Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Сахна сыртынан
1- жүргізуші :Уа, халайық, халайық!
2-жүргізуші :Мұнда назар салайық!
1- жүргізуші :Мерекесі халықтың
2-жүргізуші :Алтын күзге арналған,
1- жүргізуші:Кешімізді бастайық!
Вальс: 8,9,10 сынып оқушылары
2-жүргізуші:Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.
Сахна сыртынан
1- жүргізуші :Уа, халайық, халайық!
2-жүргізуші :Мұнда назар салайық!
1- жүргізуші :Мерекесі халықтың
2-жүргізуші :Алтын күзге арналған,
1- жүргізуші:Кешімізді бастайық!
Вальс: 8,9,10 сынып оқушылары
2-жүргізуші:Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Күзгі баққа саяхат» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық. Күзде егін жиналып, құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?
2- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Ән: «Осень»
Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
Құтты болсын тойымыз Сәтті болсын ойымыз.
Бүгін менің мерекемде,
Той тойлайық бәріміз.
Ал құрметті қонақтар мен сіздерге құр қол келген жоқпын, сіздерге арналған мол сыйлығым бар. Ал ендеше мен сіздерге түрлі –түрлі жұмбақ жасырайын сіздер оны тауып мен алып келген сый- сыйапатарды иеленсеңіздер қалай болар екен.Келісемізбе?
1 жұмбағым: Жиын-терін болатын
Қамбаға астық құятын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
2-жұмбақ: Ал ендеше құрметті ұстаздар енді маған күз мезгілі жөнінде бірнеше анықтамалар айтсаңыздар.
3-жұмбақ: Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
4-жұмбақ:Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
5-жұмбақ: Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)
6-жұмбақ: Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (капуста)
7-жұмбақ: Алма дерсің түсіне қарап
Жүгері дерсің ішіне қарап
Татсаң тәтті бал шәрбатты (анар)
1- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.
2-жүргізуші:Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды
1-жүргізуші:Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көкжалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызылмидай
Қырмандақызыл алтын, қызылмаржан,
Жайнайдыжаратылысбергенсыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен.
2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешімізге келген қонақтар ендігі кезекте ең үздік корнавальдық костюмдер топтамасын тамашаласақ.
Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар, - дей келе ендігі кезекте бүгінгі «Күзгі баққа саяхат» күзгі балл кешінің кішкентай ғана бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар біздің «Күзгі баққа саяхат» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталып келуде бізге бүгінгі кешіміздегі «Ең үздік карновальдық костюм» номинациясы бойынша ең үздіктерді анықтап берсеңіздер, ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдыразаққызына берсек.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті сау саламатта болыңыздар.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше аман болайық ағайын!