kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бозбала мен бойжеткен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бозбала мен бойжеткен сайысы қыз бен жігіттің жалпы білімін өнерін көзқарасын сөйлеу шеберлігін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бозбала мен бойжеткен"»

Форма заявки на публикацию материала на сайте.

Фамилия ,имя,отчество (полностью)

Досмаганбетов Сайлау Женисович

Найменование учебногого заведения

Учереждение «Костанайский гуманитарный колледж»

Страна,область,город.

Казахстан, Костанайская область, г.Костанай.

Должность.

Преподаватель

Название работы для публикации

«Бозбала мен Бойжеткен » байқауы













































«Бозбала мен Бойжеткен » байқауының әзірлемесі.

Мақсаты.Қыз-жігіттеріміздін бойындағы әдемілік,сыпайылық,серілік қасиеттерін дәлелдеп,өзгелерге үлгі ету,қоғамға жағымсыз қасиеттерден арылып,мәдениеттілікке тәрбиелеу,ұлттық өнерді жастарымыздың бойына сіңіру,беймәлім тұстарын үйрету және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру,студенттердін бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасу,жастар арасында Отансүйгіштік қасиетін дарыту,еліміздің патриоты болуға шақыру.

Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайдтар.әуендер.
Барысы:
1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!15-сәуір ғашықтар күні. «Қозы көрпеш - Баян сұлу» күні.

2 -Жүргізуші:

Бүгінгі біздің кешіміз ерекше. Біз балалығымызды тастап, бір қадам болса да алға аттап, бозбала мен бойжеткен атандық. Яғни бүгінгі кешіміздің тақырыбы: «Бозбала мен бойжеткен» деп аталды

1 -жүргізуші:

Қанша ғашық арманына ұмтылды,

Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды,

Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат,

Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!

2-жүргізуші:

Шуақ шашып қап - қараңғы түнектен,

Ғашықтарды пәк сезіммен нұр сепкен,

Жарық болсын әрқашан да жұлдызың,

Құттықтаймыз Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен !!!

1-жүргізуші: Сан мыңдаған ғасырлар бойы аттары аңызға айналған жұптардың жалынды жырлары мен махаббат хикаялары күні бүгінге дейін сақталып отыр.

2-жүргізуші: Бүгін біз барша адамзат аңсаған ұлы сезім махаббатты жырласақ дейміз.

1-жүргізуші: Олай болса ұлттық ғашықтар күніне орай ұйымдастырылып отырған " Бозбала мен бойжеткен " махаббат кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Бозбала – он үш пен ­­кә­­ме­­лет жасы аралығындағы ұл-жет­­кіншек. Бозбаланы, әдетте, жаны таза, ары биік, ізетті жас етіп тәрбиелеуге мән берген. Өмірдің түрлі жағдайларында өз қабілеті мен мүмкіндігін сынауға ұмтылу – бозбалаға тән қасиет. Сол себепті бозбала өмірге құштарлығымен, қызығушылығымен, әсерленгіштігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар «бозбалалық» сөзі «жастық желік», «албырттық», «қызыққұмарлық» ұғымында қолданылады. Есейген сайын бозбаланың ой-санасы, қарым-қабілеті жетіліп, қиындықтарға шыңдала түседі. Қазақ халқы «он үште — отау иесі» деп бозбаланың мойнына отбасы жауапкершілігін артқан. Қазақта бозбаланы бала жігіт, бозбелбеу, қатпа бала, ат жалын тартып мінген кез, аузынан мәйегі тамған, уыздай жасөспірім шақ, бөрік киген деп те атайды.

1-жүргізуші
Бойжеткен – балиғатқа толған, бой түзеген қыз-жеткіншек. Халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналады, оның шекелік, сырға, алқа, өңірше сияқты әшекейлер тағынып, сәнді киінуіне, жалаңбас жүруден гөрі тақия немесе бөрік киіп жүруіне назар аудара бастайды. Атастырылып немесе қалыңдық болған кезінде білезік, жүзік, сақина, шашқа шолпы сынды әшекейлер косылады.
Қазақ ұғымында бойжеткен уыздай тәтті еркелігімен, наз­ды қылығымен ерекшеленіп, өз абыройын, намысын берік қорғайтын, инабатты, биязы ару болу керек. Елі, рулы қауымы жатжұрттық саналатын қызды оң жаққа төрге отырғызып еркелеткен, «Қызға қырық үйден тыю» жасап, намысын қорғап, арының аяқасты болмауын қадағалаған. Жеңгелері бойжеткенге «еркежан», «сырғалым», «күлімкөзім», «ақмаңдайлым» деп ат қойып, қашан «жатжұрттық» болғанша аялап өсіруді міндетіне алған.
Он екі де бір гүлі ашылмаған – оңы мен солын тани қоймаған бойжеткен. Көк өрім – жас буын жеткіншек.

 2-жүргізуші: Ал, ендеше сайысымызды бастаймыз!

1-жүргізуші: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1-кезең.  «Беташар» "Тегін білген текті елдің ұрпағымыз" деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін салт-дәстүр бойынша таныстырады

.2-кезең. «Ситуациялық сұрақтар,немесе жанды сұрақтар» "Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?" деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.


3-кезең. «Ойын»  «Сиамдық егіздер деп аталады» Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреудің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі.Сіздер оны қағаздан жұлдызша қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер!


4-кезең. "Поэзия патшалығында" ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу.


.5.-кезең. . «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету.Өлең айту,би билеу,тақпақ айту,әзіл айту..)

2 -жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржаны сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді.

-жүргізуші:

Бүгін біздің аламанда дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін

Қош келіпсіз көрермендер, сергісін бой, -демекші, сайысымызды бастамас бұрын ортаға, осындай пәк махаббат иелерінің ,осы сайысқа қатысушы жұптарды шақырамыз.

1-жүргізуші: «Сүйген жарым, сүйенген жарым – сенсің»,

Деп Қалқаман Мамырмен серт етіскен.

Көкенайдың садағы екі айырып,

Қос ғашық амалсыздан «Хош!» десіскен.-деп ортаға 1НОБ-7 тобының «Қалқаманы мен Мамыры » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды шақырыйық.

. 2-жүргізуші: Қалың қыпшақ қолы үшін,

Атқа мінген Қобыланды,

Бағалар адалдығы үшін

Сүйікті жары Құртқаны-деп ортаға 2МДТ-8 тобының «, Қобыландысы мен Құртқасы » Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді шақырайық

.

1-жүргізуші: Халқымыз ардақтаған хас батырды,

Мадақтап ұрпағына үлгі тұтты,

Шақырайық ортамызға Алпамыс пен

Батырдың жан серігі Гүлбаршынды.

Ортаға 2Қ-17 тобының Алпамысы мен Гүлбаршыны Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз.

2-жүргізуші: Жауына қарсы шапқанда қабағы тастай түйілген,

«Ақжүністей аруым» деп жүрегі езілген.

Шақырайық ортамызға зор ілтипат көрсетіп,-деп 1АІ-19 тобынын «Ақжүнісі мен Тарғыны»Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов Қайсарды.

1-жүргізуші: Жартас тауда кездесіп бір-біріне,

Сырласқан ғашық болып күнен күнге

Бүгінгі басқосудан қалмайық деп

Еңлік пен Кебек те келді міне.

1МДТ-9 тобынын «Еңілік пен Кебегі»Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман.

2-жүргізуші: Ғашықтықтан айналған аты аңызға,

Ем бар ма екен жүректің жарасына.

Мұңды арман, пәк махаббат иелері

Төлеген мен Жібек келсін ортамызға.

2АІ-18 тобының «Төлегені мен Жібегі» Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

1-жүргізуші: Жыр жолдарын жадымызға жаттайық,

Осылардай сертке адал болайық.

Шынайы махаббаттың қос шынары,-деп 2НОБ-6 тобының «Қозы менен Баяны» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді қарсы алайық



1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жұп: Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

3-жұп: «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

4-жұп: Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз.

5-жұп: Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

6-жұп: «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

7-жұп: . «Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім


. Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Биссимилда деп бастайық сайысымызды,

Аруағы бабалардың қолдап алар

дей келе, сайыс заңы бойынша әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


1. Директордын тәрбие жөніндегі орынбасары: Мешелова Р Ж. 2. . Директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бимендина М М 3. Қазақ тілі және әдебиет пәнінін оқытушысы: Нұржан Г Т.

4. Математика пәнінін оқытушысы –Ерманова С Е.. 5. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандағынын оқытушысы:Жайлыбаева Ж А.-2жүргізуші. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, сән үлгісі киіміне, жүріс-тұрысы тәртібіне де қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.

1-жүргізуші. Бұл сайыс барысында қатысушы қыз - жігіттер бірігіп, сайыс шарттарын орындауы тиіс, өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады

2- жүргізуші: Біз алдымен қай жұп бірінші болып бастайтынын анықтап алайық. Ол үшін әр жұптың арулары мына қоржыннан асық таңдайды. Әрбір асық нөмірленген. Нөмір саны бойынша сайыскерлер байқауды бастайды

«Ән көңілдің ажары» демекші сайысымызды ән шашумен бастауға рұқсат етіңіздер

Таныстыру бастамасы сайыстың,

  Әділдікпен оза шауып байысқан.

  Кел, бозбала мен бойжеткен танысайық бәріміз

Әдеппен ен өздеріңді таныстыр


1-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы шартына көшейік. Сайысымыздың алғашқы шарты :

1-кезең.  «Беташар» "Тегін білген текті елдің ұрпағымыз" деп аталады. Бұл бөлімде әр жұп өздерін салт-дәстүр бойынша таныстырады

2-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2- жүргізуші:
Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
1- жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Молдашова Арай мен Отызбаева Ақмаралдын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

2-жұргізуші.Рахмет.

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен арулар.

Қойылғанда төмендегі сұрақтар, дей келіп, кезекті ІІ бөлімге береміз.

1-жүргізуші

.2-кезең. «Ситуациялық сұрақтар,немесе жанды сұрақтар» "Ұшқыр ойлы, жүйрік қиял жұпсың ба?" деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына байланысты сұрақтарға жауап беріледі.

2-жүргізуші

Экраннан бейтаныс адам сұрақтар қояды,сол сұраққа жауап беру үшін жұптарға ойлануға екі минут беріледі. дұрыс жауап 5-бал.

1-жүргізуші .1.жұп. 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Мұрат Тоғжанның орындауындағы биді қабыл алыңыздар



1990 жылдары  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді мереке ретінде тойлау туралы бастама көтеріп, ол көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Рас, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады.

«Қазақ халқының ғашықтары кім дегенде, әуелі көз алдымызға Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың бейнесі елестейді. Қанша ғасыр өтсе де, олардың кіршіксіз сүйіспеншілік сезімдері ұмытылмай келеді.

. Бұл күнді атап өтудің маңызы зор. Себебі, қоғамда «Әулие Валентин» күнін ғашықтар мерекесіне теліп, адасып жүрген жастарымыз қаншама?! Жалпы, махаббат сезімі қыз бен жігіттің арасындағы іңкәрлікпен шектелмейді. Әрбір адамның жүрегінде жаратушы Аллаға, ата-анасына, туған-туысына, Отанға, ұстазына деген махаббат мәңгі жасай береді. Махаббаттарыңды аялаңдар, бір-бірлеріңе мейірімді, кешірімді болыңдар»,

 1-жүргізуші

Тәп-тәтті еді қандай шіркін көздері,

Егіздердің басталмақшы өнері.

Егіздер келіп түсті сайысқа,

Өнерлерін көрсетсін келіп өздері.

 

3-кезең. «Ойын»  «Сиамдық егіздер деп аталады» Дене мүшелері бір-біріне қосылып туылған егіздерді «Сиамдық егіздер» дейміз Енді сіздер сондай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреудің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі.Сіздер оны қағаздан жұлдызша қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов Қайсар

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
1-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша, кезекті «көрермендермен ойын»атты айдарға береміз,Саханаға төрт жұп шықсын.

Көрермендер қандай жұптын жеңгенін анықтаңыздар

 « Мәдениет деген не?»
Біздің көрермендеріміз өте мәдениетті деп ойлаймыз.Ер балалар қазір қыздарыңызды мәдени және демалыс орындарына шақырасыздар. Ал, қайда шақыратындарыңызды мимикамен көрсетулеріңіз қажет.Ал, қыздар шақырған жерді шешуі керек.Мына қағазда баратын жердін атаулары,өздерін таңдап алыныздар.


1. театр
2. ресторан
3. концерт
4.кино
5.көрме
6.музей
7.туған күн
8. Саяхат

2-жүргізуші

Көрермендер қандай жұптын жеңгенін анықтадыңыздар ма?

Онда жеңген жұпқа сыйлық тапсырылады.

.Жұптарға рахметімізді айтып,орындарына шығарып салайық.

1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан,
әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! 

2-жүргізуші: Ия, қандай керемет өлең жолдары. Бұл Мұхтар Шахановтың поэзиясынан алынған емес пе?

1-жүргізуші: Дәл таптың, осынау ұлы сезімді жырламаған ақын жоқ шығар?! Ендеше мен жақсы көретін келесі бөлімімізге де кезек берейік. 4-кезең. "Поэзия патшалығында" ақындардың махаббат туралы шығармаларын сезімге беріле жеткізу

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

2-жүргізуші. Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік
1-жүргізуші. Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша Болатова Айдананын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Айдана рахмет.

2- жүргізуші:

Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» - деп кезекті . соңғы бөлім
1 - жүргізуші:
5.-кезең. . «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету.Өлең айту,би билеу,тақпақ айту,әзіл айту..)

1-жүргізуші 1-жұп: Қалқаман мен Мамырды » Сапабек Самат пен Амангелді Айжанды
2-жүргізуші. 2.жұп. Қобыланды мен Құртқаны Еркетай Қажымұқан мен Әмірбек Данагүлді

1-жүргізуші. 3.жүп. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» Жәркенов Руслан мен Алтынбай Әселді

2-жүргізуші . 4.жұп. Алпамыс пен Гүлбаршынды Қанаев Бекжан мен Абенова Ботагөз

1-жүргізуші .5.жұп. Ақжүніс пен Тарғынды Отызбаева Ақмарал мен Мырзагулов

2-жүргізуші. 6.жұп. «Еңлік пен Кебек» жұбы Кеңес Айдана мен Какимжанов Аман

1-жүргізуші. 7.жүп«Қыз Жібек пен Төлеген» жұбы Нұрсұлтан Жандос пен Төлепова Әйгерім

Бозбала мен бойжеткенімізге көп рахмет.

2-жүргізуші

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады.

Осындай, махаббат туралы керемет айтылған сөздерден кейін қалайша осы өмірде махаббатты жоқ деуге болады. Махаббаттың құдіреттілігінің арқасында осындай сөздер, осындай тамаша туындылар, өлеңдер дүниеге келеді. Махаббат жоқ жерде өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Өз заманымызға лайықты махаббатымыз да бар. Тек сене білу керек. Жүректе пайда болған махаббат сезімін аялай білуіміз тиіс. Тұманбай Молдағалиев айтқандай:

Армандаңдар, ақ арманға шөлдеңдер,

Қайда барсаң көлеңкелер көлбеңдер.

Мен өлгенде көмулерін заңды ғой,

Бірақ менің, махаббатымды көмбеңдер.

-жүргізуші

Өнерліге ешкімнің де жоқ таласы,

Сайыстың сараланар ақ қарасы.

Жеңімпаз топ қайсы деп, далмыз қазір,

Оны міне анықтайды, әділ қазы бағасы


2-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарып болғанша мына әсем әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, -

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.


  1. «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» номинациясын

  2. «Жарасымды жұп» номинациясын

  3. «Өнерлі жұп» номинациясын

  4. «Ең көрікті жұп», номинациясын

  5. «Ең епті жұп», номинациясын

  6. «Ең талантты жұп» номинациясын

  7. «Көрермендер көз айымы жұбы»номинациясы 2.-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті көрермен қауым және қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бозбала мен бойжеткен"

Автор: Досмаганбетов Сайлау Женисович

Дата: 30.10.2017

Номер свидетельства: 435424

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Бозбала мен Бойжеткен» сауы? кеші"
    ["seo_title"] => string(34) "bozbalamienboizhietkiensauykkieshi"
    ["file_id"] => string(6) "295010"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455773295"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Сайыс: Бозбала мен бойжеткен"
    ["seo_title"] => string(28) "saiysbozbalamienboizhietkien"
    ["file_id"] => string(6) "334878"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1466063297"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Бозбала мен бойжеткен"
    ["seo_title"] => string(23) "bozbalamienboizhietkien"
    ["file_id"] => string(6) "300808"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456805355"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty1"
    ["file_id"] => string(6) "301482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929985"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства