kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек топ балаларына арналған мерекелік сценарий "АЛТЫН КҮЗ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топ балаларына арналған күздік мереке сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек топ балаларына арналған мерекелік сценарий "АЛТЫН КҮЗ"»

Алтын күз келді бақшама 

  ойын-сауық

 Безендіру: Музыка залы екіге бөлінеді. Бір бөлігі мерекеге сай безендірілген,екінші бөлігі орман бейнесінде.

Кейіпкерлер: Орманшы, батпақ қыз, Алтын күз

Керек құрал-жабдықтар:Ағаштар, ағаш қабығы, оралған жіп, сыйқырлы таяқ.

 

Балалар  залға музыкамен кіреді, бірінші бөлімінде жартылай шеңберге тұрады.

Жүр:

Cары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштардың селбіретіп

Тойға бөлеп елімізді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп

Жүрг бала:


 

Бұлттар төніп

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Өңі тайып

Дала нұры қашады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?


 

Балалар жауабы:

Жүрг бала: Күз мезгіл туралы қандай ән білесіңдер?

Балалар жауабы:

Ән : « »

Жүрг: Өлең-тақпақта бар емеспе?! Келіңдер ортаға ....

Тақпақтар:


 

(Осы кезде дауыл, желдің дыбысы шығады, залға құс ұшып кіріп, хат қалдырып кетеді)

Жүрг:(Таңданып, хатты алады, онда күзгі орман, шақыру билеті бейнеленген) Балалар мынау не? Оны неге әкеліпті. (проблемалық жағдаяттан балаларға шығу амалын тапқызу, суретті талдау)     

Балалар жауабы: Шақыру билеті ғой, мүмкін бізді қонаққа шақырған шығар. Жүрг: Кім шақырған екенін. (пролемены шешу- Күзге баратын болатынын)  Ендеше бәріміз жолға шығайық

Жүр бала: Жол қысқарсын, ән салып, би билейік.

Жүрг: Олай болса,  мың бұралған қыздарға кезек берейік

Би:« »

(Ортағаға, балалардың артында ширманы қою, орманда Орманшы атаға кестеседі).

Орманшы:(Балалардың алдынан шығып) Сәлеметсіңдерме?Жорытқанда жолдарың болсын,  қайда беттыңдар?

Жүр:Сәлеметсізбе ата(балалардың жауабы), бізді «Алтын күз» мерекесіне  шақырды.

Жүрг бала:  Жол көрсетіп жіберіңізші.

Орманшы:(Екі алақанын бір-біріне ысқылап) Жақсы- жақсы екен. Әрине-әрине жол көретемін.(Ішкі қалтасынан ағаштың жоңқасын шығарып жүргізушіге береді де) міне мынау сендерге көмегім. (Балалар таң қалып қарап тұрғанда, білдіртпей шығып кетеді)

Жүрг: Жоңқаны ары-бері айналдырып ондағы тапсырманы табады..........

Ән: « »

Бала жүрг:Балалар, атаның жеміс-көкөністері араласып кетіпті. Келіңдер көмектесейік

Ойын: «Кім көп жинайды»

Жүрг: (Тағыда жоңқадан жіңішке жіпті көреді де, жан-жағына қарап, ағаш түбінен оралған жіпті табады) Балалар, біз орманша атаның тапсырмаларын орындадық, ол бізге мына жіпті берді, енді не істейміз. (проблемалық сұрақ)

Бала жүр: (Қуанып) Ұқтым, бұл жіп бізге жол көрсетеді.

Жүр:.(Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар күн бұлттанып,жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбыр мен бірге нұр келер.Кәне жаңбыр әнін айтып берейікші.

Ән: « »

(Әннен кейін залға секіріп бтпақ қыз кіреді)

Батпақ: Тамаша-тамаша, құй жаңбыр-құй.(Балаларды көріп тоқтай қалады да) Мында не қыл деп жүрсіңдер, бар-бар кетіңдер, әйтпесе үстеріңе батпағымды шашамын(қолын көтеріп, шашпақша болады).

Жүр:Балалар мынау кім болды. Бізді көріп ашуланып қалды ғой. (Балалардың жауабы)

Батпақ:(Көзін алайтып, таңдана) Мені танымайсыңдар ма, мен жаңбырдан кейін бүкіл жолжда шалқайып жатамын ғой. Сендердің аяқ киімдеріңе жабысамын.

Жүр бала:(Батпақ қызда айналып жүреді де) түсінбедім, жаңбырдан соң жолда не болушы еді. (Балаларға сауал қою, балалар батпақ екенін шешпесе, жүргізуші көмекке келеді.)

Батпақ қыз:(Екі қолын беліне таянып). Иә-иә, бұл мен Б А Т П А Қ    ҚЫ З Б Ы Н. (кір қолымен балаларды ұстағысы келеді).

Жүр:(Оны тоқтатып) Батпақ қыз, қолың неге кір. (балалардан сұрайды) Балалар кір қолмен жүруге болама, неге болмайды? (Балалардың жауабы)

Бала жүрг:Міне біз қандай баламыз.  

Ән: « »

 Тақпақ:                                               

Би: 

Батпақ қыз: (Желкесін ұстап) А-а-а, мұнтаздай таза болып жүру үшін не керек.

 

Жүрг:Қамықпа Батпақ қаз, (балаларға) Балалар, келіңдер «Керек затты тап» деген ойын ойнайық.

Ойын:«Керек затты тап»

Шарты:Балалар үстел үстіндегі заттар арасынан тек тазалыққа керек заттарды таңдап алулары қажет.

Батпақ қыз:(Қуанып) Енді түсіндім, ал өздерің қайда барасыңдар? (Балалардың жауабы)

Жүр бала:Иә, иә. Бізді   Алтын күз өз тойына шақырған.

Жүрг: Батпақ қыз бізбен бірге жүр.

Б/Қ:(шапалақтап қуанып) Алақай-алақай менде тойға барамын. (Үлкен сарайдан  Ханшаыйым шығады).

Ханшайым:Тақпақ керек.

Қош келдіңдер қадірлі қонақтар, балғын бүлдіршіндер. Менің елімнің құтты қонақтары болыңдар, төрге шығыңдар. (Балалар амандасады)

Кәне, жапырақтар ортаға шығыңдар шыр айналып билейік

Би:

Жүр бала:Бізде өнерлі баламыз, шырқап әнге саламыз.

Ән: « »

Тақпақтар:...

 

Ханшайым:(Шапалақтап) Тамаша балалар екенсіңдер, Әнді қалай айтыңдар, биді қалай билейсіңдер.

Б/Қ. (Күзің жанына келіп, құлағына сыбырлаған болып) Олар тіпті өте-өте ақылды, иә-иә.

А-күз: (Жан-жағына қарап) Қой рас па. Кәне, көрейін. (Балаларға) Балапандарым мына батпақ қаз сендерді мақтап болмайды. өздері ақылды, өздері күшті, өздері мықты, өздері сұлу, өздері тағыда тағы..

Бала жүрг: Батпақ қыз дұрыс айтады. Біз өнерлі де ақылдымыз.

А-күз: Онда жұмбағымды шешіңдерші

Жұмбақтар білесің бе?


 

а)Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді.

                                 (Қырыққабат)

ә)Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келесі.

Қоңыр күзге сақтайды,

Сары майдай ел іші.

                                   (Асқабақ)


 

 

Мақал-мәтел білесің бе?


 

а)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ә)Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.


 

б)Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

 

Ханшайым:Тамаша,керемет мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендердің байлықтарың- ол білімдерің, жақсы тәрбиелерің мен өнерлерің

Бала жүрг: Балалр келіңдер бәріміз «............» ойынын ойнайық

Ойын:Картоп тазалау

Жүр: Балалар бізге бақшаға қайтатын уақыт келді (Күзге)Алтынкүз сізге көп рахмет, рұқсат болса біз өзіміздің балабақшамызға қайтайық.

Ханшайым:Әрине балалар,  сендердің менің сарайымиа келгендерің қандай жақсы болды.Сендерге де рахмет! Сендердің арқаарыңда көңілім бір көтеріліп қалды. Ал мынау менің сыйым(деп алма таратады)

Батпақ қыз:Ал сендер үйлеріңе қалай жетесіңдер.

Алтын күз:Уайымдамаңдар мен өзім жеткіземін(Сыйқырлайды)

Жүрг:Балалар көзімізді жұмайықшы. (Көздерін ашқанда бақшада болады, Қонақтар білдіртпей шығып кетеді)

Жүрг:Міне біз өз бақшамызға келдік, жүріңдер тойды топта жалғастырайық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ересек топ балаларына арналған мерекелік сценарий "АЛТЫН КҮЗ"

Автор: Қараханова Мәдина Нұрланқызы

Дата: 14.11.2016

Номер свидетельства: 358841


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства