kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра Мақсаты: Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу.Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу Міндеттері:Халқымыздың ұлы перзенті, ерліктің ерен үлгісі болған – Михаил Абдоловтың өмірін үлгі тұту. Батыр ағаның ерліктері арқылы өткен тарихымызға қызығушылығын арттыру;Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, тарихи көркем шығармалар арқылы ой — өрістерін кеңейту; Сабақтың түрі: тарихи сабақ Жоспары. Ұйымдастыру. «Мәңгі ізің өшпейді» — Еске алу минуты. «Тарихи деректер» «Мәңгі бейнең есімізде» Қорытынды. Барысы. «Ер есімі – ел есінде» 1.Ұйымдастыру бөлімі. Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И. В. Панфилов атындағы 8 – гвардиялық дивизияның 28 батыры Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен, өз заманында -ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше болса, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылына қарасты Бітік қыстағынан АБДОЛОВ Михаилда болатын. Батыр атағына 1944 жылғы 7 қарашада Дунайдан өту кезіндегі ерлігі үшін ұсынылған. Батырдың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты тарихи сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Және де сабағымызды бастамас бұрын Әнұран орындалсын. 1.«Мәңгі ізің өшпейді» — Еске алу минуты. Ұлы Отан жылдарында қаза тапқан батыр аталарымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алып құрмет көрсетейік. 2. «Тарихи деректер» 1-оқушы: 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те фашистік Германия Совет одағына соғыс ашты. 1941-1945 жылдардағы аса ірі жауынгерлік операциялар мен шабуылдардың барлығына қатысып, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын желбіретуде өлшеусіз үлес қосты. Елімізге бас салған жау күшті, әрі қатал болды. Фашист басқыншылары өз солдаттарымен Кеңес адамдарын мейірімсіздікпен қыруды талап етті. Олар жауынгерлерді, қарттарды, балаларды өлтірді, халықты аяусыз азаптады. Олардың өткен жерлерінде адамдардың өлігі, өртенген үйлер, ауылдар қалды. Осы соғыста Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсетті.Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Жеңіс. осы құдіретті сөзді миллиондаған адамдар 4 жыл бойы күтті. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан халқымыз, осынау заманның қымбатқа түскенін жақсы білді. 2-оқушы. Бұл соғысқа Қазақстандықтардан 1 миллион 196 мың 164 адам соғысқа аттанды. 500-ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың 98- і қазақ.Кейбірінің есімін атап кетейік Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б. Москва қаласын ерлікпен қорғаған 28 панфиловшыларды, жау тылындағы жас гвардияшыларды, мыңдаған батырларды мақтанышпен еске аламыз. Ел басына күн туған сол бір жылдарда,біздің ауылдан (Әр оқушы туған жерінің Ұлы Отан соғысының батырларын атап айтып өтеді.) Қалиев Нөкей, Аманбаев Рақым, Құсайнов Рақымғали, Қарабалин Молдаш, Тулемисов Қойшекен Төлемісұлы, Тажидаев Қарабай Нәкішұлы, Михаил Абдолов т.б кеудесін оқ пен отқа төсеп елін жаудан қорғады. 3. «Мәңгі бейнең есімізде» Ән: «Мен өлеңімді аталар сөзімен айтқым келеді» Оқушылар өлең жолдарын айтады М.Абдоловтың өмірі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері туралы өз мәлімдемесімен ортаға мектебіміздің түлегі, 9- сынып оқушысы Сәлімгереев Нұрхатты ортаға шақырамыз. Зерттеу жұмыстарымен айналысқан оқушымыз, жас зерттеушіміз Амангельдиев Нұрдәулет сөз алады. Қорытынды. Біздің тілек: (оқушылар өз тілектерін жазады) Ән: Ақ көгершін Мұғалім: Ұлы Жеңістің бақыты мен қуанышын сыйлап,ел мен жер үшін аямай қан мен тер төккен асылдарымыздың өмірі бізге үлгі.Олардың ерлігі мен істері біздің есімізден мәңгі шықпайды.Ұрпақтан-ұрпаққа өшпес мұра болып қалады. «Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес, Неше мың жыл өтсе де тарих білмек», — деп, Сұлтанмахмұт жырлағандай, бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлерімізді ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, соның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты да ұмытуға еш құқығымыз жоқ. Қазақтың ардагер ұлы, Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған тарихи сағатымыз аяқталды. Жеңіске сеніммен қарап, аянбай еңбек еткен, балалық шағын соғыс үзген бүгінгі ақ шашты қарияларды жеңістің жарқын мерекесімен құттықтаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра»

Тақырыбы: Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра Мақсаты: Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу.Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу Міндеттері:Халқымыздың ұлы перзенті, ерліктің ерен үлгісі болған – Михаил Абдоловтың өмірін үлгі тұту. Батыр ағаның ерліктері арқылы өткен тарихымызға қызығушылығын арттыру;Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, тарихи көркем шығармалар арқылы ой — өрістерін кеңейту; Сабақтың түрі: тарихи сабақ Жоспары. Ұйымдастыру. «Мәңгі ізің өшпейді» — Еске алу минуты. «Тарихи деректер» «Мәңгі бейнең есімізде» Қорытынды. Барысы. «Ер есімі – ел есінде» 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И. В. Панфилов атындағы 8 – гвардиялық дивизияның 28 батыры Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен, өз заманында -ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше болса, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылына қарасты Бітік қыстағынан АБДОЛОВ Михаилда болатын. Батыр атағына 1944 жылғы 7 қарашада Дунайдан өту кезіндегі ерлігі үшін ұсынылған.

Батырдың 100 жылдық  мерейтойына арналған «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» атты тарихи сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Және де сабағымызды бастамас бұрын Әнұран орындалсын. 1.«Мәңгі ізің өшпейді» — Еске алу минуты.

Ұлы Отан  жылдарында қаза тапқан батыр аталарымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алып құрмет көрсетейік. 2. «Тарихи деректер» 1-оқушы:  1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те фашистік Германия Совет одағына соғыс ашты. 1941-1945 жылдардағы аса ірі жауынгерлік операциялар мен шабуылдардың барлығына қатысып, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын желбіретуде өлшеусіз үлес қосты. Елімізге бас салған жау күшті, әрі қатал болды. Фашист басқыншылары өз солдаттарымен Кеңес адамдарын мейірімсіздікпен қыруды талап етті. Олар жауынгерлерді, қарттарды, балаларды өлтірді, халықты аяусыз азаптады. Олардың өткен жерлерінде адамдардың өлігі, өртенген үйлер, ауылдар қалды. Осы соғыста Қазақстандықтар да өздерінің қаһарман халық екенін көрсетті.Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті.

Жеңіс... осы құдіретті сөзді миллиондаған адамдар 4 жыл бойы күтті. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп, еңбек етіп жатқан халқымыз, осынау заманның қымбатқа түскенін жақсы білді.

2-оқушы. Бұл соғысқа Қазақстандықтардан 1 миллион 196 мың 164 адам соғысқа аттанды. 500-ге жуық Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың 98- і қазақ.Кейбірінің есімін атап кетейік Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б. Москва қаласын ерлікпен қорғаған 28 панфиловшыларды, жау тылындағы жас гвардияшыларды, мыңдаған батырларды мақтанышпен еске аламыз. Ел басына күн туған сол бір жылдарда,біздің ауылдан (Әр оқушы туған жерінің Ұлы Отан  соғысының батырларын атап айтып өтеді.) Қалиев Нөкей, Аманбаев Рақым, Құсайнов Рақымғали, Қарабалин Молдаш, Тулемисов Қойшекен Төлемісұлы, Тажидаев Қарабай Нәкішұлы, Михаил Абдолов т.б кеудесін оқ пен отқа төсеп елін жаудан қорғады. 3. «Мәңгі бейнең есімізде» 

Ән:

«Мен өлеңімді аталар сөзімен айтқым келеді»

Оқушылар өлең жолдарын айтады

М.Абдоловтың өмірі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері туралы өз мәлімдемесімен ортаға мектебіміздің түлегі, 9- сынып оқушысы Сәлімгереев Нұрхатты ортаға шақырамыз.

Зерттеу жұмыстарымен айналысқан оқушымыз, жас зерттеушіміз Амангельдиев Нұрдәулет сөз алады.

Қорытынды. Біздің тілек: (оқушылар өз тілектерін жазады) Ән: Ақ көгершін

Мұғалім: Ұлы Жеңістің бақыты мен қуанышын сыйлап,ел мен жер үшін аямай қан мен тер төккен асылдарымыздың өмірі бізге үлгі.Олардың ерлігі мен істері біздің есімізден мәңгі шықпайды.Ұрпақтан-ұрпаққа өшпес мұра болып қалады. «Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес, Неше мың жыл өтсе де тарих білмек», — деп, Сұлтанмахмұт жырлағандай, бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлерімізді ешқашан естен шығармаймыз, ұмытпаймыз. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, соның сұмдықтарын ұмытуға еш құқымыз жоқ. Біздер сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты да ұмытуға еш құқығымыз жоқ. Қазақтың ардагер ұлы, Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған тарихи сағатымыз аяқталды.

 Жеңіске сеніммен қарап, аянбай еңбек еткен, балалық шағын соғыс үзген бүгінгі ақ шашты қарияларды жеңістің жарқын мерекесімен құттықтаймыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра

Автор: Аяпова Аспет Тулеуовна

Дата: 07.05.2018

Номер свидетельства: 468735

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?шпес ерлік-?рпа??а м?ра "
    ["seo_title"] => string(31) "oshpies-ierlik-u-rpak-k-a-mu-ra"
    ["file_id"] => string(6) "195295"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427891423"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл толу қарсаңында "Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра" тақырыбында дөңгелек үстел"
    ["seo_title"] => string(80) "k_r_k_aruly_kushtierinie_25_zhyl_tolu_k_arsan_ynda_oshpies_ierlik_u_rpak_k_a_mu_"
    ["file_id"] => string(6) "412225"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493380221"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Т?рбие са?аты "Ерлік – жан д?ниені? ?лы ?асиеті ""
    ["seo_title"] => string(42) "trbiiesagatyierlikzhanduniieninulykasiieti"
    ["file_id"] => string(6) "292731"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455339834"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Мәңгілік өшпес отты жылдар" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "m_n_ghilik_oshpies_otty_zhyldar_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1498456524"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Ерлік са?аты "Отан ?шін от кешкендер" "
    ["seo_title"] => string(42) "ierlik-sag-aty-otan-ushin-ot-kieshkiendier"
    ["file_id"] => string(6) "181732"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425390587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства