Просмотр содержимого документа
«музыкалы? сыныптан тыс шара»
Тақырыбы: «Әуенді тап!»
Мақсаты:Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер:Интерактивтік тақта, үнтаспа
Ұйымдастыру кезеңі:
-Қош келдіңіздер құрметті аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар, ән сүйер ойыншылар!
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй!»,-деп Ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін өте сүйетін шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық ойынымызға үш топ қатынасады;
- «Домбыра» тобы
- «Қобыз» тобы
-«Сыбызғы» тобы
Әділ – қазы мүшелері:
Байқау шарттары:
«Таныстыру» өз отбасын
«Балғын шақ әуендері»
«Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда да біздің қызба ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ және әлем әншілерінің дауысын ажыратып, әнші немесе топ аттарын тауып айтып беруі қажет.
«Әннің жалғасын тап» деп аталады,
Қорытынды
Бірінші кезеңіміз - Таныстыру
2. «Балғын шақ әуендері» сайысын бастаймыз. Сайысқа арналған әндер тобы:
1. «Ағажан» әні
2. «Дос болайық бәріміз»
3. «Біз өмірдің гүліміз!» әні
4. «Қошақаным» әні
5. «Ақ көгершін» әні
6. «Бала тілегі» әні
7. «Қуыршағым» әні
8. «Әліппе» әні
9. «Әрқашан күн сөнбесін» әні
10. «Айгөлек» әні
11. «Ұстазым» әні
12. «Атамекен» әні
13. «Отан» әні
14. «Ана туралы жыр» әні
15. «Анашым» әні
-Қанекей біздің ойыншыларымызға зор қошемет, өйткені екінші сайыс аяқталып біз үшінші сайысқа көшеміз.
Енді біздің сайыскерлеріміз әлем жұлдыздарын білеме екен, қанекей соны анықтайық.
Сонымен « Жұлдыздар дауысы » сайысы басталды.
1. Кайрат Нұртас «Мама »
2. Роза Рымбаева «Әлия» әні
3. Мейрамбек Беспаев «Ақмарал »
4. Алтынай Жорабаева «Саржайлауым» әні
5. Қарақат Әбділдина «Асыл әже» әні
13. Муз Арт тобы « Өз елім »
-Үлкен рахмет құрметті ойыншылар, сендер жұлдыздарды дауысынан танитындықтарыңды көрсеттіңдер енді сендерді соңғы сайыс «Күй-шежіре» күтіп тұр, мұнда саз аруы күйдің үш түрін әр топқа жеке ұсынады.
Өздерің байқағандай әр топтың атауы күйді ойнайтын негізгі қазақтың үш аспабымен берілген, ендеше қабыл алайық.
-Құрманғазы «Сарыарқа» күйі
-Қорқыт «Ұшардың ұлуы»
- Дина «Бұлбұл»
-Құрманғазы «Адай» «» күйі
Қорытынды : Балалардың музыка туралы білімі тереңдетіліп, қорытындыланады. Жеңіске жеткен топ марапатталады.