Ертеңгілік балалар бақшасында өткізілетін жалпы тәрбие жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Ертеңгілікке адамгершілік, ой, дене және эстетикалық тәрбие міндеттері жүзеге асырылады. Сондықтан мерекеге дайындық, оны өткізу және баллардың одан әрі алған әсерін тиянақтау жұмыстарын педагогикалық процестің бір тармағы деп қараған жөн.
Ертеңгіліктің бағдарламасы шамамен бір жарым ай бұрын ойластырылады. Оған балаларға жақсы таныс және мерекені атап өткенге дейін қалған уақыт ішіндегі сабақтарда меңгерілетін билер, музыкалық ойындар, әндер қосылады. Сондықтан мерекелік бағдарламасына музыкалық материал іріктегенде балалардың мүмкіндіктерін ескерген абзал.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге ертеңгіліктің сценарийі барынша қарапайым материалдардан құрылады: оған ойындар, көріністер көптеген қосылады. Егер мерекелік бағдарламаға қосымша ән, би қосу қажеттілігі туындаса, онда олар балалардың қалыптасқан дағдысына сай және олар жеңіл игеретіндей болулары керек.
Репертуарға іріктелген бағдарлама бірте-бірте музыка сабақтарының жоспарына енгізіледі. Барынша күрделі әндер, билер бір, бір жарым ай ішінде үйретіледі. Репертуардың бір бөлігі – қзықыты сәттерді, күрделі емес ойындар мен инсцинировкаларды балалар мерекеге аз күн қалғанда дайындалады.
Мерекелерге, әсіресе, қоғамдық – саяси мерекеге дайындық түрлі сабақтарда, көркемдік қызметтің әр түрінде жүргізіледі. Балалармен алдағы мереке туралы әңгіме өткізіледі, соған қатысты әңгімелер оқылады, тақпақтар үйретіледі. Олармен сәнді безендірілген көшелер бойымен экскурсиялар жасалады: мереке тақырыбы суреттерде, аппликацияларда көрініс табады. Музыкалық сабақтарда келе жатқан мерекелік ертеңгілікке байланысты жалпы тәрбие жұмыстарының белгілі бір бөлігі жүзеге асырылады.
Ертеңгіліктің ойдағыдай өткізілуі ең алдымен, жақсы ойластырылған сценарийге тән. Ол мүмкіндігінше тартымды көрсетулер мен орындауларға толы болып, жоғары және дайындық топтарында 35-40 минуттан, ал кіші топта 25 – 30 минуттан аспауы керек.
Жақсы құрастырылған бағдарламада балалардың әрекет етуі мен дем алуы ретімен кезектесіп отырады. Сөйтіп, көңіл күйді көтеретін салтанатты бөлімнен кейін балалар отырып өлең тыңдайды, көңілді биден соң бірнеше бала қатысқан инсцинировка көреді.
Мектеп жасына дейінгі ең кішкентайларды олардың қолдарындағы атрибуттар: жалаушалар, әуе шарлары, гүлдер қуантады. Бөлменің мерекелік безендірілуін олар бірден аңғармайды, ол үшін көруге арнайы уақыт беру керек. Балалар өз сезімдерін білдіруге алғашқысәттері ұстамдылық көрсетеді. Көңілді музыка, түрлі орамалдармен қимыл жасау оларды жадыратып, қозғалыс жасауға итермелейді.
Сан қилы әсерлер кейде балаларды шатастырып та жібереді. Олардың дағдысы әлі де болса тұрақсыз, балалар әуелгі сәтте қозғалыс тәртібін ұмытып қалулары мүмкін, сондықтан тәрбиеші оларға үнемі көмектесіп тұрады. Кіші топтардағы ертеңгіліктердің бағдарламасына ересек балалардың ересектердің орындауларындағы қызықты көріністер көбірек қосылады. Кішкентайлардың қимылы әлі де болса күрделі емес, олар дербестілігін аз танытады. Олар бастапқы кезде өлеңді тәрбиешіге қосылып қана айтады. Билер мен ойындар көрсетіліп орындалады. Қызықты көрсетулер ретінде қуыршақ театрының кейпкерлері жиі қолданылады, мереке бағдарламасының бір бөлігін жүргізеді.
Ересектеу балаларға қабылдау мен орындаушылық қызметтегі белсенді тән. Бөлменің сәнді жиналуы, әр түрлі атрибуттар, кейпкерлердің киімдері – осылардың барлығы балалардың назарын аударады. Олардың өздері безендіруді байқайды, қызыға қарайды.
Жоғары топтың балалары ертеңгіліктерде көп жағдайда дербес әрекет жасайды, тәрбиешінің көмегінсіз таныс ойындарды, билерді сенімді орындайды. Олар ұжымда еркін бағдар жасайды, жолдастарының қимылды дұрыс орындауларын қадағалай алады. Орындауларға балалар қатысуы тиіс. Бала дербес өнер көрсете алмағанның өзінде шағын топқа қосылып орындауы керек.Ұжымдық орындаулар әрдайым жеке өлең оқумен, балалар музыка аспаптарында ойнаумен алмасып отырады. Кейде балалар шағын топ болып өнер көрсетеді. Олар әр түрлі кейіпкерлерге тән әндер мен билерді оырндайды, кішкене драмалық ойын құрады. Жеке орынадаулар тұйық балалардың өзінің жасқаншақтығын жеңуге көмектеседі, өз күшіне деген сенімін артытрады, қимылдардағы әлжауыздықтан арылуға әсер етеді. Жеке орындауларды әрбір балаға өзінің музыкалық – шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік туады. Музыка тәрбиесі жөніндегі жұмысты жақсы ұйымдастырған жағдайда әрбір жастағы оптарға бөлінген бағдарлама мазмұнын барлық балалар жақсы меңгереді. Мұндай балаларға өз қабілеттерін толығырақ көрсетуге мүмкіндік беретін ән салу, би билеуге құрылған күрделірек ролдерді тапсыруға болады. Топта берілген тапсырманы орындауға қиналатын немесе балалар бақшасына жаңадан келген тәрбиеленушілер болуы мүмкін. Мерекелік ертеңгіліктегі тәрбиешінің қызметі сан алуан. Ең жауаптысы жүргізушінің ролі болып табылады. Оның сезімталдығы, балалармен еркін әңгімелесе білуі, өлеңді, текстерді мәнерлер оқуы көп жағдайда жалпы көңіл күйді және мерекені жүргізу барысын анықтайды. Жүргізуші тек қана бағдарламаны біліп қоймай, сонымен қатар оқыстан баолған өзгерістерге де табан астынан тың шешім тауып отыруы керек.
Тәрбиешінің жеке және топпен өнер көрсетулері балаларды қуаныш сезіміне бөлейді. Оларға әр түрлі халық билерін билеп, кейбір кейіакерлердің ролін орындап, ән салып берулеріне болады. Ешқандай ролге қатыспайтын тәрбиешілер өз тобындағы балалар арасында болады. Олар орындаушылардың өнерін балалардың қалай қабылдағанын мұқият қадағалайды, олармен қосылып өлең айтады, бүлдіршіндерді дер кезінде киіндіреді, ойын, би, өткізгендерге қажет болған жағдайда көмектеседі. Ертеңгілік жақсы екпінде жүргізілуі тиіс. Орындаулардың созылуы, олардың көп болуы, орынсызз үзілістер – осылардың барлығы балаларды жалықтырады, эмоцияналдық – физиологиялық ауырлықтың біртұтас жүйесін бұзады. Сондықтан, мерекеге ең алдымен ересектердің белсене араласқанф жөн. Сценарийдің талқылағанда әрбір тәрбиешінің рөлін, оның міндеттерін анықтау қажет, балаларды киіндіретін, жарық реттейтін, жекелеген кейіпкерлердің дәл уақытында шығуын, қызықты сәттерді өткізетін жауапты адамдарды тағайындау керек.
Мерекеден кейін балалар ұзақ уақыт өздеріне ұнаған орындауларды естеріне алып жүреді. Тәрбиеші мейлінше мазмұнды, ықпалды әсерлерді мереке тақырыбымен байланыстырып, жеткіншектердің сақталып қалуына әрекет етеді. Олар суреттерді, әңгімелерде бейнеленеді. Балалар өздеріне ұнаған билерді, әндерді, жекелеген кейіпкерлердің қимылдарын қайталайды. Тәрбиеші осы әңгімелерге қатысады, балалардың алған әсерлерін қорытындылайды, оның ең бастысын бөліп айтады, түсініксіз жерлерді түсіндіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мерекелік ертеңгілікке дайындық және оны өткізу»
МКҚК Көкшетау қаласы
№ 10 «Алтын бала» балабақшасының музыка жетекшісі
Абдильманова Дина Салимовна.
Мерекелік ертеңгілікке дайындық
және оны өткізу.
БАЯНДАМА