kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Не? Қайда?Қашан?" интеллектуалдық ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Не? Қайда? Қашан" интеллектуалдық сайысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сыныптарға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Не? Қайда?Қашан?" интеллектуалдық ойыны»

Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шешендігін шыңдауға үйрету.

Қатысатын сыныптар: 9 «А», 9 «Б», 9 «В».

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған конверттер, дөңгелек үстел, қара жәшік, «Ақылды болам десең – дұрыс сұрақ қоюға, басқаларды тыңдауға, ақырын жауап беруге және айтуға сөз таппаған кезде тынышталуға үйрен»

Сабақтың барысы: Әр команда өздерін таныстырады. Әр сыныптан 5 оқушы қатысады.

Ендеше біздің ойынымызға қатысатын командалар:

9 «А» сыныбы-

9 «Б» сыныбы-

9 «В» сыныбы-

/Әр сынып командалының ұранын айтады, қатысатын оқушыларымен таныстырады/

Ойын ережесі.

Ойын 4 раундтан тұрады.

І раунд - командаға қойылатын тапсырмалар

ІІ раунд – алтын сандық

ІІІ раунд – бейнематериалдан сұрақтар

ІҮ раунд- команда капитанына қойылатын сұрақтар

І раунд ережесі:

Үстел үстіндегі конвертке сұрақтар қояды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді. Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда келесі команда жауап бере алады.


1 команда сұрақтары:

1. Анық сөзін қандай тұрақты тіркеспен ауыстырып айтуға болады? (Тайға таңба басқандай)
2. Қазақ тілінде сын есімнің түрленуі деп нені атаймыз? (Сын есімнің шырайларын)
3. Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер. (Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі)

4.Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім?

5.Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу

Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)
6. Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Жез күркенің ішінде
Қара құлын кісінер. /қоңырау/

7.Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. /сөмке/

2 команда сұрақтары:
1.Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
2. «Азуы алты қарыс» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз? (Қаһарлы)
3. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін ата. (Тарланым, Қызғыш құс)
4. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? (45)
5. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)

6.Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

7.Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi. Сынып


2 команда сұрақтары:
1.«Көз шырымын алу» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз? (Ұйықтау)
2.Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген? (1845 - 1904ж)
3.«Аққудың айырылуы» поэмасының авторы кім? (С. Сейфуллин)
4. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу

Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
5.Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.қаламсап

6.Жұмбақты шешіп, қазақша, орысша, ағылшынша айту.

Қабы сояу,
Дiнi – бояу. Қарындаш

7.М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған қандай оқиға?


ІІ раунд-алтын сандық. Сандық ішіндегі жасырылған тапсырма

1.Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымызшұбатіркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. 

Сұрақ: неге торсықтың пішіні айшық сияқты келеді?

Жауабы: Ішкен кезде ішіндегі сусын таусылмасын деп екі жағын айшық қылып жасаған. Кейін ішіне сауған сүтті құйып, бұрынғы сусынды ашытқы ретінде пайдалану үшін.


2. Бұл ежелден енген дәстүр.Келген дамдарды қонақ етіп, жөн білісіп, сұрасатын салт.Қыстан қалған сыбағадан ет, қазы-қарта, жал-жая асып, бауыр салады. Бауыр салғанның белгісі-бауырдай араласып, жақын жүрейік дегеннің белгісі екен. Сұрақ: Қазақтың қандай дәстүрі туралы айтылып тұр?

Жауабы: Іргесіне келіп көшті деген көршіні, білісіп сұрасатын салт. Ол- ерулік. Жаңа көшіп келген көршіге үйден дәм татқызу.

3. Қазақ ырымшыл халық. Ай күні жетпей туған баланы шала туған немесе жылбысқа деп атаған. Сұрақ: Осындай айы жетпей туылған балаға байланысты қандай дәстүр бар? Және осы балаларды кім деп атаған?

Жауабы: Айы-күні жетпей туылған балаларды ертеде тымаққа салып, керегенің басына іліп қоятын болған. Осыған байланысты тымаққа салу дәстүрі бар. Және де Шалабай, Шалабек деп аттарын қойған екен.


ІІІ раунд. Бейнематериалдар бойынша сұрақтар қою.

  1. «Құнанбай» фильмінің режиссері және Құнанбай образын сомдаған кім?

Жауабы: Режиссері және Құнанбай образын сомдаған актер-Досқан Жолжақсынов

  1. Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмінде Қожаның рөлін ойнаған кім? Және осы фильмнің түсірілгеніне неше жыл болды?

Жауабы: Нұрлан Санжар /Сегізбаев/, фильмнің түсірілгеніне 52 жыл болды.

  1. «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмін қай киностудия түсірді және Шоқанның рөлін кім ойнаған?

Жауабы: 1957 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Шоқан рөлін ойнаған Нұрмұхан Жанторин


ІҮ раунд. Команда капитандарының жарысы

1-команда капитанына

1. Көмектес септіктің неше жалғауы бар, ата? (- Мен, - бен, - пен )
2. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (Домбыра)
3. ҚР - ның валютасы? (Теңге)
4. ҚР - ның Ата Заңы күні? (30 тамыз)
5. Ақмола облысының орталығы? (Көкшетау)
6. Ұйқас, жыр, роман терминдері қай ғылым саласында қолданылады? (Әдебиет)
7. Жиі - сөзінің антонимін ата. (Сирек)
8. Сілесі қату – тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай. (Шаршау)
9. Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит).
10. Елтаңбаның авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)


2-команда капитанына
1. Фонетика нені зерттейді? (Дыбыс)
2. Алғашқы рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
3. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке, Төле би, Қазыбек би)
4. Қорамсақ қандай сөз:(Архаизм)
5. Бас кеспек болса да,... мақалды аяқтаңыз (Тіл кеспек жоқ)
6. Пунктуация сөзі қазақ тілінде қандай мағына береді?(Нүкте)
7. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазды?
8. «Ақылды» сөзінің түбірі?
9. Дифтонг дыбыстарды ата. (Я – иа. Ю – иу)
10. ҚР-да Тілдер мерекесі қашан?

3-команда капитанына
1.Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы.
2. Қазақ тіліндегі буын саны.
3. Құлагер кімнің аты?
4. Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
5. «Тамаша» сөзінің синонимі
6. Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері.
7. Жүз жасаған ақын?
8. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
9. Өнер алды не?
10.«Көксерек» әңгімесін кім жазған?

Қорытынды. Жеңген команданы марапаттау. «Ең үздік ойыншы» номинациясымен» беру.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Не? Қайда?Қашан?" интеллектуалдық ойыны

Автор: Тилеубаева Камшат Олжасовна

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408460

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Не? ?айда? ?ашан?" интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(34) "niekaidakashanintielliektualdyoiyn"
    ["file_id"] => string(6) "313384"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459482919"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Не? ?айда? ?ашан?" интеллектуалды ойын."
    ["seo_title"] => string(35) "niekaidakashanintielliektualdyoiyn1"
    ["file_id"] => string(6) "313389"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459483159"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Не? ?айда? ?ашан?"  интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(35) "niekaidakashanintielliektualdyoiyn2"
    ["file_id"] => string(6) "313391"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459483410"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(19) "intellektualdy_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "509941"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1557733717"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Не? ?ашан? ?айда? математикалы?  интеллектуальді ойын "
    ["seo_title"] => string(56) "nie-k-ashan-k-aida-matiematikalyk-intielliektual-di-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "212018"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431714350"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства