kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен - Патриот - Азамат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Мен - Патриот - Азамат"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен - Патриот - Азамат»

Тәрбие Сағаты “Мен – Патриот - Азамат!”

Мақсаты: – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.



Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер.

Барысы:

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

Негізгі бөлім:  – Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Еліміздің тарихына шолу жасайық (бейнебаян)
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл, сонымен қатар 2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Халықаралық Көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148 мемлекетінің 103-і Астана кандидатурасын қолдап дауыс берді. 2017 жылы өтіп жатқан Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндірді деген үміт бар. Себеп –  елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр.

Видео. EXPO-2017

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. 

Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

Ой шақыру.

Патриот деген кім?

(Балалардың пікірлері)

Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау


Патриотқа тән қасиет


Патриот емес адамның қасиеті

Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан)

Болжамды жауаптар:

• жауапкершілік;

• әділеттілік;

• төзімділік;

• адалдық;

• батылдылық;

• шыдамдылық;

• ризашылдық;

• зейінділік.


Болжамды жауаптар:

• өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;

• жауапсыздық;

• отбасы алдындағы борыштың болмауы;

• берекесіздік;

• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);

• арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;

• Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.



Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.



  1. Мағынаны таңдау.

Екі топқа қағаз таратылады оқушылар постер қорғайды.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру

  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқтал











































Өткізілу формасы: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, саяхат,

Көрнекілігі: EXPO суреттері, видео, ребус, А4

Барысы:

І Ұйымдастырушылық кезең

Сәлеметсіздер ме оқушылар? Көңіл –күйлеріңіз қалай? (оқушылардың жауаптары) Жақсы орындарымызға отырайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін тақтада тұрған ребустың жауабын табайық. Ребус (жауабы: ЭКСПО 2017)

-Демек, біз қандай тақырыппен танысады екенбіз?

-Ия, балалар, ребустың жауабын дұрыс таптыңдар.

ІІ Жаңа мәлімет

-Сіздер балалар экспо деген сөздің мағынасын білесіздер ме? Қанеғ кім айтады екен?

«Экспо» деген не?

Ол көрме. «Экспо» деген сөздің өзі «көрме» дегенді білдіреді. Бірақ Экспо жай көрме емес, бүкіләлемдік көрме. Оның World Expo деп аталатыны да сондықтан. Ауқымы жағынан бұл шараны тек Олимпиада ойындарымен салыстыруға болады. Әлем елдерінің ғылымдағы, өндірістің сан саласындағы жетістіктері осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейкесті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де – осы көрме.

-Ия, дұрыс айтасың.

-Ал, балалар айтыңыздаршы ең алғашқы экспо қайда және қашан болды?

Ең Алғашқы Экспо

Ең алғашқы жаһандық көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен болатын. Оны ұйымдастыру идеясы ағылшын ханзадасы Альбертке тиесілі екен.  Сол кезде Англия астанасында көздің жауын алатын Хрусталь сарай бой көтерген екен. Өкінішке қарай, бұл ғимарат 1936 жылы өртеніп кетеді.

Дей тұрғанмен, ең алғашқы Экспоның өзі техникалық жетістіктер шеруіне айналады. Лондон көрмесіне 40 елден 100 мыңға жуық экспонат әкелінгені соның айқын дәлелі.

-Өте жақсы, дұрыс айтасың.

-Осы балалар, білесіздер ме экспо көрмесінде тағы қандай өнертабыстар болғанын?

Ендеше мен сіздерге айтып өтейін. Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында Экспо талай-талай ғажайып өнертабыстарды әлемге танытты. Мысалы, 1876 жылы АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен көрмеде Александр Белл ең алғашқы телефонды жұртшылық назарына ұсынады. 1893 жылы Чикагода көрмеге келушілер алғашқы газдалған сусынның дәмін татты. 1900 жылы Париж көрмесінде халық тұңғыш рет дыбысты киноны тамашалады. Ал 1936 жылы Нью-Йорктегі Экспо кезінде халық түрлі-түсті фото мен нейлонды алғаш рет көреді.

-Балалар, сіздер эйфель мұнарасын білесіздер ме?

-Ол не үшін салынғанын білесіздер ме? Қане кім айтады екен?

Экспо және Эйфель мұнарасы

1889 жылғы Халықаралық көрме Парижде өтеді. Әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы осы көрмеге арналып салынған екен. Темірден өрілген мұнара көрме павильондары алдындағы салтанат қақпасы міндетін атқарса керек.

-Өте дұрыс, айтасыңдар.

Сонымен қатар балалар Венадағы (Австрия) әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар Ротонда павильоны, Ёсудегі (Оңтүстік Корея) «Аспан мұнарасы» мен «Ёсу EXPO» теміржол вокзалы  – ғаламдық көрмеден қалған мұралар болып саналады.

-Ал, енді Азиядағы ЭКСПО көрмелері қай жерлерде өтті?

Азияда Экспо өткізген елдер саусақпен санарлық.  Атап айтсақ, халықаралық көрмелер 1970 жылы Жапонияда Осакада, 1975 жылы Жапонияның Окинавада, 1993 жылы Оңтүстік Кореяның Тэджонда, 2005 жылы Нагакутеде, 2010 жылы Шанхайда, 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсуде қалаларында өткізілді.

-Ия, дұрыс айтасың.

- Жас достар, 2012 жылы Елордамыз Астана «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алды. Халықаралық Көрмелер бюросының (ХКБ) Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148 мемлекетінің 103-і Астана кандидатурасын қолдап дауыс берді.

- 2017 жылы өтетін Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндіреді деген үміт бар. Себеп –  елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр.

Видео. EXPO-2017

Астана көрмесінде Табиғат-Анаға залалсыз «жасыл технологиялар» алдыңғы орынға шықпақ.

Шығармашылық кезең

-Ал енді, балалар EXPO-2017 көз алдыларыңызға қалай елестетесіздер, соны қағаз бетіне түсіріп, талдау жасап беріңіз.

Ән. «Жаса, Қазақстан».

Қорытынды

Елорданың көркіне көрік қосар тамаша заманауи ғимараттар бой көтереді. Ең бастысы, EXPO-2017 қазақ елінің, оның елордасы – ару Астананың абыройын асқақтата түсері анық.Біз соған қуанамыз!



Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Гүлжан: Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты.
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:
Лондондағы Хрусталь сарайы;
Париждегі Эйфелева башня;
Париждегі Александр III көпірі;
Венадағы Ротонда – әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала —жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен. 1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.
Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.
Әлім: Қазақстан & EXPO
1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.

Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония 
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі 
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы 
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»

Нұрай: "Халықаралық Көрме Бюросы" ұйымы
Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).
Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.
Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
EXPO көрмелері екі түрде өткізіледі:
Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебап), ұйымдастыру жиілігі - 5 жылда бір рет; ұзақтығы - ең көбі 6 ай; алаңы – шектелмеген; тақырыбы – барлық қатысушыларға ортақ.
Халықаралық Танылған көрме (Мамандырылған), ұйымдастыру жиілігі – екі Халықаралық Тіркелген көрме аралығында өткізіледі; ұзақтығы - ең көбі 3 ай; алаңы – ең көбі 25 га; тақырыбы – мамандырылған.
Жансая: Астананың өтініш беруі
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.















2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Мәңгілік Ел-

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

 

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа­зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары жөніндегі стра­тегиялық бағдарламаны ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мен - Патриот - Азамат

Автор: Айтенова Кымбат Хамидуллаевна

Дата: 23.09.2017

Номер свидетельства: 429408

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мен-?аза?станны? патриотымын"
    ["seo_title"] => string(27) "mienkazakstannynpatriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "321663"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461344965"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Білім күнінің сабағы.«Мен – патриотпын»"
    ["seo_title"] => string(37) "bilim_kuninin_sabag_y_mien_patriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "429143"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1506009042"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_mien_oz_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "458059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518893499"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?лы же?істі? 71 жылды?ына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(63) "u-ly-zhien-istin-71-zhyldyg-yna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "316891"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460198150"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства