kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Біздің елдің жігіттері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жамбыл ауданының тумасы Есенқұл Жақыпбековтың туған күніне арналған тәрбие сағаты.Есенқұл Жақыпбековтың өмірі мен шығармашылық өнері туралы жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Біздің елдің жігіттері"»

06.01.2017 жыл

Тақырыбы: «Біздің елдің жігіттері»

Мақсаты: Есенқұл Жақыпбековтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу. Оқушыларды көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу, сөйлеу мәдениетін дамыту

Мұғалім: Айналайын ағайын!

Сендермен жерді бір басқан,

Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан,

Өмірі – өлең, жыр – дастан,

Менде де арман жоқ шығар – деп жырлаған ауданымыздың азаматы ақын Есенқұл Жақыпбеков 1954 жылы 10 ақпан күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Әкесі Серікбай өлеңді суырып та, жазып та айта беретін. Өзі шертпе күйдің шебері. Ал ақынның анасы Елизавета Яковлевна Свечкарева сонау екінші дүние жүзілік сұрапыл соғыстың зардабынан тұлдыр жетім қалған балалар қатарында Қазақстанға Украинадан арып – ашып жеткен он жасар қыз екен.Самсыдағы Керім деген жақсы адам жүк вагонынан түсе салысымен қамқорлығына алып тәрбиелеген. Бойжеткен шағында әкесі Серікбаймен отбасын құрады. Отбасына жеті ұл, екі қыз дүниеге келеді.

Ал енді балалар Есенқұл аталарың туралы қандай мәліметтер білесіңдер сол туралы айтып берсеңдер.

«Сыр сұхбат» телебағдарламада ақынның берген сұхбаты.



Айсұлу Есенқұл Жақыпбеков Көкөзектегі 8 жылдық мектепті бітіреді.Ұзынағаштағы мектеп – интернатта біраз оқып жүріп, 1969 жылы Шамалғандағы № 93 кәсіптік – техникалық училищесінің «тас қалаушы-монтаждаушы» мамандығын игеретін бөліміне түседі. Екі жарым жыл сол жерде оқиды. Екі жыл әскер қатарында болады.

Нұртілеу: 1974 жылы қыркүйек айынан бастап ол корректор, тілші, хат және бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі міндеттерін мінсіз атқарып, он жылдан астам уақытта журналистиканың қыр-сырын жетік меңгереді.

Айбар: 1980 жылы сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, білімін шыңдайды.Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, 1984 жылы өткен телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш жеңімпазы, Біржан сал атындағы сыйлықтың иегері, қазақ әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10жыл», «Астанаға – 10жыл» мерекелік медальдарының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, есімі «ХХІ ғасыр жазушылары» энциклопедиясы мен «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығына енген республикаға танымал ақын, ҚР Президенті стипендиясының иегері Есенқұл Жақыпбеков 2006 жылы қыркүйек айында бір кезде өзін баулып өсірген бұрынғы «Екпінді еңбек», қазіргі Жамбыл аудандық қоғамдық – саяси «Атамекен» газетінің тізгінін ұстады.

Сымбат: Газет басшысы ретінде тер төккен бес жылында ол Алматы облысы әкімінің, Жамбыл ауданы әкімінің, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының және Жамбыл аудандық бөлімшесінің «Алғыс хаттарымен», Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің дипломымен, Алматы облысы әкімдігінің І-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Өзінің 45 жылға жуықтаған жарқын шығармашылық жолында ол 10 кітап, бірнеше ән шығарды, оның өлеңдерін оннан астам композиторлар өз әндеріне таңдап алып арқау етті.





Есенқұл ,Есенұлым ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер.

Иа балалар, Есенқұл Жақыпбеков атамыздың өлеңдерін мақтау үшін кітабының әр бетін ашып көре беруге болады. Образды сөздер, ойлы шумақтар, айшықты теңеулер, афоризмдер, халық поэзиясынан келген әшекейлер ақынның шығармасын сәндендіріп те, нәрлендіріп те тұрады. Ендеше ақынның өлеңдеріне кезек берейік

Нұралы ӨЗІМІЗ

Қиянатты көріп тұрып көзіміз,

Шеннен қорқып, шегіншектеп көбіміз.

Жылы жауып шектен шыққан қылығын,

Дейтін болдық өзіміз ғой, өзіміз.

Ол найсапқа өтпеген соң сөзіміз,

Дейтін болдық өзіміз ғой, өзіміз.

Екі қолын қанға малып тұрса да,

Көрмейтұғын болды оны да көзіміз.

















Жандияр

Өмір сүргім келеді, өмір сүргім,

Неге өмірде мен осы көңілсізбін?

Көңілімді сол менің ұға ма деп

Көрінгеннің көзіне көзім сүздім.

Өмір сүргім келеді, өмір сүргім,

Құрсын берген көмегі көңілсіздің,

Қайтсем осы жанымды бағамын деп,

Жаны аяулы жақсыға жағамын деп,

Бекер өтіп барады өмір бұл күн,

Еңбегің еш, тұзың сор, тегін сүргін,

Өліп – өшіп өмірдің көбін сүрдім.

Елден бөлек оңаша елес қуып,

Мен де өзімше келеді өмір сүргім.

Айгерім:

АУЫРМАШЫ ЖҮРЕГІМ

Қара тізім ішінде аты-жөнім,

Тұрғандай бір сыздады көкірегім.

Мен туралы ештеңе сұрамашы,

Сұрамашы, сұрама өтінемін.

Бағынумен әпенде әмірлерге,

Өтіп бара жатырмын өмірден де.

Қадірлеймін барлығын бірақ менің,

Өзімі-өзім құқым жоқ қадірлеуге.

Сырласым да жоқ менің сыйласым да

Біреулермен мәжбүрмін сыйласуға.

Жүрегімді ауыртып алам ылғи,

Болмаған соң титімдей ми басымда

Жалп етсе де жапалақ жасқанамын,

Ауырмашы жүрегім сенен басқа,

Арқа сүйер жоқ менің тас қамалым

Ақынның өлеңіне жазылған әндерді тыңдату

Алдай-ау-. Алдау-ау өлеңі.

Жамбыл ауданы, Өзіңе арнап. тб







Қорытынды Жерің-ай сенің, Ұзынағаш пен Қарғалы,

Өзіңде туған адамның бар ма арманы?

Көзіме ыстық елімнің осы бар маңы,

Сағынып сені салмасам әнге болмады - деп жырлаған ақынның әлі де берері мол, тума талантты шығармашылығының нағыз кемелденген шағында мейірімсіз ажал 2013 жылы 14 қарашада алып кетті. Өлең өлкесінен ойып алған өзіндік орны, аяулы бейнесі ел есінде сақталып, ақмаржан жырлары халқымен бірге жасай береді.Ақын өлеңдері біздерге мәңгі мұра болып қалды. Ол өлеңдер әлі талай жылдар бойы өз оқырмандарын тамсанта береді деген сенімдеміз.





























Тексерілді



«А.Қарсақбаев атындағы МДШО бар орта мектебі » КММ



Біздің елдің жігіттері





Козбагарова Г.М.





























30.01.2017ж

Тақырыбы: Универсиада -үкілі үміттер бәйгесі

Мақсаты: Қазақ елінде тұңғыш өткізгелі отырған Дүниежүзілік қысқы Универсиада туралы мәлімет беру

Универсиада - дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар 2 жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.

Спорттың он екі түрінен өткізілетін дүниежүзілік додаға әлемнің 60-қа жуық елінен 2 мыңнан астам студент – спортшысы келеді.

Жарыстар біздің елде өтетін болғандықтан, әрбір спортшы үшін абыройлы болу мәртебе.Біздің спортшыларымыз да әлемдік жарысқа сақадай сай.































Универсиада - дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар 2 жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.



Тақырыбы: « Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы»

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту.

МҰҒАЛІМ: әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі өнегесімен, ата әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық, тәрбиелерімен бойына сіңеді.Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Мұғалім: - Қане, балалар, ұлы данамыз Әл – Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?

Аяжан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

МҰҒАЛІМ: - Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп- тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы» деп аталады.

Ал балалар «әдептілік» туралы пікірлеріңді айтыңдаршы

Жанель: Әдептілік дегеніміз – адамдардың өзара жақсы қарым –қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Спандияр: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.

Нұрислам: Әдептілік дегеніміз- әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да- әдептілік.

Мұғалім: Иә, енді тәртіп туралы не айтамыз.

Айдынбек: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Бауыржан атамыз бізді тәртіпті болуға шақырған.

Мейрамбек:Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын- сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез –құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қарақат: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.

Мұғалім: Ал, балалар, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Енді сұрақтар қояйық.

  1. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

  2. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?

  3. Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

  4. Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?

Қорытынды. Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе. Ақын Олжас Сүлейменов « адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де, сауатты, ізгілікті іс.









«Ел боламын десең бесігіңді түзе»

М.О.Әуезов



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»

Әбунасыр Әл –Фараби





«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»

Жүсіп Баласағұни





« Тәртіп- тәрбие бастауы,

тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы»























Тақырыбы: Дос және достық

Мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру;

Оқушылардың достық туралы ой пікірлерін қалыптастыру

Достықты қадірлей білуге тәрбилеу; адал дос таба білуге баулу

Сабақтың әдісі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер

Мұғалім: тәрбие сағатымызды бастамас бұрын грек философы,ғалым, ойшыл Аристотелдің сөзі есімізге түсірейік «Достық –өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес»

Қандай адамдар досқа лайық?

Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін – бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір –біріне тірек, медет болуынан,қам қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.

Мұғалім:1. ДОС деген кім? (оқушылар жауап береді)

1) сыр бөлісетін адам

2) мені өте жақсы түсінетін адам

3)көмекке әрдайым дайын адам

4) қандай жағдай болмасын бірге болатын адам

5) сенімді адам

2. Достық дегенді қалай түсінеміз

3. Досың бар ма? Ол кім?

4,Достық жасқа байланысты ма?

5.Қыз бала мен ер баланың арасында достық болама?

6.Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7.Дос қандай болу керек?

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде оның замандастары:

-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:

- достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық дейді. Ал сендер қалай түсінесіңдер.( оқушылар өз ойларын айтады)

І топқа. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып

-Досым маған көмектесіп жібер деп өтініпті.

-Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой, депті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты.
- Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұяласд остарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп:

- Не істепжүрсің? - депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
ІІ топқа. Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір – ақ нәрсе беремін. Ол өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады: маған екі көзің керек, дейді қолбасы, екі көзіңді ойып аламын!
ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, дейді жігіт.
Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп кележатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңуқиынға соғады екен, деп түйіпті.

Ал сендер балалар осы әңгімеден түйгендеріңді айтып беріңдерші?

Менің ойымшанағыз дос... (Эссе жазу)

Бүгінгі тәрбие сағатымызды төмендегі өлең жолдарымен қорытындылайық


Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орыналған жүректің бір түбінен.
5. Нағыз достар бір – біріне ұнаған.
Қиындықта бірін – бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.




































Тәрбиесағаттақырыбы: Досжәнедостық
Тәрбие сағат мақсаты: Достық, сыйластықтуралыпікірлесеотырыпоқушыларарасындасезімқалыптастыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Маркер, сұраунамақиықшалары, сызбалар, түрлітүстіқағаз, қайшы.
Іс-шараныңұраны: “Доскөңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардыңпсихологиялық дайындығына көңіл бөлу.
ІІ.Оқушыаудиториясы не дейді?
Тақырыптыашусұрақтары.
1) “ Досдегенкім?”сауалынасызбаарқылыжауап беру.
2) Достықдегендіқалайтүсінеміз? ( жауаптысуретарқылыбер. Әрбір оқушыөздерісалғансуретбойыншатүсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Олқандай?
4) Достықшынайысезімбе, әлдежайұғым ба?
5) Досыңыздыңбасынақиындықтүсті, не істейсіз?
6) Достықжасқабайланыстыма?
7) Жақсыдос, жамандосқандайболады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланыңарасындадостық бола ма?
10) Сізүшінеңмаңызды мәселе?
11) Меніңдостарымкөп болу үшін не істеуімкерек?
Достық
Әйтімбетдегенсөзгешешенкісіболыпты. Бірдеоныңзамандастары:
- Достықнешеу? – депсұраққояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтыңекітүріболады. Бірі – адалдостық, екіншісі – амалдостық.
“Енді оны қалайажыратааламыз” дегендерге:
- Адалдостықөмірлікнұсқаболады, амалдостықтыңөрісіқысқаболады, - депжауапбергенекен.
(Пікірлерітыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайымалғышептенкөрінугетырысамын. Өзсыныбымыздағыбірбаламендостастым. Бірдеоныңбірбаланыұруғақатысқанынбілдім, білісіменонымендостықты үздім.”
2) “ Қалайөмірсүргенімдіесімеалсам, ұяттанжергекіріп кете жаздаймын... СөйтіпжүргендеЖаннаныкездестірдім. Былайқарасаңқарапайымқыз, оғандостасутуралыұсынысжасапедім, олкелісті. Достарым оны қалыптыісдепбағалады, “ Атаманғакімқарсыкелушіеді” депесептеді. Жаннаныңбасынанбіразнәрсеніөткеруіне тура келгеніменолменіадаметті. Бұлхатымда мен бәлкімештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де меніңқұрдастарымныңкез-келгенініңадамдыжөнге салу ісіқолдарынанкелетіндігінайтқымкеледі.”
- Бұлекіжағдайбір-бірінеұқсас. Біраққыздардыңістегеністерібірдейемес. Осы екіүзіндіжайлықандайой түйдіңіздер?
- “Жаманнанбойдыаулық сал” дегендей, алғашқықыздың дер кезіндедостықтыүзгенідұрыс та шығар, кәнекім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталаскезі)
ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екідосарасындағытүсініспеушіліктібейнелейтінкөріністікөрсету.
А) Оқушыларталқысына салу, шешімқабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ә) Ортадағыорындыққабіроқушыотырады. Қалғандарысолоқушыныңұнамдыжақтарынайтады.
Б) “Меніңдосым” тақырыбыбойыншаәроқушыөзініңдосыжайлыайтады
IV. “Жалғастырыпкөр” ойыны.
а) Әрбірадамғадоскерек. Өйткені...
ә) Меніңсыныптастарыманемеседосыматілегім...
б) Сыйластық бар жерде...
V. Сауалғажауапіздеу.
1) Біздіңсыныпқандай?
2) Сыныпоқушыларыарасындасыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарғажауап).
а) Мен досымменбалыққакетіпбарамын. Атаанамдыәрі-берікүтіп, келмегенсоңрұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақдоскөңілін қимадым.
ә) Мен досымдықаттыаяймын. Досымкөзалдымдаөзгеріпбарады. Мененгөріарақ пен темекінідостұтатынсияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатынемес. Мен біріншіретдәрменсіздікдегенніңауырекендігінсезіндім.
б) Қандайқиянатжасадымдесеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досымүшінғой. Ауыр хал үстіндежатыр, дәріханағақарайжүгіріпкелемін.
VII. (Мақал – мәтел тыңдалады)
1) Білімдімендосболсаң,
Сасқандаақылынайтар.
Білімсізбендосболсаң,
Топ ішіндебетіңқайтар.
2) Дұшпанбіреуболса да көптікетер,
Досыңмыңболса да аздықетер.
Доссызадамтамырыжоқ ағашпен тең.
Заттың жаңасы жақсы,
Достыңескісіжақсы.
5- оқушы: Досадамартықсұрамайды.
Махмұт Қашқари.
6- оқушы: Досдостыңкемшілігінкешіребереді.
Жүсіп Баласағұн.
7- оқушы: Досыжоқпенсырлас, досыкөппенсыйлас.
Абай.
8- оқушы: Екіердіңдостығыасуларданасырар.
Екіелдіңдостығығасырларданасырар.
Мұзафар Әлімбаев.
9- оқушы: Қоссызқазақболса да,
Доссызқазақ болмаған.
10- оқушы: Дос табу оңай – сақтауықиын,
Жау табу оңай - тоқтауы қиын.
Жүсіп Баласағұн.
11- оқушы: Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғашбіткенмаңдайғақас та өзгеше.
Кеңшіліктедос та дос, қасыңдадос.
Таршылықтықайырылғандос та өзгеше.
Абай.
VIII. Досымсағанарнаймын… (ақын өлеңдерінен көркемсөз оқу)
Ән: Достарымменің (хормен)
IX. Қорытынды
Досемесдостыңсөзін көтермесе,
Сағанжердіңтүбіненжетемдесе.
Не қылыпдосатынақосылады,
Көтермейбірсөзіңдібүйтемдесе.
Нағыздосбірін – біржамандамас,
Арағакөпөкпе сап табандамас,
Көңілітатулықтыңшабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасығанжездейболыпмойымаңыз.
Сыр алмағанбіреумендосболамдеп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.




Тақырыбы: «Нағыздосқандай?»
Мақсаты: — Оқушылардыңқоршағанортаменқарым - қатынасын жақсарту;
- Оқушыныңөзойынеркінайтуғаүйрету;
- Оқушыныңдостарынадегенкөзқарасынанықтау;
- Жеке тұлғааралыққарым - қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;
- Өз қылықтарын жәнеөзгенің де талдайбілумүмкіншілігіндамыту;

Сабақтың құрылымы:
1. Қуаныш шеңбері.
2. Екідостуралыбейнефильм (көрсету, талдау)
3. Достуралытақпақтар
5. Достуралыәңгіме (болжау әдісі)
6. Достуралыән
7. Бай адамтуралыаңыз (көрініс)
8. Меніңойымшанағыздос... (Эссе жазу)
9. Достуралы хор
10. Қорытынды.
Көрнекілік: қалам, А4 беті, ватман, түрлі - түсті маркер, саздыәуендер
Өткізуәдісі: топтық

Барысы:
Сәлеметсіңдерме, құрметті оқушылар! Сендерді «Қуанышшеңберін» құруға шақырамын. Шеңбербойыменжұмсақжүректібір - бірімізгебереотырып, көршілеріңізбенамандасып, тілекайтуларыңдысұраймын…
Тілектеріңекөпрахмет. Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі біздіңтақырыбымыз «Нағыздосқандай?».
- Екідостуралыбейнефильм (көрсету, талдау)
- Сен нағыздос бола аласың ба? Оқушыларөзойларынеркінжеткізуге, бір - бірінтыңдауғаүйретеді.
Достуралытақпақтар
1. Достықдегентаусылмайтынқазына,
Көктемде де солыпқаларгүлемес,
Қарамайдыолсыйдыңкөп пен азына
Нағыздостартіптісый да тілемес.

2. Екідеген – екідос,
Бірін - біріқимайтын
Артықкемдіетпейсөз,
Бірін - бірісыйлайтын
Досыңа бол адалжан,
Бірдейбөліссынақты
Бірнүктегеқадалған,
Екі көзің сияқты.

3. Достарбіргежүреміз,
Біргеойнаймыз, күлеміз.
Біргебалықаулаймыз,
Мінебіздерқандаймыз.
Орман, көлге, шыңғабіз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейдііргеміз,
Әрқашан да біргеміз.

4. Достарымдысүйемінбіргежүрген,
Біргеойнап, меніменбірге күлген.
Достардегенжаныңныңбірбөлшегі
Орыналғанжүректіңбір түбінен.
5. Нағыздостарбір - біріне ұнаған.
Қиындықтабірін - бірісынаған.
Мүмкінемесдоссыземесөмірсүруде,
Сүйеуболаршақтарыңдақұлаған.

6. Досыүшіндоскөнедібейнетке,
Досдегенсөзеңқадірліжер - көкте,
Жақсылардыңайрылмасдосыкөп.
Қолынбергенқиыншылықкездессе.
Достуралыәңгімелердіболжап аяқтау







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
" Біздің елдің жігіттері"

Автор: Козбагарова Гульнар Мажитовна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407078

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Классный час на тему : "Жігітке жеті өнер де аз ""
    ["seo_title"] => string(53) "klassnyi_chas_na_tiemu_zhighitkie_zhieti_onier_die_az"
    ["file_id"] => string(6) "373834"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482830068"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) ""Т?уелсіздік деп со?ады ж?регіміз"Т?рбие са?аты.3-сынып "
    ["seo_title"] => string(62) "t-uielsizdik-diep-sog-ady-zhurieghimiz-t-rbiie-sag-aty-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "165889"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422887577"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елімні? еркіндігі-Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(31) "ielimninierkindighituielsizdik2"
    ["file_id"] => string(6) "339411"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1471258798"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства