kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдеби кеш "Жырлайды жүрек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың  85 жылдығына  арналған  әдеби  кеш.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдеби кеш "Жырлайды жүрек"»

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:Ақиық ақын,артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.

(Кеш «Аққу» биі арқылы ашылады.)

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

Жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған 5-11-сыныптар аралығындағы «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 
Бүгінгі кешіміз төрт бөлімнен тұрады.

І бөлім:  «Ақын келбеті». Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармалары.

ІІ бөлім:  «Поэзия - жүрек тілі».  М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.

ІІІ бөлім : «Аққудың қанатына жазылған сыр».  Поэмадан үзінді оқылады.

ІҮ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы»

           (Мұқағали туралы естеліктер айтылады)

І-бөлім. «Ақын келбеті». ( Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы)

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданында,Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты-Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,-деп еркелетіп,қысқартып Мұқағали атап кеткен. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газеттерде жарық көрген, содан Мұқағали шығармалары 1960-70 жылдары үздіксіз басыла бастайды. Бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, «Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де,лауазым атаққа да қызықпаған». Мұқағали Мақатаевтың «Қаламқас», «Қарлығашым келдің бе?,«Дариға жүрек»,«Аққулар ұйықтағанда»,«Өмір дастан» т. б.жыр жинақтары туған.Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Әкесі соғысқа кетіп оралмады. Соғыстың ауыр жылдарын басынан өткізді. Зерек, алғыр, өткір мінезді Мұқағали мектепке жасы толмай-ақ ерте барды. Мектепте үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың ұйтқысы болды. Өмірінің соңына дейін өлең жазды.

Ән: «Қарасаз» орындайтын Жеңіс Анасұлы.



ІІ бөлім:  «Поэзия - жүрек тілі».  М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.

 «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
Жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

«Әке аманаты» өлеңі- Шабдан Біржан.

«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі – Әнас Заида

«Әжеме» - Камидуллина Дилназ

Жүргізуші: Ақынға не керек болды бұл өмірден? Өмірді соншалықты сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.

Оқитындар:«Өмір жайлы» өлеңі- Ташев Нұрсұлтан

«Нені аңсаймын» өлеңі – Әнас Иманғазы

«Солай!!!» өлеңі – Балтабек Гауһар

«Фаризаға» - Сұңғат Гүлназ

Жүргізуші
Сен қазақтың қазақтығын жырладың, 
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын. 
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген 
Қара өлеңің-жалындаған жырларың.

«Қара өлең» - Гүлраушан

 «Ғашықпын» өлеңі- Мәсәлімова Айжан

«Аңса жаным» өлеңі- Сағымбай Нұрлыбек

«Шыда, шыда тағы» өлеңі –7-сынып оқушысы Мәсәлімова Гүлсән

Ән: «Иіскейін» орындайтын Бақытжан Жатайұлы.

Жүргізуші: 
Зулап күндер, жылдар аунап барады, 
Жылдарыңнан қазақ бақыт табады. 
Қадіріңді сәл кешірек білсек те, 
Мәңгі есімің жадымызда қалады. 

«Арыз жазып кетейін» өлеңі – 9-сынып оқушысы Жұмабаева Айдана

«Досыма» өлеңі- 8-сынып оқушысы Ташев Ербұлан

Ән: «Соқпақ» орындайтын Олжабек Жексенбайұлы.

Жүргізуші: Мұқағали -лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің

жыршысы. Өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.Оқитындар:

«Қарасаз» өлеңі- 5-сынып оқушысы Сағымбай Аружан.

«Отан» өлеңі – 8-сынып оқушысы Асылхан Гүлнұр

«Елім барда» өлеңі- 8-сынып оқушысы Сұңғат Асылбек.

Ән: «Туған өлке» орындайтын Рабиға Қапарқызы.

Ән: « Сарыжайлау» орындайтындар Анас Иманғазы мен Жарас.

ІІІ бөлім : «Аққудың қанатына жазылған сыр».

Жүргізуші:  «Аққу-киелі құс».Олар екеу болып қана өмір сүреді.Аққуды қазақ ежелден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады.Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. 
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар, 
Қош енді,қош болыңдар гәкку-наздар! 
Кеудемде күңіренген дастан қалды, 
Киелі қанатымен аққу жазған. 

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқитын 5-сынып оқушысы Еркін Алмаз.

«Алтай - Атырау» поэмасынан үзінді – Құсайын Айдос

«Алтай - Атырау» поэмасынан үзінді оқитындар 5,6-сынып оқушылары – Жасқанат, Иманғазы, Біржан, Нұрсұлтан, Алмаз

Ән: «Сенің көзің» орындайтын Құттыбек Бақытжан.

ІҮ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы»

           (Мұқағали туралы естеліктер айтылады)

Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

                     Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                     Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                      Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.

ІҮ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы»

Естеліктерден үзінділер.

 Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы)

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек...

Фариза Оңғарсынова

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

         Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

       Нұрғиса Тілендиев

  1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

       Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:

       -Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.

         Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға...Осының өзі қалай болар екен...

    Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?     

    Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

„Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

Әбіш Кекілбаев

Мұқағали – қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол – шын мәніндегі ұлттық құбылыс… Ол халық болмысымен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс. Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді.

Оразақын Асқар

Мұқағали менімен танысқан кезінде 1955 жылы ауылда қазақ мектебінде орыс тілінен сабақ беретін мұғалім екен. Жасы жиырма бестерде. Орыс тілін өздігінен меңгерген. Ауылда, ауданда, мектептерде кітапханалардың бәрін де оқып алған еді. Сонда Лашынның інісі Мәскеуде жұмыс жасайды екен. Сол жігіттен арнайы Ресейден кітаптар алдырады екен. Мұқағали өзін өзі оқытып, өздігінен білім алған. Бір қызығы, Казгудың филология факультетіне түсіп, екі жылдан кейін ол жақтан шығып кеткен. Одан кейін ақын шет тілін білуі керек деп, неміс тіліне қызығып, шет тілдері институтына оқуға түскен. Оны да солай тастап кеткен. Тіпті Мәскеудегі екі-ақ жыл оқытатын Горкий институтына түсіп, келесі жылы кетіп қалған екен. Өзінің күнделігінде жазады ғой, «білімім орташа, бірақ жоғарыдан кем емес» деп. Ол расында да артық білген. Алла оған дарын берген.

Азаматтығын айтар болсақ, Мұқағали өте ашық мінезді, керемет адам болған. Ол өзінің жазғандарының дәрежесіндегі кісілерді өзіне дос деп есептейді. Сондай жағдайда жалғыздық көргенін байқаймыз. Ал қоғамдағы қарым-қатынасына келер болсақ, ол өте тілтапқыш, бір көргеннен сөйлесе кететін адам болатын. Достарына келер болсақ, Шәмілмен, Төлегенмен, Оспанханмен, Қадірмен, Тұманбайлармен дос болды ғой.

Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

«Арыз жазып кетейін» өлеңі – Қайыр Жасқанат
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

Жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

Жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

Жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

Жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдеби кеш "Жырлайды жүрек"

Автор: Шуленова Баглан Шуглиновна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»"
    ["seo_title"] => string(71) "mu-k-ag-ali-mak-ataievk-a-arnalg-an-diebi-sazdy-kiesh-zhyrlaidy-zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "281978"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453632771"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«Жырлайды ж?рек» "
    ["seo_title"] => string(19) "zhyrlaidy-zhuriek-1"
    ["file_id"] => string(6) "174903"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424189371"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Жырлайды жүрек""
    ["seo_title"] => string(19) "zhyrlaidy_zhuriek_1"
    ["file_id"] => string(6) "432657"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508160344"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "«А??уды? ?анатына жазыл?ан жыр» М. Ма?атаевты? ту?ан к?ніне арнал?ан ?деби-сазды кеш "
    ["seo_title"] => string(94) "ak-k-udyn-k-anatyna-zhazylg-an-zhyr-m-mak-ataievtyn-tug-an-kuninie-arnalg-an-diebi-sazdy-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "203510"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429509840"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "«А??уды? ?анатына жазыл?ан жыр» М. Ма?атаевты? ту?ан к?ніне арнал?ан ?деби-сазды кеш. "
    ["seo_title"] => string(96) "ak-k-udyn-k-anatyna-zhazylg-an-zhyr-m-mak-ataievtyn-tug-an-kuninie-arnalg-an-diebi-sazdy-kiesh-1"
    ["file_id"] => string(6) "203515"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429511302"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства