Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен патриотпын»
Мақсаты:
- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;
- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.
Міндеттері:
Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Ширату жаттығулары.
ҚР-ның гимнін тыңдау.
Сыныпты үш топқа бөлу.
Сынып жетекшісі:
Оқушы:
– Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек!
Ән. «Достық әні».
Сынып жетекшісі:
Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанымыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.
Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.
Сынып жетекшісі:
– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Ұлттық валюта (Теңге)
3. Ақындар жарысы (Айтыс)
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)
5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)
6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)
7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)
8. Ұлттық сусын (Қымыз)
9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)
10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)
11. Түйелер тізбегі (Керуен)
12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)
14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)
15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)
16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)
Сынып жетекшісі :
Қазақ елі қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Рефлексия. Көгершіндер – бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Көгершіндердің суреттерін салып, оларды біздің тақтамызға орналастырыңыздар.
Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.
Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.
Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.
Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.
Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы
Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Предмет: Внеурочная работа
Категория: Мероприятия
Целевая
аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт