың оқыған азаматтарын қатаң тәртіаке шақырам.

  • Тұрар. (қатты үнмен)Жолдас Голощекин, Сіз менің халқымның ар-ожданын аяққа басып, арына тиіп отырсыз. Сені осында жіберіп отырған ақыл-кеңес берушілеріңіз қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен бейхабар бейшара жануарлар деп білемін. Қазақ деген ұлттың мәдениеті оның тарихы Европадағы дамыған елдердің мәдениетінен ешқандай кем емес деп білемін.

  • Сәкен. Қазір халық жаппай ашаршылықтап болды.

Қолдағы мал түгелдей қазынаға өткізілді. Астық тапшылығы өріс алды. Халықты түгелдей қырып алмайсың десек, жолдас Голощекин, нақты бір шешімге келіп, шұғыл шара қолдануымыз қажет болады.

  • О. Жандосов. Қазір біз жүргізіп отырған саясатты еңбекші бұқара халықты жаппай күштеу, зорлық, асыра сілтеу жолымен асғыс, үстірт тану бағытымен қанап отырмыз. Тек байларды, кулактарды ғана емес, кедейлерді де, солармен қоса тонадық. Жаңа саясат жарылқайды, колхоз болайық деп тер төгіп жатырмыз. Аш халық енді бізге сенер қояр ма? Тарих бұл саясатымызды ерте ме, кеш пе кешіре қоймас.

  • Голощекин. Мен қазақ даласынан кедейлерді көріп тұрғам жоқ. Қазақтарды түгелдей бай-кулактар деуге болады. Қазақтар көшіп қонып жүріп, мәдениеттен жұрдай блған халық. Тамақты қолмен жейді, жерге отырады. Бұл төзуге болмайтын сорақы іс. Қазақтарға қасықты қалай ұстауды үйретуден бастау керек. Бұл кезек күттірмейтін іс.

  • Тұрар. (орнынан тұрып ашуланып) Қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын ауыр сөз айттыңыз, жолдас Қазақстан басшысы!

2-ден, Қазақтарға қазіргі таңда қасық емес, астық керек, астық керек. Орыс халықтарының «неважно чем кушать, а важно что кушать» деген мәтелін білетін боларсың егер таза орыс ұлттарының азаматы болсаң 3-ден,қазақтар көшпенді болғанда басқа біреудің жеріне баса көктеп кірген жоқ! Өз жерінде отыр.Күн көрісі малға байланысты болғандықтан жаз жайлауында, қыс қыстауына қоныс аударып отырған. 4-ден, байлардан қол үзбеу керек. Олар да адам айтқанды түсінеді. Олардың артық малдарын халықтардың игілігіне тарту керек.

Сен ұстап отырған саясат түгелдей халықты қорлау, қыру саясаты. Бұл саясатқа біздің төзгіміз келмейді. Халық үшін қызмет ету әрбір қазақ азаматтарынның міндеті.

  • Голощекин. (ашуланып столды қойып қалып).

Тоқтаңыз Рысқұлов? Сөздеріңнен, іс-қимылдарынан ұлтшылдықтың белгісін айқын көріп тұрмын. Ұлтшылдықтың тамырына балта шабылатынын қатаң ескертемін, жолдастар!

  • Сәкен. Өз халқымыздың, ұлтымыздың болашағы үшін еңбек еткен адам ұлтшыл бола ма? Олай болса, сен және сенің Мәскеудегі «кеңесшілеріңіз» Россия империясы үшін жан ұшырып шырылдап жүрген жоқ па? Олар да ұлтшыл болғаны ғой!

  • Голощекин. Жарайды, тоқтаңыз Сейфуллин! Ойларың түсінікті. Арнаулы орында жеке-жеке сөйлесетін болармыз. Мәжілісті жабық деп жариялаймын.



Ән «Заман-ай»

  • Т.Рысқұловтан тек Голощекин ғана емес, Сталиннің өзі де қатты сезіктенетін. Тұрардың іскерлік қабілетін тамаша білетін Орта Азия халықтарының арасынан шыққан ірі Тұлға, қайраткер деп бағалағанмен Тұрардан біржола қоштасу туралы тұжырым жасады. Оған Ежов, Голощекин сияқты азғындарды Сталин өте шебер пайдалана білді. Алдын ала ойластырған іс жоспар бойынша 1937 жылы Т.Рысқұлов Крым саяжайында Әзизамен демалып жатқан жерінде тұтқынға алып тынды.

  • Шіркін-ай қисық едің өмір неткен

Кей кезде кетесің-ау алып шектен

Қазақтың жұлдыз болған бір жарығын

Қай жұлдыз еді арамыздан алып кеткен?

  • Сталин бұрыннан да еді кекті

Құтылу бұл Тұрардан керек депті

Крымда саяжайда жатқанында

Нұсқауымен Сталиннің алып кетті.


І-жүргізуші: Тұрар өз ісінің әділдігіне толық сенді. Сталиннің өз ққолымен жасалып жатқан зұламат қанды қастандық екенін сезсе де, дәл өзі үшін осылай тұтқын боларын ойламаған еді. Тұрар бұл тұтқын сапарынан қайтып оралмасын сезді. Ол сезімін Әзизаға білдіргісі келмеді. Тұрар аяулы халқымен соңғы рет қоштасты.

  1. Аман бол, мәңгі жаса менің елім

Алаң боп мені іздер ерің едім

Тарихтың әділетті жолын іздеп

Жүргенде мен ұлыңа сеніп едің.

  1. Батаңды берерсіздер біз балаңа

Осынау сыя алмаған кең далаңа

Белдесіп халқы үшін күреспейтін

Қазақта ел бастамас үл болса мен.

  1. Ел болмас ұлы істі қолға алмайтын

Ұлт болмас өзін-өзі қорғамайтын

Өсірген талай ұлды дана елден

Шықпай ма ер азамат қолға алатын?

  1. Күн туар қазақтарға ел болатын

Билігін өздерінің еске алатын

Сенемін ұрпағына шын ниетпен

Келеді жастар өсіп жөн болатын.

  1. Сақтаңдар ел бірлігін ұайымдасып

Бірігіп, еңбек етіп қауымдасып

Жолымен Абай, Ыбырай, Шоқандардың

Білімге ұмтылыңдар ұжымдасып.

  1. Бөлмеңдер бірімзден-бірімізді,

Тексеріп бағалай бір кәрімізді

Біздерді еске алар уақыт келсе

О, халайық, ұмытпаңдар бәріімізді.

І-жүргізуші: 1938 жылы қаңтар айының бас кезінде ГУУ-дың адамдары келіп, Рысқұлова Әзиза Түбекқызына халық жауының жұбайы ретінде 2 айлық жас нәрестесімен бірге Бутырская түрмесіне апарып жапты. Тұрардың баласы жас Ескендірді жау ретінде қамап, азаптап өлтірді. Қызы София мен Сәулесі апасынан айырылып, аты-жөндерін өзгертіп, балалар үйіне өткізіп жіберді.


ІІ-жүргізуші: Рида Тұрарқызы анасы Әзизамен бірге он жыл КарЛаг түрмесінде болып, түрме қиыншылығының бәрін көрді. 6-7 жасқа келгенде Риданың қауіпті жау ретінде балалар түрмесіне жіберіп, апасынан ажыратылды.

Рысқұлова Әзиза Тұрар ақталғаннан кейін 1955 ж кейін балаларын іздестіріпп 6-7 жылдан кейін табады.


І-жүргізуші: ссәулені бір орыстың жанұясы асырап алады да, оған өз фамилиясын береді. Әзиза сот арқылы 4-5 жыл дегенде әрең қайтарып алады. Қазір Алматыда тұрады. Академияның корреспондент мұшесі.


ІІ-жүргізуші: Риза Москвада тұрады. Халықаралық шетел институтының ағылшын тілі бөлімін бітірген. Мамандығы аудармашы.

І-жүргізуші: О, қатыгез тасбауыр тағдыр! Қандай ұқсастық бір кезде әкесі Рысқұл бала Тұрармен Алматы түрмесінде бақұлдасса, арада көп жыл өткен соң, сол өмір қайталанып, әке Тұрар ұлы Ескендірмен мәңгілікке Лубянка түрмесінде былайша қоштасыпты:


-Тұрар: -Ескендір, бауырым, ұлым, мен өмір бойы әділдік үшін күрестім. Күштілері әлсіздерін езілген қиянатпен алыстым. Әкелері балаларын пайғамбардай көріп, балалары әкелерін құрметтейтін қоғамды аңсадым.

-Мен осында мерт болсам, сен аман қалсаң, мен сенің көзің арқылы арайлап атқан таңды, басын арай шалған асқар тауды, жасыл орманды, заңғар көкті, құдыретті күнді көрермін. Сен аман қалсаң, Ескендір, әйтеуір бір кезде Қазақстанға қайт. Алатауға қара. Түлкібас – жуалы деген ел бар. Ол сенің ата-бабаңның бесігі. Талғар деген алатөс таудың бауырына барып түне. Ол менің кіндік қаным тамған жұрт.

Сонда менің рухым да сенімен бірге болып, дүниедегі ең асыл, ең қымбат мекендерді көріп, мейірім қанар!


Ән «Менің Қазақстаным»













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тағдыр

Автор: Молдабаева Эльвира Пашеновна

Дата: 24.12.2016

Номер свидетельства: 372899

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Саба?ты? та?ырыбы «Елімні? ерекше та?дыры»"
    ["seo_title"] => string(48) "sabak-tyn-tak-yryby-ielimnin-ieriekshie-tag-dyry"
    ["file_id"] => string(6) "247938"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446644735"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "М.Ма?атаев "А?ын та?дыры- поэзия та?дыры""
    ["seo_title"] => string(35) "mmakataievakyntagdyrypoeziiatagdyry"
    ["file_id"] => string(6) "303279"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457499736"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "«?АЗА?СТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ: БІР ХАЛЫ?-БІР ЕЛ-БІР ТА?ДЫР» "
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-stan-2050-stratiegiiasy-bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr"
    ["file_id"] => string(6) "228228"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441185266"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "бір халы? – бір ел – бір та?дыр. "
    ["seo_title"] => string(30) "bir-khalyk-bir-iel-bir-tag-dyr"
    ["file_id"] => string(6) "158824"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421816529"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«?аза?стан-2050» Стратегиясы: бір халы? – бір ел – бір та?дыр»"
    ["seo_title"] => string(51) "kazakstan2050stratieghiiasybirkhalykbirielbirtagdyr"
    ["file_id"] => string(6) "275100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452518593"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства