kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс жұмыс әзірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларының  1-4 сыныпта алған білімдерін ата аналармен бірге қызықтауға арналған жұмыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс әзірлемесі»

Бастауыш –білім бесігі.

Мұғалім:Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар. Бүгін міне, менің шәкірттерім үшін ерекше ұмытылмас күн деп айта аламын.Өйткені олар бастауыш сыныптың түлектері.

  • Экранға назар аударайық: «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасы. Қайырбек Дарина мен Абишев Еркебұлан.

Міне бойлары да, ойлары да өсіп бастауыш сыныпта білім алып, орта буынға өткелі отыр. Ендеше, ортаға 4 сынып түлектерін шақырайық.( музыка әуенімен ортаға бастауыш сынып түлектері шығады).

1. Өнер қуған жасынан, Сөз асырмас басынан.

Намысқой ғой біздің Бекзат, табылар дос қасынан.

2. Әдепті ол сақтайды, Әділетті жақтайды.

Диасты біздің сыныпта, Тәртіпті деп мақтайды.

3. Мен дәрігер боламын, Үлкеннің де баланың

Деп, жүр біздің Аружан, «Өзім емдеп жазамын!».

4. Бастауыштың түлегі, ел деп соққан жүрегі.

«МАЙ» қызметкері болам деп Дархан біздің жүреді.

5.Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайтын ойланбастан тыныпта

Аружан біздің өнегелі өнерлі

Арасында достарының беделді.

6.Сөз сөйлесе жарқын-ақ, Біздің Дархан жарқылдап.

Математика сабағында, Есептерді шығарады сартылдап

7.Мен үлкейіп толамын, Сіздей ұстаз боламын.

Деп жүр біздің Аида, Үлгісі кіші баланың.

8. Үлкендерді көргенде, сыйлап сәлем береді,

Азаматты сыныпта, Ізетті деп біледі.

9. Күні бойы тынбайтын, зыр жүгіріп шаршайтын.

Біздің Арсен елгезек жалқаулықты білмейтін.

10. Қай кезде де ол анық, Қайғырмайды өзі үшін.

Алуа біздің қуанып, Қызарады біз үшін.

11.Әзілді жаны сүйеді. Армансыз ол күледі.

Ерасыл біздің әрқашан, жып-жинақы боп жүреді.

12. Мінезі сондай салмақты, бәрімізге де ардақты

Тілші болу арманы, кім білмейді Дананы.

13.Спортты ол ұнатады, сайысқа белсене қатысады,

Мади облыс аймағында да жеңімпаз деп атанады.

14. Жыр оқып, тарихын ол танытқан.

Кітап оқып білімін де дамытқан.

Ілияс сыныбымыздың озаты.

Білімін ол болаттай қып қорытқан.

15. Бойында алаулаған жалын, Жақсылық толғандырып жанын.

Дарина біздің қайтпайды үйге, Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

16. Мектепке әркез асыққан, келеді сонау қашықтан.

Еркебұлан біздің ақкөңіл, Көңілі дария тасыған.

Бекзат: Құрбыласпыз.

Дана: Тұрғыласпыз.

Дархан: 16-мыз.

Алуа: Күлімдейміз.

Еркебұлан: Бір бақшаның гүліндейміз.

Аида: Сыныптаспыз.

Ерасыл: Тетелеспіз.

Аружан: Талаптымыз.

Аружан: Қанаттымыз.

Мади: Құрдаспыз.

Ильяс: Доспыз.

Дарина: Білімдіміз.

Азамат: Татумыз.

Диас: Бақыттымыз.

Арсен: Жақсы оқимыз.

  • Экранда «Ертегілер елінде » бағдарламасы: Ж. Дархан.

Көріністі сахналау: «Бақыт іздеген бала».

  • Экранда «Екі езу» бағдарламасы Әзіл студиясы. О. Азамат.

Көріністер: Еркебұлан, Алуа: Радио. Аида: Мұғалім. Дана, Аружан. Р.Дархан: Күшік. Ж.Дархан: Үй тапсырмасы. Аружан, Мади: Естіген жоқпын.

  • Экранда «Бала дауысы» бағдарламасы. Смагулов Бекзат.

Танатарова Дана: «Әсем ән».

  • Экранда « Ауа райы» жайлы. Аружан мен Алуа.

  • Әр оқушы тақпағын айтады.

А.А :Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

С.Б: Бүгін міне, қоштасамыз, бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Ж.Д:Қош келіпсіз, құрметті ата- аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Ж.А:Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

1-оқушы: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз – ғалым, тоқтатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар, шәкірттердің алғысын.

Ы.А: Әліппемен аштым өмір есігін, тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып, жаттап өстім ұстазымның есімін.

С.А: Есімде ерен ұстазым, шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір төккенің.

М.М : Балғын шақта келіп едім, бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігін де, Сеніп сізге беріп едім.

Р.Д: Ақылшым, асыл ұстазым, жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп қанша сен, Қамқор боп қалам ұштадың.

Т.Д : Үйретіп өмір «уставын», Үлгілі іске нұсқадың

Ақкөңіл, іскер қашанда, Ақылшым менің,ұстазым.

Қ.Д : Әлемде бар талай тіл Үйренуге құмармын

Орыс тілі-қажет тіл, тез үйреніп алармын.

Ж.А : Жазуларымызды қаттаған Жақсыны көріп мақтаған

Ардақты ұстаз – жақсы адам, Айтқанын ұғып,жаттағам

Жетелеп әр сыныпта, Жеткізген бізді мұратқа

Ұлағат ісін сүйеміз, Басымызды иеміз.

А.Е : Жүрегімді ұстаз берген сабағы

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын

Мәңгі, мәңгі мәңгі есімде қалады.

Б.Ж: Түзеттіріп шалалықты, Есейттіңіз балалықты

Ойламайтын ертеңін, Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз, Ел алғысын алдыңыз

А.А: Талаптанып білім шыңға самғауға, Мен мектепке алғаш рет барғанда

Айжан апай қарсы алып ең біздерді, мерейіңіз биік болсын қашанда.

С.І.: Жетілдіріп жеткіншектер білімін, сырын ашқан ағылшын тілінің

Әсел апай еңбегіңді бағалап, Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым

Қ.Д: Санамызда тұрса дағы сан ұғым, білмеуші едік көп нәрсенің анығын

Тілі менен әдебиетін орыстың, Анар апай өзіңізден таныдым

Т.Д: Әкелерді құрметтеп, сүйеміз шын жүректен

Әке-асқар тауымыз, көңілдерге гүл еккен.

Өсіреді сананы тура жолға салады

Әкелерге мың алғыс, әлпештеген баланы!

Алуа: Ойында мейірім,ақ тілек, бойында ақ сүт, тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар? бәріне тұрғанбақ тілеп

Арадай балын жиятын, ақылы дария құятын

Ана – көңілі кеңістік, бүкіл әлем сиятын.

ӘН: «Мұғалім- ол біздің».

  • Экранда «KAZSPORT» бағдарламасы. Мейрамбай Мади.

Бекзат пен Дархан өнерлерін көрсетеді.

  • Экранда « Сәлем, Қазақстан!» бағдарламасы. Танатарова Дана.

Домбырашылар тобы күй орындайды.

  • Экранда «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасы. Ысқак Аружан мен Аида.

«Кириешкидің адам денсаулығына тигізер зияны» Нұрасыл Арсен.

  • Экранда «Биле, Қазақстан!» бағдарламасы. Арсен мен Ілияс.

Қыздар тобы билейді.

Экранда «Кешкі жаңалықтар» бағдарламасы. Сынып жетекшісі: Амиржанова А К.Сынып жайлы мәлімет айтып, оқушыларға сыйлықтары тапсырылады.

Экранда «Келіңіз, танысайық!» бағдарламасы. Ертіңгілік соңы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сыныптан тыс жұмыс әзірлемесі

Автор: Амиржанова Айжан Капаровна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437421

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) ""Табиғат және біз" тақырыбында сыныптан тыс жұмысының әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(69) "tabig_at_zh_nie_biz_tak_yrybynda_synyptan_tys_zhu_mysynyn_zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "392799"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487311136"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) ""?аза?ша?ыз ?алай?"  сыныптан тыс ж?мыс жоспары "
    ["seo_title"] => string(51) "k-azak-shan-yz-k-alai-synyptan-tys-zhu-mys-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "198649"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428427962"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) ""Ойлы болсаң, озып көр" сыныптан тыс жұмыс әзірлемесі"
    ["seo_title"] => string(53) "oily_bolsan_ozyp_kor_synyptan_tys_zhu_mys_zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "413403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493978885"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?дістемелік ??рал"
    ["seo_title"] => string(50) "trbiieisininmienghierushilieriniedistiemielikkural"
    ["file_id"] => string(6) "316850"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460187039"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства