Просмотр содержимого документа
«Әсем қыздар мен ару аналар (сайыс)»
«Ару қыздар мен аяулы аналар!» атты мерекелік сайыс Сайыс мақсаты: «Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру» Сайыс 6 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін-өзі таныстыру» ІІ кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге өз өнерлерін көрсетті. (би, өлең т.б.) ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (үй тапсырмасы бойынша жасап әкелген қолөнер бұйымдарын таныстырып өтті) IV кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер, Ат қадірін білмеген жаяу қалар» «Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем қыздарымыз алтын қолдарымен жасалған мерекелік дасатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек) V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру) VI кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2017. Бағалау, марапаттау, қорытындылау. Номинация бойынша марапаттар беріледі.
Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі Сұлулықтың негізі Әдемі сөз адамның Аналарға айтар лебізі Армысыңдар әжелерім, аналарым Мейірбан аппақ көңіл даналарым Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді сайыскерлер. Сайысқа қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырайық (қатысушылар сахнаға шығады)
Қатысушылар: 1. Айман анасы Лаурамен бірге 2. Адина анасы Ботагөзбен бірге 3. Тамила анасы Жаңагүлмен бірге 4. Даяна анасы Райсамен бірге.
Жүгізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», -деп, аналарға деген құрметін білдіреді. Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады. Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, мектеп ұжымының апайлары сіздерді Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Ару қыздар мен аяулы аналар!» атты сайысымызды тамашалаңыздар. Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канатбай Г.Б. Музыка пәні мұғалімі: Бертлеуова Э.Б. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сулейменова А.А. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ишаулова С.А. Жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Мерекесі халықтың, Ана тойын бастайық, Осы тойға арналған, «Ару қыздар мен аяулы аналар!» сайысын бастайық.
Аналар мен әсем, ару қыздарды ортаға шақырамыз. Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерді сайыс ережесімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін-өзі таныстыру» ІІ кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге өз өнерлерін көрсетті. (би, өлең т.б.) ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (үй тапсырмасы бойынша жасап әкелген қолөнер бұйымдарын таныстырып өтті). IV кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер, Ат қадірін білмеген жаяу қалар» «Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем қыздарымыз алтын қолдарымен жасалған мерекелік дасатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек) V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру) VI кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2017. Әр қатысушы кезек-кезек сайыс кезеңі бойынша сахнаға шығып орындайды Аналарға арналған Базарбай Абдулланың орындауында «Ана туралы ән» мерекелік әнін жолдаймыз.
Тлеуова Сабринаның орындауында «Үнді биі». Қабыл алыңыздар! Ойын: «Анамызға көмектесеміз» Жүргізуші: Әділ қазы шешеді Істің ақ пен қарасын Бүгінгі міне сайыстың Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз. Мадақтау. Сайыс осымен өз мәресіне жетті: Келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет. Мереке құтты болсын!