Просмотр содержимого документа
««Кәсіптік білімге бағдар – басты міндет»»
Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ
Ата- аналар жиналысының тақырыбы: «Кәсіптік білімге бағдар – басты міндет»
Жауапты сынып жетекші: Садуакасова Г.К.
2016-2017 оқу жылы
Ата- аналар жиналысының тақырыбы: «Кәсіптік білімге бағдар – басты міндет».
Білімділік: ата- аналарға мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: ата – аналардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта балалары мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.
Тәрбиелік: бағыт-бағдар беріп, балаларының ойларын біліп, тиісті ақыл-кеңесін айтуға қалыптастыру.
Міндеті: мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Балаларының қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Балаларының құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», әңгіме, топпен жұмыс
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандыққа байланысты плакат, презентация көрсету, оқушылардың жұмыстары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Ата – аналарды түгендеу.
2) Күн тәртібімен таныстыру.
3) Топқа бөлу.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІІ.Ата-аналарға пайдалы мәлімет (постер жасау)
Ойланайық, пікірлесейік кезеңі
IV. Дәрігерлердің кенесі
V. Қорытынды ( Алма ағашы)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата – аналарды түгендеу. Күн тәртібімен таныстыру.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысымызға хош келдініздер!
Ата-аналар жиналысын бастамас бұрын топқа бөлінейк. Жиналысқа кіргенде алған жапырақтарыңыздың түсіне байланысты, үстелге жайғасып отырыңыздар.
ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болады. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалімнің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді. Сол себептен сіздерді осы пікір таласқа шақырып отырмыз. Бір бірімізге кеңес беріп кәсіптік бағдар туралы толық алып ақпарат алып балаларымыздың болашақта дұрыс кәсіп иесі болуға өз үлесімізді қосайық. Біздің гимназияда кәсіптік бағдар беруге ерекше көңіл бөлінеді.
ІІІ. Ата-аналарға пайдалы мәлімет. (алдарына таратылады)
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Сол себептен сіздерді осы 5 топқа бөліп отырғыздық. Алдарыңызда әр топқа мәлімет берілген, сол мәліметпен танысып, постер қорғайсыздар.
1 -үстел.Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
2 -үстел.Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
3 -үстел.Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
4 -үстел.Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
5-үстел.Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Ойланайық, пікірлесейік.
Біздің ортамызда әр –түрлі мамандарының иелері отыр. Бүгін ерекше дәрігер мамандығына тоқталсақ. Ортаға 8 «Ә» сыныбының ата-анасы Санбаев Махмутбай Санбайұлы шақырамыз.
Бірінші сұрақ: Қазіргі уақытта тұмау эппидемиясы болып жатыр, сол себептен көптеген балалар сабақты босатуға мәжбүр, осы аурудын алдын алу және балалардын еске сақтау қабілетін көтеру үшін қандай дәрумендер ішкен дұрыс?
Екінші сұрақ: Қыс мезгілі. Әр-түрлі жарақат алып қалуға ықтимал. Осыған байланысты, егерде бир жарақат алып қалса, тезірек сауығып кету үшін қандай кеңес берер едіңіз? ( ата-аналарға тағыда сұрақ қоюға ұсынылады)
Қорытынды
Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалім, тәрбиешінің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді.
Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Қорыта айтқанда, алтыннан да қымбат уақытымызды босқа өткізген жоқпыз деп ойлаймыз! Бүгінгі ата-аналар жиналысымыз балаларымыз болашақта мамандықты дұрыс таңдауға аз да болса дұрыс бағдар берді деген сенімдеміз.