kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Нажмите, чтобы узнать подробности

внеклассное мероприятие проведенное с рамках декады начальных.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Жаным толған жақсылық»

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

10 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:















4 сынып

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Мақұлбеков Сүйіндік Сатыбалдыұлы







Тараз 2016

Тақырыбы: Жаным толы – жақсылық

Мақсаты: оқушылар бойына жақсы қарым-қатынас түрлерін, адамгершілік құндылықтар қасиеттерін дарыта отырып, өмірде өз орнын таба білуге үйрету, бойларынан асыл қасиет қондыра білуге, жүректерін таза ұстауға баулу.

Кіріспе сөз.

Құрметті әріптестер, бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде уақыттан ба, заманнан ба бойымыздағы адамгершілік қасиеттерімізді азайтып, кейінгі ұрпақ бойынан көре алмай қалып жатырмыз. Осы өзекті мәселеге мойын бұрмай оқушыларымыздың, балаларымыздың, өзіміздің тәніміз бен жанымыздан адамгершілік құндылықтарын жоғалтып алмайық дегім келеді. Осы мақсатпен бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Жаным толған - жақсылық» деп алдым.

Слайд.

Жүректер ішіне адамгершілік қасиеттерін жазып шығару

Ынтымақ, бірлік, достық, үлкенді сыйлау, қанағат, рақым, еңбек, талап, сабырлық, жақсылық, имандылық, ізгілік, тазалық, сыпайылық, төзімділік, ұлтжандылық, білімділік, адалдық, шыншылдық, ұқыптылық

Барысы: әдеби тілде басталады.

1 бөлім. Сөз басы – асыл сөз. Слайд Абай суреті

Мұғалім: Қанағат, Рақым, Терең ой, Еңбек, Талап

Мұғалім: Тәрбиенің асқары

Абай атам табынған

Әдептілік бастауы

Бес асыл іс боп табылған

Көптің ойын бүрлетіп

Әдеп жайын қозғасын

Бастайық сол үлгі етіп

Бес асылдан сөз басын

Рақым: Шарапаттан тұратын

Мен боламын рақым

Тек жақсылық жолында

Салтанатын құратын. Сыйым ізгі махабат

Тигізерім шапағат

Кішілерге қамқор боп

Қартқа тұрам аталап

Қанағат: ындының мен ашқарақ

Құнығудың қандайын

Жөнге салам бастан-ақ

Тыйып ұстап әрдайым

Мен боламын өмірдің

Байлығың да барың да

Тоқ болады көңілің

Жүрсем әркез жаныңда

Терең ой: қыран қанат құстаймын

Талабыңды ұштаймын

Зерделіге достаймын

Дарындыны қоштаймын

Ақылы азға қонбаймын

Сол ғой менің зор қайғым

Саңылауы бар, түйсігі

Торғай екеш торғайдың

Талап: Таудай болса талабың

Бағың болып жанамын

Мен бар жерде болмайды

Алынбас еш қамалың

Тұрсам келіп бабыңа

Тоят аңсар шағыма

Көктей етіп арманның

Қондырамын бағына

Еңбек: Жасампаз төлді түлетіп

Жаңғыртқан қайта мың рет

Шөлейтті жерді гүл етіп

Жайқалтқан, мен бір құдірет!

Бәрі де менің жеңісім

Зейнетім, демек жемісім

Шалқыған астық кенішім

Ырысты, бейбіт, ел үшін!

Мұғалім: Қанағат, Рақым, Терең ой

Талап,Еңбек - өркенді

Бәрі саған керек қой

Ұлы өмірің ертеңгі

Бес асыл іс бұл арлы

Үлгі болған ғасырдан

Қастер тұтып бұларды

Ардақтап өс жасыңнан!

Оқушы: әдептілік әсемдік (хормен)

Соны әспеттеп жырлайық

Өнеге алып өсерлік

Өрендерді тыңдайық

ІІ бөлім. Мен адаммын...

Оқушы: Әдеп, ізет, иба да –

Шарайнасы жаныңның

Әдептіні сыйла да,

Тәңіріңдей табынғын.

Әдеп – алтын сабырың

Жетелейтін мұратқа

Әдеп, талап, жалының

Ақ желкенін құлатпа!

Оқушы: Жақсы болу өзіңнен

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да

Өзің үйрен, өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!

Оқушы: Көмектесем бәріңе

Отын жарып беремін

Су да алып келемін

Аялаймын анамды

Тиеді оған көмегім

Ең елгезек баламын

Үлкен тілін аламын

Өссем деген ойым бар

Таудай биік талабым!

Оқушы: Менің жадым. А.Асылбеков

Ойнай бермей, ойланшы

Ой түбіне бойлашы

Менің жадым сыр-сандық

Ақылымның қоймасы

Тыңдап әнші әнін де

Ұғап терең мәнін де

Жаттап алып лезде

Қайталаймын бәрінде

Ертегі де оқимын

Өлеңді де оқимын

Бәрін, бәрін, бәрін де

Есте сақтап тоқимын.

Ата сөзін тыңдаймын

Ана сөзін тыңдаймын

Жаттап алып жақсысын

Өзімді өзім баптаймын

Оқып тынып таппаймын

Жақсыларды жаттаймын

Есімде ұзақ сақтаймын.

Оқушы: Адам болғым келеді

Ойы терең мұхиттай, дана болғым келеді

Көңілі аппақ сүттен де, бала болғым келеді

Адалдықты сүйетін, жүрегімен, жолымен

Бал-бұлақтай, мөп-мөлдір, таза болғым келеді.

Отты, ойлап, жыры бар, ақын болғым келеді

Қиындықтан қашпайтын қайсар болғым келеді

Адамдардың бәрінен кішіболғым келеді

Ең бастысы өмірде кісі болғым келеді

Хор Біз өмірдің гүліміз

ІІІ бөлім. Отаным – алтын бесігім (Отан туралы слайд, мақалдар)

Оқушы: Сәби ойы М.Хакимжанова

Ақ сүтін емген ананың

Еркелеп өскен баламын

Балғын үнім тербесін

Отанымның алаңын

Гүліндей жайнап даланың

Отындай ойнап қаланың

Айға ұшып барамын

Күннен қуат аламын

Қорғалып неден қаламын

Ұлы Отаным тұрғанда

Нұрын құйған кеудеме

Ақыл-ой білім сананың

Ұрпағымын от жалын

Абай сынды дананың!

Ән «Бала тілегі»

Оқушы: Біз туған ел баласы

Асыр салған таласып

Біз туған ел баласы

Қандай байтақ Отаным

Жан-жағыңа қарашы

Отаным кең көсілген

Төсінде ырыс өсірген

Қаптаған мал алтын дән

Бәрі менің несібем

Бәрін көріп келеміз

Болашаққа сенеміз

Жақсы оқумен еңбекпен

Біздер жауап береміз

Ән «Өз елім»

Өсіп келе жатырмын

Кеудесінде таулардың

Кемесінде арманның

Жалау етіп өрлікті

Ескек етіп ерлікті

Өсіп келе жатырмын

Кейде күнмен теңесем

Таласып күнмен мен өсем

Гүл теремін жерімнен

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.

Оқушы: Ойнап бал-бұл жанамын

Кітап оқи аламын

Әке сөзін тыңдайтын

Мен талапты баламын

Талпынамын тойлаймын

Талабымды жоймаймын

Ұлы мақсат жолына

Шықпай әсте қоймаймын!

Ер жеткен соң қалай мен

Бір жаңалық ашпаймын

Қиындықтан саспаймын

Әдептен де аспаймын

Әбес деме мұнымды

Айтайын бар шынымды

Талмай оқып, ізденіп

Игеремін ғылымды

Адал ұлмын халқыма

Адал болам антыма

Кім болсам да елімнің

Дақ салмаймын даңқына

Ән «Атамекен»

ІҮ бөлім Көрініске куәмін

  1. «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді

  2. Даналар сөзі асыл сөз /көрініс/

  3. Қазыбек бидің толғауы

Күй «Айжан қыз»

Ү бөлім. Жүрек жылуы

Оқушы. Сіз біз деген жылы сөз

Жылытады жүректі

Жақсылық билеп жанды тез

Оятады игі тілекті

Біреуге біреу жақсылық

Тіле әркез жаны ашып

Осы бір шырын тәттілік

Тұрмай ма екен жарасып!

Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйер жанымыз

Баршаға жетер жақсылық

Қызғанбай бөліп алыңыз

Сіз біз деген жылы сөз – жақсылықтың мейірі

Бір-біріне болып кез

Кең болсын адам пейілі

Оқушы: Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды досты аяла

Қанатың сонда талмайды

Барыңды жұрттан аяма

Жақсылық жерде қалмайды

Жайдары жүзбен жарқыра

Кетігу болсаң сол қайғы

Қайырымды бол халқыңа

Жақсылық жерде қалмайды

Бәрі бірге хормен

Шөліркемей гүл тұрсын (сол қолын жайып көрсетеді)

Жерім жайнап құлпырсын (оң қолын жайып көрсетеді)

Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі күн тұрсын (екі қолын екі жаққа жаяды)

Ортақ бізге туыстық (екі қолын төбесіне көтереді)

Нұр сыйлаған күн ыстық (қолдарын жаяды)

Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)

Ыстық бізге тыныштық (сол жаққа қарайды)

Хор. Дос болайық бәріміз

Жүректен – жүрекке бір-бірімізге сыйлық ұсынамыз тілек білдіреміз. Мысалы, гүл, күн, жүрек суреттері

Қорытынды. Релаксация

Слайд. Бүгінгі тақырыпқа арналған дәйексөздер шығады.

  1. Кішіпейілділік – кісінің көркі

  2. Өлімнен ұят күшті

Терең ой – асыл іс

Сыпайы сырын жасырмас

Түсінік білу жақсы қасиет

Жақсылық жан жадыратады

Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың

Шыдаған ғана іс тындырады.

Мұғалім: Соңғы сөз. Керек А.Асылбеков

Үлкенге имам керек

Кішіге иба керек

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек

Сол үшін толмау керек

Биікке самғау керек

Бойыңды бар жақсыны

Халқыңа арнау керек

Жастарға білім керек

Бәрін де білу керек

Азамат болсаң алғыр

Анашың «күнім» демек


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Жаным толған жақсылық

Автор: Макулбеков Суиндик Сатыбалдиевич

Дата: 29.12.2016

Номер свидетельства: 374339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Жа?сылы? жасау "
    ["seo_title"] => string(17) "zhak-sylyk-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "206974"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430313771"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Тәрбие сағаты :Тақырыбы: «Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен»"
    ["seo_title"] => string(69) "t_rbiie_sag_aty_tak_yryby_ardak_ty_ana_k_amk_orshy_u_staz_zh_nie_mien"
    ["file_id"] => string(6) "391428"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487004486"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "atalarmurasyashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "256002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448032160"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«?ариясы бар ?йді?, ?азынасы бар» та?ырыбында т?рбие са?аты  "
    ["seo_title"] => string(62) "k-ariiasy-bar-uidin-k-azynasy-bar-tak-yrybynda-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "325867"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463052513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства