kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекелік сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий. Бұл сценарийді бастауыш сынып балаларына мерекелік шарада қолданса болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік сценарий»


«Кел,жаңа жыл» атты мерекелік сценарий

1-жүргізуші:

Жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жыл,

Көңілге толады жақсы үміт,жаңа жыр,

Жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жыл,

Басталады жаңа жылда жаңа өмір.

2-жүргізуші:

Қуануда келгеніне жыл жаңа,

Құшақ жайған сиыр жылы бұлдана.

Құтты болсын,құтты болсын жаңа жыл!

Жақсы үміт пен жақсы күннен бүр жара.

Жаңажылдық би.

Жүргізушілер:

Армысыздар, жасыл шырша қонақтары!

Бармысыздар, балғын тәтті бөбектерім!

Бүгінгі жасыл шырша мерекеде,

Қуанып,шаттанайық,қол соғайық!

Тазша бала:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Теңдесі жоқ,өзі кербез,ақылына көркі сай, айдай сұлу ару Патшайымды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!

Патшайым:

Мен сарайдың иесі патшайыммын,

Көңілді кеш өткзуге мен дайынмын.

Талай уәзір қызметшілер қызмет еткен,

Оның ісі басқару барлық ісін сарай.

Тазша бала:

Сарай патшайымы Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу үшін әлемге аттары әйгілі қонақтарымызды шақырды.

1-жүргізуші:

Жаңа жыл келер патшайым,

Өткізбек бүгін бал кешін.

Патшайымымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды.

Мұхит асып бұл кешке,

Келген бе,бүгін жарандар!

Кештің сәнін келтірер

Ертегі кейіпкерлері де осында.

Жыл он екі ай иесі,

Жануарлар да осында.

Ханшаларын күтіп жүр,

Қуаныштан шалқып-ақ.

2-жүргізуші:

Мың бұралып,айдарлары жел есіп,

Келеді ханшайымдар толқып-тасып.

Ханшайымды сыйлаған халқым менің,

Оларды қошеметтеп қарсы алайық!

1-жүргізуші:

Армысыздар ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі жаңа жылдық кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қонақтарымызға қошемет көрсетейік!

1-жүргізуші: Ал енді ортамызға өздерінің ерекше іс-қимылдарымен,әзілдерімен ерекшеленген «Күлкі патшалығы» атанған сайқымазақтарымызды ортаға шақырайық! Сонымен қатар кез келген адамды сан соқтырып алдап кететін Алдар көсені,өзін сұлумын деп санайтын Мыстан кемпірді ортаға шақырайық!

Тазша бала:

Жылға арнап жақсы әнін әкелген,

Бар халыққа жақсы ниет тілеген.

Қайдасыңдар жұлдыздайын айдарлы,

Өздеріңе ешбір нәрсе тең келмеген.

2-жүргізуші:

Ал ендеше балалар ортамызға орманды мекендейтін жан-жануарларымызды шақырайық

1-жүргізуші: Ал, балалар, қонақтарымызға қошеметпен қол соғайық!

Сайқымазақ: Оқушылар бізбен ойын ойнауға дайынсыңдар ма? Ендеше сайқымазақ досым,мыстан досым маған ойынға қатысатын бала жинауға көмек беріңдер.

ОЙЫН ОЙНАЛАДЫ.

Патшайым: Ал балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар.Араларыңда өнерпаз әншілер де болар. Менің әсем ән тыңдағым келіп отыр.

МАЛИКА ӘНІ

2-жүргізуші: Құрметті патшайым біздің балалар ән тыңдап,бір сергіп қалды. Келесі тапсырмаңызды айта беріңіз.

Патшайым: Мыстан қайда?

Мыстан: Мен Мыстанмын патшайымым.Тапсырмаңызды айта беріңіз.

Патшайым: Сен Мыстан ентігіп,үнемі балалардың зәресін алып жүресің.Бұл мерекелік кеште балалардың көңіл-күйін көтеруің қажет.

Мыстан: Мен осы жылдан бастап тек балаларды қорқытпай,көңіл-күйлерін көтеріп жүретін боламын.Менің өнерім өте көп. Балалар менің өнерімді тамашалағыларың келе ме? Олай болса мен би қимылдарын жасаймын. Сендер қайталауға әрекет етіңдер.

Мыстан: Рақмет балалар.Сендердің өнерлерің маған ұнады.

Патшайым: Менің қонақтарымның өнері мені тамсандырып жатыр Алдар көсе сен үнемі елді алдап,сан соқтырып жүресің. Биылғы жылы сен ешкімді алдамаймын деп уәде бер.Сол уәдеңді осы жерде дәлелде.

Алдар көсе:

Мен Алдармын,Алдармын,

Шайтанды да алдармын.

Екі оқитын балаға

Бес қойдым деп алдармын.

Сақалы жоқ адамға ,

Мұрт қоям деп алдармын.

Мыстанжан менің саған арнайы жаңа жыл меркесі үшін дайындаған керемет сыйлығым бар.

Мыстан: Шын айтасың ба? Берші маған

Алдар көсе: Әрине шын. Сен өзің сұлусың ғой.Одан сайын сұлу болсын деп,патшайымнан да асып түссін деп саған шам ұрлап әкелдім.

Мыстан: Берші маған.

Алдар көсе: Жоқ.Мұны көзіңді ашып тұрып жағуға болмайды. Көзіңді жұмып тұрып: «Мен әдемі болғым келеді»деп үш рет қайталап айтуың керек. Сол кезде ғана әсер етеді.

Мыстан : Жарайды.

Алдар көсе: Байқап көреміз бе балалар!

Мыстан: «Менің әдемі болғым келеді» деп күйені бетіне жағады. Мен әдемімін ба?

Алдар көсе: Мыстан тіпті әдемі болып кеттің.Көрген адамның көзі тоймайтындай әдеміленіп кеттің. Сен енді кемпір емес ханшайымсың.

Мыстан: Алдар мен саған сеніңкіремей тұрмын.Мен қазір балалардан сұрап көрейін.

Алдар көсе : Сұрасаң сұра.

Мыстан: Балалар мен әдемімін ба?

Алдеке балалардың көбісі мені әдемі емессің деп жатыр.

Алдар көсе : Сен балалардың сөзін тыңдап қайтесің. Одан да сұлулыңығыңды айнаға қарап байқа. Сайқымазақтар айна алып келіңдер.

Мыстан: Ай Алдар көсе мені алдаған екенсің ғой.

1-жүргізуші: Көрдіңдер ме,біздің айлакер Алдар көсеміз де,мұхит асып келген мыстан кемпіріміз де,орманнан келген жан-жануарларымызда, барлығы да бүгінгі кештің мәнде де сәнді,қызықты өтуіне атсалысып жатыр. Олай болса құрметті қонақтарымызға қошемет көрсетейік.

2-жүргізуші: Құрметті патшайым бүгінгі кешке жиналған өнерпаздардың да өнерін тамашалай отырыңыз.

1-жүргізуші: Патшайым бүгінгі кешімізді арнайы қонақтары аяз ата мен ақшақарымыз кешігіп жатыр ғой. Байқап келу үшін кімді жіберсек екен.

Патшайым: Енді есіме түсті. Біздің арамызда ең жүйрігі қоян емес пе? Қоян қайда?

Патшайым: Ал қоян барып біліп кел. Біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз қай жерде келе жатыр екен.

Қоян: Патшайып мен барып,аяз ата мен ақшақарды тауып,жол бастап ертіп әкелейін.

1-жүргізуші:

Келді міне,жаңа жыл тағы да,

Қуанышпен барша бала қарсы алуда.

Жыл сайын амандықпен жүздесіп,

Жетелесін толағай табыстарға

2-жүргізуші:

Армысыздар балалар,бүлдіршіндер,

Жаңа әндер төгілсін,жаңа күйлер.

Келді міне жаңа жыл қарсы алатын,

Қуанышты,бақытты көңіл-күйлер.

Ән орындалады

Қоян: Келе жатыр,келе жатыр, Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр.Балалар қол соғып,қошеметтеп қарсы алайық.

1-жүргізуші: Құрметті балалар,біздің асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр. Қарсы алайық.

Аяз ата: Армысыңдар балаларым,менің кішкентай бөбектерім!Бір жыл бойы сағындырған балапандарым.

Келдім міне тағы да балғын жылмен,

Келген сайын оң жылмен төрлетемін.

Жаңа жылда жаңа бақыт,жаңа нұр,

Тілеймін мен өздеріңе жаңа өмір.

Жақсы оқып,білім алып жүріңдер,

Келер жылдан жаңалықтар күтіңдер.

Ал балаларым қасымдағы ақшақардың да айтары бар шығар. Соны тыңдайық.

Ақшақар:

Қандай әсем шыршамыз,

Қандай әсем балалар.

Өздеріңді көргенде,

Барлық адам қуанар.

Құтты болсын жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа өмір.

Нұр сыйласын баршаға ,

Жаңа жылда жаңашыл.

Патшайым: Қош келдің Аяз ата,Ақшақар! Мына тұрған балалар сіздердң асыға күтті.Менің патшалығымда өнерлі балалар өте көп.

Аяз ата: Ал балалар,балалар

Таяғым бар қолымда,

Қар борайды соңымда.

Қане өнерлі балалар,

Өнерлеріңді салыңдар!

Сыйлығым бар арқалаған дорбамда.

Өнерлеріңді тамашалап көрейік.

Балалар өнерлерін көрсетеді.

Патшайым: Балалар сендердің араларыңда биылғы жаңа жылды көрмей тұрмын ғой.Жаңа жылымыз сиыр жылы қайда?

Сиыр:

Достар,достар жаңа да бір жыл жаңа,

Қадам басты жаңа жылым нұрлана.

Жүректерде лүпілдейді жас үміт,

Асығады,шашылады гүл жара.

Қане достар,көтерейік иықты,

Аңсайықшы қыран салған биікті.

Қабылдаған әсем көзбен айналам,

Сәлем бердім,баршаңызға бас иіп.

1-жүргізуші: Ал балалар ортамызға жылдар аралатып жаңа сиыр жылы да келді. Аяз ата жаңа жылымызға ақ батаңызды беріңіз.

Аяз ата:

Сиыр жылы бар жақсысын әкелсін!

Бақ-береке елімізге қонақ болсын!

Сиыр жылы еш жылуын аямай,

Баршамызды әрдайым қолдай берсін!

Еліміз үшін ең жақсы жыл болсын!

Сиыр : Мен жаңа жылмын жақсылықтың жаршысы. Еліме мл ырысымды,тыныштығымды ала келдім. Балаларымыз білімді,салауатты болсын деп келдім.

Аяз ата: Ал балалар.Бізді күткен таулар бар. Сол таулардың ар жағында үлкен-үлкен қалалар бар. Бізді күткен балалар бар. Сол балалаларды көп күттірмей біз жолға аттанайық. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

2-жүргізуші: Қанекей балалар,Аяз ата мен Ақшақарлы шығарып салайық.Келесі жылы осы балалармен жаңа жылда кездескенше сау болыңыз.

1-жүргізуші: Құрметті патшайым,бүгінгі жаңа жыл кеші сізге ұнады ма?

Патшайым: Әрине, ұнады. Жаңа жыл менің патшалығыма тек жақсылығын ала келсін. Бүгінгі мерекеге атсалысқан барша қонақтарыма алғысымды білдіремін. Жасыл шырша жанына баршаңызды биге шақырамын.


Мерекелік сценарийді түзген: Жунисов Алмат Опабекович











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Мерекелік сценарий

Автор: Жунисов Алмат Опабекович

Дата: 28.06.2021

Номер свидетельства: 584199

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "8 наурыз мерекелік сценарий"
    ["seo_title"] => string(29) "8nauryzmieriekielikstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "306437"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458129894"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Мерекелік сценарий (сыныптан тыс іс-шара)"
    ["seo_title"] => string(45) "mieriekielik_stsienarii_synyptan_tys_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "414922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494645669"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Ересек топ балаларына арналған мерекелік сценарий "АЛТЫН КҮЗ""
    ["seo_title"] => string(68) "ieriesiek_top_balalaryna_arnalg_an_mieriekielik_stsienarii_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "358841"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479134673"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу"
    ["seo_title"] => string(48) "merekelik_ertengilikke_daiyndyk_zh_ne_ony_otkizu"
    ["file_id"] => string(6) "549384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1589273357"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "8 наурыз мерекесіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(32) "8nauryzmieriekiesininstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "319739"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460947939"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства