Просмотр содержимого документа
«Әлемдік діндер. Тарих және заман»
Боқаева Гүлжан Мұхамбетқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№ 5 мектеп - лицейі
Тақырыбы : «Жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру үдерісіне интеграциялау»
Мақсаты: Ұлттық рухани құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойына кіріктірілген сабақтар арқылы дарыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы және қазақ тілі мен әдебиеті.
Қайырлы күн, Құрметті әріптестер! Әріптесім Мейрамгүл Зағитқызы өз баяндамасында Мәңгілік елдің 7 басты құндылығ ы туралы түсінік беріп , өз сабақтарында қалай іске асып жатқаны туралы тоқтады.Енді мен өз сабағым Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде кіріктірілген сабақтарды белсенді әдістер арқылы өту негізінде жеке тұлғаның құзіреттілігін арттыру, «Мәңгілік ел» идеяларының құндылықтарын қалыптастыру жолдары туралы баяндаймын. ҚазақстанРеспубликасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады.
Қазақ тілі мен әдебиеті 5- сынып бойынша Қазақ халқының салт-дәстүрі тақырыбы берілген және Қазақстан тарихы пәнінде «Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?» тақырыптары бір –біріне үйлесімді келеді.Сабақ мақсаттары : Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау және Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, салт-дәстүр туралы жинақы мәтін жазу болып табылады. Оқыту барысында тарихи деректерді пайдаланды,сабақ мақсатына сай жұмыстар жасалды .Жүргілген жұмыс түрі : Білім алушылар «Қазақ халқының салт-дәстүрі» тірексызбасы арқылы өз ойларын айтады.Қазіргі өмірмен байланыстырады.Осы дәстүрлерді сақтай отырып,еңбек етуге үйренеді.Осы тапсырмалар арқылы білім алушылар бойында Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,
құрмет, ынтымақтастық қалыптасады .
Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып,пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Мазмұны
Оқу жаттығулары
XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті.
Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?
Мақсаты:
Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау
Қазақ тілі мен әдебиеті
Қазақ халқының салт-дәстүрі (5-сынып)
Мақсаты:
Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, салт-дәстүр туралы жинақы мәтін жазу
Оқушылар көшпелі қоғам жетістіктерінен бүгінгі күнге дейін не жеткені туралы сұраққа жауап береді. Қазіргі күні олардың құндылығы неде? Шаруашылықта... Қолөнерде... Тұрмыста... Қазіргі заманғы ірі қала тұрғындары көшпелілерден нені үйрене алады? Оқушылар қоршаған ортаға деген қайырымдылық, табиғатпен үндестікте өмір сүруге, туған жерге құрмет, жерді бағалауға, қажырлы еңбек етуге үйренуге болады деп қорытындыға келеді
Білім алушылар «Қазақ халқының салт-дәстүрі» тірексызбасы
арқылы өз ойларын айтады.Қазіргі өмірмен байланыстырады.
Осы дәстүрлерді сақтай отырып,еңбек етуге үйренеді.
Білім алушылар бойында Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,
құрмет, ынтымақтастық қалыптасады
Мазмұны
Оқу жаттығулары
Қазақ тілі мен әдебиеті
Ұлы жібек жолы сауда мәдениетінің өркендеу биігі (10- сынып)
Мақсаты:
Мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау
Қазақстан тарихы
Халықаралық байланыстардық дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі (6-сынып)
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау.
О-қушылар Ұлы жібек жолы деген не ? сұрағына жауап іздейді.. Қазіргі заманғы адамдар нені үйрене алады? Оқушылар қоршаған ортаға деген қайырымдылық, табиғатпен үндестікте өмір сүруге, туған жерге құрмет, жерді бағалауға, қажырлы еңбек етуге үйренуге болады деп қорытындыға келеді
Көрсетілген тарихи деректер бойынша эссе жазылады.
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу
Мазмұны
Оқу жаттығулары
Қазақ тілі
Жаһандану
(9-сынып)
Мақсаты: ғаламдық тақырыптардағы мәселелерге стиль ерекшелігін сақтай отырып, ұсыныс хат жазу
Қазақстан тарихы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысу
Мақсаты: Қазақстанадықтар – кеңес одағының батырлары
Оқушылар «Қазіргі заманның жаһандық мәселелері» тақырыбында мақалалармен, мамандардың ойларымен танысады және талдау жасайды. «Жаһандық дағдарыстарды болдырмау жолдары» туралы ұсыныс хат жазады
Оқушылар тобы ұлттық қауіпсіздік саясатының бір тармағын зерттейді, мысалы; кейбір ішкі және сыртқы қауіптер және болашақтағы ықтимал қауіптер; дәстүрлі қауіпсіздік саясаты; болашақ ұлттық қауіпсіздік саясатына әсер ететін факторлар жөнінде ой бөліседі
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,
құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
Мазмұны
Оқу жаттығулары
Қазақ тілі
Ғылыми жаңалықтар мен технология (8-сынып)
Мақсаты: Әлеуметтік, білім және жалпы тақырыптар жайлы өз көзқарасын қоса отырып, диалог және монолог құрастырып айту
Қазақстан тарихы
Қазақстандағы 1920-1930 жж индустрияландыру(9-сынып)
Мақсаты: Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау
Ғылыми жаңалықтар мен технология түрлеріне байланысты жаңа сөздер, терминдермен танысады және жаңа технологиялар туралы бейнематериалдарды тыңдайды. Мәтіндердің стильдік және құрылымдық ерекшелігін сақтай отырып, өзі таңдаған ғылыми жаңалықтардың біріне монолог құрастырады
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу