kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік –оңай жолмен келген жоқ!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы: «Тәуелсіздік –оңай  жолмен  келген  жоқ!»   

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. 
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы: 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 25 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 30 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік –оңай жолмен келген жоқ!»

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік –оңай жолмен келген жоқ!»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым. 
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы: 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 24 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 29 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Ернар:

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Мадина:

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Сыпабек:

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. 
Ернат:

Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 

Назерке:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.



«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.


Сыпабек:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып


Ұлбосын:

Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз ұйымдастырды» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Ердос:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.

Айша:

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

Құттыбай: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Шерхан: Жоқ, мен емес.
Құттыбай: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Шерхан: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Айша:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Шерхан:

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Айша:

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....


Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!


Құттыбай:

Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Шерхан:

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпаймын, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.


Айша:

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Шерхан:

- Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»
Ернар:

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
Мадина:

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Амиров:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!



Нұрсұлтан: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.



Айзада: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.


Мадина:

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Ернар:

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Мадина:

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Ернар:
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық!


                   Шерхан:    Бостандық құтты болсын ерікті ел,
                  Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
                  Бостандықты аңсаған батырлардың
                  Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Тахир:

Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқадым әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.



Ән «Көк тудың желбірегені»   

Оқушылар орындайды

 Зухра:

     Ел болдық егеменді, теңдік алып,
    Бар әлем қазақ елін болды танып
    Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
    Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.


Айзада:        Ел болдық ерік алдық астаналы
    Енді кімнен қазағым жасқанады?    
    Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
    Нұрсұлтанның атымен басталады.
       Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
    Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
    Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
    Көркейген елім менің – Қазақстан!


Ердос: 
Жағасына жауының жетіп қолы, 
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен. 
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы, 
Олжа емес салбырап түскен көктен. 
Қуаныш аралас қасіретпен, 
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен. 
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін, 
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.


Ернат: 
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, 
Тарихы оның тым әріден басталған. 
Бодандықтан құтқарам деп елімді, 
Талай боздақ қара жерді жастанған. 


Балауса: 
Жазалаушы қара құрттай қаптады, 
Қазағымды қырып – жойып таптады. 
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты, 
Қарсы шығып ел сенімін ақтады. 


Сыпабек: 
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой, 
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой. 
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған, 
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой. 


Құттыбай:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн, 
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін 
Ерлерім елдік үшін атой салып, 
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.


Назерке

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Айзада
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.




Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 
 
Көрініс: «Егемендік деген не?»

(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан ббасталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.

Буклетпен жұмыс: (Буклетте салынған жылдар бойынша, өткен өмір туралы әңгімелейді.)

Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік ел болудың белгісі. Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы.

Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым! Мен сендерге бата берейін.

Тахир:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Құттыбай
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Зухра:
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ұлбосын:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 



Ән: Атамекен


Ернар:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


Мадина:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!


Шымкент ақаласы

№97 жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:Нұрынбетова Айнұр


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тәуелсіздік –оңай жолмен келген жоқ!

Автор: НҰРЫНБЕТОВА АЙНҰР НҰРАНБАЙҚЫЗЫ

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364183

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашық сабақ: "Тәуелсіздік тұғырым""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_t_uielsizdik_tu_g_yrym"
    ["file_id"] => string(6) "445037"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513599949"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Тәуелсіздік күні"
    ["seo_title"] => string(19) "t_uielsizdik_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "368419"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481471518"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашық сабақ: "Біз тәуелсіз елдің ұланы""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_biz_t_uielsiz_ieldin_u_lany"
    ["file_id"] => string(6) "445036"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513599886"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Тәуелсіз елдің азаматтары" атты жігіт сұлтаны сайыс"
    ["seo_title"] => string(55) "t_uielsiz_ieldin_azamattary_atty_zhighit_su_ltany_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "365899"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480918850"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства