Ма?саты: О?ушыларды? бойында 8 наурыз мейрамын ??рметтеу, ?астерлеу сезімін дамыту. О?ушыларды мейірімділікке,аналарды? ?лшеусіз е?бегін ба?алай білуге т?рбиелеу.Анасын с?ю ар?ылы еліне,жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.
К?рнекілігі: Ана туралы айтыл?ан на?ыл с?здер,суреттер,шарлар,г?лдер,ойындар.
Ж?ру барысы: Кіріспе (м??алімні? с?зі)
??рметті ата – аналар! Сіздерді к?ктемні? ал?аш?ы мерекесі 8 – наурыз аналар мерекесімен барша?ызды ??тты?таймыз!
Ана тіршілік г?лі,отбасыны? берекесі, б?кіл адамзатты? т?рбиешісі. ?мірде ана?а деген са?ыныш,оны? ысты? мейірімге толы жылы ??ша?ан а?самайтын адам бола ?оймас сір?!
Просмотр содержимого документа
«мен анаммен ба?ыттымын»
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қарабау селосы,
Қарабау орта мектебі,
Нұршахан Балжан Есенжанқызы-ІІ санатты шағын орталық тәрбиешісі.
Тақырыбы: «Менің анам алтын»
Мақсаты: Оқушылардың бойында 8 наурыз мейрамын құрметтеу, қастерлеу сезімін дамыту. Оқушыларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Ана туралы айтылған нақыл сөздер,суреттер,шарлар,гүлдер,ойындар.
Жүру барысы: Кіріспе (мұғалімнің сөзі)
Құрметті ата – аналар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз аналар мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
Ана тіршілік гүлі,отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш,оның ыстық мейірімге толы жылы құшаған аңсамайтын адам бола қоймас сірә!
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған – дегендей күннің шуақты сәулесіндей,ыстық ана жүрегі,одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Сондықтын,балалар,баршамыз анамызды ардақ тұтып,құрметтейік.
Жүргізуші:
Білесің бе,өмірде ана сырын,
Ол сенің ең бірінші жанашырың.
Ол сені өсіреді тәрбиелеп,
Алдымен жаздым сондықтан ана сырын – деген жыр жолдарын айта отырып,мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ертеңгілік 2 бөлімнен тұрады.
1 бөлімде: «Менің анам алтын» атты балалардың мерекелік ән шашуы.
2 бөлімде: «Аяулы анамнан үлгі алып өсем мен» атты аналар сайысы.
Жүргізуші:
Еркелеткен мейіріммен баласын,
Біздер үшін мәңгіліккен данасын.
Ортамызда аман – есен жүріңіз,
Мейрамыңыз құтты болсын анашым.
Хор: « Ана туралы жыр»
Несібелі:
Айналайын, анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Қасиет:
Айналайын,анашым,
Аялайсың бағасың.
Менің үшін не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Наурызбек:
Айналайын, анашым,
Жұмысыңа барасың.
Қайтіп мені көргенше,
Шын сағынып қаласың.
Жүргізуші:
Біз де сізбен бірдейміз,
Жабырқауды білмейміз.
Әсем қимыл сіз үшін,
Мың бұрала билейміз.
Би: «Қамажай» - қыздар тобы.
Нұртілеу Е.
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе дана әжем.
Ерасыл Е.
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Бекнұр:
Апам ыдыс жуады,
Мінезі оңды биязы.
Ол барында тұрады,
Жайнап үйдің жиһазы.
Нұртілек:
Кел самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып.
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып.
Дархан:
Желдеткішті ашады,
Мөлдір ауа кіргізіп.
Шұғыласын шашады,
Үйімізде күн күліп.
Айкөркем Р.
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуалық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
Аят.
Мені жақсы көреді,
Күнде күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Ерасыл Б.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Хор: «Құттықтаймын мама,туған күніңмен!»
Жүргізуші:
Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім дейтін – дей келе бүгінгі аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктің 1 бөлімін аяқтаймыз.
2 бөлім: «Аяулы анамнан үлгі алып өсем мен»атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: Күн шуағында мейірім,даналық пен қайсарлық,жігерлік пен еңбеккерлік осынау баға жетпес нәзік жандардың өмірге сенімін арттырады.