«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
(мектепалды даярлық тобы)
«Глуховка орта мектебі» К М М
Мектепалды даярлық тәрбиешісі : С.Н. Бауедимова
Сайыстың барысы:
Білімділік бағытында:
а)Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің шығармасының түрлері жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелдермен танысу.
Дамытушылық бағытында:
ә) Шығарманың түрлерін ажырата білуге, ойлау қабілеттерін, тілін, есте сақтауын дамыту.
б) Тәрбиелік бағытында:
Ұлттық сезімін ояту, адамгершілікк тәрбиелеу.
Көрнекілік : нақыл сөздер.суреттер. интерактивті тақта.
Сайыстың барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті ата –аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысқа қатысушылар.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер.
Сайысымыз 6 (алты) кезеңнен тұрады.
І топ Тәуелсіздік ІІ топ Қыран ІІІ топ Достар
1кезең «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Мен сендерге сұрақ қоямын.
- Кім сұраққа толық, анық, тез жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2 .Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
3. Тудың түсі қандай?
4. Отанымыздың астанасы қай қала?
5. Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл
6. Біз қай елде тұрамыз?
7. Біздің ауылымыз қалай аталады
8. Желтоқсан айында қандай мерекелер тойланады?
2 – кезең Жасырылған мақалдың жалғасын тап.
1.Отан оттанда _______ (ыстық) 2. Өнер алды - _______(тіл)
3.Бірлік болмай, 4. Күш білімде,
Тірлік ______ (болмас) Білім ________ (кітапта)
5.Ырыс алды- _____ (ынтымақ ) 6. Әдепті бала ____ (арлы бала)
7.Ынтымақ түбі – бірлік
8.Бірлігі жоқ ел тозады, 9. Ердің көркі елімен
Бірлігі күшті ел _____ (озады ) Отан көркі_____( жерімен)
3 кезең «Кім жаңылыспайды».
Ортаға топ басшыларын шақырып жаңылтпаш оқимын, бірден жаңылыспай айтып беруі керек.
4 кезең «Халық айтса, қалт айтпайды»
Бұл бөлімде әр топқа тақырыптар беріледі. Тақырыпқа сай 3 мақалдан айтуы керек. Ойлануға бір минут уақыт беріледі.
5 – кезең
Мақал айтудан жарыс.
6- кезең Бұл кезеңде әр топқа жеке – жеке 3 жұмбақ жасырылады. Шешуін айтулары керек.
Құттықтау сөз.
Қорытындылау.Жеңіске жеткен топтарды марапаттау. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Мұғалім: Біздің тілегіміз – бейбітшілік. Сендер әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін сабақты жақсы оқып, әдепті, үлкеннің тілін алатын,кішіге қомқор бола білетін қайырымды азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің болашақ иесі сендерсіңдер. деген ниетпен тәрбие сабағымызды Сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.