kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс шара ?лы ?аза? елі «?аза? еліне 550 жыл»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: білім алушыларды ?аза? ханды?ыны? ??рылу тарихымен таныстыру, ?аза? еліні? бірнеше ?асыр?а созыл?ан т?уелсіздік жолында?ы к?рестеріні? ?ыс?аша тарихынан м?лімет беру.

Дамытушылы?: мемлекеттік тілге деген с?йіспеншіліктерін арттыру, м?нерлеп айту, с?йлеу м?дениетін дамыту.

Т?рбиелік: досты??а, адамгершілікке, Отаншылды??а, бірлікке, ынтыма??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара ?лы ?аза? елі «?аза? еліне 550 жыл» »

«ЖІТІҚАРА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

КГКП «ЖИТИКАРИНСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»


Жалпы білімдік пәндердің циклдық комиссиясы

Цикловая комиссия общеобразовательных дисциплин



циклдық комиссиясында БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН

ҚАРАЛДЫ директордың оқу әдістемелік директордың оқу іс жөніндегі

______________________ іс жөніндегі орынбасары орынбасары ______________

Хаттама № ______ ___________________ «___» _______________ 2015 ж. "____"___________2015ж.




Сыныптан тыс шара


Ұлы қазақ елі

«Қазақ еліне 550 жыл»



Өткізу күні:14.09.2015 ж.


Оқытушылар:

Миржанова Н.Б., Смаилова Н.С.



2015-2016 оқу жылы

Жітіқара қаласы


Тақырыбы: Ұлы қазақ елі

(Қазақ еліне 550 жыл)



Мақсаты:.


Білімділік: білім алушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ елінің бірнеше ғасырға созылған тәуелсіздік жолындағы күрестерінің қысқаша тарихынан мәлімет беру.


Дамытушылық: мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін дамыту.


Тәрбиелік: достыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Сыныптан тыс шара



Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, өлең оқу, баяндау, ән айту.



Көрнекі құралдар:


1. Интерактивті тақта


2. Әдеби кітаптар, газет – журналдар (көрмесі)


3. Билердің, хандардың портреттері


4. Өлеңдер


5. Музыка.



Сабақтың барысы:


1. Кіріспе


2. Негізгі кезең


3. Қорытынды кезең

1. Кіріспе


Оқытушының кіріспе сөзі:

- Біздің бүгінгі «Ұлы қазақ елі» атты тәрбие сағатымыз қазақ хандығының 550 жыл құрылғанына арналады.

- Оқытушы тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.


2. Негізгі кезең


1 - жүргізуші:

Армысыздар алаш елінің ұрпақтары.

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.




Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу-маржан шашайық.

Қонақтарды таңдатып,

Өнерден күмбез жасайық.


ән: «Қазақстан» орындайтын Төлендин Жантөре





2 - жүргізуші:

Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан үзіндіні сіздерге тарту ететін Алишер Юлдашев

Жәнібек ханның «Ел бірлігі» туралы айтылған сөзі:

-Міне, ел бірлігі деген осы. Жалғыз адамды жау алады. Ал көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады, терең батырады. Егер екі қолдың он саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауына болса да қауіпті күш.

Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда шаңырағын халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар шаруашылығы мал өсіру. Мұндай көшпелі елдің халқы – рулары. Олардың көсемдері – батыр, билері болғаныменен, дені жай шаруа, кедейлер.

Жеке мемлекет болу үшін, ел бірлігінен басқа жауың сескенетін әскерің мен халқыңның мұн-мұқтажын, керегін қамтамасыз ететін, өзге жұртпен байланыс жасайтын кәсіпорындары, сауда-саттық жүргізетін шаһарлары керек.



1 – жүргізуші:

Түркістандай киелі жер ұлы ақындардың өлеңдерінде ерекше сөздермен баяндалған екен, сонау тарихта өшпестей із қалдырған Түркістан жайлы («Түркістан», М.Жұмабаев) өлеңді Арайлымның орындалуында бір құлап тұрып тыңдайық.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берге несібі ғой.


Ертеде Түркістанды тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.


Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!

Тұранның Дария аталған өзендері:

Тасыса, шөлді басқан селі қандай!


Арыстан елге Отан болған Тұран,

Тұранда қазағым да хандық құрған.

Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы,

Тұранның талай жерін билеп тұрған.


Әділхан аз болады Назар дайын,

Алашқа Есімханның жолы дайын.

Тәукедей данышпан хан құрған екен,

Басында Күлтөбенің Құрылтайын.


Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін Дария дейтін.

Киелі – сол екі су жағасына,

Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!





2 – жүргізуші:

Ал ендігі кезекте Ақмарал, Ақбота және Әсемнің өз ел тарихына арнап жазған өлеңдерін тамашалайқ.



Әсем «Қазақ еліне 550 жыл»

Тамырын тереңнен байлап алып.

Табанда ізі жатыр сайран анық

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан

Дұшпанға шыққан қарсы байрақ алып


Бабамыз сан ғасырлар хандық құрған

Іргесін жауға бермес алып қорған

Жанын берген қазіргі еркіндікке

Тәуелді болмас үшін өзге қолдан


Сауатты болу үшін ұрпақтары

Билікте өрлеу үшін талаптары

Жәңгір хан ең алғашқы мектеп ашты

Қауырсын қатайсын деп қанаттары


Керей мен Жәнібектен бастау алған

Хандығын бекем болған тас қамалдан

Елдігім тұғырлы боп тұру үшін

Ерлерім а құдайлап атқа қонған


Қазағым момын мінез қалың елім

Бәріне танытыбең достық сенім

Өзіңе қарсы келген жауды көрмең

Ақ алмаз,қызыл аттай қарып едің


Нелер заман өтсе де,бұл даламнан

Ерлік рухың өшпейді шын санамнан

Ханды кескін шайқастың арқасында

Өзіндік орнын алған,бұл даламнан


Қасым хан салып өткен «Қасқа жолды»

Саңына ерте білген қолың қалын

Есім хан «Ескі жолмен»сүрлеу салып

Татулықпен басқарған оңды солын


Ақмарал «Түркістан»


Түркістан ардақты мекен саналады,

Мешіті Яссауи деп аталады.

Шежіренің қанығып сыр-қырына,

Барғандар қариялардан бата алады.


Ол жер әрі мұражай саналады,

Біз де көрдік жерленген бабаларды.

Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,

Сезімді кім дәл етіп жаза алады?


Адамдықтан арқау еткен ұраның,

Топырағы туған жерден тұмарың.

Бұл Түркістан есте болсын достарым,

Мақтанашың желбіреген ту – арың!


Ақбота « Елім »


Жан ашыған мына қазақ еліне,

Батырларым жүректе ғой мәңгіге.

Тілін қорғап, дінін қорғап ерлікпен,

Танытқан әз қазақты бар елге.


Ресейдің қол астында қаңғыған,

Суға батпай, отқа да Керей жанбаған.

Жәнібекте елім, жерім, халқым деп

Аллаға «қолдап жүр» деп жалынған.


Тәуке ханым үш жүздің басын қосып,

Қазақтарды алға тартты бәрін озып.

Шыдамдылық бойыннан еш кетпеді,

Жүргендей тәуелсіздік күнін тосып.


Хандар мен батырлардың арқасында,

Бостандық, азаттықтың таласында.

Еліміз еркіндікті иеленді,

Көрседе әділетсіздің аласында.


550 жыл болды елімізге,

Мына бір жайнаған жерімізге.

Ең бірінші Аллаға, содан кейін,

Батырларға алғыс айтам күнімізге.


1- жүргізуші:

Ата-бабамыздың ерліктері ұмытылмас, олардың жеңістері бізге аманат. Ендеше бізге аманат екен бұл тәуелсіздікті иелік еткен аталарымызды естен шығармайық.

Осы жайлы Сандуғаштың айтар сөзіне құлақ түрейік:


Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.




2- жүргізуші:

Елін біреу суретпен бейнелесе, біреуі жырымен бейнелейді. Ал біздің қазақ қыздарымыз өлең жолдарымен бейнелеп, әрқашан да оны мақтан етеді.

Келесі өлең жолдарын сіздерге Айна тарту етеді:

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі Жерің де

Тәуелсіздік төрінде!

Өзіңдікі – Туың да,

От пен Ауа, Суың да

Жаса, Қазақстаным

Белді бекем буын да!


1- жүргізуші:

Отанымыздың табиғаты әлемдегі жеті кереметтің бірі секілді, оның сипаты кез келген өлеңнің ажарын келтіреді.

Келесі өлең жолдары сіздерге Марияш арнайды:


Асқар тау да сенікі,

Бау-бақша да сенікі.

Қалтқысыз Доспенен,

Қатал Жау да сенікі.

Ұраның да – жасасын!

Құраның да – жасасын!

Қасиет-кие дарыған

Ұланың да жасасын!

2 - жүргізуші:

Еліміздің әр жеңісі мен жемісін мақтан етіп айтатын жастарымыз аз емес екеніне сенімдімін.

Мына бір өлең жолдарын Аяжан сіздерге тарту етеді:


Толысып Қазақстан жылдан жылға,

Ел болды күн ілгері алып тұлға.

Тұрады өлкемізде көп ұлт бірге,

Бөленіп күн сипаты-достық нұрға.


1 - жүргізуші:

Отанын дұшпаннан қорғаған, өз жері үшін жан аямай күрескен хандарын, билерін, батырларын қазақ халқы ардақ тұтады. Олар: Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек сынды батырлар.

Аяжанның орындауындағы келесі өлең жолдарына құлақ түрсеңіздер:


Абылайлап Сабалақ қол бастады,

Абылай хан атанып елді басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.


2 - жүргізуші:

ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы елеулі оқиғаның бірі – шаруалар көтерілісі. Бұл көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарады.

Орнатам деп Исатай бостандықты,

Ордадан-кек құптауды достан күтті.

Жаңғырған мұң шаруа күресінен,

Жәңгір хан мен ақ патша жасқаныпты.

Еділдің бойы ен тоғай.

Ел қондырсам деп едім.

ән: «Қазақ жігіттері» орындайтын Төлендин Жантөре

1 - жүргізуші:

Біз Отанымыздың осы қасиетті белгілерін ардақтаймыз, қадір тұтамыз. Аға-апаларымыз сияқты Отанымызды қорғап, Отан үшін еңбек етіп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз. Енді Отан туралы білетін мақал-мәтелдерімізді, өлең-жырларымызды айтайық.


Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.


Ат айналып қазығын табар, -

Ер айналып елін табар.


Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.

Отан – оттан да ыстық. –Өз елің – алтын бесік.



2 - жүргізуші:

Отаным деп еліміздің бар жастары жанұшыра жүрсе одан басқа арман бар ма?

Келесі өлең жолдарын бізге арнайтын Аяжан:

Отаным - өзегім сен,

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.


3. Қорытынды кезең

1 - жүргізуші:

Сен үшін өмірді жаңарта алам, -

Сен үшін өмірді жалғап қалам.

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам. - деп жазылған өлең шумағымен еліміздің ертеңі біздің қолымызда екенін тағы да ескере отырып осы кешті аяқтаймыз. Көңіл бөліп келгендеріңізге және назар салып тыңдағандарыңызға сіздерге рахмет. Келесі кездескенше аман болыңыздар.


ән: «Қазақ елі» орындайтын Төлендин Жантөре және Жұмабаева Ақерке



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сыныптан тыс шара ?лы ?аза? елі «?аза? еліне 550 жыл»

Автор: Миржанова Нуржамал Байдаулетовна

Дата: 26.09.2015

Номер свидетельства: 233827

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Сыныптан тыс шара: "XXI ?асыр к?шбасшысы""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantyssharaxxigasyrkoshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "301223"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456891064"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс шара  «К?н с?улесі ?аза?стан!» "
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan-tys-shara-kun-s-uliesi-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "172997"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423912714"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сыныптан тыс шара.ЕЛІН С?ЙГЕН ЕЛБАСЫ"
    ["seo_title"] => string(40) "synyptan-tys-shara-ielin-suigien-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "263208"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449501767"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Сыныптан тыс шара  "Мемлекеттік р?міздер -?лт ма?танышы" "
    ["seo_title"] => string(60) "synyptan-tys-shara-miemliekiettik-r-mizdier-u-lt-mak-tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "129738"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415742548"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства