kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мұңлық - Зарлық " ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дулат Исабеков "Мұңлық - Зарлық " ертегісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мұңлық - Зарлық " ертегісі»


Мұңлық пен Зарлық

Рөлдерде ойнағандар:

Автор: Шамғалова Аружан

Хан: Ізбасаров Нұрсұлтан

Ханшайым: Өтегенова Айдана

Зарлық: Жалғас Ақниет

Мұңлық: Қанат Назерке

Ата: Медет Айымторы

Ор киік: Алтынбек Дильназ

Бас уәзір Шафхат: Естекова Мадина

Мағрипа: Берденова Жанар

Уәзірлер: Бақытжанұлы Ислам, Ершімов Дулат, Есенғалиев Ернұр

Бәйбішелер: Кулмурзина Табиғат, Әбдіқалиева Құралай, Жармағанбет Әсем

Мыстан кемпір: Барлықова Диана



Мерзімі: 13.02.2019 ж

Сынып: 7 « Г»

Автор: Өмір өзен ағуда

Тұнған тарих көмейім

Қобызымды қолға алып

Жыр маржанын төгейін

Үнсіз жатқан төбенің

Тыныштығын бөлейін

Қатпар – қатпар таулардың

Қабырғасын сөгейін

Сағым қуған сары бала

Сыр шертісіп көрейін

Көне заман тарихтың

Қойнауына енейін

Мұңлық - Зарлық туралы аңызды айтып берейін

Хан: -Ұстаңдар, ұстаңдар, қанекей ұстаңдар.

Ислам: Хан ием, қараңызшы, киіктің мүйізі ай сияқты.

Хан: Қоршаңдар, енді ол ешқайда қаша алмайды. Жібермеңдер, атыңдар!

Ернур: Оо, ғажап!

Хан: Кімнің тұсынан киік отіп кетсе киікті сол адам ұстау керек, егер ұстамаса басы алынады.

Ислам: Хан ием, атыңыз, атыңыз хан ием!

Автор: Сонда әлгі ор киік ханның тұсынан секіріп өтеді, уәзірлері таң қалып қалады.

Ернұр: Енді не болар екен?

Хан: Айтқаным айтқан, өзім қуып жетемін.

Автор: Осылай хан киікті қуа жөнеледиі. Киікті қуып келе жатқан ханның аты тасқа сүрініп, хан құлап түседі. Біраз уақыттан соң...

Ханшайым: Тұрыңыз, басыңызды көтеріңіз.

Хан: Сен кімсің ?

Ханшайым: Осы маңда тұратын балықшының қызымын.

Хан: Атың кім ?

Ханшайым: Ханшайым

Хан: Ханшайым деп ханның қыздарын атайды ғой.

Ханшайым: Білмеймін, атымды атам қойыпты.

Хан: Атаң қайда ?

Ханшайым: Әне анау жарқабаттын басында.

Хан: Ал мені қуып келе жатқан киік қайда ?

Ханшайым: Білмеймін.

Хан: Білмегені қалай, сен ешқандай киік көрмедің бе ?

Ханшайым: Жоқ

Хан: Сонда мен далбалақтап өзім шауып келе жаттым ба ?

Ханшайым: Иә

Хан: Бәлкім атаң көрген шығар.

Ханшайым: Атам айтты, әне бір кісі үйге қарай атпен шауып келе жатыр деді. Қазақ үйге қарай атпен шауып келмеуші еді, алдынан шықшы деді.

Хан: Онда атаңнан сұрап көрейік.

Автор: Олар үйге қарай бет бұрады.

Ата: Ор киіктің басыңнан қарғып өтуі басыңа бақтың қонғаны. Осында келіп жоқ болып кетуі, бақытыңды осы жерден тап дегені.

Хан: Хххм... бұл жерден қандай бақыт іздеуге болады?

Ханшайым: Сіз қайғыңызды сейілту үшін аңға жиі шығасыз, ол қайғы балаңыздың жоқтығы.

Хан: Оны сен қайдан білесің?

Ханшайым: Ор киік айтты.

Хан: Қайдағы ор киік?

Ханшайым: Әлгі сіз қуып келе жатқан ор киік.

Хан: Оны сен көрмедім деп едің ғой.

Ханшайым: Түсімде көргем.

Хан: Я, ол тағы не айтты?

Ханшайым: Ол айтты, сен патшаға бір ұл, бір қыз тауып бересің деді.

Хан: Иә, менің мұрагерім жоқ, егер сен бір ұл, бір қыз табатын болсаң мен сені жар етемін.

Ханшайым: Қыздың аты Мұңлық, ұлдың аты Зарлық болады.

Хан: Оны да ор киік айтты ма?

Ханшайым: Иә.

Хан: Онда мен саған үйленем, 9 айда мұрагер сыйламасаң мына дарияға лақтырып жіберем..

Ханшайым: Еркіңіз білсін.

Ернур: Хан ием, амансыз ба, мына адамдар қайдан шықты.

Хан: Құлап жатқан жерімнен мына қыз кұтқарып алды, мен осы қызга үйленем, ол маған бір ұл бір қыз тауып берем деп уәде еттті.

Ислам: Хан ием бұл қыз құдай емес қой.

Ернур: Бұл сиқыр.

Хан: Бас уәзір, той қамына кіріс, үш күннен соң осы қызды той аралына дариямен алып келесіңдер. Ханшайымның шатыры тігілсін, барлық жөн-жоралғысы мен салтанаты жасала берсін.

Уазир: Құп,тақсыр!

Автор: Үш күн өткен соң...

1 Әйел: Хан ием бәрімізді қорлап, тағы бір әйел алмақшы.

2 Әйел: 60сымыз бірдей бедеу емес шыгармыз, хан кінәні өзінен іздемей ме?

3 Әйел: Ол қыз сиқыршының қызы дейді, хан иеміздің басын айналдырып сиқырлап тастаған дейди.

1 Әйел: Ей, менде мынадай амал бар, жүріңдер!

Автор: Ал хан болса өзінің уәзірлерімен жан-жарын жағада күтип тұр.

Ханшайым: Қандай әдемі шатырлар қандай әдемі!

Мағрипа: Олар сенің кұрметіңе тігілген, анау ортадағы үлкен шатыр сенің отауың.

Ханшайым: Менің шатырым, ал анау жағада тұрған кімдер?

Мағрипа: Хан және оның уәзірлері.

Ханшайым: Қандай қорқынышты, үрейлі салтанат.

Хан: 60 әйел ханшайымның қолынан сүйіп шықсын.

Ханшайым: Не болды, хан ием? Неге көңілсіз отырсыз?

ХАН: Ханшайым, мен осы уақытқа дейін нәресте, баланың дауысын естімеген едім, сен босанғанда жүрегім қуаныштан жарылып, өліп қалам ба деп қорқамын.

Ханшайым: Оо, не дегеніңіз, хан ием бұл сіздің көптен күткен қуанышыңыз емес пе?

Хан: Менің кәрі жүрегім сондай үлкен қуанышты көтере алмас-ау, мен былай деп шештім, уақыт таяғанда уәзірлерімді ертіп аңға шығамын, тұзды дөңнің басына шатыр тігіп, қуанышты хабарды сонда күтемін.

Ханшайым: Мені бірге ала кетіңіз, мен сізсіз қорқамын.

Хан: Неден қорқасың?

Ханшайым: Бәрінен, бәйбішеден, 60 әйелден.

Хан: Еш нәрсені уайымдама, бәрі де сенімді адамдар, сенің қасыңда бас сақшы Шафхат пен Мағрипа болады.

Автор: 3-4 күннен соң, хан уәзірлерімен аңға кетіп қалады. Көп ұзамай ханшайымның толғағы басталады.

Ханшайым: Мағрипа, Мағрипа.

Автор: Әлгі үш әйел келеді.

Ханшайым: Ой, сіздер мұнда неғып жүрсіздер, Мағрипа кайда?

1 Әйел: Сен бізден қорықпа, біз саған қастық ойламаймыз.

Автор: Кенеттен Ханшайым талып қалады.

2 Әйел: Ой бұл байғұс-ай, есінен танып қалды .

3 Әйел: Толғағы келді, мыстанды шақырыңдар.

1 Әйел: Мыстан шешей, енді мыналарды текті дарияға лақтырып жібер, қайтып келген соң, бір дорба алтын аласың.

Мыстан: Ааайййй адамдар-ай, керек кезінде мыстан шешей деп каласыңдар ххахахаха.

2 Әйел: Балаларың қасыңда жатыр хха хха хха.

3 Әйел: Бейбақ 2 күшік тудың.

1 Әйел: Күшіктерің қыңсылап жатыр, емізбейсің бе ?

Ханшайым: Мен баланың дауысын естігем, сендер қастандық қылдыңдар.

3 Әйел: Күшік туды, масқара!

Ернур: Хан ием, алыстан бір топ адам көрінді.

Хан: Жақсы хабар алып келсе екен.

Автор: Бас уәзір келіп тізерлеп отырып қалады.

Хан: Неге үндемейсіңдер, Шафхат?

Шафхат: Хан ием, Ханшайым екі баланың орнына екі күшік туды.

Айелдер: Жұртқа қай бетімізбен қараймыз, хан ием?

Хан: Күшігі несі, өзі не естіп тұрмын құдай-ау...

2 әйел: Сиқыр екен ғой бәрі.

Шафхат: Жазасын өзіңіз айтыңыз.

Хан: Сиқыр.

Хан: Күшіктер, жазасын өздерің айтыңдар!

1 әйел: Өлім.

2 әйел: Өлім.

3 әйел: Өлім

Хан: Олай болса, ханшайымды екі күшігімен жолбарыстар мен жыртқыштар мекендейтін қайтпас аралына апарып тастаңдар!

Мыстан: Бір дорба алтын, алтын, алтын, әй бейкүнә сәбилер - ай, қимаймын, қимаймын, бірақ та қу дүние не істетпейді. Мені мыстан еткен адамдар, сендерсіңдер, сендерсіңдер ғой, сендердің біреуге істеген жақсылығың біреуге жамандық боп тиеді.

Мұңлық: Ашыл мүлдем, ашыл,

Дидарыңмен шашыл.

Ор киік біздің анамыз,

Ақ сүтін берген панамыз.

Хан: Қарағым!

Хан: Қайда кеттің сен? Адамсың ба, әлде перісің бе?

Мұңлық: Адаммын.

Хан: Мұнда неғып жүрген адамсыңдар?

Хан: Менің атым – Шанжар хан, мен сенің әкеңмін, есігіңді аш!

Мұңлық: Мен саған сенбеймін, ағам келмей есігімді ешкімге ашпаймын.

Хан: Атың кім?

Мұңлық: Айтпаймын.

Хан: Онда мен айтайын, сенің атың – Мұңлық, ағаңның аты – Зарлық емес пе? Анаңнын аты - Ханшайым.

Мұңлық: Бәрібір сенбеймін.

Хан: Оо қасиетті ай мүйізді ор киік! 15 жыл бұрын Ханшайымға жолықтырып ең, енді балаларыма алып келдің, оларды құшағыма бір қысып алсам өлсем де арманым жоқ.

Зарлық: Тоқта, қимылдама, менің жоқ екенімді біліп қарындасымды ұрлауға келген адамсың ғой, айт шыныңды!

Хан: Мені осында ор киік алып келді.

Зарлық: Ор киік біздің панамыз,

Ақ сүтін берген анамыз.

Хан: Сен, сен Зарлықсың ғой, мен сендердің әкелеріңмін, мені аналарыңмен табыстырғанда осы ор киік еді, міне енді сендерді тауып берді.

Зарлық: Әкем болсаң, осы уакытқа дейін қайда болдың?

Хан: Алыс сапарда жүргенде қара ниетті дұшпандар екеуіңнің орныңа екі күшік салып, сендерді сайға лақтырып жіберді, келші балам, маңдайыңнан бір иіскейін.

Зарлык: Әке, Әкеее.

Хан: Құлындарым менің!

Мұңлық: Әкетай, әке.

Автор: Осы кезде Ханшайым, ор киік пайда болады. Олар бір - бірімен кездесіп көріседі. Бір кезде, Хан сарайында Шанжар хан, Ханшайым, Зарлық пен Мұңлық отырады.

Шафхат: Хан ием, мыналардың жазасын айтыңыз!

1 әйел: Кешіре көріңіз, хан ием!

2 әйел: Ханшайым, кешіріңізші бізді!

3 әйел: Бізді өлтіре көрмеңіз, бәріне мына Мыстан кінәлі.

Хан: Сендерге ешқандай кешірім жоқ.

Ханшайым: Хан ием, бүгінгі қуанышымызды қатал үкіміңізбен бұзбаңыз, бәрін мен 15 жыл бойы зорлық пен қорлық көріп өмір сүрген қайтпас аралына жіберіңіз. Дүниенің алма кезек екенін бұларда көрсін.

Хан: Жарайды Ханшайым, айтканыңыз болсын. Әкетіңдер мыналарды.

Мыстан: Мені мыстан еткен мына адамдар, сендерсіңдер, сендерсіңдер!

Автор: Аңыз әлде ертегі,

Осылай сыр шертеді.

Шанжар хан мен Ханшайым,

Мұңлық - Зарлык кешегі.

Жағасында арыстың,

Өткен екен деседі.

Туған жердің тарихы,

Жүрсін әр кез ойында.

Аңыз түбі ақиқат,

Екендігін мойында.

Ескі зират әлі тұр,

Сырдария бойында.

Ақ пен қара керісіп,

Бітпейтіні жайында.

Сабақ алып жас ұрпақ,

Ақылға салып пайымда.



















5 мектеп – лицей












«Мұңлық - Зарлық» ертегісі












Сынып жетекшісі: А.С.Ермагамбетова










2018 – 2019 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мұңлық - Зарлық " ертегісі

Автор: Ермагамбетова А.С

Дата: 19.05.2019

Номер свидетельства: 511134

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Домбыра ?йірмесіні? ж?мыс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(42) "dombyra-uiirmiesinin-zhu-mys-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "158411"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421743142"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Ма?жан -жыр ж?лдызы" шы?армашылы? кеші "
    ["seo_title"] => string(46) "mag-zhan-zhyr-zhu-ldyzy-shyg-armashylyk-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "184027"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425988232"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "''Полигонны? ?ні м??гі ?шсін'' та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(50) "polighonnynunimnghioshsintakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "326539"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463221179"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(37) "mag_zhan_zhu_mabaiev_suiiemin_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "409261"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492186849"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства