Просмотр содержимого документа
«Менің келешек кәсібім»
Раманкулова Гульмира Асылбековна,
Байқоңыр қаласының №273 орта мектебінің бейінді орынбасары
Тақырыбы: «Менің келешек кәсібім»
Мақсаты: оқушылардымамандық таңдауға бағыттау,оның қуанышы мен қажеттілігін сезінуге,өзінің бойындағы қызығушылығы мен әрбір мамандықтың өзінше табыстылығын таныту
Түрі:дөңгелек үстел
Өтілу барысы:
2.Ортақ сұрақтар төңірегінде пікірлесу
3.»Менің келешек кәсібім» постер қорғау
Кіріспе:«Таңдау тренингі».А-4 парағын алып оң қолмен умаждау ұсынылады, сол қолдың көмегінсіз.Содан соң сол қолмен оң қолдың көмегінсіз орнына келтіріп ұсынылады.
Бұл әрекетіміз арқылы не байқадық? Бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма?
Яғни, оң қолмен оңай умаждау секілді кез келген мамандықты таңдай салу оңай, ал сол қолмен сол таңдауыңды келешекте қажетіңе жаратудың оңай еместігін сезіну деген жақсы оймен жетелей келе,тақырыпты ашты.
Әбунасыр Әл-Фараби: «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола
бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады »
Әрине, кез келген қоғамда адам. өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. «Мамандық дегеніміз не?Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 50 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жасөспірімнің алдында сан алуан мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан соң өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді,қабілетті болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлесін қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Қазіргі таңда өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған танымал мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын жатқызуға болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілігі, коммуникативтік қабілеті, еңбек етуге деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы талап етіледі. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, келешекте өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, сол еңбектен шабыттанатынын білу керек.Сонымен қатар бүгінгі таңдағы қазаққа сұранысы мол мамандық туралы ғаламторда төмендегідей ақпарат берілген.
Бүгінгі таңдағы сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз тіпті зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса да, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған Ыбырай атамыз арман еткен «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір өкініштісі бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен.Сондықтан сіздерге айтарым сұранысы мол мамандыққа деген көзқарастарыңыз өзгерсе екен?! 2.Ортақ сұрақтар төңірегінде пікірлесу
3.»Менің келешек кәсібім» постер қорғау
Әрбір адам мамандық таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
Болашақта жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
Келешекте сен қандай маман болуды армандайсың?
Сен неліктен ол мамандықты таңдадың?
Жеке тұлға өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
7.Адам қай уақытта өз еңбегінің жемісін көре алады?
Бұдан соң оқушыларға «Мамандық таңдауға жадынама» таратылды.
1. Алдымен елімізде бар мамандықтардың тізімін жасау қажет. Солардың ішінен ұнамайтындарын сызып тастаңыз. Өзіңізге ұнайтындарының біреуін таңдап, сол мамандық жайлы досыңызға жарнама жасап көріңіз. Мысалы, дәрігер, экономист, сатушы, т.б. Егер дұрыс, жан-жақты сипаттай алмасаңыз, онда бұл мамандық сізге ұнамайды деген сөз. Яғни, бұл әдіс аталған мамандықтың ұнайтын-ұнамайтынын анықтау үшін жасалынады.
Осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүргеніңізді көз алдыңыға елестетіңіз:
• Ұнамсыз жақтарына көндігер ме едіңіз? Мәселен, жұмыстан кеш шығу, аз көлемдегі жалақы, үнемі іссапарда жүру керек, отбасыға өзіңе көңіл бөле алмау т.с.с.
• Болашақ отбасыңыз бұған қалай қарар екен?
2. Сіздің хоббиіңіз қандай? Сіз оны мамандыққа айналдыра алар ма едіңіз? Оған деген сұранысты қалай арттыруға болады? Мысалы, сурет салуға икеміңіз болса, өзге суретшілерден озық тұру үшін, компьютерде салуға және балалар әдебиетін көркемдеуге үйреніңіз. Себебі балалар әдебиеті үнемі сұранысқа ие.
3. Сәнге айналған мамандыққа жүгірмеңіз. Мысалы, жас қыздардың көбі модель болуды армандайды. Бұл түсінікті де. Біріншіден, үнемі теледидардан көрсететіндіктен атақ-даңқы жайылады. Екіншіден, әдемі болып жүреді. Үшіншіден, дүниежүзін аралайды. Төртіншіден, жалақысы жоғары. Алайда бұл мамандықтың да өз қиыншылықтары бар.
4. Мамандықтың жаманы жоқ. Мысалы, сіздің ас пісіруге ебіңіз бар, тіпті ләззат аласыз. Алайда ата-анаңыз қарсы, олар баласының экономист болғанын қалайды. Дегенмен, осы салада білім алсаңыз, кейін мейрамхана ашуыңызға да болады.
5. Амал жоқтықтан таңдау. Мәселен, балыңыз жеткен оқу орнына бара саласыз. Бірақ өкінішке орай, осындай жолмен түскендер екінші, үшінші курстарда оқудан шығып кетіп жатады.
Ал сіз мамандықты қалай таңдайсыз?
3.»Менің келешек кәсібім» постер қорғау
(Оқушылар таңдаған мамандықтары арқылы топтаса отырып постер қорғайды)
«Тілек шамы» тренингі. Қымбатты оқушылар, алдымызда сан тарау ұзын жол бар ,сол жолда 11 жыл бойғы еңбегіміздің жемісін жейтін сәт те таяп қалды,қимас күндер де жақын қалды.Ендеше сол ұзақ жолдың жолаушылары ретінде бір-бірлеріңе жақсы ниет,ақ тілектеріңді мына шырақ арқылы жеткізсеңіздер!
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі
жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп
айтқан. Сондықтан толық жан-жақты біліммен қаруланған әрбір жас болашақта, өз еліне жанашыр адал еңбек иесі болып,жүрек қалаған таңдауымен қызмет жасасаңыздар біз үшін үлкен бақыт! Сіздерге сәттілік тілеймін!