kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отаным-Қазақстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы :Отаным-Қазақстан!

Сабақтың мақсаты:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отаным-Қазақстан»

Тақырыбы: «Отаным - Қазақстан!»
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.

Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.
Жүрісі:
Әнұран «Менің қазақстаным»
Сөзі: Ж Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
Орындайтын хор.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! 3 «ә» сынып ұйымдастырып отырған «Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.
2-Жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алды. . Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.(музыка)
1- Жүргізуші:
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн!

2-Жүргізуші: Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! (Бәрі қосылып)
Ән «Атамекен» Орындайтын хор

1 - оқушы: Менің елім - Қазақстан
Күл әлемге танылған
Желбіреген көк туым бар
Қыран бүркіт самғаған
Батыр ата - бабаларым
Елін жаудан қорғаған
Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам

2 - оқушы: Қазақ елі, қазақ жері
Дархан таза халық қой
Бүгін міне болып жатыр
Елімізде алып той
Жайнай берсін елім менің
Қазақстан бай далам
Татулық пен бейбітшілік
Орын алған сай далам

3 - оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.

4 - оқушы: Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

5 - оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Ән «Отаным - Қазақстан»
Көрініс.
Балалар ойнап жүреді. Қария келе жатады.
- Ассалаумағалейкүм, ата!
- Ата, қайдан келесіз?
- Ой, балаларым, аманбысыңдар. Мен туған жеріме келе жатырмын.
-«Туған жер» деген не, ата?
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып - өскен жерің. Оған көрікті, қаншама әдемі болса да басқа жер етпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек қой, шіркін! Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Өзіңіз тұрған жерде неге өмір сүре бермедіңіз? Сонша шаршап - шалдығып келесіз. (Бір бала су береді)
- Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген. Осы жерде тудым, туған жеріме келіп көз жұмамын.
- Ой, ата, сіз әлі де 100 жасайсыз. Жүріңіз, біздің үйге қонақ боп кетіңіз.
Ән «Қазақстан»

6 - оқушы:
Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота, құм
Жан тербеген жел нәзік
Қазақстан - Отаным
Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!

7 - оқушы:
Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.
8 - оқушы:
Бізді өсірер аялап
Отан - қамқор саябақ
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
9 - оқушы.
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп, туысқан.
Қазақстан - Отаным
Бәрімізді жиысқан.
Көрініс:
.- Әй, Қазыбек! Байқауымша шешен көрінесің. Сен маған мынаны айтшы. Дүниеде не қымбат?
- Алтын ұяң отан қымбат,
Құт - берекең атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Туып өскен жерің қымбат
- Ақылы көпті дау алмайды деген. Жас болсаң да ақылың тасыған дариядай екен. Жарайды. Бердім келісімімді.
- Бәрекелді,
10 - оқушы:
«Үш бақытым» М. Мақатаев
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

11 - оқушы:
Әуелгі Отан ана алды, оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

12 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
13 - оқушы:
Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қортындылау

Енді балалар, « Астана-Ақорда» атты әсем,сұлу да көрікті қаланы көріп тамашалауға шақырамын.

-Міне, осындай әйбат ,атына заты сай жер- Бұл менің Отаным »–деп мақтана аламыз. Қазақстанның болашағы, ертеңгі өсер ұрпағы-мына сіздер.

























1/1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! 3 «ә» сынып ұйымдастырып отырған «Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.

2/1- Жүргізуші:
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн!






1/2-Жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алды. . Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.(музыка)


2/2-Жүргізуші: Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! (Бәрі қосылып)
Ән «Атамекен» Орындайтын хор







1 - оқушы: Менің елім - Қазақстан
Күл әлемге танылған
Желбіреген көк туым бар
Қыран бүркіт самғаған
Батыр ата - бабаларым
Елін жаудан қорғаған
Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам

2 - оқушы: Қазақ елі, қазақ жері
Дархан таза халық қой
Бүгін міне болып жатыр
Елімізде алып той
Жайнай берсін елім менің
Қазақстан бай далам
Татулық пен бейбітшілік
Орын алған сай далам



3 - оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.



4 - оқушы: Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

5 - оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Ән «Отаным - Қазақстан»
Көрініс.
Балалар ойнап жүреді. Қария келе жатады.
- Ассалаумағалейкүм, ата!
- Ата, қайдан келесіз?
- Ой, балаларым, аманбысыңдар. Мен туған жеріме келе жатырмын.
-«Туған жер» деген не, ата?
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып - өскен жерің. Оған көрікті, қаншама әдемі болса да басқа жер етпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек қой, шіркін! Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Өзіңіз тұрған жерде неге өмір сүре бермедіңіз? Сонша шаршап - шалдығып келесіз. (Бір бала су береді)
- Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген. Осы жерде тудым, туған жеріме келіп көз жұмамын.
- Ой, ата, сіз әлі де 100 жасайсыз. Жүріңіз, біздің үйге қонақ боп кетіңіз.
Ән «Қазақстан»





6 - оқушы:
Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота, құм
Жан тербеген жел нәзік
Қазақстан - Отаным
Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!



7 - оқушы:
Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.




8 - оқушы:
Бізді өсірер аялап
Отан - қамқор саябақ
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.


9 - оқушы.
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп, туысқан.
Қазақстан - Отаным
Бәрімізді жиысқан.
Көрініс:
.- Әй, Қазыбек! Байқауымша шешен көрінесің. Сен маған мынаны айтшы. Дүниеде не қымбат?
- Алтын ұяң отан қымбат,
Құт - берекең атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Туып өскен жерің қымбат
- Ақылы көпті дау алмайды деген. Жас болсаң да ақылың тасыған дариядай екен. Жарайды. Бердім келісімімді.
- Бәрекелді,


10 - оқушы:
«Үш бақытым» М. Мақатаев
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

11 - оқушы:
Әуелгі Отан ана алды, оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.



12 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.




13 - оқушы:
Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады



















Тақырыбы:Жасай бер, жайна – Астанам!
Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип.

Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу.
Түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты топқа бөлу.
І. Ой қозғау.
Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнін тыңдату.
Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар?
Ия. Себебі, алдымызға еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Ал Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.
Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.

Олай болса, менің қолымдағы фигураларды алып, топқа бөлініп, топтарымызды қаламыздың айшықты жерлерімен атап, кешімізді жалғастырамыз.
ІІ. Мағынаны таныту. Астана тарихы туралы түсінік.
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.
Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.

Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы алып «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.

Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып барады.
Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.
ІІІ. Қызығушылығын ояту. (Ойларын ортаға салу). Әр топ өз аттары туралы, Астана қаласының айшықты жерлері туралы не біледі екен? Ойларын ортаға салсын.

IV. Викториналық сұрақтар. «Ойлы болсаң – озып көр» айдары.
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)
8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
V. Сыр - сұхбат.

Балалар, келесі Сыр сұхбат айдарында бізде бүгін қонақта білім беру жолында талмай, табысты еңбек етіп, оқушысы Қожақова Айжан мектепті «Алтын белгімен» бітіргені үшін бастауыш сынып мұғалімі Кәдірбай Айман апайларың 2010 жылы бір апта еліміздің жүрегі – Астана қаласына тегін саяхат жолдамаға ие болып, демалып қайтқан Айман апайларыңды қошеметпен қарсы алайық!
Сәлеметсіз бе апай! Хош келдіңіз! Айман апай! 2010 жылы Астана қаласына демалып қайттыңыз. Осы еліміздің бас қаласы, жас қаласында алған әсеріңізді балалармен бөлісе отырсаңыз!
Астана қаласының келбеті сізге қандай әсер қалдырды?
VI. Астанаға саяхат.
Олай болса, балалар біз де Иманғали мен Әлиямен бірге Астана қаласына саяхат жасап қайтайық. Ендеше, экранға назар аударыңыздар.
Рахмет балалар!

Ия, бүгінгі таңда күннен - күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.
Ия, жаңа көргеніміздей, Астана қаласы – болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.
VII. Ой толғаныс. «Сезімнен туған өлеңдер» (эссе)
Келесі бөлімімізде балалар, жаңағы сыр - сұхбаттан, Астананың көрікті, айшықты жерлерін көрген бейнетаспалардан алған өздеріңнің әсерлерің жүректеріңнен қандай жыр болып туар екен?
VIІІ. Көрермен көзайымы сыйлығы. Өлеңді жалғастыр.
1. Еліміздің мақтаны,
Еңбек сүйгіш халықпыз.
2. О, Астанам, Астанам!
Жарқыра күндей бас қалам.
Қарыштай бер, қанат қақ,
Ғасырларға бас қадам!
3. Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күннің туы кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
ІХ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түйдік?

Және бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді қолымыздағы фигураларға жазу.
Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?
Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.
Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.
Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.
Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Отаным-Қазақстан

Автор: Рыскалиева Айгуль Султангалиевна

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375199

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Т?рбие са?ат. " Мені?   Отаным - ?аза?стан"""
    ["seo_title"] => string(32) "trbiiesagatmieninotanymkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "321609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461333657"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ашық сабақ Табырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_tabyryby_mienin_otanym_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "370532"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481958342"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Внеклассное мероприятие.Мени? Отаным-?аза?стан. "
    ["seo_title"] => string(54) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "137026"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417258163"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства