kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Урок по тему" «Физика – ?ажайыптар ?лемі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Физика – ?ажайыптар ?лемі»

Ма?саты: Студенттерді? белсенділігін ж?не логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке,  ой шапша?дылы?ына,тап?ырлы??а, т?зімділікке ж?не ?зара сыйласты??а, с?йлеу м?дениетілігіне т?рбиелеу. Татулы? ?арым – ?атынасын ны?айта отырып, студенттерді? адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру ж?не п?нге деген ?ызы?ушылы?ын  ту?ызу.

1-ж?ргізуші: ?айырлы к?н ??рметті к?рермен!

                       С?з бастайын термелейтін ?ле?мен.

                       Т?рбиелі,білімді боп ?р?ашан

                       ?с,?ркенде, ?анат жайып кемелден.

2-ж?ргізуші:  - Армысыздар, ?адірлі ?стаздар ж?не білім мен ?нерге  ??штар студенттер! Адам баласы тек білім, ?ылым ар?ылы ?з орнын табады. “Білігі к?шті бірді жы?ады, білімі к?шті мы?ды жы?ады”, “К?пті? к?ші бірлікте” деген дана халы?. Болаша? ?асырда білім те?ізінен ж?зіп ?ткендер ?ана елімізді? тірегі, с?йініші болады деп ойлаймыз. Сонды?тан б?гінгі «Физика-?ажайыптар ?лемі» атты кешімізге ?ош келді?іздер,- дей отырып сайысымызды бастайы?. Біз б?гінгі кешімізді 1,2 курстар арасында сайыс т?рінде ?ткізуді ?й?арды?. Б?л ойын?а 3 команда ?атыс?алы отыр. Ендеше, орта?а ойыншыларымызды ша?ырамыз:

1-ж?ргізуші: Алдымен с?ра? ?ою ар?ылы командаларды? атын аны?тап алайы?.

Инерция ??былысын кім ашты? Галелей

С?йы? тарапынан ?сер ететін итеруші к?шті аш?ан кім? Архимед

Атомны? ядролы? моделін жаса?ан ?алым? Резерфорд

2-ж?ргізуші:  Ал, ?азір ойын шартымен таныстырып ?тейік.

  1. «Білімділік» (?р топ?а 10 с?ра? о?ылады)
  2. «Тап?ыр болса?-тауып к?р!» (?р топ?а с?зж?мба? біріледі. Оны капитандары шы?ып алады. Шешімдерін ?азылар ал?асына беріледі).
  3. «Кім жылдым?» (топ басшыларына конверттегі берілген с?здерден ?р команда физикалы? ма?ынасы бар ма?ал ??растыру ?ажет).
  4. «Ж?мба?тар ?лемінде» (барлы? команда?а орта? ж?мба?тар о?ылады. Жылдам жауап берген команда?а ?пай беріледі).
  5. «Физикалы? анагараммалар»  (берілген тапсырма бойынша 3 топты? ойыншысы 3 т?рлі конвертті? бірін та?дайды)

1-ж?ргізуші: Армысыздар,?ымбатты т?решілер,

                       Сайысын ?рбір топты? к?рерсіздер.

                       Таразыны? екі басын те? ?ойып,

                           Сіздерде ?діл ба?а берерсіздер- дей келіп сайыскерлерді? білімі мен ?неріне ба?а беретін ?діл ?азылар ал?асымен танысып ?тейік:

  1. Са?та?анова К?лаш – Физика п?ніні? м??алімі
  2. Байбатырова Айг?л – т?рбие ісі ж?ніндегі орныбасары
  3. Шо?ыбаева А?монша? – физика п?ніні? м??алімі

Ойыншылар?а с?ттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.

2- ж?ргізуші: «Білімділік» ?р команда?а с?ра?тар о?ылады, ?рбір д?рыс жауап ?шін бір ?пайдан беріледі.

1-ж?ргізуші:

1.Энергияны? денені? к?бірек ?оз?ан б?лігінен азыра? ?оз?ан б?лігіне ?арай таралуы. – Жылу ?ткізгіштік

2.Затты? с?йы? к?йден ?атты к?йге ауысуы – ?атаю, кристалдану.

3.Т?тас ал?анда б?кіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток к?шін ?лшейтін ??рал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр ?рісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.?уат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жары? таралатын сызы?-С?уле

8.Санды? м?німен, ба?ытымен сипатталатын физикалы? шамаларды бас?аша ?андай шамалар деп атайды?-Векторлы?

9.Материяны? ажырамас ?асиеті?-?оз?алыс

10. Еркін т?су ?деу неге те? ?- 9,8м/с2

2-ж?гізуші:

1.Ж?мыс істемей – а? денені? ішкі энергиясыны? ?згеру процесі – Жылу берілу

2.Затты? ?атты к?йден с?йы? к?йге ауысуы – Бал?у

3.Денені? электрленгені? аны?тау?а арнал?ан прибор – Электроскоп

4.Атомда?ы теріс зарядтал?ан б?лшек – Электрон

5.Зарядтал?ан б?лшектерді? реттелген ?оз?алысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.То? к?ші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Б?л кімні? за?ы ?- Ом за?ы

8.?арастырылып отыр?ын жа?дайда ?лшемі мен пішіні? ескермеуге болатын дене ?- Материалы? н?кте

9.Векторларды? проекциялары ?андай шамалар болады ?-Скаляр

10. Жол ?андай шама ? – Скаляр

1-ж?ргізуші:

1.Жылу берілу кезінде денені? ал?ан немесе жо?алт?ан энергиясы – Жылу м?лшері

2.С?йы?ты? бетінде болатын булану ??былысы – Кебу

3.Электр зарядыны? бірлігі  – Кулон (Кл)

4.Ядрода?ы бейтарап б?лшек – Нейтрон

5.Кернеуді ?лшейтін прибор – Вольтметр

6.То?ы бар ?ткізгіштен б?лініп шы?атын жылуды? м?лшері то? к?шіні? квадраты, ?ткізгішті? кедергісі ж?не уа?ытты? к?бейтіндісіне те? – Джоуль-Ленц за?ы

7.Ішінде темір ?зегі бар катушка – Электромагнит

8.?оз?алыс траекториясыны? бойымен денені? ж?ріп ?ткен ара?ашы?ты?ын не дейді ? – Жол

9. ?деу ?андай ?ріппен белгіленеді? – а

10. Центрге тарт?ыш ?деуді бас?аша ?алай атайды? – Нормаль ?деу

2-ж?ргізуші:  «Тап?ыр болса?-тауып к?р!» (?р топ?а с?зж?мба? біріледі. Оны капитандары шы?ып алады. Шешімдерін ?азылар ал?асына беріледі. Регламент бойынша берілетін уа?ыт 7-минут).

1-ж?ргізуші: Біз б?гінгі сайысты? к??ілді, осы сайыс?а ?атысушыларды? к??іл-к?йлеріні? жа?сы бол?анын ?алаймыз. Сол себепті физик ?алымдарды? ?зіл-?алжы?дарын ты?дай отыры?ыздар:

2-ж?ргізуші: Бір к?ні ?йгілі физик Резерфорд лабораториясынан ш?кіртін кездестіреді. Ол т?к?ппарланып:

-        Ж?мыс жасап жатырмын, - депті.

-        Сіз к?ндіз не істеді?із, - деп с?райды о?ымысты.

-        Ж?мыс істедім, - дейді ш?кірті.

-        Ал ерте?гісін ше?

-        Ж?мыс жасадым.

Шыдамы жетпеген Резерфорд: «Сонда сіз ?ай кезде ойланасыз» - деген екен.

1-ж?ргізуші: Кирхгоф ?зіні? спектрлік анализ ж?ніндегі ж?мыстары жайлы айтып отырады. «К?нні? спектріне ?арап онда алтын бар екенін бай?адым» - дейді ол. Ты?дап отыр?андарды? бірі: «м?ндай жа?алы?тан не пайда, к?ндегі алтынды б?рібір ала алмаймыз» - дейді. Біраз уа?ыттан кейін оны? осы аш?ан жа?алы?ына алтын медаль береді. «Міне, мен к?ндегі алтынды алдым», деп ?зілдеген екен ол.

2-ж?ргізуші: Айта берсе? ?зілдер жеткілікті ?ой. Командалар дайын болса жауаптарын ?азылар ал?асына ?сынайы?.

1-ж?ргізуші: «Кім жылдам?»(топ басшыларына конверттегі берілген с?здерден ?р команда физикалы? ма?ынасы бар ма?ал ??растыру ?ажет. Регламент бойынша берілетін уа?ыт 5-минут).

1. «Темірді ?ыз?анда со?» ма?алында ?андай физикалы? ??былыс туралы айтылады?

(?атты денені? бал?уы).

2. «К?сеу ?зын болса ?ол к?ймес» ?андай физикалы? ??былыс жасырыл?ан?

(Жылу?ткізгіштік).

3. «То??ан тонын ма?тайды» неліктен? (Тон жылуды нашар ?ткізеді).

4. «Уайым т?бі те?із батасы? да кетесі?, т?уекел т?бі ?айы? мінесі? де ?тесі?» ?андай физикалы? ??былыс жасырылып т?р? (Архимед за?ы).

5.  Отты ?рлеген жа?ады, шынды?ты іздеген табады (Энергияны? са?талу за?ы)

6.  Ит ж?гіріп тазы болмас (жылдамды?)

2-ж?ргізуші: «Ж?мба?тар ?лемінде» (барлы? команда?а орта? ж?мба?тар о?ылады. Жылдам жауап берген команда?а ?пай беріледі).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Урок по тему" «Физика – ?ажайыптар ?лемі»»

Тақырыбы: «Физика – ғажайыптар әлемі»

Мақсаты: Студенттердің белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, студенттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

2-жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі ұстаздар және білім мен өнерге құштар студенттер! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі «Физика-ғажайыптар әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер,- дей отырып сайысымызды бастайық. Біз бүгінгі кешімізді 1,2 курстар арасында сайыс түрінде өткізуді ұйғардық. Бұл ойынға 3 команда қатысқалы отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз:

1-жүргізуші: Алдымен сұрақ қою арқылы командалардың атын анықтап алайық.

Инерция құбылысын кім ашты? Галелей

Сұйық тарапынан әсер ететін итеруші күшті ашқан кім? Архимед

Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? Резерфорд

2-жүргізуші: Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.

  1. «Білімділік» (әр топқа 10 сұрақ оқылады)

  2. «Тапқыр болсаң-тауып көр!» (әр топқа сөзжұмбақ біріледі. Оны капитандары шығып алады. Шешімдерін қазылар алқасына беріледі).

  3. «Кім жылдым?» (топ басшыларына конверттегі берілген сөздерден әр команда физикалық мағынасы бар мақал құрастыру қажет).

  4. «Жұмбақтар әлемінде» (барлық командаға ортақ жұмбақтар оқылады. Жылдам жауап берген командаға ұпай беріледі).

  5. «Физикалық анагараммалар» (берілген тапсырма бойынша 3 топтың ойыншысы 3 түрлі конверттің бірін таңдайды)

1-жүргізуші: Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер- дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

  1. Сақтағанова Күлаш – Физика пәнінің мұғалімі

  2. Байбатырова Айгүл – тәрбие ісі жөніндегі орныбасары

  3. Шоғыбаева Ақмоншақ – физика пәнінің мұғалімі

Ойыншыларға сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.

2- жүргізуші: «Білімділік» Әр командаға сұрақтар оқылады, әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі.

1-жүргізуші:

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

2-жүгізуші:

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10. Жол қандай шама ? – Скаляр

1-жүргізуші:

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері

2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу

3.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)

4.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон

5.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр

6.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы

7.Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит

8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол

9. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а

10. Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу

2-жүргізуші: «Тапқыр болсаң-тауып көр!» (әр топқа сөзжұмбақ біріледі. Оны капитандары шығып алады. Шешімдерін қазылар алқасына беріледі. Регламент бойынша берілетін уақыт 7-минут).

1-жүргізуші: Біз бүгінгі сайыстың көңілді, осы сайысқа қатысушылардың көңіл-күйлерінің жақсы болғанын қалаймыз. Сол себепті физик ғалымдардың әзіл-қалжыңдарын тыңдай отырыңыздар:

2-жүргізуші: Бір күні әйгілі физик Резерфорд лабораториясынан шәкіртін кездестіреді. Ол тәкәппарланып:

- Жұмыс жасап жатырмын, - депті.

- Сіз күндіз не істедіңіз, - деп сұрайды оқымысты.

- Жұмыс істедім, - дейді шәкірті.

- Ал ертеңгісін ше?

- Жұмыс жасадым.

Шыдамы жетпеген Резерфорд: «Сонда сіз қай кезде ойланасыз» - деген екен.

1-жүргізуші: Кирхгоф өзінің спектрлік анализ жөніндегі жұмыстары жайлы айтып отырады. «Күннің спектріне қарап онда алтын бар екенін байқадым» - дейді ол. Тыңдап отырғандардың бірі: «мұндай жаңалықтан не пайда, күндегі алтынды бәрібір ала алмаймыз» - дейді. Біраз уақыттан кейін оның осы ашқан жаңалығына алтын медаль береді. «Міне, мен күндегі алтынды алдым», деп әзілдеген екен ол.

2-жүргізуші: Айта берсең әзілдер жеткілікті ғой. Командалар дайын болса жауаптарын қазылар алқасына ұсынайық.

1-жүргізуші: «Кім жылдам?»(топ басшыларына конверттегі берілген сөздерден әр команда физикалық мағынасы бар мақал құрастыру қажет. Регламент бойынша берілетін уақыт 5-минут).

1. «Темірді қызғанда соқ» мақалында қандай физикалық құбылыс туралы айтылады?

(Қатты дененің балқуы).

2. «Көсеу ұзын болса қол күймес» қандай физикалық құбылыс жасырылған?

(Жылуөткізгіштік).

3. «Тоңған тонын мақтайды» неліктен? (Тон жылуды нашар өткізеді).

4. «Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің» қандай физикалық құбылыс жасырылып тұр? (Архимед заңы).

5. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады (Энергияның сақталу заңы)

6. Ит жүгіріп тазы болмас (жылдамдық)

2-жүргізуші: «Жұмбақтар әлемінде» (барлық командаға ортақ жұмбақтар оқылады. Жылдам жауап берген командаға ұпай беріледі).

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

1-жүргізуші:

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

2-жүргізуші:

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

1-жүргізуші:

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

2-жүргізуші:

Пайдаланады көп ғалым

Физиканың заңдарын

Сол заңдармен таныды

Табиғаттың сырларын,- деп, келесі сайсымыз «Физикалық анаграммалар» (берілген тапсырма бойынша 3 топтың ойыншысы 3 түрлі конверттің бірін таңдайды)

1-жүргізуші: Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

2 – жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

2-жүргізуші:

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем

Бүгінде физика барлық жерде.

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғалымның игеріңдер

Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп, бүгінгі «Физика – ғажайыптар әлемі» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескеше қош сау болыңыздар!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Урок по тему" «Физика – ?ажайыптар ?лемі»

Автор: Хайтбаева Айнур Яхиякызы

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286681


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1570 руб.
2240 руб.
1620 руб.
2320 руб.
1760 руб.
2520 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства