kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айтматов. Личная встреча

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

2013 ж. 14 – 16 ?арашада Бішкек пен Ысты?к?л жа?алауында ?лемге ?йгілі ?ыр?ыз жазушысы-гуманисі, мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері, ?лемні? т?рлі сыйлы?тарыны? иегері Шы?гыс Т?ре??л?лы Айтматовты? 85 жылды? мерей тойына арнал?ан «Шы?гыс Айтматов ж?не оны? Ысты?к?л форумы: м?дениеттер диалогы ж?не ?ркениеттерді? жа?ындасуы» атты халы?аралы? форумы ?тті.

Бірінші к?ні д?ст?рлі т?рде Бішкек ?аласында?ы Ш. Айтматовты? ескерткішіне г?л шо?тары ?ойылды. Жазушыны? с?йегі ?ойыл?ан «Атабейіт» мемориалды? кешенінде ?ыр?ыз Республикасыны? Президенті А. Атамбаев Ш. Айтматовты? комплексін ашты. ?з с?зінде ол Ш. Айтматовты? д?ние сал?аннан кейін ?ыр?ызстан к?п н?рседен айырылды деп к?рсетті. Сонымен бірге Президент ?ыр?ызстанда Манас пен Айтматов сия?ты азаматтары ?лі де болса д?ниеге келеді деген сенім білдірді. Митингте ата?ты жазушыны? інісі Ильгиз, ?лы Ас?ар а?асы мен ?кесі туралы естеліктер айтты. Бізді? ?аза? а?ыны, ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткері, «Ш. Айтматовты? атында?ы Халы?аралы? Ысты?к?л форумы» атты халы?аралы? ?о?амды? бірлестігіні? ?кілі, ?аза?станны? халы? жазушысы  М?хтар Шаханов осы митингте ?ріптесі ж?не дипломатиялы? ?ызметте бірге бол?ан жолдасы туралы ??гіме айтып, ?зіні? «Екі Шы??ыс» деген ?ле?ін о?ыды.

Форум?а ша?ырыл?ан кісілер Ортосай мекен-жайында орналас?ан Ш. Айтматов 1986 жылынан бастап к?з ж?м?ан кезге дейін ?мір с?рген ?йімен танысып д?м-т?з татты.  

?ыр?ыз ?лтты? филармониясында?ы форумны? салтанатты ашылуына ?ыр?ыз Республикасыны? министрлері ж?не Жо?ар?ы Ке?есіні? депутаттарымен бірге 20 астам елден, соны? ішінде ?аза?стан, Ресей, А?Ш, Германия, Иран, Сирия, Т?ркиядан  келген ?кілдері ?атысты. Жиында ?ыр?ыз Республикасыны? Жо?ар?ы Ке?есіні? т?ра?асы          А. Джеенбеков, ТЮРСОЙ-ды? бас хатшысыны? орынбасары Ф. Пурташ мырзалар ж?не бас?ада елдерді? ?кілдері форумны? тарихы мен келешегі туралы а?парат берді.    

Форум?а КСРО-ны? бірінші президенті Михаил Сергеевич Горбачёв телеграмма жолдады. Ол онда 1986 жылда?ы Ысты?к?лдін бірінші форумында ??терілген м?селелерді   осы к?нге дейін естен шы?ар?ан жо?ты?ын атап к?рсетті. М. Горбачёв Ш. Айтматовты – ?ыр?ыз хал?ыны? ма?танышысы – есте м?нгі са?тауына ризашала? білдірді.

Атат?рк атында?ы Тілдер, тарих ж?не м?дениет орталы?ыны? басшысы Дарья Орс   Ш. Айтматовты? ?мірі мен оны? шы?армалары ?ыр?ыз ?о?амы мен ?лемге ?лкен ?сер етті деп атап ?тті.

?ыр?ызстанда форум форматында ІV Халы?аралы? «Артордо» театр фестивалі ?тті. Ол ?ыр?ыз ?лтты? академиялы? драма театрыныда Ш. Айтматовты? «Пегий пёс, бегущий краем моря» романыны? негізінде жасалын?ан «К?з жетпейтін к?к жиек» атты спектаклімен ашылды.

Форум д??гелек столдар мен секциялар т?рінде ?тті. Онда Ш. Айтматовты? т?л?алы? феномені, оны? д?ниетанымы, жазушыны? шы?армашылы?ы ?лем м?дениетіні? бір б?лшегі ретінде, ?остілді (билингвальді) ?аламгерді? ?лем м?дениетіні? дамуына тигізетін ?сері деген проблемалар ?арастырылды. Жиын?а ?атусышалар сонымен ?атар ?лтты?, конфессиалды? ж?не б?кіладамзатты? ??ндылы?тар, ?ркениетті? дамуыны? жолдары, м?дениетті? к?пт?рлілігі ж?не оны? ?зіндік ерекшелілігі диалог ар?ылы даму, шыдамдылы? пен келісімділік, ?зара келусішілік территорияларды? ?леуметтік ж?не м?дениеттік дамуыны? кепілі, тарихи-м?дени м?раны?  са?талуыны? стратегиясы мен тактикасы, білімні?, БА?-тар мен  IT-коммуникацияларды? жастарды м?дени д?ст?рлерге деген сыйлаушылды?ты ?алыптастыруында?а ролі, осы форумны? шы?уы, ?алыптасуы  ж?не оны? ары ?арай даму жолдары деген с?ра?тар тал?ыланды. ?атысушылар Ысты?к?л форумы ?алымдар мен жазушыларды?, суретшілер мен актёрлерді?, ?о?амды? ?айраткерлерді? глобальді ??былыстарды ж?не одан шы?атын проблемаларды талдау?а арнал?ан ж?мыс трибунасына айналды ж?не осы форум Ш. Айтматов Ысты?к?лде 1986 жылы ?ткізген бірінші жиыныны? жал?асы болды деп т?жырым жасады.

Бірінші форум КСРО-да 1986 жылы ?азан айында ?ыр?ыздарды? керемет ?зеніні? – Ысты?к?лді? – жа?алауында ?тті. Аты да осы жерде ?ткізілгеніне байланысты. Бірінші форум?а Шы??ыс Айтматов б?кіл ?лемге жаны ашитын прогрессивті ойшылдар мен ?о?ам ?айраткерлерін, жазушылар мен актёрлерді, суретшілерді ша?ырды. Осы жиын?а Шы?ыс пен Батысты? ?здеріні? принциптерімен ?йгілі интеллектуалдары кейбір кезде ?рей шы?арып т?ратын ?арама-?арсы д?ниеде не болып жат?анын тал?ылау?а, д?ниені н?сілге, конфессионалды? (діни), ?лтты? ж?не бас?а да дискриминациялы? белгілерге б?лмейтін адамдарды? ойыларын білу ?шін келді. Д?ниені ?алай мейірімдік жолына т?сіру, ол ?шін не істеу керек деген с?рак?тар?а жауап ізделінді. Осы форумда Ке?ес Ода?ында емес б?кіл ?лемде «жа?а т?сіл», «жа?аша ойлау», «д?ниені? жа?а к?рінісі» деген с?здер бірінші рет айтылды. Сонымен Ш. Айтматовты? Ысты?к?л форумы жа?аша ойлауды? ?ры?ы болды.

Бірінші форумны? ?атысушылары ?алым, а?ын, дипломат, ЮНЕСКО-ны? бас хатшысы Фредерико Майор (Италия), ?йгілі музыкатанушы Нараньяна Менон (?ндістан), Рим клубыны? т?ра?асы Александр Кинг, жазушылар: Нобель сыйлы?ыны? иегері Клод Симон (Франция), Яшар Кемаль (Т?ркия), Артур Миллер мен Жэймс Бодуин (А?Ш), Лисандро Отеро (Куба); ?о?ам ?айраткері Аугусто Форти (Италия), футуролог-?алымдар Олвин ж?не Элвин Тоффлер (А?Ш), актёр Дэвид Болдуин (США), актёр ж?не жазушы Питер Устинов (?лыбритания), суретші Афеверк Текле (Эфиопия), композитор Зулфу Ливанели (Т?ркия) ж?не бас?алары.

Бірінші Ысты?к?лді? ?раны – «шы?армашылы? ар?ылы ?мір с?ру». Ш. Айтматов ?аламгерді? «б?гінде жа?а ?ызметі ашылды» («в наши дни обретает новую функцию») деген еді. ?нерді? басты міндеті – адам туралы ??гіме барлы? адам затыны? бірт?тасты?ы туралы оймен толы?тырылатынын к?рсету.

Ш. Айтматовты? ойынша, ХХІ ?асырды? алдында ?аламгерлерді? барлы? ойлары е? басты проблемада шо?ырланады – «Жер деген планетасында адам адам болып ?алу м?селесі». Сонды?тан ?атысушылар осы с?ра??а жауап іздеумен ?атар келешекті? ?алыптасу формасын жасау мен оны тарату туралы пікір алмасты. Форумны? президенті болып Шы?гыс Айтматов сайланды.

1997 жылы ?ткен екінші Ысты?к?л форумында бірінші жиынны? ойлары жал?астырылды. Сол кезде Ш. Айтматов: «Замануи ?ркениеті ?орша?ан ортаны, ?о?амды? институттарды, т?рмыс ?алпы мен ойлау ?абілеттерді, т?рмысты? ??рылысты екпінді т?рде ?згертеді», – деген еді. Масс-медиа, к?пшілік м?дениет адам санасын ж?не планетамызда?ы ?р азаматты? ?мірін бір ізге салады. Ш. Айтматовты? т?сінігі бойынша, барлы? д?ние Европа мен Азияны?, «Шы?ыс пен Батысты? ?лтты? м?дениеттеріні? к?рделі ?рнегі ретінде ?алыптасады». Техногендік ?ркениет «?лтты? м?дениеттерді? ынтасы ?р халы?ты? «Мен» деген ерекшелігін са?тап ?алуына» алып келді.      

Бірінші форумнан кейін ширек ?асыр ?тті, біра? ?лем ?айтадан интеллектуалдарды? диалогын ?ажет етеді, дегенімен планетада б?кіладамзатты? принциптерінен шегініс бай?алынып т?р. Ке?ес д?уірінен кейінгі ке?істікте жас буынны? біршамасы «идеологиялы? вакуум» жа?дайында т?рбиеленіп келеді, жеке басыны? саулы?ы мен т?тыну молшылы?ынан бас?а ??ндылы?тарды білмейді, ?з ?лтыны? м?ддесімен орта?тасты?ын сезбейді. Осындай рухани жа?дайда ?леуметтік т?ра?тылы?ты, ?лтты? бірдейлігін дамыту мен са?тап ?алу?а ?ол жеткізуі ?те к?рделі м?селеге айналады.     

Б?гін біз ойшыл Айтматовты? сезімі а?талды десек болады: д?ние ?згерді, ?ндемеу д?уірі д?ние салды. Халы?тар есік-терезелерін ке? ?лемге ашу?а тырысады. ?ылыми-техникалы? революция олар?а к?птеген ?згерістер алып келді, ?мір деген м?лдем ?згерді. Б?гінде жа?андандыру ?р азаматты?, ?о?амны?, мемлекетті?, адамзатты? ?ркениетіні? алдында жа?а ке? к?лемді проблемаларын паш етті. Енді жеке т?л?а ретінде ме, жо? жалпы халы? болып па біз заманауиді? жа?а ша?ыруына жауап беруге м?жб?рміз.

Жа?а мы?жылды?та д?ниені? ?арама-?арсылы?ы жанды т?ршіктірендіреді. Бір жа?ынан, а?паратты? ке?істікті? біркелілігі м?дени мен рухани бірт?тасты?ына алып келеді, біра? ?лтты?, т?л?алы? ерекшелік жойылуына жол береді. 1991 жыл?ы мемлекеттік межеленіп б?лінуі ?лтты? сезіміні? оянуына алып келді, сонымен ?атар ?мірді? барлы? ?рісінде бірігу саясаты екпінді т?рде басып келеді. Осындай ?арама-?арсылы? д?уірінде ?лем жалпы тарихи-м?дени бастамасын іздеу ар?ылы заманауиді? е? к?рделі проблемаларын шешуге жауабын табу ?ажет.  

?шінші Ысты?к?л форумында ?аза?стан, Ресей, А?Ш, ТМД ж?не бас?а елдері  б??аралы? а?парат ??ралдарыны?, жо?ары о?у орындарыны?, ?о?амды? мекемелеріні?, ?кілдері, ?леумет-, ?нер-, мідениеттану, білім беру, тарих, эксперттері гуманитарлы? ке?істікті? ж?не м?дениеттерді? ?рекеттестігіні? к?зекті проблемаларын ?арастырды. Форумда ?азіргі заман?ы жа?дайда бір ?ана д?рыс шешім ?сынатын белгіледі. Оны немісті? ?лы а?ыны Гётені? формуласымен айту?а болады: «Адамзат – халы?тардан арты?» («Превыше народов – человечество»).

Форум?а ?атысушылар ?ндеу ?абылдады. Онда м?дениетті? т?рлілігі ?ркениетті? ажыратылмайтын айры?ша белгісі, адамзатты? жалпы м?расы болады ж?не барлы? ?лттарды? игілігіне са?талынуы ?ажет деп ескертілген; «Шы?гыс Айтматов ж?не оны? Ысты?к?л форумы: м?дениеттер диалогы ж?не ?ркениеттерді? жа?ындасуы» атты халы?аралы? форумы ЮНЕСКО-ны?  м?шелігіне кіретін мемлекеттері 2005 жылы 20 ?азанда?ы Париж ?аласында?ы ?абылдан?ан М?дениеттерді? ?з-?зін білдіру формаларын са?тап ?алу мен ?олдау конвенциясына ?осылу м?селесін ?арастыруды ?сынды.

Форумны? ?шінші к?ні Ысты?к?лді? жа?алауында орналас?ан «Рухордо» этнографиялы? ж?не ?лемдік кешен-музейінде ?тті. Б?л рухани орталы?ында                   Ш. Айтматовты? к?ркем ?леміні? кейіпкерлеріні? м?сіндері, суреттелінген таби?аты, ?ыр?ыз хал?ыны? ?мірі кескіндемелерінде бейнеленген. К?рермендерге музейді жасаушылары – архитекторлары, м?сіншілері, суретшілері, дизайнерлері – «этнографиялы? полотносыны?» ар?ауына ?йлесімді т?рде Шы?ыс пен Батысты? антикалы?, орта?асырлы?, ?айта ?рлеу, А?арту, жа?а ж?не ?азіргі заманны? ?нерлік, к?ркемдік, философиялы?, ?ылыми ?лемін енгізгені ?лкен ?сер етеді. М?нда Европа мен Азияны? барлы? материалды?, интеллектуалды?, рухани байлы?ы жинастырыл?ан: ежелгі гректерді? ?йел ??дайларыны? ?сем т?рінде жасалын?ан сымбат м?сіндері, тере? ойлы философтары ж?не гуманитарлы? пен жаратылыстану ?ылымдарыны? ?алымдары, а?ындары мен жазушылары, батырлары ж?не шешендеріні? ескерткіштері. Кешеннін территориясыны? периметрі бойында орналас?ан алты храм ?здеріні? айбындылы?ымен та?дандырады. Ол ислам, православие, католик, будда, иудей,  Т??ір мешіттері мен шіркеулері. ?рине, ?лемні? т?рлілігін жа?ымды ?абылдайтын адам осыны? б?рін ?ыр?ыз хал?ыны? б?кіладамзатты? ??ндылы?тарына ??рмет к?рсеткен деп ?абылдайды.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айтматов. Личная встреча »

Шыңғыс Айтматов: дүние деген «Шығыс және Батыстың ұлттық

мәдениеттерінің өрнегі»



2013 ж. 14 – 16 қарашада Бішкек пен Ыстықкөл жағалауында әлемге әйгілі қырғыз жазушысы-гуманисі, мемлекет және қоғам қайраткері, әлемнің түрлі сыйлықтарының иегері Шыңгыс Төреқұлұлы Айтматовтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы өтті.

Бірінші күні дәстүрлі түрде Бішкек қаласындағы Ш. Айтматовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жазушының сүйегі қойылған «Атабейіт» мемориалдық кешенінде Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаев Ш. Айтматовтың комплексін ашты. Өз сөзінде ол Ш. Айтматовтың дүние салғаннан кейін Қырғызстан көп нәрседен айырылды деп көрсетті. Сонымен бірге Президент Қырғызстанда Манас пен Айтматов сияқты азаматтары әлі де болса дүниеге келеді деген сенім білдірді. Митингте атақты жазушының інісі Ильгиз, ұлы Асқар ағасы мен әкесі туралы естеліктер айтты. Біздің қазақ ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері, «Ш. Айтматовтың атындағы Халықаралық Ыстықкөл форумы» атты халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов осы митингте әріптесі және дипломатиялық қызметте бірге болған жолдасы туралы әңгіме айтып, өзінің «Екі Шыңғыс» деген өлеңін оқыды.

Форумға шақырылған кісілер Ортосай мекен-жайында орналасқан Ш. Айтматов 1986 жылынан бастап көз жұмған кезге дейін өмір сүрген үйімен танысып дәм-тұз татты.

Қырғыз ұлттық филармониясындағы форумның салтанатты ашылуына Қырғыз Республикасының министрлері және Жоғарғы Кеңесінің депутаттарымен бірге 20 астам елден, соның ішінде Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Иран, Сирия, Түркиядан келген өкілдері қатысты. Жиында Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Джеенбеков, ТЮРСОЙ-дың бас хатшысының орынбасары Ф. Пурташ мырзалар және басқада елдердің өкілдері форумның тарихы мен келешегі туралы ақпарат берді.

Форумға КСРО-ның бірінші президенті Михаил Сергеевич Горбачёв телеграмма жолдады. Ол онда 1986 жылдағы Ыстықкөлдін бірінші форумында қөтерілген мәселелерді осы күнге дейін естен шығарған жоқтығын атап көрсетті. М. Горбачёв Ш. Айтматовты – қырғыз халқының мақтанышысы – есте мәнгі сақтауына ризашалақ білдірді.

Ататүрк атындағы Тілдер, тарих және мәдениет орталығының басшысы Дарья Орс Ш. Айтматовтың өмірі мен оның шығармалары қырғыз қоғамы мен әлемге үлкен әсер етті деп атап өтті.

Қырғызстанда форум форматында ІV Халықаралық «Артордо» театр фестивалі өтті. Ол Қырғыз ұлттық академиялық драма театрыныда Ш. Айтматовтың «Пегий пёс, бегущий краем моря» романының негізінде жасалынған «Көз жетпейтін көк жиек» атты спектаклімен ашылды.

Форум дөңгелек столдар мен секциялар түрінде өтті. Онда Ш. Айтматовтың тұлғалық феномені, оның дүниетанымы, жазушының шығармашылығы әлем мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, қостілді (билингвальді) қаламгердің әлем мәдениетінің дамуына тигізетін әсері деген проблемалар қарастырылды. Жиынға қатусышалар сонымен қатар ұлттық, конфессиалдық және бүкіладамзаттық құндылықтар, өркениеттің дамуының жолдары, мәдениеттің көптүрлілігі және оның өзіндік ерекшелілігі диалог арқылы даму, шыдамдылық пен келісімділік, өзара келусішілік территориялардың әлеуметтік және мәдениеттік дамуының кепілі, тарихи-мәдени мұраның сақталуының стратегиясы мен тактикасы, білімнің, БАҚ-тар мен IT-коммуникациялардың жастарды мәдени дәстүрлерге деген сыйлаушылдықты қалыптастыруындаға ролі, осы форумның шығуы, қалыптасуы және оның ары қарай даму жолдары деген сұрақтар талқыланды. Қатысушылар Ыстықкөл форумы ғалымдар мен жазушылардың, суретшілер мен актёрлердің, қоғамдық қайраткерлердің глобальді құбылыстарды және одан шығатын проблемаларды талдауға арналған жұмыс трибунасына айналды және осы форум Ш. Айтматов Ыстықкөлде 1986 жылы өткізген бірінші жиынының жалғасы болды деп тұжырым жасады.

Бірінші форум КСРО-да 1986 жылы қазан айында қырғыздардың керемет өзенінің – Ыстықкөлдің – жағалауында өтті. Аты да осы жерде өткізілгеніне байланысты. Бірінші форумға Шыңғыс Айтматов бүкіл әлемге жаны ашитын прогрессивті ойшылдар мен қоғам қайраткерлерін, жазушылар мен актёрлерді, суретшілерді шақырды. Осы жиынға Шығыс пен Батыстың өздерінің принциптерімен әйгілі интеллектуалдары кейбір кезде үрей шығарып тұратын қарама-қарсы дүниеде не болып жатқанын талқылауға, дүниені нәсілге, конфессионалдық (діни), ұлттық және басқа да дискриминациялық белгілерге бөлмейтін адамдардың ойыларын білу үшін келді. Дүниені қалай мейірімдік жолына түсіру, ол үшін не істеу керек деген сұракқтарға жауап ізделінді. Осы форумда Кеңес Одағында емес бүкіл әлемде «жаңа тәсіл», «жаңаша ойлау», «дүниенің жаңа көрінісі» деген сөздер бірінші рет айтылды. Сонымен Ш. Айтматовтың Ыстықкөл форумы жаңаша ойлаудың ұрығы болды.

Бірінші форумның қатысушылары ғалым, ақын, дипломат, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Фредерико Майор (Италия), әйгілі музыкатанушы Нараньяна Менон (Үндістан), Рим клубының төрағасы Александр Кинг, жазушылар: Нобель сыйлығының иегері Клод Симон (Франция), Яшар Кемаль (Түркия), Артур Миллер мен Жэймс Бодуин (АҚШ), Лисандро Отеро (Куба); қоғам қайраткері Аугусто Форти (Италия), футуролог-ғалымдар Олвин және Элвин Тоффлер (АҚШ), актёр Дэвид Болдуин (США), актёр және жазушы Питер Устинов (Ұлыбритания), суретші Афеверк Текле (Эфиопия), композитор Зулфу Ливанели (Түркия) және басқалары.

Бірінші Ыстықкөлдің ұраны – «шығармашылық арқылы өмір сүру». Ш. Айтматов қаламгердің «бүгінде жаңа қызметі ашылды» («в наши дни обретает новую функцию») деген еді. Өнердің басты міндеті – адам туралы әңгіме барлық адам затының біртұтастығы туралы оймен толықтырылатынын көрсету.

Ш. Айтматовтың ойынша, ХХІ ғасырдың алдында қаламгерлердің барлық ойлары ең басты проблемада шоғырланады – «Жер деген планетасында адам адам болып қалу мәселесі». Сондықтан қатысушылар осы сұраққа жауап іздеумен қатар келешектің қалыптасу формасын жасау мен оны тарату туралы пікір алмасты. Форумның президенті болып Шыңгыс Айтматов сайланды.

1997 жылы өткен екінші Ыстықкөл форумында бірінші жиынның ойлары жалғастырылды. Сол кезде Ш. Айтматов: «Замануи өркениеті қоршаған ортаны, қоғамдық институттарды, тұрмыс қалпы мен ойлау қабілеттерді, тұрмыстық құрылысты екпінді түрде өзгертеді», – деген еді. Масс-медиа, көпшілік мәдениет адам санасын және планетамыздағы әр азаматтың өмірін бір ізге салады. Ш. Айтматовтың түсінігі бойынша, барлық дүние Европа мен Азияның, «Шығыс пен Батыстың ұлттық мәдениеттерінің күрделі өрнегі ретінде қалыптасады». Техногендік өркениет «ұлттық мәдениеттердің ынтасы әр халықтың «Мен» деген ерекшелігін сақтап қалуына» алып келді.

Бірінші форумнан кейін ширек ғасыр өтті, бірақ әлем қайтадан интеллектуалдардың диалогын қажет етеді, дегенімен планетада бүкіладамзаттық принциптерінен шегініс байқалынып тұр. Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте жас буынның біршамасы «идеологиялық вакуум» жағдайында тәрбиеленіп келеді, жеке басының саулығы мен тұтыну молшылығынан басқа құндылықтарды білмейді, өз ұлтының мүддесімен ортақтастығын сезбейді. Осындай рухани жағдайда әлеуметтік тұрақтылықты, ұлттық бірдейлігін дамыту мен сақтап қалуға қол жеткізуі өте күрделі мәселеге айналады.

Бүгін біз ойшыл Айтматовтың сезімі ақталды десек болады: дүние өзгерді, үндемеу дәуірі дүние салды. Халықтар есік-терезелерін кең әлемге ашуға тырысады. Ғылыми-техникалық революция оларға көптеген өзгерістер алып келді, өмір деген мүлдем өзгерді. Бүгінде жаһандандыру әр азаматтың, қоғамның, мемлекеттің, адамзаттың өркениетінің алдында жаңа кең көлемді проблемаларын паш етті. Енді жеке тұлға ретінде ме, жоқ жалпы халық болып па біз заманауидің жаңа шақыруына жауап беруге мәжбүрміз.

Жаңа мыңжылдықта дүниенің қарама-қарсылығы жанды түршіктірендіреді. Бір жағынан, ақпараттық кеңістіктің біркелілігі мәдени мен рухани біртұтастығына алып келеді, бірақ ұлттық, тұлғалық ерекшелік жойылуына жол береді. 1991 жылғы мемлекеттік межеленіп бөлінуі ұлттық сезімінің оянуына алып келді, сонымен қатар өмірдің барлық өрісінде бірігу саясаты екпінді түрде басып келеді. Осындай қарама-қарсылық дәуірінде әлем жалпы тарихи-мәдени бастамасын іздеу арқылы заманауидің ең күрделі проблемаларын шешуге жауабын табу қажет.

Үшінші Ыстықкөл форумында Қазақстан, Ресей, АҚШ, ТМД және басқа елдері бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғары оқу орындарының, қоғамдық мекемелерінің, өкілдері, әлеумет-, өнер-, мідениеттану, білім беру, тарих, эксперттері гуманитарлық кеңістіктің және мәдениеттердің әрекеттестігінің көзекті проблемаларын қарастырды. Форумда қазіргі заманғы жағдайда бір ғана дұрыс шешім ұсынатын белгіледі. Оны немістің ұлы ақыны Гётенің формуласымен айтуға болады: «Адамзат – халықтардан артық» («Превыше народов – человечество»).

Форумға қатысушылар үндеу қабылдады. Онда мәдениеттің түрлілігі өркениеттің ажыратылмайтын айрықша белгісі, адамзаттың жалпы мұрасы болады және барлық ұлттардың игілігіне сақталынуы қажет деп ескертілген; «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы ЮНЕСКО-ның мүшелігіне кіретін мемлекеттері 2005 жылы 20 қазандағы Париж қаласындағы қабылданған Мәдениеттердің өз-өзін білдіру формаларын сақтап қалу мен қолдау конвенциясына қосылу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Форумның үшінші күні Ыстықкөлдің жағалауында орналасқан «Рухордо» этнографиялық және әлемдік кешен-музейінде өтті. Бұл рухани орталығында Ш. Айтматовтың көркем әлемінің кейіпкерлерінің мүсіндері, суреттелінген табиғаты, қырғыз халқының өмірі кескіндемелерінде бейнеленген. Көрермендерге музейді жасаушылары – архитекторлары, мүсіншілері, суретшілері, дизайнерлері – «этнографиялық полотносының» арқауына үйлесімді түрде Шығыс пен Батыстың антикалық, ортағасырлық, Қайта өрлеу, Ағарту, жаңа және қазіргі заманның өнерлік, көркемдік, философиялық, ғылыми әлемін енгізгені үлкен әсер етеді. Мұнда Европа мен Азияның барлық материалдық, интеллектуалдық, рухани байлығы жинастырылған: ежелгі гректердің әйел құдайларының әсем түрінде жасалынған сымбат мүсіндері, терең ойлы философтары және гуманитарлық пен жаратылыстану ғылымдарының ғалымдары, ақындары мен жазушылары, батырлары және шешендерінің ескерткіштері. Кешеннін территориясының периметрі бойында орналасқан алты храм өздерінің айбындылығымен таңдандырады. Ол ислам, православие, католик, будда, иудей, Тәңір мешіттері мен шіркеулері. Әрине, әлемнің түрлілігін жағымды қабылдайтын адам осының бәрін қырғыз халқының бүкіладамзаттың құндылықтарына құрмет көрсеткен деп қабылдайды.


Абдыханов Уалихан Кибрайұлы,

филология ғылымдарының кандидаты,

ОҚМПИ-ның қазақ және әлем әдебиеті кафедрысының доценті


8(7252)42-52-72, +7747-210-90-67


E-mail: [email protected]


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Айтматов. Личная встреча

Автор: Бер Александр Иванович

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169571


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства