kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен - тәуелсіз мемлекет азаматымын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл жұмыс мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін арттыруға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен - тәуелсіз мемлекет азаматымын»

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы

«Горный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Жағыпаров Бақтияр Бақытұлы



Сабақтың тақырыбы: Мен – тәуелсіз мемлекет азаматымын.

Түрі: Іскерлік ойын «Бизнес-Жарғы»

Мақсаты:

А) Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру;

Ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі-бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп және сөздік қорын молайту;

Б) Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Жоспары:

  1. Кіріспе сөз

  2. «Ой туғызу» сәті (тақырыпты ашу)

  3. Іскерлік ойын

  4. Қорытындылау

Көрнекіліктер: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан суреттері, нақыл сөздер, сызбалар, жетондар, белгішелер.

Даярлық:Оқушыларға күні бұрын тапсырмалар беру, топқа бөлу, топқа жетекші тағайындау.

Сабақтың барысы:

Эпиграф: «Азамат жолы – ар жолы» Бауыржан Момышұлы

1.Кіріспе сөз:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдаған болатын. Құқықтық білімге терең навзар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқарушы – Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б.құрылды. 1995 жылы тамыз айында бүкіл халықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа конституция, жаңа мемлекеттік органдары заңдастырылып қана қоймай, соным ен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостмандықтарын баянды етті. Сонымен бірге азаматтардың міндеттері туралы да айтылды.

Біздің өз мемлекетімізді, оның құрылымын білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет.

Ойын 4 бөлімнен тұрады:

  1. «Мағынаны тану» - клиенттермен;

  2. «Жағдаят шешу» - кеңесшілермен;

  3. «Кубизм» - топпен;

  4. «Ой толғау» - ұжыммен жұмыс.

І. «Мағынаны тану»

Клиенттерге берілген тапсырмалар:

  1. Өмір сүру құқығы мен ар-ұждан бостандығы.

  2. Жеке меншік иесі болу және еңбек ету құқығы.

  3. Бейбіт ереуіл жасау құқығы.

  4. Демалу құқығы мен тұрғын үй құқығы.

  5. Денсаулық сақтау және білім алу құқықтары.

  6. Мемлекеттік қызмет атқаруға тең құқылы.

  7. Конституцияны сақтау.

  8. Заңдарды сақтау.

  9. Адамдардың құқығын, бостмандығын, қадір қасиетін құрметтеу.

  10. Салық төлеу және жинау.

  11. Қазақстан Ркспубликасын қорғау

  12. Отбасы, неке.

  13. Некеге тұруға рұқсат етілмейтін жағдайлар.

  14. Жұбайлық құқықтар мен міндеттер.

  15. Ата-аналардың балаларға қатысты құқыяғы мен міндеттері.

ІІ. «Жағдаят шешу»

Кеңесшілерге берілген тапсырмалар (1 жетон)

  1. Мадина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі, олар Мадина Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мадина азаматтығын жоғалтады ма, әлде...? (7 бап).

  2. Ирина мен Қайрат Қазақстан Республикасының азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың жанұясында ұл бала дүниеге келді, қай елдің азаматтығы беріледі? (12 бап)

  3. Үлкен қарт адам Париж қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігіне келіп, оған Қазақстан Республикасының азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек болатын қылмыскер еді.Оған азаматтық беріле ме? (17 бап)

  4. Азаматтарды не алуға конституциялық құқығы бар? (Білім)

  5. Азаматтық хал актілерінде тіркелгеннен кейін не құрылады? (Отбасы)

  6. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы (Ата-ана)

Түйін сөз: «Азамат». Демек, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы сөзге байланысты болып тұр екен. Жалпы «Азаматтық, азамат» деген ұғымның адамгершілік және заңды деп аталатын екі тарихи жағы бар. Адамгершілік тұрғыдан «азамат» сөзінің мағынасымен танысасыңдар.

Мысалы: Сенің папаң біреумен ренжіссе –«менің оған құқығым бар»,-деп дауыс көтеріп жатады немесе сенің папаңның автомобиль жүргізуге құқығы бар, себебі ол кісінің жүргізушілік куәлігі бар т.б.

Демек, батыр атамыз Б. Момышұлы «Азамат жолы - ар жолы» деп бекерге айтпаған екен ғой, яғни азамат болып ешкімнің ала жібін аттамауымыз үшін заңды да білуіміз керек екен.

Бүгінгі мақсатымыз осы заңды тұлғаға тоқталу. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» пәні бойынша өткендеріңді негізге ала отырып «Бизнес Жарғы» іскерлік ойынын бастайық. Ең алдымен «бизнес» сөзінің мағынасымен таныстыра кетейін. Бизнес – эконмикалық кәсіпкерлік пайданы арттыруға бағытталған іс.

3. «Бизнес-Жарғы» іскерлік ойынының шарты:

1. «Банкир» - мұғалім. Ондағы қор-білім.

2. «Клиент» - оқушы. Ол білімге сұраныс тудырушы .

3. «Кеңесші» - топтың көмекшісі,бағыт беруші.

4. Банкир клиенттерге тапсырмалары бар үлестірмелер береді, әр тапсырма үшін қосымша 4 жетон беріледі.

5. Клиенттер сұрақтармен танысып, жауап қайтаруға дайындалады.

6. Сұраққа байланысты қиындықтар туып қалса, клиенттердің көмекшіден көқмек сұрауына болады.

7. Клиенттер сұраққа дұрыс жауап беруге көмектескені үшін кеңесшіге 1 сұраққа 1 жетон беріледі.

8. Егер кеңесші топтың сұрағына жауап бере алмаса, клиенттер басқа топтың кеңесшілерінен көмек сұрай алады.

9. Егер шақырылған кеңесші сұраққа оңай жауап қайтарса, ол көмегі үшін сол топтың кеңесшісінен 1 жетон алады.

10. Егер клиенттер кеңесшіден көмек сұрамай өздері жауап берсе, ол жауабы дұрыс болмаса, бманкирге 2 жетон береді.

11. Егер клиенттерге кеңесші жауап бермесе немесе жауабы қате болса, онда кеңесші банкирге 2 жетон береді.

12. Ойын соңында клиенттердің жетон санына кеңесшінің жетон саны қосылып топтың ұпайы есептеледі.

Дербес өмір сүруге әзірлеп жүрген өздеріңдей жастарға осының бәрін біліп қана қоймай, өзін мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсене араласатын азамат етіп қалыптастыру үшін де маңызды болмақ.

Ендеше тәуелсіз мемлекет пен оның азаматтары өміріне арқау болар тірек – бұл құқық деп айтуымызға болады деп есептеймін.

Ал, енді осы құқықты біз қалай түсінеміз? Кішкене тарихи шегініс жасайық.

ХҮ ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Таризта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптар дербес өмір сүріп отырған қазақ мемлекеттігінің жаңа жағдайына бейімделіп жасалады. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес өлімнен құралды.

Қасым ханнан кейін қазақө қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Қазақтың құқықтық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680-1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.

Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.

Яғни, азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостмандықтар берілген. Сондай-ақ, оларға зор міндеттер де жүктеледі. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да осында.

Топқа берілген тапсырма (кубик лақтырып, түскен санға сәйкес сұраққа топпен ақылдасып, жауап қайтару керек):

  1. Қазақстан Республикасының азаматы бола алады:

а) 3 жыл тұрғандар;

ә) 5 жыл тұрғандар.

  1. Қазақстан Республикасынан тыс тұратын тұлғалар:

а) айырылмайды;

ә) қос азаматтыққа ие болады.

  1. Қазақстан Республикасының азаматы басқа жерге қуылады, егер:

а) ауыр қылмыс жасаса;

ә) ешбір жағдайда;

б) егер ол кісі елдің саясатын қолдамаса.

  1. Ата-анасының шетелде тұрғылықты жері болып, біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған бала қай елдің азаматтығын алады?

а) Қазақстан Республикасының азаматы;

ә) Шетел азаматы;

б) Ата-анасының жазбаша келісімі бойынша анықталады.

  1. Ата-анасының екеуінде белгісіз бала азаматтығы:

а) Қазақстан Республикасының азаматы;

ә) Азаматтығы жоқ;

б) Асырап алушылардың азаматтығымен бірдей.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығына дәлел құжат:

а) куәлік;

ә) студенттік билет;

б) зейнетақы кітапшасы.

Ұжымға берілген тапсырмалар (сызба-кестелер беріледі, олар одан сызба-нұсқа құраулары керек. Жетон берілмейді):

Азамат құқығы







Отбасы құқығы




Қорытынды: «Қазақстан Республикасының азаматы деп, осы мемлекеттің заңдарында көрсетілген құқықтары мен бостандықтарына ие бола алатын және белгілі міндеттерді атқаратын, жеке заңды тұлғаны»-айтады екенбіз.

Ал, енді осы заңдар әрбір адамның өміріндегі барлық елеулі мәселелеріне қатысты болып шықты ғой. Ендеше назарымызды мына нақыл сөздерге аударайық.

  1. «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» Ы.Алтынсарин. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 19 бап 1-тармағында: «Азаматтар, заңғы тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы»-деп айтылған.

  2. «Отбасы түзелмей, Отан түзелмейді» Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 3 бөлімінде осы отбасы туралы айтылған. «Мемлекет отбасына қамқорлық көрсетуге міндеттеледі, ал азаматтардан «жақсы отбасы иелік негізін» талап етеді».

  3. «Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет». «Ата-ана баласы үшін уақытын да, денсаулығын да, демалысын да, ақшасын да бір сөзбен айтқанда, ешнәрсесін аямайды. Олай болса, өскенде біз де әке-шешемізге қайырымды, мейірімді болуға тиіспіз». (27 бап)

  4. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» М.Әуезов. Ата заңымыздың 30 бабында: «Азаматтардың тегін орта білім алуға құқығы бар» деп атап көрсетілген.

  5. «Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы; егер денң сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» Әл-Фараби.

Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңында бұл жөнінде толық айтылған. Сонымен бірге біздерге салауатты өмір салтын ұстау керектігі басты назарда отыр. Себебі, «Біздің бақытымыздың 10-нан 9-ы денсаулығымызға байланысты»- деп А.Шопенгауер тегіннен-тегін айтпаса керек.

Міне, балалар бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылай келе сендердің әрқайсысыларың өз білімдеріңді шыңдай, рухани жан-дүниелеріңді байыта отырып, келешекте «Мен –тәуелсіз мемлекет азаматымын» деген ұғымға лайық бола білулерің керек. Өйткені, В.Г.Белинскийдің сөзімен айтқанда «Адам - ең алдымен өз елінің перзенті, тағдырын оның мүддесімен байланыстырған өз Отанының азаматы» екен.

Мұхтар Шахановтың «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» өлеңімен аяқтау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мен - тәуелсіз мемлекет азаматымын

Автор: Жағыпаров Бақтияр Бақытович

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398921

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын "
    ["seo_title"] => string(37) "mien-t-uielsiz-miemliekiet-azamatymyn"
    ["file_id"] => string(6) "156657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421471024"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Мен және менің құқығым (Бала құқығы)"
    ["seo_title"] => string(46) "mien_zh_nie_mienin_k_u_k_yg_ym_bala_k_u_k_yg_y"
    ["file_id"] => string(6) "383314"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485269101"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Мен -патриотпын""
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_5"
    ["file_id"] => string(6) "432526"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087227"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "МЕН- өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_11"
    ["file_id"] => string(6) "432529"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087601"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мен - кіші Отанымның патриотымын."
    ["seo_title"] => string(34) "mien_kishi_otanymnyn_patriotymyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "433053"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508315513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства