kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өнегелі өмір - өшпес мұра!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мәңгілік ел қырандары» көркем өнерпаздар фестиваліне  арнайы әзірлеген «Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концерттік бағдарламаның сценариі.«Мәңгілік ел қырандары» көркем өнерпаздар фестиваліне  арнайы әзірлеген «Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концерттік бағдарламаның сценариі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өнегелі өмір - өшпес мұра!"»



«Мәңгілік ел қырандары» көркем өнерпаздар фестиваліне арнайы әзірлеген «Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концерттік бағдарламаның сценариі.

1.«Алтын адам » бейне жазба. 2. Би «Алтын адам»

Орындайтындар: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер және іс-шара қонақтары! «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» және № 3 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ұжымдарының бірлесе дайындаған «Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концертіне қош келдіңіздер!

Бұл іс-шара Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру аясында , «Невада -Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына және биылғы Жастар жылына орай ұйымдастырылған.

Жүргізуші:

«Қайғы-шерден басталмаған жоқ сәрі,

Қуарған шөп, тамбай көктің кәусәрі.

Зәр секілді, у секілді кәдімгі

Гүл атаулы сап-сары... Бұл ядролық жарылыс болған жердің көрінісі.

Ядролық жарылыстан қаншама адам зардап шекті десеңізші! Жарылыстың зардабын шеккен, өмірлік қиындыққа тап болған жандардың өмірінен «Үмітімнің шырағы сөнбесін» қойылымын назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Көрініс: «Үмітімнің шырағы сөнбесін» . Қатысушылар: Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері

1сцена.(Сахнаға мүгедек баласын арбамен апара жатқан анасы шығады).

Баласы:

Анашым, мен қашан өз аяғыммен басып жүремін? Көрші балалар мені мүгедек деп мазақтайды. Басқа балалар сияқты мектепке барғым келеді. Анашым, мен ешқашан жүрмеймін бе сонда? Неге үндемейсіз?

Анасы:

Не деймін саған балам. Қайтып айтамын.

Бұның барлығы полигонның зардабы. Сол бір кездер, көз алдымнан кетпейді

(сахнадан кетеді)

2сцена. Led экранда қазақ үйінің суреті. Сахнада ойнап жүрген бала мен қазанның басында ата,әже , аяғы ауыр жас келіншек жүреді.Бір кезде сиренаның дауысы шығады, свет өшеді, Led экранда атом бомбасы атылады. Сол кезде ішін ұстап алған келіншекке прожектордан жарық түседі. Атом бомбасы атылып болғаннан кейін «Заман- ай» өлеңі басталады.

Ән: «Заман - ай»

Орындайтын : әлеуметтік қызметкер Карамендина Анар.


3 көрініс.

(Сахнаға қолдарына плакат ұстаған бірнеше адам шығып, Невада -Семей қозғалысының митингісін өткізіп жатады).

Митингіге қатысушы1:

Замандастар, көп жылдар бойы жұмылған жұдырық, соғысқа қарсы, қарсылыққа қарсы, қарсылық еді. Бүгіннен бастап, біз жұмылған жұдырықты жұмбай,алақанымызды ашып, ядролық соғысқа қарсы қолдарымызды көтеріп қарсылығымызды білдірейік! Ядролық полигон жабылсын!

Митингіге қатысушы 2-қыз бала :

Біздер 1949 жылдан бастап, туа сала радиациялық ауаны жұтқан азаматтардың перзенттеріміз. Біз ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар аталарымыздың мәңгі ұрпақтарымыз. Полигон салдарына қарсылық білдіреміз. Жоғарғы жақта отырғандар бізді «Полигонның зардабы жоқ», - деп алдайды. Ендеше, неге мүгедек балалар туады? Жаңа тұған аналардан сүт шықпайды? Неліктен кішкентай балалар өліп жатыр? Полигон жабылсын!

(Осы уақытта Led экранда Олжас Сүлейменовтың сөйлеген сөзі шығады.

Қатысушылар қарап, тыңдап тұрады ,сөз аяқталысымен митингіге қатысушылардың барлығы «Полигон жойылсын!» ,«Полигон жабылсын!» деген ұранмен ,ойылып қалған шұңқырға тастарды алып, лақтыра бастайды. Led экранда Н.Ә Назарбаевтың жарлығы айтыла бастағанда қозғалыссыз тұра қалады. Жарлық айтылып біткен кезде адамдар өз істерін аяқтайды. «Аист на крыше» әніне сценадан қол ұстасып кете береді).


Жүргізуші: Болмасын соғыс елімде,

Қыраным ұшсын көгімде!

Болмасын соғыс, болмасын,

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

«Бейбітшілік биі». Авторы : әлеуметтік қызметкер Хасенова Анар Саятовна.


Жүргізуші: Келесі кезекте «Көзіңнің мөлдірін-ай » әнімен № 3«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің

әлеуметтік қызметкері Бопбаева Шуғыланы сахна төріне шақырамыз. Ән: «Көзіңнің мөлдірін-ай»

Жүргізуші: Әлеуметтік қызметкерлерден құралған вокалдық топтың орындауында «Қазақ әндерінен попури». Қабыл алыңыздар!

Ән: «Қазақ әндерінен попури».


Жүргізуші: №3 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметкері: Кунчинова Сауле Капасовнаның орындауында «Ах, Самара городок» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ах, Самара городок»

Жүргізуші:

Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға.

Салт дәстүрі халқымның жалғасуда.

Сынық мүйіз оюы сәндікпенен

Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда.

Орталығымыздың әлеуметтік қызметкерлерінің орындауында «Киіз басу» биін қабыл алыныздар.

Би: «Киіз басу».

Жүргізуші: №3 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметкері: Патапенко Надежда Балахановнаның орындауында «Құстар» әнімен сахнаға шақырамыз.

Ән: «Құстар әні»

Жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін! – деген Мағжан Жұмабаевтың ұлы сөздері бекер айтылмаған.

Қазақстанның гүлденуі және өрлеуі жастардың қолында, жастар әлеуметтік ортаның ең жасампаз, жігерлі, жас бөлігі болып табылады. Қазақстанның жастары - еліміздің тағдырын шешуге дайын бірден бір алға тартар күш болып табылады.

Би: «Флешмоб».

Рахимова. Қ: Міне биыл жастар жылы аталды.
Қазақ елім жаңғыруға бет алды.
Енді сірә,тоқтата алмас ешбір күш,
Жібітеміз қиын менен қаталды

Омарова .А: Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді. Алдангорова.Д: Егеменді елімнің болашағы,
Кімге де ой тастамас бала қамы.
Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы,
Өшпесін мәңгі бақи бала шамы. Желдібаева.М Елімізді қолдай білген, түсе білген араша,
Елбасының сөздері бар айтылған дәл тамаша.
"Қазақстан болашағы - қазір жастар қолында"
Дәстүр сақтап, ғылым қуған, ойлай білген жаңаша

Ән: «Қазақ жастары»

Орындайтын : Каранова .Т

Шапатов . А






















«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

«Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концертінің бағдарламасы

р/с

Шығарманың атауы,

авторы

Шығарманың

жанры

Орындаушының

аты-жөні

1.

«Жетімдер» қойылымы



2

«Туған ел»

ән

Құрмашев Дастан

3.

«Танцевальный номер»

би

Танцевальная группа

4.

«Еділ-Жайық»

ән

Вокальная группа

5.

«Туған ел»

ән

Айым Аслығазиева

6.

«Айым болып тудың ба»

ән

Тілеуханова Адия мамасымен

7.

«Алаш» туралы

ән


8.

«Алаштың асыл арманы»

қойылым

Әлеуметтік қызметкерлер

9

«Бабалар ұраны»

Ән

Айдана Рахметова, Айым Асылғазиева



























«Мәңгілік ел қырандары» көркем өнерпаздар фестиваліне арнайы әзірлеген «Өнегелі өмір-өшпес мұра» атты концерттік бағдарламаның сценариі.





1.«Алтын адам » бейне жазба. 2. Би «Алтын адам»

Орындайтындар: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері.

«Бейбітшілік биі». Авторы : әлеуметтік қызметкер Хасенова Анар Саятовна.

Ән: «Көзіңнің мөлдірін-ай»

Ән: «Қазақ әндерінен попури».


Ән: «Ах, Самара городок»

Би: «Киіз басу».

Ән: «Құстар әні»

Би: «Флешмоб».

Ән: «Қазақ жастары»

Орындайтын : Каранова .Т

Шапатов . А



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Өнегелі өмір - өшпес мұра!"

Автор: Каранова Таншолпан Бейсенбаевна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507526

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра"
    ["seo_title"] => string(31) "oshpies_ierlik_u_rpak_k_a_mu_ra"
    ["file_id"] => string(6) "468735"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525719279"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Балалар с?зі- .даналы? к?зі. "
    ["seo_title"] => string(25) "balalar-sozi-danalyk-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "202723"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429298351"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Бабалар с?зі-даналар к?зі "
    ["seo_title"] => string(25) "babalar-sozi-danalar-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "202984"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429366123"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Бабалар с?зі- даналы? к?зі"
    ["seo_title"] => string(22) "babalarsozidanalykkozi"
    ["file_id"] => string(6) "319784"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460957982"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Бабалар с?зі- даналы? к?зі"
    ["seo_title"] => string(23) "babalarsozidanalykkozi1"
    ["file_id"] => string(6) "319785"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460957988"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства