kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Ау?анны? асуында от кешкендер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ау?анны? асуында от кешкендер

Іс-шара та?ырыбы:  «Ау?анны? асуында от кешкендер»

Іс шараны? ма?саты: ?з Отанына шексіз берілген, патриотты? рухы жо?ары, ?айсар жауынгер а?аларды? ерлігін ?лгі ету, ау?ан со?ысында опат бол?ан бозда?тар рухына та?зым етуге, есімдерін ?астерлеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі:  ?анатты с?здер, та?зым кітабы, ?рандар

  1. ж?ргізуші:

                Армысыздар, а?алар, от кешкендер!

      А? т?ндерін боршалап о? тескендер.

 Армысыздар,а?алар, ардагерлер!

   Ар сынал?анжылдары от кескендер

  1. ж?ргізуші:

                ?асіретін к?збен к?рген жал?анны?,

  К?кірегінде м??гілікке ?ал?ан м??.

Алдары?да бас иеміз та?зым ?ып,

            Со?ысында ?ан кешкендер АУ?АННЫ?.

 

1. ??рметті ?ауым! Ау?ан жерінен Ке?ес ?скерлеріні? шы?арылуына  26 жыл тоуына орай ?йымдастырыл?ан «Ау?анны? асуында от кешкендер» атты ?деби сазды тарихи кездесу кешіне ?ош келді?іздер.

2. 1979 жылды?  25 желто?санында басталып  1989 жылды?  15 а?панында ая?тал?ан Ау?ан со?ысы  9 жыл  10 ай?а созылып, мы?да?ан адамны? ?мірін ?згертіп, ?аншама ?ай?ы ?асірет ?келгені с?зсіз.

1-ж?ргізуші: Адам баласы бір жа?сы ?асиетті ту?ан жерінен топыра?ынан алады деген ??ым бар.Ту?ан топыра?ынан жарал?ан ?р адамзатты? болаша??а деген сенімі мен к?з?арас еркіндігі тек бейбіт ?мірі ?амтамасыз етілген елде ?ана ?алыптаспа?.

2-ж?ргізуші: Бейбіт ?мір! Осы с?зді? астарында азатты? пен еркіндікті ж?не бас бостанды?ын білдіретін ?лкен ма?ына жатыр. Б?л с?зде ?ай халы?ты? болмасын жер б?тіндігі мен ел аманды?ы ?шін, бейк?н? с?билерді? тыныш ?й?ысын ?ор?ау ?шін небір тар жол тай?а? кешуден ?ткенін баяндайтын тарих жатыр. Бейбіт ?мір ?алыптас?ан жерде ?рбір ?лтты? жер бетінде жасауы да сан ?асыр?а жал?аса бермек.

1-      ж?ргізуші:  И?, ?рбір елді? болаша?ы ?з Отанына шексіз берілген патриотты? рухы жо?ары, ерж?рек, ?айсар ел азаматын т?рбиелеуден басталады. Бізді? хал?ымызды? ерлік дастаны ата-бабамызды? сонау заманда найзаны? ?шы, білекті? к?шімен жер ?ор?ауынан бастап, одан бергі со?ыс зобала?дарын бастан ?ткізуінен к?рінеді.

 Со?ыс- з?лымды?. Жазы?сыз т?гілген ?ан. Тарих жылнамасынан ?зіні? ?аралы, н?убат жылдарымен орынал?ан з?лматты? бірі Ау?ан со?ысы еді.

2-ж?ргізуші:  1979 жылы желто?санда Л.И.Брежнев  басшылы?еткен Ке?ес ?кіметіні? ?й?аруымен Ау?анстан жеріне Ке?ес ?скерлерін кіргізу туралы шешім ?абылданды. Б?л со?ыс?а ?зге де Ода?тастармен бірге бізді? 23 мы? ?аза?станды? ?атысты. Со?ыс?а аттан?ан ?рімдей жастарды? алдында ?лкен ма?сат т?рды. Ол-Ау?анстан жеріндегі д?шпандар бас?ыншылы?ына тойтарыс беріп, бейк?н? халы?ты? тынышты?ын ?ор?ау ж?не Отан алдында?ы интернационалды? борышын ?алт?ысыз ?теу болатын.

1-     ж?ргізуші: Осындай ауыр аманат ар?алап, ?мір мен ?лімбелдескен?андышай?ас?а?атысып, батырлы? пен ерлікті?ерен?лгісінк?рсеткендербізді?жерлестерімізеді.

2-    ж?ргізуші: ?н: « Катюша » орындайтын: Туребаева ?алия

1-     ж?ргізуші: Ке?ес ?скеріні? Ау?ан жерінен шы?арыл?ан к?ніне арнал?ан кешімізді ашы? деп жариялаймыз.

2-     ж?ргізуші:

             Ер ?адірін назардан тасалаудан,

   ?ай ел опа тауыпты?

И?, Ерлікті жасамаудан,

           Ба?аламау ?лде ?айда ?ауіпті!

– деп, М?хтар а?амыз жырла?андай, ?анды ?ыр?ын мен бозда?тарды? ?аралы хабарына н?кте ?ой?ан 1989 жылды? 14-а?паны ?р жыл сайын аталып келеді. Бейбіт ?мірімізді ?ор?айтын жастарымызды? бойына отанс?йгіштік сезім мен патриотты? рух ?ялатар майдангер азаматтар- ?ай уа?ытта да?лгі-?неге т?рбие мектебі.

1-  ж?ргізуші:

      ?тер жылдар, уа?ыт та?ы алыстар,

    Та?дырталайтау?ыметінтабыстар.

 ?здері?діжырлап,?тер?рпа?ы?,

                           Ау?анда?ы азап шеккен арыстар-деп а?ын жырла?андай, ?мір то?тамайды, ерлік ?лмейді, заманалар?а жал?аса барады. Б??ан д?лел б?гін бізді? ортамызда ж?рген ау?анды? жауынгерлерді? бейбіт ?мірдегі жар?ын істері, ?о?амды? ж?мыста?ы белсенділіктері, т?рлі к?сіпті игерудегі, б?рінен б?рын жастарды отанс?йгіштікке,елжандылы??а т?рбиелеудегі ерен е?бектері.

2-     ж?ргізуші:Сіздер к?рсеткен ерліктерге о?ушыларымызды? айтары бар.

1-о?ушы: Он жыл бойы байта? елді? тынышты?ын б?зып,б?л д?ниеден бейхабар періштедей жаны п?к с?билерді? шырылын шы?ырау?а шын батыр?ан Ау?анстанда?ы с?рапыл со?ыс барша адамны? жадында м??гі жатталды.

2-о?ушы :  «Ерлік- жан д?ниені? ?лы ?асиеті»- деген екен бір дана ?ария. ?скерлік анттарын ая?ына дейін абыроймен ат?арып,сол жолда на?ыз ерлерше ?аза тап?ан, ?айран бозда?тар есімі м??гілікке ?шпейді. ?міріні? ?лшеулі бір б?лігі, жау?азын жасты? ша?ыны? с?белі ?лесін о? пен отты? астында ?ткізіп, та?дырды? жазуымен елге аман сау оралып,ту?ан жерімен ?ауыш?ан а?аларымызды? ерлігін ??гімелеу біз ?шін ?лкен ?анибет.

2-ж?ргізуші : ?н: «Жаса ?аза?стан»  орындайтын: Сайлаубаева Перизат

1-ж?ргізуші: Азатты? алу бейбіт ?мірге ?ол жеткізу ?ай халы??а да о?ай т?спеген. ?ткен ?р бір со?ыс мы?да?ан адамдарды? шы?ынын ?келіп, ?аншама мемлекетті к?йретумен тарихта ?ара бояумен та?ба болып ?алды.

2-ж?ргізуші : Майданда ?аза тап?ан жауынгер а?аларымызды? ерлік істерін ?р уа?ытта ерлік ?неге, ?ла?атты т?рбие етіп, оларды? ?мір жолын, адалды?ы мен ?ділдігін ?ибрат ету ма?сатында «Та?зым» деп аталатын ?мір кітабы к?пке ?сынылды.

1-  ж?ргізуші: ??рметті майдангерлер! С?рапыл уа?ытта?ы ?ай?ылы шежіре жа??ыры?ы халы?ты? зердесінде ба?асы артып, уа?ыт ал?а жылжы?ан сайын сіздерді? жаса?ан ерліктері?ізді? шо?ты?ы биіктей бермек. Біз сіздерді ма?тан етеміз.

3-о?ушы:  Серігісі? достарды? сенгендегі,

                  К??іл б?лме пікірге пенде?дегі.

                  Жиып ?ста, дене?ді жиып ?ста,

                  Ау?анда  ешкім же?беген,зор кеуде?ді.

?н: « Жойылсын м??гіге со?ыс деген » орындайтын: Жа?сылы?ова Анар

2-    ж?ргізуші: Б?гінде біз Егемен елміз, Т?уелсізбіз. Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? «Т?уелсіздік –б?л тарихты? бізді? ?рпа??а берген, та?дырды? ?аза??а берген басты ба?ыты, ба?а жетпес д?улеті»  деген с?здері ?лемдік ?ркениеттен ?з орнын тауып, жа?андану а?ысына ерген елемезді ал?а апарар ?ран іспетті. Б?гін сіздерге 7 –сынып о?ушыларын арнайы ?ле?дерін о?иды. Ж?ргізуші: Ендеше, сол жыр- шума?тарына кезек берсек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Ау?анны? асуында от кешкендер" »


Ауғанның асуында от кешкендер


Іс-шара тақырыбы:  «Ауғанның асуында от кешкендер»

Іс шараның мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген , патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қанатты сөздер, тағзым кітабы , ұрандар

  1. жүргізуші:

Армысыздар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысыздар ,ағалар, ардагерлер!

Ар сыналғанжылдары от кескендер


  1. жүргізуші:

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер АУҒАННЫҢ.


1. Құрметті қауым! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына  26 жыл тоуына орай ұйымдастырылған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты әдеби сазды тарихи кездесу кешіне қош келдіңіздер.

 

2. 1979 жылдың  25 желтоқсанында басталып  1989 жылдың  15 ақпанында аяқталған Ауған соғысы  9 жыл  10 айға созылып, мыңдаған адамның өмірін өзгертіп, қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз.


1-жүргізуші: Адам баласы бір жақсы қасиетті туған жерінен топырағынан алады деген ұғым бар.Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде ғана қалыптаспақ.


2-жүргізуші: Бейбіт өмір! Осы сөздің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмасын жер бүтіндігі мен ел амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарих жатыр. Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырға жалғаса бермек.


1-      жүргізуші:  Иә, әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден басталады. Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата-бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі соғыс зобалаңдарын бастан өткізуінен көрінеді.

 Соғыс- зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубат жылдарымен орыналған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.

2-жүргізуші:  1979 жылы желтоқсанда Л.И.Брежнев  басшылықеткен Кеңес өкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін кіргізу туралы шешім қабылданды. Бұл соғысқа өзге де Одақтастармен бірге біздің 23 мың Қазақстандық қатысты. Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрды. Ол-Ауғанстан жеріндегі дұшпандар басқыншылығына тойтарыс беріп, бейкүнә халықтың тыныштығын қорғау және Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болатын.


1-     жүргізуші: Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлімбелдескенқандышайқасқақатысып, батырлық пен ерліктіңеренүлгісінкөрсеткендербіздіңжерлестерімізеді.


2-    жүргізуші: ән: « Катюша » орындайтын: Туребаева Қалия


1-     жүргізуші: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-     жүргізуші:

Ер қадірін назардан тасалаудан,

Қай ел опа тауыпты?

Иә, Ерлікті жасамаудан,

Бағаламау әлде қайда қауіпті!

– деп, Мұхтар ағамыз жырлағандай, қанды қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылдың 14-ақпаны әр жыл сайын аталып келеді. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рух ұялатар майдангер азаматтар- қай уақытта даүлгі-өнеге тәрбие мектебі.


1-  жүргізуші:

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,

Тағдырталайтауқыметінтабыстар.

Өздеріңдіжырлап ,өтерұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар-деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, заманаларға жалғаса барады. Бұған дәлел бүгін біздің ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке ,елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.


2-     жүргізуші:Сіздер көрсеткен ерліктерге оқушыларымыздың айтары бар.


1-оқушы: Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып,бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шын батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс барша адамның жадында мәңгі жатталды.

2-оқушы :  «Ерлік- жан дүниенің ұлы қасиеті»- деген екен бір дана қария. Әскерлік анттарын аяғына дейін абыроймен атқарып,сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан, қайран боздақтар есімі мәңгілікке өшпейді. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып,туған жерімен қауышқан ағаларымыздың ерлігін әңгімелеу біз үшін үлкен ғанибет.


2-жүргізуші : ән: «Жаса Қазақстан»  орындайтын: Сайлаубаева Перизат


1-жүргізуші: Азаттық алу бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әр бір соғыс мыңдаған адамдардың шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды.


2-жүргізуші : Майданда қаза тапқан жауынгер ағаларымыздың ерлік істерін әр уақытта ерлік өнеге, ұлағатты тәрбие етіп, олардың өмір жолын, адалдығы мен әділдігін ғибрат ету мақсатында «Тағзым» деп аталатын өмір кітабы көпке ұсынылды.


1-  жүргізуші: Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып, уақыт алға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек. Біз сіздерді мақтан етеміз.


3-оқушы:  Серігісің достардың сенгендегі,

                  Көңіл бөлме пікірге пендеңдегі.

                  Жиып ұста, денеңді жиып ұста,

                  Ауғанда  ешкім жеңбеген ,зор кеудеңді.


Ән: « Жойылсын мәңгіге соғыс деген » орындайтын: Жақсылықова Анар

2-    жүргізуші: Бүгінде біз Егемен елміз, Тәуелсізбіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік –бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті»  деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына ерген елемезді алға апарар ұран іспетті. Бүгін сіздерге 7 –сынып оқушыларын арнайы өлеңдерін оқиды. Жүргізуші: Ендеше, сол жыр- шумақтарына кезек берсек.


1-Оқушы: Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өткен күндер есіңнен еш кетпейтін

Әрқашан ұзақ жасап, дәуірлеңдер.


2—Оқушы: Жалын жастан зарын татқан Ауғанның,

Тар жол, тайғақ кешіп өскен тарланмын.

Өмір үшін өлімге де сан бардым

Ал, бармауға намыстандым, арландым.


3—Оқушы: Алысып қас дұшпанмен қасарысқан,

Адалдықпен от кештіжасарыстан.

Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы

Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа.

 

4—Оқушы: Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды ау талайғұмыр тау мен таста.

Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,

Жастары жетпеген ед 20 жасқа.


5—Оқушы: Міне өтті қас қағымда 25 жыл,

Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.

Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

Отанмен әрқашанда жаны да бір.

 

6—Оқушы: Ағаларымжаралғанерлік, рухтан,

Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.

Отан үшін қан майданда жерді құшып,

Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.


7—Оқушы: Кеуделерің біздерге кең сарайдай,

Мейірменен қарайды бір тарамай.

Сіздер жайлы толғансам оралардай

Ойы отты, ұшқынды сөз алаудай.

 

8—Оқушы: Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,

Дұшпандар айдалада жатыр жайрап.

Қарайды аға батыр айналаға,

Бойынан лапылдайды жігер, қайрат.

 

9—Оқушы: Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмтылмайтын

Тарихта аңыз болып қалары анық.


10-оқушы: Азаматтық-ел жүгін атқару ол,

Асулардан аттайтын қатпары мол.

Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым!

Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!

11-оқушы:

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер.


12- оқушы: Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кезің еді төс керіп.

Жаудың оғы жан мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.



13-оқушы: Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың солақайы уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,

Заманы еді Кеңестің сұрапылды-дауылды.

 

14- оқушы: Аналардың көл боп аққан көз жасы,

Жетім-жесір тағдырларын ойлашы.

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбан болған, ербасы.


15- оқушы: Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім,

Азат бүгін, ел жоғын қуған ері.

Әділет пен билікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.


16- оқушы:

«Мен Қазақтың ұлымын»


17- оқушы: Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың,

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Артта қалып азапты күн, тозақ күн,

Енді атса тек бейбітшілік таңы атсын.


18- оқушы: Еске алып, құрметтейміз құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!


19- оқушы:  «Ерлік- жан дүниенің ұлы қасиеті»


20- оқушы: «Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі... бұлар адамдарды алға жетелейтін шамшырақтардың бірі».


21- оқушы: «Батырдық тәуекел мен ақылдаң есебінен шығуға тиісті. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды».

22- оқушы: «Батыр ол адамзат қоғамы үшін сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын адам».


Жүргізушілер сауалы:

2. Кирбаев Тұрдыбай аға, Ауған соғысы ардагерлеріне қаншалықты қолдау көрсетіліп отыр? Сіздің пікіріңізше, сол қолдау жеткілікті ме?


  •  Құрметті ардагерлер! Сіздердің Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы өздеріңізден біраз естеліктер тыңдасақ. Сіздерді ортаға шақырамыз.

  • Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру, көмек көрсету – үлкен мәртебе, әрі парыз болып есептелген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл принцип яғни, адал достық жеңіске жетуге көмектесті. Ал «Достық қиындықта шындалады» дейміз, Ауған жерінде осындай достық жеңістерге жетулеріңізге көмектесті ме?


  • Барлаушы әскер өмірінде ертеңгі жоспар құруға әсер ететін тұлға екені жасырын емес, сондықтан осы тұрғыдағы есте қалған сәтіңізбен бөліссеңіз деп ойлаймын. 


  • Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?


  • Тұрдыбай аға, Ауғанстан жерінде бірге өткізген күндеріңіздегі қарулас жолдастарыңызбен хабарласып тұрасыз ба?



  • Сіздің пікіріңізше, Ауған соғысының басты сабақтары не деп ойлайсыз?


  • Қазіргі алдыңызға барған жастар бойынан қаншалықты патриоттық сезімді бақылай аласыз?


Мұғалім сөзі:Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына биыл 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер,бүгінгі бейбіт күннің еңбеккерлері жан жарасынан айыға алмай келеді. Осы жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, құрметтеу біздің борышымыз.


2-жүргізуші:  Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.


Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,

Тым алысты көретін дүрбісіздер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде,

Жапырақты, саялы, бүрлісіздер.


Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бұл сөзге сиып тұрар.

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.


Қан кешкен он жыл,

Ерлікпен өткен тозақтан.

Баласы елдің құтқарар әркез азаптан,

Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,

Жасасын бірлік, атпасын енді азап таң.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Ау?анны? асуында от кешкендер"

Автор: Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195641


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства