kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен - патриотпын».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час, посвященный формированию у учащихся чувства патриотизма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен - патриотпын».»

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.


Ресімдеу

Қазақстан Республикасының картасы

Музыкалық және бейне көркемдеу

«Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы,

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Компьютер

Эпиграфтар

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» Н.Ә. Назарбаев

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.

Дайындыққа арналған әдебиет


1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.

3. http://www.metod-kopilka.ru/klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_quotya_-_patriot_rkquot-22113.htm


Глоссарий


Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.

Негізгі ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.

Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код – белгілі бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.

Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Азаматтық патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.

Азаматтық қоғам - өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.

Жаңа қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады.

Патриотизм өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.

Ұлттық таным – өзінің ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын қорғау.

Меритокра́тия ( «лайықтылар билігі», от лат. meritus — лайықты және басқа. -греч. κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына қарамастан, билік басында қабілетті адамдар отыруы тиіс деген ұстанымдағы басқару түрі. Көбінесе екі түрлі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы аристократия мен демократияға қарама-қайшы келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен алынатын жүйеге сәйкес келеді. Екіншісі, неғұрлым кең таралған - дарынды және еңбекқор адамдарға болашақта бәсекеге қабілетті, қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беру үшін бастапқы шарттарды қоя білу.

Меритократикалық қоғам — бұл істеген еңбегі үшін марапатталатын қоғам. Демек, адал еңбегі, әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін.

Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.

Лейтмотив – жетекші мотив (адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).



Патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттар:

Рухани-адамгершілік. Білім алушылардың патриоттық тәрбие процесінде жоғары құндылықтарды, әлеуметтік маңызды процестердің және нақты өмір құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер ретінде басшылыққа алу қабілетін, тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсететін идеяны түсіну; жоғары адамгершілік мінез-құлық нормаларын, жауапкершілік және ұжымшылдық, маңызды рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.

Тарихи-өлкетану. Білім алушыларды оқыту мен патриоттық тәрбие процесінде өткенге қатысты сезімтал тәжірибенің деңгейінде тарихи-мәдени негіздерді тануы; Отанның қайталанбайтындығын, оның тағдырын, тұтастықты, ата-бабалардың және замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну.

САБАҚ БАРЫСЫ

  1. Үйымдастыру кезеңі.

  2. «Қызыл,сары, жасыл» фишкалар арқылы сыныпты үш топқа бөлу.

  3. Амандасу. «Мен атым...., мен-... жақсы көремін» танысу ойыны.

  4. Мұғалім сөзі – Осы сынып ұжымының мүшелері бір елдің азаматы сияқты өз еліне адал еңбек етуге уіде берейік! Бүгінгі сынып сағаты бір тұтас елдің ынтымағы жіне әр азамат туған елінің патриоты болуы міндетті екені туралы арналады.

I-блок. Мотивациялық

  1. Мұғалім сөзі- Туған ел туралы көптеген нақыл сөздер, әндер, суреттер салынып, фильмдер түсірілген. Сынып сағатының тақырыбы мен оның эпиграфына назар аударылады. «Атамекен» әні аудижазбасы тыңдалады.

2.«Ассоцация» тәсілі- әр топ кластер құрайды.

Әр топқа «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.


II-блок. Практикаға бағдарланған

ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, оның ішінде жұннен, теріден және ағаштан жасалатын бұйымдары туралы презентация жасау.

Топпен жұмыс:1 топ- «Жүннен жасалатын бұйымдары», 2 топ-«Теріден жасалатын бұйымдары», 3 топ-«Ағаштан жасалатын бұйымдары». Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы.

Жеке тапсырмалар. Домбыра туралы айтып, күй орындау- Аханов Ж№

Сазбалшықтан бұйым жасау –

Сурет салу-

Сыныпқа тақырыптарға байланысты дайындалған фотосуреттерден фотоколлаж жасау ұсынылады.

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.

Қорытындылау.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;

- сәндік-қолданбалы өнер заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;

Белсенді оқушыларды марапаттау.


Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.




Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.





Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.




Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.


Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Мен - патриотпын».

Автор: Тулегенова Зивагуль Зулхарнаевна

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450695

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Шы?арма "Мен патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(22) "shygarmamienpatriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "321657"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344170"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Шы?арма "Мен - патриотпын!""
    ["seo_title"] => string(23) "shygarmamienpatriotpyn1"
    ["file_id"] => string(6) "321661"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344597"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен- патриотпын!"
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "432249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507909443"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Мен -патриотпын""
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_5"
    ["file_id"] => string(6) "432526"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508087227"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Мен-патриотпын."
    ["seo_title"] => string(17) "mien_patriotpyn_2"
    ["file_id"] => string(6) "432289"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1507923165"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства