kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- адамзаттың бақыты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныпқа арналған тәрбие сагаты Тәуелсіздік мерекесіне арналган сыныптан тыс шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- адамзаттың бақыты"»

Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.

Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым - қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым - қатынас жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ф. Ш. Оразбаева өзінің « Тілдік коммуникация негіздері»атты еңбегінде: «Коммуникация – қарым - қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым - қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді»,- деп атап өтті.

Ал осы коммуникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым - қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым - қатынастық мәні бар бірліктер».
«Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.

Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой - өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым - қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.

Орыс сыныптарына қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым- қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы. Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден- бір шарты. Оқыту технологиясы – оқу ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек. Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ф. Ш. Оразбаева өзінің «Тілдік коммуникация негіздері» атты еңбегінде: «Коммуникация – қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым - қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді»,- деп атап өтті. Ал осы коммуникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер». «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан-жақты қарастырылып отырған мәселе – орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар көп. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б. Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат — өзге тілді оқушыларды қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп-өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі. Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:1. Тіке байланыс2. Адамның жеке қабілетін ескеру3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау4. Сатылап даму5. Динамикалық өзгеру6. Өзектілік Қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адамдардың тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. 3, 4, 7-сыныптарда аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?— Диалог— Викторина— Карточкакмен жұмыс— Сурет бойынша жұмыс— Инсценировка— Тест— Экскурсия— Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «шығарма, тақпақтар,альбомдар»— Пән бойынша шығармашылық жұмыстар— Интеграцияланған сабақтарЕнді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:1. Жұптық2. Топтық3. Ұжымдық Жетінші сыныпта «Жалпы есім және жалқы есім» атты грамматикалық және «менің қалам» атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеуара сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр жұпқа үлестірдім.Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа бөліп жаз: «Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде тұрамын» т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші оқушы оқиды.Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады «Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные? Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім.» Диалог мынадай үлгіде болды: Бірінші жұп:— Сен жексенбі күні өзенге дем алуға барасың ба?— Жоқ, мен жексенбі күні «Ботагөз» кинотетрына кино көруге барамын. Өзің ше?— Мен жексенбі күні Іле тауларына шаңғы тебуге барамын. Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден қарым- қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс сұхбат түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін. 4- сыныпта «Қазақстан қалалары» тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: «Теледидар бойынша ауа райын болжау», екінші топқа «Аялдамада ауа райы туралы сөйлесу», үшінші топқа «Кеше экскурсияға бардық. Ауа райы туралы әңгімелеу», төртінші топқа «Телефонмен сөйлесу».Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі, оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған қаладағы ауа райын сұрауларыңа болады – деп едім, «Дикторлар» сөйлеп болысымен: «Кешіріңіз, Таразда ауа райы қандай болады?», «Өскеменде ауа райы қандай болады?» — деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп, ұқтым. Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан-ақ байқалып, қуантады. Әрине, мұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өткізудің арқасында ғана жетуге болады. Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру тәжірибемізге енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған-тоқығанын ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы орындауына көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне, практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы, жазғы тапсырмалар: «Менің ең қызықты бір күнім», «Жазғы демалысым», «Менің қалам көктемде», «Жаздағы Алматының көшелері» атты тақырыптарда осы жүйелілікті байқауға болады. Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Алматының табиғаты, демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп алып келеді. Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш, махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден басталып кез келген ортада пікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр түрлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек. Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұрыптап ала білумен, сөйлеу материалын танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді. Жұмыс барысында нәтижеге қатысымдық әдіспен қатар, басқа да инновациялық технологиялардың элементтерін қолданамын, солардың жақсы нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылардың берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде. Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағымның қызықты, тартымды өтуіне мұғалім ретінде барлық күшімді жұмсаймын. Төртіншіден, шәкіртім Месхидзе Фериденің, Тазабекова Диьбардың, Пущак Светлананың, Таштемирова Самираның жүлделі екінші, үшінші орындардан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да нәтижесі деп түсінемін. Әрине мұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді. Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек»




Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол - ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис - сөздің басы,

Қосарлы бәйітмысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,

Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.




Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол - ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис - сөздің басы,

Қосарлы бәйітмысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,

Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.

Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,

Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.

















№20 жалпы орта білім беретін мектеп
















Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Отбасы - тәрбие басы,мектеп - тәрбие жаршысы.»











5 «В» сынып


Сынып жетекшісі: Ниязгалиева Ф.А.





















2017/2018 оқу жылы

Тақырыбы: Отбасы - бақыт мекені.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтүрі:сынып сағаты        

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.

Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.

Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.

Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол қаша береді.

«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр.

Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.

Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.

Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.

Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.

Үйленуге барсаң, үйретуге барма.

Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.

Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.

Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады.

Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген

қонаққа да қарап өседі.

Сәбидің Алласы - анасы.

Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.

Болар бала босағадан.

«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.

Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете береді.

Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.

Ерке бала есік таңдамайды.

Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.     

 Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.

 Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да,  жырлана да береді.

 Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады.

 Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған  

 асыл жоқ.

 Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ.

 Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.

 Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған мысықтай, екеуіне де кезіге көрме!

 Жаман қатын туысын балағаттар.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.






















































  • Сабақтың тақырыбы: «Отбасы - тәрбие басы,мектеп - тәрбие жаршысы.»

  • Сабақтың мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;

  • ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;

  • ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;

  • баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу.

  • «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақтыжетілген бойында ұлттық сана мен ұлттықпсихология қалыптасқан, имандылық әдебі парасатыбар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңдаотбасының, мектептің барша елдің халықтың міндеті»деп осы сөзің негізінде сіздер мен біздер балаларды жан-жақты дамыту біздің мақсатымыз.


  • Мен әр таным арайлап атқан сайын: Маған тәңірім бала берді: Бұл- менің ең сыйлы қонағым, оның болғаныүшін сан мәрте алғыс айтамын. Оны да , мен сияқты өмір сүру үшін жаратты, бұл бізді біріктіреді. Мен оның балалық шағын қорғаймын, оны түсінемін, оған шыдаймын, кешіремін, өйткені мен оны жақсы көремін.- деп жар саламын.

Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар. Асхат, Думан,Бекжан ағалар. Біздің «Ашық алаң» бағдарламасына қош келдіңіздер.Әкелерімізге сөз берейік.

  • Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  • Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады,сабақ оқымайды» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды»деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  • Сіз киім дүкеніне бардыңыз сіздің балаңызға немес балаңызға10000 теңге тұратын күтреше ұнап қалды. Бірақ сіздің сөмкеңізде 5000 мың теңге ғана бар. Балаңызға күтеше сондай ұнап қалды? Сіз алып бере алмаймын, ақшам жеткіліксіз дегенге түсінбейді. Сіздің әрекетіңіз? Не істейсі.

  • Сені жан досың туған күніне шақырды. Бірақ үйге келіп ата – анаңнан сұранайын десең олар анаңның жан құрбысының туған күніне кетіп бара жатыр. Сені үйдегі кішкентай іні- қарындастарыңның қасына бас – көз болсын деп тастап бара жатыр. Сен не істейсің?

  • Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  • Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  • Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?

  • Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әрбір қадамдарыңызды басқанда балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетулеріңіз керек).Енді мен сіздерге балаңыз бен өзіңіздің өміріңізде тәтті күндеріңіз көп болсын деп осы тәттіні ұсынамын.Балаларыңыздың тәтті қылықтарына тоймай жүретіндей өмірлеріңіз тәтті болсын осы тәттіні ұсынамыз.

  • Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

  • Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

  • Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

  • Отбасым - менің жүрегім

  • Отбасым - менің тірегім

  • Отбасым – менің Отаным

  • Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

  • Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.

  • Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

  • Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

  • Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

  • Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

  • Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі.

  • Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы.

  • Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал.

  • Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол қаша береді.

  • «Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр.

  • Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.

  • Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер.

  • Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.

  • Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма.

  • Үйленуге барсаң, үйретуге барма.

  • Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.

  • Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.

  • Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады.

  • Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген

  • қонаққа да қарап өседі.

  • Сәбидің Алласы - анасы.

  • Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты.

  • Болар бала босағадан.

  • «Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.

  • Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете береді.

  • Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл.

  • Ерке бала есік таңдамайды.

  • Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.

  • Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды.

  • Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да, жырлана да береді.

  • Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады.

  • Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған

  • асыл жоқ.

  • Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ.

  • Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады.

  • Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған мысықтай, екеуіне де кезіге көрме!

  • Жаман қатын туысын балағаттар.

  • Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.

  • Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

  • Балдан тәтті не? (бала)

  • Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

  • Балаға кім сыншы? (ата-ана)

  • Әкеден балаға беріледі (мұра)

  • Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз

  • қадірлі.)

  • Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

  • «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

  • Қаз да емес, үйрек те емес,

  • Дастарханда болмайды

  • Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

  • Қорытындылау

  • - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.


  • 7. ҚорытындыҚұрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.Сіздерге  айтар түйін сөзім:Өмір — өзен тасқындап жататұғын,Тағдыр — кеме, бұлғаққа салатұғынАдамдар көп әркімнің сөзіне еріпБастауынан адасып қалатұғын..-өмірдегі өз орындарыңызды, бастауларыңызды адаспай тауып, ағымның арнасында бәріміз де шынайы, тек ләззатты сәттерге көп шомылайық! Көрер қызықтарымыз мол болсын! -дей келе бүгінгі  «Отбасы –тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тәрбие сағаымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- адамзаттың бақыты"

Автор: Ниязгалиева Фатима Алибековна

Дата: 24.01.2020

Номер свидетельства: 537192

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы?  т?рбие  са?аты  "Ер  есімі  ел  есінде" "
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-ier-iesimi-iel-iesindie"
    ["file_id"] => string(6) "205197"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429814538"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты "Ау?анны? асуында от кешкендер" "
    ["seo_title"] => string(50) "t-rbiie-sag-aty-aug-annyn-asuynda-ot-kieshkiendier"
    ["file_id"] => string(6) "195641"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427950719"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "276038"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673031"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "276039"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673038"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым!"
    ["seo_title"] => string(39) "t_uielsizdik_koptien_kutkien_bak_ytym_2"
    ["file_id"] => string(6) "408382"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491906594"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства