kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекелік сценарий (сыныптан тыс іс-шара)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерекелік іс-шара 22-наурыз мерекесіне арналған.  Балалардың орындауында тақпақтар, ән-жырлар орындалады. Шағын концерттік

қойылым көрсетіледі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік сценарий (сыныптан тыс іс-шара)»

22- наурыз мерекесіне арналған сценарий

Тақырыбы: Наурыз- жыр аңыз

- Армысыздар ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз –«Жана күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыныз мықты болсын, тілектерініз қабыл болсын!

1 жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар,

Бәрің бері қараңдар

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық,

Ұштасқан оймен мәңгілік,

Біздерді бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға,

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар

Сөзіме көңіл бұрыңдар

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

1 жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым бабамның сөзі, Наурызым анамның сөзі, Ғасырдан –ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрынҚыдыр атамыздапн бата сұрап алайық.

2 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!

(Наурыз көже беріледі)

Сөз кезегін мектебіміздің басшысы: Балабаева Сауле Абибуллаевнаға беріледі.

Шашу: Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық! (Шашу шашылады)

Ортаға ән шашу: Көктем

Балалар тақпақтары. Даниял, Мұхит, Айлана, Рамазан.

Жамбыл ауылымен Абай ауылын ортаға шақырайық.

Салт –дәстүрге кезек берейік.

Қазақтың тағы салтымен танысайық. Тәй-тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда тұсау кесер рәсімі өткізіледі.Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жамбыл ауылына кезек берейік.

Келесі кезекті Абай ауылына береміз. Бесікке салу салт -дәстүрі.

1 жүргізуші:Тойла бүгін, тауларымен боз далам

Тойла бүгін қарттарымен боз бала

Қайта оралған намысымдай Наурызым

Жана жыл боп қош келіпсін Наурызым

Балалар тақпақтары: Рахмет, Алия, Аружан

Ұлдар биі: Көкпар биі

Ойын : Арқан тарту, Асық ату

2 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі

Наурыз- жыл басы

Наурыз- жана серпін, жана леп.

Қыздар биі: Көктем

1 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі

Наурыз-ән мерекесі

Наурыз- би мерекесі.

2 жүргізуші: Қазақтың дастарханы Наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз Ұлыстың –ұлы күні Ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қойады.

Баршаларыңызды дастархан басына шақырамыз.

Ән : Дастархан

1 жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!

Келесі жылы амандықта кездесейік.

Сөз кезегін тәрбие жөніндегі меңгерушісі: Қазанбаева А.А беріледі.



Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астрахан № 1 орта мектебі

мұғалімі Есимсеитова Гульжан Касымхановна




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мерекелік сценарий (сыныптан тыс іс-шара)

Автор: Есимсеитова Гульжан Касымхановна

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414922


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства