kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «К?З – МЕРЕКЕ, К?З – БЕРЕКЕ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1/ Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар!

    Естімейтіндерге ымда?ыздар!

2/ Б?гін мектебімізде «Алтын к?з» мерекесі тойлан?алы жатыр!Мерекеге дайынды?пен келген к?п бала ойна?алы , ал оны к?рген есті бала ойлан?алы жатыр!

  1/  Барша?ыз?а!  Барша?ыз?а!

       Жинал?ан?а ??сайды барша м?нда!

       К??іл ?ойып ??ла? салы?ыздар!

       ?нсіздік орнап тына ?алы?ыздар!

        Б?гінгі бізді? ба?дарламамызда:

   2/ Ж?мба? пен с?зж?мба? шешіледі,

       Ертегілер еселеп есіледі.

       Орайын ?з с?зіні? ойлап айтар

       Шешендер ал кеп сонда к?сіледі.

   1/ Келтіретін ?рдайым сезім к?йін,

       К?ресіздер ?ыздарды? ?сем биін.

       ?атысса?ыз кетірер к??іл кірін

       Ойынны? ойнайсыздар неше т?рін.

  2/ ?зілге сір? шор?а? ел емеспіз,

      ?алайша ?алжы? с?зді елемеспіз.

      Ойын-оспа? болса егер к?ткені?із

      О?ан да риза болып кенелерсіз.

   1/ ?ншіні? шары?та?ан ?нін естіп,

       К??ілі?із ?алары біраз серпіліп.

       Осылай б?рі-б?рі болып жатса

       Ма?сат?а ?алар едік біз де жетіп.

   2/ Сонымен арда? т?т?ан к?рерменім! Со?ында ал?ыстары?ызды айтасыздар, «рахмет, рахмет»- деп бізге ?айтасыздар! – деп ?олында?ы жез ?а?па?ты бір-біріне со?ады.

 М??алім:    

Егін –терім жиналып

?амбалар?а толады.

?р к??ілге н?р дарып

?р ?йде той болады.

Жылы жа??а ба?ыт ап

??стар к?кке ?шады.

Сары жапыра? ?алы?тап

Жерді? т?сін ??шады.

Айты?даршы, балалар

Б?л ?ай кезде болады ?

Балалар хормен: К?зде!

-?р жыл мезгіліні? ?з ерекшелігі бар. Таби?ат ?ай кезде болмасын – тамаша д?ние. К?з келсе – біз сары-?ызыл жапыра?тарды тамашалаймыз, ?ыс т?ссе – аппа? ?арда алысып ойнаймыз, к?ктемде жа?адан б?ршік ат?ан талдарды, ?шып келген ??старды к?ріп, жа?а ?мір бастал?андай боламыз; ал жазда – к?лге барып, су?а т?сіп, жаз?ы демалысымызды ерекше ?ткізуге тырысамыз.                                         А?ындар да ?р жыл мезгіліне тамаша ?ле?дер жазып, таби?атты? сулулы?ын ?ле? жолдары ар?ылы бізге жеткізген. Сол ?ле?дерді? к?бін біз мектепте о?ып, жаттап ж?рміз ?ой. Жыл мезгілдеріні? б?рі тамаша.   ?йтсе де, б?гін біз К?Зге деген ??рметімізді к?рсетпекшіміз.

  Ал, енді  «К?з-мереке, к?з-береке» атты кешімізді алып бару м?ртебесін сыныбымызда?ы  е? озат о?ушыларымызды? бірі - ..................... береміз, дей бергенде орта?а Жал?аубек шы?ып:

  • Жо-жо?, т?ра т?ры?ыздар, олай болмайды, кім жа?сы о?иды –... ! Кім ж?ргізеді –...!  Бірде?е бола ?алса   ... ! ..! Ол болмайды. Сонда мен осылай шеттеп ?ала беремін бе?
  • Балалар, айты?даршы мыналар?а, мерекені Жал?аубек ж?ргізсін деп.

Балалар:   - Жарайды, солай-а? болсын. Ж?ргізіп к?рсін.

Музыка «Жал?аубек» ?ні баяу естіліп т?рады.

           1/ Жал?аубекті кім білмейді,                                   

               Саба?ынан дым білмейді.

               М??алім с?рай ?алса,

               Т?мен ?арап мі?гірлейді.

         2/  С?йтіп ж?ріп толам дейді,                                         

               Ж?ргізуші болам дейді.

               Мерекені ?ызы?тырып,

               К?п к??іліне ?онам дейді.

           3/ Ал,жарайды болса болсын,                           

               К?рерменні? к??ілі толсын.

               Айтар с?зін айта алса

               Жал?аубекке дарын ?онсын.

          4/ Туа ?ал?ан бір к?н кеште                             

               Шынымен-а? дым білмес пе?

               Жал?аулы?ын ?ояр болса

               Б?рін біліп ?лгермес пе?     /Жал?аубекті орта?а алып  билеп кетеді./

 М??алім:  Олай  болса, Жал?аубек  мерекені бастамас б?рын орта?а «К?зді» ша?ырып алайы?.

    1-о?ушы:  ?уандырып біздерді

                      Мерекелі к?з келді.

                      Кел, жемісті алтын к?з

                      Кемелденсін хал?ымыз.

Орта?а себет толы жемістері бар К?з келеді (?ол со?ып ?арсы алу).

К?з: С?лем, ?ре? достарым,

    ?мірге к?п ?ос?аным.

    ?ымбатты сый алындар

    Молайтындар шатты?ты,

    ?н айтындар ба?ытты.

2-о?ушы:  Асты? жеміс жиылды

                  ?амбамыз?а ??йылды.

                  Арда?ты к?з мы? ал?ыс

                  Алды? ?нім cыйы?ды.

 Барлы?ы: Арда?ты к?з мы? ал?ыс.

 К?з: Мен к?збін. ?те еркемін, с?л н?рсеге ренжіп б?ртиып ?аба?ымды т?йе ?аламын. Кейде болмашы?а ?кпелеп, к?з жасымды аямай т?гіп-т?гіп жіберемін. ?йтсе де мені? жомартты?ым мен а?к??ілдігім ?шін б?рі де ?натады.

 3-о?ушы: И?, біз сізді байлы? молшылы?, дархан алтын к?з деп білеміз. Бізді? сізге арнал?ан сыйымыз бар. О?ушыларымыз сізге арнап бар ?нерін к?рсетпек.

 4-о?ушы:     К?бейді ??т береке –

                       Асты? толы ?оймамыз.

                       ??тты болсын мереке –

                       Алтын к?зді тойлаймыз.

К?з: Барлы?ы?ды ?имаймын

         Барымды мен сыйлаймын.

          Бір ай?а н?р бір демім,

          ?здері?мен біргемін.

    Балалар:  Жаса, жаса Алтын к?з!    /К?з т?рге барып отырады./  /Слайд к?рсетіледі/                                                      

   Жал?аубек:   Іхі, іхі / тама?ын кенеп, галстугін т?зеп алады./

   Мектеп ?мірінде ол бір п?н

   Бірінші н?мірімізде орындалатын ...  /Басын ?асиды,?й?асын балалар тауып отырады./

    Балалар:     ?н.

   Жал?аубек:  ?, и?, ?н, ?н!    / «Алтын к?з» ?ні хормен орындалады./

Жал?аубек:  Тамашалап  б?рі?із к?ні?із,

                       Назарлары?ызда «К?к?ністер айтысы» атты ...

Балалар:       К?рініс.

Жал?аубек:  Атап т?рмыз  к?зді? тойын,

                       Кезекті алады енді ....

Балалар:       Ойын.

1.Ойын:«К?з белгісі неде?» ойыны ойналады. Ойын аукцион т?ртібімен ж?ргізіледі.Шарты: Ж?ргізуші «К?зде ...» деп бастап береді.Жапыра?тар сар?аяды, ??стар ?айтады, к?н суытады, жа?быр жауады, жеміс-жидек піседі, ма?та теріледі... т/б.  /Е? со??ы белгіні айт?ан о?ушы сыйлы? алады./

Жал?аубек:  -Енді не айтсам екен?- деп т?р?анда орта?а ............... шы?ады.

Бастаушы: -Ары ?арай енді ?зім-а?  ж?ргіземін.

Жал?аубек: -Жарайды ?здері? білі?дер,- деп сахнадан шы?ып кетеді.Кетіп бара жатып : - ?йтсе де мен жаман ж?ргізгенім жо?! Солай ?ой балалар?- дейді.

Бастаушы:  ?аза? деген даламнан,

                       ?руа?ты бабамнан,

                     Ардагерім ?кемнен,

                      А? жаулы?ты анамнан

                      С?лем са?ан, Алтын к?з!   / К?зге ?арап бас иеді/

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «К?З – МЕРЕКЕ, К?З – БЕРЕКЕ» »

Қарағанды облысы білім басқармасының

«Психикалық дамуы артта қалған балаларға

арналған мектеп-интернаты» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурбергенова Маргарита Нурбергеновна



«КҮЗ – МЕРЕКЕ, КҮЗ – БЕРЕКЕ»

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің қыр – сырын жете меңгере білу.Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау.Сахналық қойылымдарда ойнай білуін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, қонақжай болуға, молшылық қадірін білуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: «Күз» бейнесіндегі қыз, Жалқаубек, Сайқымазақтар,көкөніс, жемістер бейнесіндегі сынып оқушылары.

Ортаға клоун типтес киім киген екі бала жүгіріп шығады да қолындағы екі жез қақпақты бір-біріне соғады.

1/ Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімейтіндерге ымдаңыздар!

2/ Бүгін мектебімізде «Алтын күз» мерекесі тойланғалы жатыр!Мерекеге дайындықпен келген көп бала ойнағалы , ал оны көрген есті бала ойланғалы жатыр!

1/ Баршаңызға! Баршаңызға!

Жиналғанға ұқсайды барша мұнда!

Көңіл қойып құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

2/ Жұмбақ пен сөзжұмбақ шешіледі,

Ертегілер еселеп есіледі.

Орайын өз сөзінің ойлап айтар

Шешендер ал кеп сонда көсіледі.

1/ Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер қыздардың әсем биін.

Қатыссаңыз кетірер көңіл кірін

Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

2/ Әзілге сірә шорқақ ел емеспіз,

Қалайша қалжың сөзді елемеспіз.

Ойын-оспақ болса егер күткеніңіз

Оған да риза болып кенелерсіз.

1/ Әншінің шарықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары біраз серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

2/ Сонымен ардақ тұтқан көрерменім! Соңында алғыстарыңызды айтасыздар, «рахмет, рахмет»- деп бізге қайтасыздар! – деп қолындағы жез қақпақты бір-біріне соғады.

Мұғалім:

Егін –терім жиналып

Қамбаларға толады.

Әр көңілге нұр дарып

Әр үйде той болады.

Жылы жаққа бағыт ап

Құстар көкке ұшады.

Сары жапырақ қалықтап

Жердің төсін құшады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады ?

Балалар хормен: Күзде!

-Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктемде жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Ал, енді «Күз-мереке, күз-береке» атты кешімізді алып бару мәртебесін сыныбымыздағы ең озат оқушыларымыздың бірі - ..................... береміз, дей бергенде ортаға Жалқаубек шығып:

  • Жо-жоқ, тұра тұрыңыздар, олай болмайды, кім жақсы оқиды –... ! Кім жүргізеді –...! Бірдеңе бола қалса ... ! ..! Ол болмайды. Сонда мен осылай шеттеп қала беремін бе?

  • Балалар, айтыңдаршы мыналарға, мерекені Жалқаубек жүргізсін деп.

Балалар: - Жарайды, солай-ақ болсын. Жүргізіп көрсін.

Музыка «Жалқаубек» әні баяу естіліп тұрады.

1/ Жалқаубекті кім білмейді,

Сабағынан дым білмейді.

Мұғалім сұрай қалса,

Төмен қарап міңгірлейді.

2/ Сөйтіп жүріп толам дейді,

Жүргізуші болам дейді.

Мерекені қызықтырып,

Көп көңіліне қонам дейді.

3/ Ал,жарайды болса болсын,

Көрерменнің көңілі толсын.

Айтар сөзін айта алса

Жалқаубекке дарын қонсын.

4/ Туа қалған бір күн кеште

Шынымен-ақ дым білмес пе?

Жалқаулығын қояр болса

Бәрін біліп үлгермес пе? /Жалқаубекті ортаға алып билеп кетеді./

Мұғалім: Олай болса, Жалқаубек мерекені бастамас бұрын ортаға «Күзді» шақырып алайық.

1-оқушы: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Ортаға себет толы жемістері бар Күз келеді (қол соғып қарсы алу).

Күз: Сәлем, өрең достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алындар

Молайтындар шаттықты,

Ән айтындар бақытты.

2-оқушы: Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім cыйыңды.

Барлығы: Ардақты күз мың алғыс.

Күз: Мен күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілдігім үшін бәрі де ұнатады.

3-оқушы: Иә, біз сізді байлық молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Біздің сізге арналған сыйымыз бар. Оқушыларымыз сізге арнап бар өнерін көрсетпек.

4-оқушы: Көбейді құт береке –

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке –

Алтын күзді тойлаймыз.

Күз: Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын.

Бір айға нәр бір демім,

Өздеріңмен біргемін.

Балалар: Жаса, жаса Алтын күз! /Күз төрге барып отырады./ /Слайд көрсетіледі/

Жалқаубек: Іхі, іхі / тамағын кенеп, галстугін түзеп алады./

Мектеп өмірінде ол бір пән

Бірінші нөмірімізде орындалатын ... /Басын қасиды,ұйқасын балалар тауып отырады./

Балалар: Ән.

Жалқаубек: Ә, иә, ән, ән! / «Алтын күз» әні хормен орындалады./

Жалқаубек: Тамашалап бәріңіз көніңіз,

Назарларыңызда «Көкөністер айтысы» атты ...

Балалар: Көрініс.

Жалқаубек: Атап тұрмыз күздің тойын,

Кезекті алады енді ....

Балалар: Ойын.

1.Ойын:«Күз белгісі неде?» ойыны ойналады. Ойын аукцион тәртібімен жүргізіледі.Шарты: Жүргізуші «Күзде ...» деп бастап береді.Жапырақтар сарғаяды, құстар қайтады, күн суытады, жаңбыр жауады, жеміс-жидек піседі, мақта теріледі... т/б. /Ең соңғы белгіні айтқан оқушы сыйлық алады./

Жалқаубек: -Енді не айтсам екен?- деп тұрғанда ортаға ............... шығады.

Бастаушы: -Ары қарай енді өзім-ақ жүргіземін.

Жалқаубек: -Жарайды өздерің біліңдер,- деп сахнадан шығып кетеді.Кетіп бара жатып : - Әйтсе де мен жаман жүргізгенім жоқ! Солай ғой балалар?- дейді.

Бастаушы: Қазақ деген даламнан,

Әруақты бабамнан,

Ардагерім әкемнен,

Ақ жаулықты анамнан

Сәлем саған, Алтын күз! / Күзге қарап бас иеді/

Бастаушы: Енді Күз біздің келесі ойындарымызды көріп тамашаласын.

2.Ойын: 12 айдың ішінен күз айлары жазылған жапырақтарды кім тез жинайды?

3.Ойын: «Күнбағыс қалпағы». Музыка тоқтағанда 6 оқушы қалпақты киюі тиіс.

Бастаушы: Өнерсіздік бас айып,

Кезектесіп келейік.

Ән, биден шашу шашылсын

Өнерге кезек берейік.

Би: «Жылайды жапырақ».

Ән: «Жау, жау жаңбыр».

Бастаушы: -Балалар неге біз күзді «Алтын күз» деп айтамыз?

1оқушы: Біз айтамыз Алтын күз деп,

Көп піскен соң бау ішінде

Сары алтындай сары қауын.

2оқушы:Қауын-қарбыз, жемістермен

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады

Күз айы да сол себепті.

3оқушы: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Мұны көріп, қалай күзді

Теңеймейміз сары алтынға?

4оқушы:Қараңдаршы, қандай сұлу

Бидай басқан кең дала.

Алтын жайып тастағандай,

Біздің дала , бай дала.

Мұны көріп, қалай күзді

Теңеймейміз сары алтынға?

Бастаушы: Олай болса, кім күз айларын айтады?

Қыркүйек: Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйек айынды

Сағынышпен барамыз

Өнер білім тойына.

Қазан: Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады

Туыстық адал, достықпен

Жалғаса берсін өмірлер.


Қараша: Күздің қараша айында / /

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған

Сыбдыр, сыбдыр түседі.

Бастаушы: Алтын күзді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел жыр үшін.

Бақта сұлу жемісім,

Қырда бидай-ырысым.

Жеміс-жидек, дақыл, көкөністерге сөз кезегін берейік.

Бидай: Нан анасы-бидаймын,

Нанды елге сыйлаймын.

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Қызыл мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын

Машинаға мініп ап

Малды ауылға тартамын.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын

Мен астықты тарымын.

Еңбегіңнің жаз бойғы

Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен сұлымын шырағым,

Барлық малға ұнадым.

Ауырлаған басымды

Көтере алмай тұрамын.

Күріш: Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын.

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім.

Өрік: Бақта өскен сәні бар,

          Гүлі майда көрікті.

          Жемісі бар дәмі бал

          Жақсы көрем өрікті.

Алма :Күздік апорт алмамыз

           Күннен қуат алғанбыз

           Жұмыр жерден нәр жиып,

           Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Шие :Мен шиемін,шиемін.

          Күннің көзін сүйемін.

          Қышқыл шырын менде бар.

          Төмен басты иемін.

Қияр : Көктеп ерте өрмелеп,

           Өсемін мен бүр жарып.

           Атым қияр, теріп ал

           Жиі-жиі суғарып.

Бастаушы: Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Би: «Құстар қайтқанда» қыздар тобы билейді.

Бастаушы: Ал, балалар, балалар,

Бізді енді тыңдаңдар.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймаңдар.

1.Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр. (Асқабақ)

2.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжембір күні. (сәбіз)

3.Жайлы ,жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін. (Орамжапырақ )

4.Аспай піскен,

Қайнамай түскен.(Жеміс)

5.Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)

6.Бақтарда балбырап,

Тұрады албырап.

Уылжыған уыздай,

Алма емес ол бірақ. (шабдалы)

7.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.(бидай)

8.Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем-дәмді ас. (Күріш)

Бастаушы:  Балалар, қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


2.Еңбектің наны тәтті,

 Жалқаудың жаны тәтті.

Жеке би: «Қамажай»

Күз: Рақмет, балалар өнеріңе!

Уақыт өтпес тірліксіз.

Бақыт келмес бірліксіз.

Талмай еңбек етіндер

Қыстан талмай өтіңдер!

Балалар: Рақмет, Алтын күз!

Күз: -Иә, балаларымыздың барлығы да өнерлі, білімді, талантты екен. Тапсырманы мұқият, тиянақты орындай білді. Үстеріне киген киімдері қандай әсерлі! Мені қуандырып қарсы алындар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Балалар: -Сау болыңыз, Алтын күз!

Мұғалім: -Балалар, осылай шаттанып, мерекені тойлап жатқанымыз біздің тыныш, бейбіт еліміздің арқасы.Олай болса мерекеміз соңында еліміз гүлдене берсін, көркейе берсін деген тілекпен «Егемен ел Қазақстан»әнін арнайық.

Хор: «Егемен ел Қазақстан».



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «К?З – МЕРЕКЕ, К?З – БЕРЕКЕ»

Автор: Нурбергенова Маргарита Нурбергеновна

Дата: 09.12.2014

Номер свидетельства: 141444


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства