kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Супер Аналар» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Супер Аналар» сайысы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар ! Көктеммен бірге келетін аналар мерекесіне қош келдіңіздер.  

Ана десем - алғыс алам халқымнан,
Ана десем – теңіз болам шалқыған,
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын!
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар,
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Сайысты сахналық қойылым ретінде тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Ертеде бір хан мен оның қызы өмір сүріпті.

Хан: Ой мына ханшайым ойыншығын жинауға, ұқыптылыққа қашан үйренеді екен?

Ханшайым ойыншықтарыңды жина?

Ханшайым: Жоқ, жинағым келмейді, ештеңе де істегім келдейді, менің күтушілерім қайда?

Хан:Енді саған күтуші емес, сені үйрететін тәлімгер керек.Сонда сен супер ханшайым боласың.

Ханшайым: Әке мен супер емеспін.Мені мын патшалықта ешкім супер деп атамаған.

Хан: Қызым-ау, «Супер» деген қазіргі жастардың сөзі ғой, ол – керемет деген сөз. Сен кереметсің ғой, қызым! Қызым-ау, бұл патшалықта сенен керемет ешкім жоқ қой. Менің жарлығым бойынша ең ақылды, ең шебер, ең өнерлі,аналардың арасында өзімнің ханшайымыма тәлімген таңдау үшін «супер  аналар» өткізуге жарлық етемін.

Жүргізуші:
Ал халаайық ықыласпен демелік,
Аналардың бүгінгі сайысарын көрелік
Ақылы мен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік
Ханның бұйрығы бойынша «Супер аналар» сайысына қатысушылардың ақылдылығын, өнерін, шеберлігін бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Балабақшамыздың меңгерушісі: Бану Ізбасарқызын шақырамыз

2. «Супер аналар» сайысын өткізуге жарлық шығарған ханды ортаға шақырамыз

3.Ана-аналардың арасынан -----------

Жүргізуші:Ендеше сайысқа қатысатын ару аналарымызды ортаға шақырайық

Бірінші ару анамыз көктем гүліндей жайнаған ару анамыз Асия Ерболатқызы

Екінші аруымыз оң қолынан өнер тамған  Динара Муратқызы

Үшінші аруымыз аты затына сай Гульмира Кабдрашитқызы

Төртінші аруымыз сұлулық өзіне жарасқан Клара Джусупқызы

Бесінші аруымыз дәмді тағамдардың шебері Гульмира Адиловна

Жүргізуші: Енде «Супер аналар»  сайысының бөлімдерімен танысамыз:
1. «Өзім туралы мәлімет» таныстыру кезеңі
2. «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі
3. «Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс-әрекет көрсету кезеңі
4. «Ас адамның арқауы» үй тапсырмасын көрсету кезеңі
5. «Тұлғасына сән киім жарасады» киім үлгісін көрсету

1.Жүргізуші: Гүл көңілдер қуанышпен өнерлі,
Көздерінен жалын нұры төгілді,
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үнінен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді?-деп сайысымыздың бірінші «өзі туралы мәлімет» танысыру кезеңіне береміз.
Ән: Балалардың орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар

2.Жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер деген мол қазына кең екен,
Би билеп, ән айтып, жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кім де кім екен,-келесі кезекті екінші «өнерлі өрге жүзер»өнер көрсету кезеніне береміз.

Тақтақтар:

Али:

Ақ әжемді арқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

 Өлең айтып беремін

Елдана:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Нурали:

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Б.Сания:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті ақ әжем

Мақсат:

Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз

Алинур:

Ана деген жылулық

Ана деген мейірім

Ана деген өмірдегі қамқорың

Ана деген сүйенерің жан құрбың

Би: Қыздардың орындауында «Аналар» биін қабыл алыңыздар

Ән: «Анаға сыйлаймыз»

4.Жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны,
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табысып әркімдермен таласады.
Төртінші «Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі
1. Аяқ киімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз?
2. Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адамның кейпін көрсетіңз?
3. Ұтыс билетінен қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсетініз?
4. Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз теңгеңіз жоқ. Ұрланыпты. Сіздің іс-әрекетіңіз?
5. Түн. Сіз ұйықтайын деп жатырсыз. Есік қағылды, қонақтар келді, сіздің іс-әрекетіңіз?
6. Өте қымбат сырғаңызды жоғалтып алдыңыз, сіздің іс-әрекетіңіз?
Жүргізуші. Аналарымыз бұл тапсырманы дайындалғанша балалардың орындауында тақпақтарға берейік.

Тақпақтар:

Нұрасыл:

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

Амина:

Ақ жүректен

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңді сүйейін

Келші, келші ақ мамам

Тамир:

Аналардан туған кейбір даналар

Ана-деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар

А. Сания:

Күн мен айым –әжетайым

Ақ анама кім жетсін

Әлемдегі жақсы ана

Алихан:

Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі-әжем

Абай:

Ана-десем алғыс алам халқымнан

Ана-десем теңіз болам шалқыған

Ана-десем ашылады қабағым

Ана-десем әділдікті ұғамын

Ән: балалардың орындауында «Жансырым» әнін қабыл алаңыздар

5.Жүргізуші: Тұлғасына сән киім жарасады,
Бүкіл әлем таңғалып қарасады – деп ортаға көрікті, сымбатты, инабатты, нәзік супер аналарымызды шақырамыз. Өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.
Би: Қыздардың орындауында «Аналар» биін тамашалаңыздар

6.Жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Алтыншы «Ас адамның арқауы» үй тапсырмасы кезеңі.

Жүргізуші: Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша кезекті тақпақтармен әнге береміз!

Тақпақтар:

Айзере:

Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам

Э. Арнур:

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Илияс:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйемез

Ана өмір жүрегі

Балалар оның тірегі

Чингиз:

Бізді өсірген анашым

Бақытты бол анашым

Қамымды ойлар күн-түні

Анам менің көктемім

Қадыр:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Е.Арнур:

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын
Жүргізуші: Супер аналар сайысының жеңімпаздарын  анықтағанша балалардың «Жүрекше» биін тамашалаңыздар

Әділқазылар алқасына сөз берейік. Супер аналар сайысының жеңімпаздарын айту.
Хан:Уа, халайық! Жарайсыңдар! Менің қалашығымда өте өнерлі арулардың болғанына қуаныштымын. Барлықтарың ризамын. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген сөз бар. Орталарыңнан жарып шыққан «Супер аналар» сайысының жеңімпазын Ханшайымыма тәлімгер ғылып тағайындаймын.Ханшайым: Әке дұрыс айтасың! Мен де мына аналарды көріп өзім де өнерлі, ақылды, шеберлі болғым келеді.Мен осы тәлімгерім не үйретсе соны үйренуге дайынмын!

Жүргізуші:
Сүйсіндірген баршаны өнерімен
Аналардың жүзінен таң нұрланды
Қуандырып сіздерді шаттандырған
«Супер аналар» сайысы аяқталды.
«Супер анаға» қатысып өз өнерлерін көрсеткен аналарға мың да бір рахмет.

Келісемін:                                                                      Бекітемін:
    «Ақбота» бөбектер бақшасының                          «Ақбота» бөбектер бақшасының
     меңгерушісі: Б.І.Байбусинова                                әдіскері: А.Б.Мусапова

    Ертеңгілік: 8 наурыз мерекесі

    Тақырыбы:

                                                             «Супер аналар»              сайысы

ІІ кіші топ

                                                                    Тәрбиеші: К.М Тишбекова

201-2017 оқу жылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Супер Аналар» сайысы»

Ана өмір шырағы

Мақсаты:

Ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайту, тәрбиеленушілер бойына өнеге боларлық салт-дәстүрлерін дарыту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: зал көктем мерекесіне қарай безендіріледі.

Кейіпкерлер:

Қуыршақ

Мысық

Жүргізуші:

Қымбатты аналар, қыздар, қонақтар 8 халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!

Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,

Сен оны Ана жайлы ән тыңдасай білесің.

деп Құлпынай тобының білдіршіндері аналары мен қонақтарға «Ана өмір шырағы» атты ертеңгілікті тарту етеді.

Жүргізуші:

Балалар қазір қай мезгіл?

-(көктем)

Көктем мезгілі екенін неден байқадыңдар?

(күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршіктенеді)

Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?

(8-наурыз, 22 наурыз)

Жүргізуші:

Бүгін бақшада дүбірлі той,

Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой ,- дей отырып бүлдіршіндердің орындауында « Айналайын анашым » әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулуқтың негізі

Әдемі сөз баланың Анаға айтар лебізі ,- деп балалардың тақпақтарын таңдайық. (6 бала)

Елдана

Ана-көркі көгімнің,

Ана-нұры жерімнің

Нұрасыл

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз.


Іңкәр

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

Мақсат

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Айзере

Ана-бағы баланың,

Мақтанышы елімнің

Арнур

Ана- біздің, күніміз,

Ана –біздің гүліміз.

Амина

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Музыка әуенімен залға қуыршақ кіреді.

Қуыршақ:Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен көңілді қуыршақ,

Қарақатпын әдемі,

Ойын ойнап, би билеп,

Көтерейік көңілді.

Алақанды соғайық,

Аяқты да қозғайық.

Барлық бала бірігіп,

Көтерейік көңілді.

Аналарды құттықтап,

Би билейік шаттанып,

Қуыршақтар биі орындалады.

Қуыршақ:

Балалар менің аяқтарым шаршады, дем алып алайын.

Жүргізуші: Қуыршақ дем ал. Ал біздің балалар аналарға арнап көңілді ән айтсын. «Ана»әні

Жүргізуші:

Балалар қуыршақ қатты шаршап ұйықтап қалыпты.

(Музыка әуенімен мысық кіреді.)

Мысық:

Мен әдемі мысықпын мяу-мяу-мяу. Салеметсіздер ме балалар!

Жүргізуші:

Мысық сен неге көңілсізсің, бүгін мейрам емес пе?

Мысық:

Аналардың мейрамына қардан тоқаш илеп едім, қар еріп, су болып ағып кетті. Енді не істеймін ой-ой-ой.

Жүргізуші:

Балалар мысыққа көмек керек. Қуыршақтан сұрап көрейік. Ол әлі ұйықтап жатыр. (Балалар қолдарын шапалақтап оятады).

Қуыршақ:

Ой, мен сондай тәтті ұйықтап, біраз дем алдым.Сәлеметсің бе мысық! Неге көңілсізсің?

Мысық:

Қуыршақ көмектесші, тоқашты қалай пісіруге болады?

Қуыршақ:

Мысық тоқашты қардан емес, ұннан пісіреді.Ал қазір балалардың аналарға арналған тақпақтарын тыңдайық

Тақпақтар:

Илияс

Ана өмір жүрегі,

Балалар оның тірегі.

Мөлдір

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Чингиз

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Адина

Бізді өсірген анашым.

Бақытты бол, анашым.

Қадыр

Қамымды ойлар күн-түні,

Анам- менің көктемімі.

Сәния

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Али

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті апа, аналар


Қыдырса ерте келетін әже,

Алысқа кетпе, сағынам- дейтін әже.

Би Ұлдардың орындауында « » орындалады.

Мысық:

Қуыршақ білесің бе? Мен бос қолмен келген жоқпын . Аналарына 8 наурыз мересіне сыйласын деп балаларға арнап бір себет гүлмен аткритка ала келдім Маған көп көмектерің тиді .Жарайсыңдар, енді мен тоқашты дәмді етіп ұннан пісіремін.

Мысық:

Қуыршақ менімен бірге үйге барып. тоқашты дәмді етіп пісіруге көмектесесің бе? Сау болыңдар деп (қуыршақпен мысық қоштасады)

Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақыттыда ұзақ өміз сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Жүргізуші гүлдерін балаларға сыйлайды.



















Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулуқтың негізі

Әдемі сөз баланың Анаға айтар лебізі



Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,

Сен оны Ана жайлы ән тыңдасай білесің.






































«Ақбота»бөбектер бақшасы




Тәрбиешілер:К.М.Тишбекова

Б.Р.Омарова









2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Супер Аналар» сайысы

Автор: Тишбекова Кенжегуль Махметовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417398

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Супер аналар "
    ["seo_title"] => string(13) "supier-analar"
    ["file_id"] => string(6) "221734"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566982"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Мен ж?не супер Анам ( 8 наурыз?а арнал?ан ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(60) "mien-zh-nie-supier-anam-8-nauryzg-a-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "169560"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423418762"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства