Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Табиғат және біз
Өткізген: Қалиева Мереке Мейрамханқызы
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Табиғат және біз»
Мақсаты:
- Оқушылардға табиғат және табиғатпен байланысты ұғымдар туралы түсінік беру.
- Табиғат туралы түсініктерін анықтай отырып оқушылардың қабілеттері мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушыларға табиғатты қорғауға, құрметтеге тәрбие беру.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1-кезең Таныстыру Әр топ оқушылары топтың аты мен ұранын таныстыру қажет.
2-кезең Бәйге Бұл кезеңде оқушыларға 12 сұрақ беріледі, сұрақтарға ең алғаш қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріліп отырады.
3-кезең Полиглот
Плиглот кезеңінде «Ұйқасын тап!» ойыны арқылы жүзеге асырылады?
4-кезең Тамаша бестік
Табиғат
Адамда неше қабырға сүйектері болады? 10 ұпай (12 жұп)
Адам денесіндегі сүйектер ненің көмегімен жүзеге асады? 20ұпай (бұлшықет)
Ас қорыту мүшелеріне нелер жатады? 30 ұпай (қарын, ішек )
Адам денесі неше бөліктен тұрады және оларды ата. 40 ұпай (4, бас, мойын, кеуде, қол-аяқ)
Жүректен тарайтын қан тамырларын қалай атайды? 50 ұпай (артерия немесе қолқа)
Таза ауа өкпеге не арқылы өтеді? 60 ұпай (мұрын құуысы), өкпе,
Жұмбақтар
1.Жайғаным – түкті кілем,
Ілгенім — тықыр кілем. 10 ұпай (аспан мен жер)
2. Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады. 20 ұпай (Бұлт)
3. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң — қорын тек,
Барша тірлік қурайды. 30 ұпай (Су)
- Өртесең де ерімейді, Не тот басып шірімейді.
Өн бойына су сіңбейді, Ылғал тартып, ірімейді. 40 ұпай (тас)
- Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар міз бақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады. 50 ұпай (қарағай)
- Иір-иір үйі бар, Іші қапас әрі тар.
Құлақ тоссаң, Ызыңдаған үні бар.
Бұл не, біліп ал! 60 ұпай (Ұлу)
Құстар.
Әр ұпай санына қарай оқушыларға құстардың дыбыстары беріледі. Әр топ мүшелері сол құстын дыбысын үн таспадан есту арқылы қандай құс екенін анықтауы қажет.
Туған жер
- Мемлекеттік рәміздерді ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
- Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұлт атауы? (қазақ)
- Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? (Т. Әубәкіров)
- Өз жерінде қыстап қалатын құстарды ата. (қарға, торғай, сауысқан)
- Таза ауа өкпеге нелер арқылы өтеді? (Мұрын қуысы )
- ҚР теңге туралы заңы қай жылы және қай айда қабылданды? (1993ж 15-қараша)
- Жауынмен жер көгереді,
- Батамен ел көгереді.)
- Су жүрген жер береке,
- Ел жүрген жер мереке.)
- Ағаш тамырымен мықты,
(Адам дос-жарымен мықты.) - Таулы жер бұлақсыз болмас,
(Сулы жер құрақсыз болмас.)
- Таумен тасты су бұзар,
(Ел арасын қу бұзар.) - Көлдің көркі құрақ,
- Таудың көркі бұлақ.)
5-кезең Эссе
Әр топ оқушылыры «Табиғат және біз» тақырыбында шағын және мазмұнды эссе жазады.
Қорытынды:
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар мүшесі бүгінгі сайыстың жеңімпаздарын анықтап, мадақтайды.