Тәрбие сағатының жоспары
Собалакова Баян Жумашевна
Тәрбие сағаты
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Сабақ мақсаты: Бүгінгі сәмбі тал, нәзік жанды қыз – ертеңгі ошағын, Отанын, елін, жерін ойлаған азамат тәрбиелейтін ана екенін ұғындыру. Инабаттылыққа, ибалыққа, бармағынан бал тамған өнер иесі, ақылы мен парасаты тал бойына жарасқан қазақ аруы болуға тәрбиелеу, Мәнерлеп оқу, сөйлеу, мақал, сұрақ-жауап, ән,би арқылы ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: нақыл сөздер ілінген плакаттар, суреттер.
Барысы:
1-жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушы арулар! Бүгінгі өткелі отырған «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» атты қыз сынымызға қош келдіңіздер! Жас аруларымызға сәт сапар тілей отырып, сайыс мерекесін ашық деп жариялаймыз!
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1. «Мен қазақтың қызымын.» ( өзін таныстыру )
2. «Қыз өнері» ( мәнерлеп оқу, би билеу немесе ән айту )
3. «Санаға сын » ( сұрақтарға жауап беру, қыз бала туралы мақал айту )
4. «Қыз еркем – ою оюмен көркем» ( Ою ойып, оның атын атап, жасаған оюын қорғау )
5. «Денсаулық кепілі - ас» ( үйден дайындап әкелген Ұлттық тағамдармен таныстыра отырып, әзірлеу жолдарын айту )
