«МЕН- КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН!» Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы: 1. Ұйымдастыру. Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз - бақытты баламыз! Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен патриотпын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға - Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді? Отан дейміз кең - байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. - Біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? - Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. (Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен - тек, Елдің ашық қабағы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбәт, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Оттай жанып жанарың Одан қуат аламын Әнұран ол — тынысы Кең жазира даламның. Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? «Мақалды тап» ойынын ойнайық. Отан - да ыстық. Отан - нан басталады. т. б Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«МЕН- КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН!» Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы: 1. Ұйымдастыру. Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз - бақытты баламыз! Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен патриотпын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға - Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді? Отан дейміз кең - байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. - Біздің Отанымыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? - Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. (Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен - тек, Елдің ашық қабағы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбәт, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Оттай жанып жанарың Одан қуат аламын Әнұран ол — тынысы Кең жазира даламның. Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? «Мақалды тап» ойынын ойнайық. Отан - да ыстық. Отан - нан басталады. т. б Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.
Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен- патриотпын!».
«МЕН- КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН!»
Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын, Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі - түсті маркер, флипчарт. Көрнекіліктер: Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Тәрбие сағатының өту барысы: Мұғалім әрекеті: 1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.Сыныпқа жаңадан келген оқушылар бар болғандықтын танысу тренингін ұсынамын.Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын ісімен-хоббиімен таныстырады. 2. Топқа бөлу (түрлі-түсті стикерлер арқылы). Қиық қағаздарға жазылған мақалдар үлестіріледі. Оқушы әрекеті: 1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі. 2.Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Қиық қағаздарға жазылған сөздерден мақалдар құрастырады. Қызығушылықты ояту Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. 2. Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған қиық қағаздардан мақалдар құрастыруға тапсырма беру, оқыту. Мақалдардың мағынасын талқылау, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Мағынаны ашу «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. 1. Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын. Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік. - Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? Ол қандай қасиеттерге ие болады? (Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.) Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады) «Көшпенділер» фильмінен үзінді. Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді". Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат. Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Мирза Фатали Ахундов « Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу. Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық. Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз. 1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз!
2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. 3-оқушы. Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын. 4-оқушы. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен елімді сүйемін, туған халқымның тарихын оқып үйренемін , ана тілін құрметтеймін, салт – дәстүрін сақтаймын, Ата Заңын құрмет тұтатын,халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосатын боламын. 5-оқушы. «Үш бақытым». Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 6-оқушы. Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. 7-оқушы. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
8-оқушы. Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Намысын ешкімге қолынан бермеген. Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 9-оқушы. Төрінде жерімнің байрағым желбіреп, Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп. Қазақтың тілері ата жол салтымен Достасу, туысу әр елдің халқымен. 10-оқушы. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, Қазақтың елі мен даңқты даласын. 11-оқушы. Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болуы керек: * Отанға деген сүйіспеншілік; * Отанға деген адал сезім; Отанын қорғауға дайын болу; «Жаужүрек мың бала» фильмінен көрініс Топтарға тапсырма. Әзірленуге 7 минут. І топқа: «Бала Қасым» көрініс даярлау. ІІ топқа: «Мен де өз елімнің патриоты боламын». Шығарма жазу. ІІІ топқа: «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» мақалына қысқаша әңгіме жаз. Топтардың бірін-бірі бағалауы: Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. Барлығы бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындау. Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады.