Просмотр содержимого документа
«Біздің ақын әдеби кеш»
Ақынын ардақтады Қасиетті Қаратал Әулие билерімен қатар тосыннан төге сөйлер шешендерімен, орақ тілді, от ауызды ақындарымен әйгілі өңер. Өткен кешегі өткен ақын аталарының ізін жалғаған талантты ақын Қайрат Әлімбектің өмірден өткеніне 10 жыл толуына байланысты артында қалған ел – жұрты, өлең сүйер қауымы, туыстары еске алу кешін өткізді.
Қаратал » ғазетінің бас редакторы С. Өмірбаевтармен қатар, Республикада топ жарып жүрген талантты ақындар Е. Айдабосын, Е. Жүніс, А. Ерболғанқызы, « Текелі тынысы » газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбекқызы және басқа да кеш қонақтары шара мазмунын аша түсті. Ең алдымен қонақтар ақын зиратына барып құран оқып, рухына тағзым жасады.
Одан кейін мектебінде орналасқан мұражайды тамашалаған меймандар, ақынның ойлы порттреттері ілінген,әсем безендірілген, акт залына бет бұрды. Облыстан, аудан орталалығынан келген қонақтармен қаттар, ақынды еске алуға жыналғаңдар қарасы көп болды. Сөз тізгінін қолына алған, осы шараның өткізілуіне тікелей мұрындық болған облыс әкімдігі апаратынаң тіл жөніндегі бас инспекторы Гүлпақыт Қасенова жұртшылықты шараның мақсатымен таныстыру келіп кезекті сөз сөйлеушілерге берді. Ақынның әкесі Әбдіраман ақсақал « Мен Қайратты емес, Қайрат мені еске алып тұрса болар еді »,- деп көзіне жас алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Мінберге көтерілген ақынның алғашқы ұстазы, достары, курстары, қаламдасстары ( Жекен Немеребаева, Нүсіпбай Әбдірахым, Қуат Қайранбаев, Сара Исағулова, Қараша Қахариан, Жексенбек Сұлтанбеков, Жоламан Даутов т.б ) бәрі – бәрі тебіреністі түрде ақынды еске алып, естеліктерден сыр шертті. Қайрат Әбдрахманұлының қарын-дасы, осы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Әлімбек көпшілікке ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін слайд ұсынып, жарыққа шыққан кітаптарымен таныстырды. Жиналғандарға ақынның соңғы шыққан өлендер жынағын тарту етті. Мектептің оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақ эстрадасында орындалып жүрген, Қайрат Әлімбектің сөзіне жазылғн « Аппақ қыз » әнін мектеп оқушысы Дастан Әшімбек асқақтата орындады. Кеш соңында жиналғандар арналған ақынға арналған астан дәм татты. Естеліктер ағыны дастархан басында да ағытылып, « Бастау » газетінің бас редакторы С. Дәркенбаева және басқа да кеш қонақтары шара мазмұнын аша түсті.