kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білімділер б?йгесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ой - ?рісін ке?ейтіп, ?абілеттерін ерекшелеу,
белсенділігін дамыту, ?йымшылды?пен ж?мыс жасай білуге,
хал?ымызды? асыл ?азынасын д?ріптеуге, жылдамды??а,
шира?ты??а т?рбиелеу.

Жоспары:
1. Таныстыру
2. «Кім к?п біледі?»
3. Логикалы? есептер
4. Ма?ал - м?телдер
5. «Есепке кім ж?йрік?»
6. ?орытындылау


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білімділер б?йгесі"»

Білімділер бәйгесі

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу,
белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге,
халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа,
ширақтыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. «Кім көп біледі?»
3. Логикалық есептер
4. Мақал - мәтелдер
5. «Есепке кім жүйрік?»
6. Қорытындылау
Барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі (оқушыларды топқа бөлу, топ аттарын анықтау, әділқазылар сайлау)

2. «Кім көп біледі?» сайысы
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескріледі.
І топ
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? диаметр
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? 1
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан 0
4. 9 - ға қарама қарсы сан - 9
5. - 99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? 1
6. 0 - ден үлкен сандар оң сандар

7. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

8. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)


ІІ топ
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0
2. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? радиус
3. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? 10
4. Екі санның қатынасы не деп аталады? пропорция
5. 0 - ден кіші сандар теріс сандар
6. Ең үлкен уақыт өлшемі? Ғасыр

7. Қабырғасы 5см шаршының ауданы неше см2 (25)

8. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)

9. Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне




3. Логикалық есептер
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
І топ

1.Қатар тұрған үш санның қосындысы да ,көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?(1,2,3)

2. Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады,ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге? (бірдей)

3. Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады. (ешқашан,себебі жас аралығы өзгермейді.)

4.Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты.Ол сағатына 60 км жылдамдықпен жол жүрді.Сол кезде жел шығыстан батысқа қарай соғып тұрды.Жел поездың түтінің қай жаққа қарай айдап әкетті? (Электр поезында түтін болмайды.)

5. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
100
6. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты?
2 105
7. Сандар қатарындағы келесі санды тап?
20, 21, 23, 24, 26, 27, …
29
8. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір - бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)


ІІ топ

  1. Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сан? (3,5)

  2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?
    Бірдей

  3. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды. (түйеқұс  ұша алмайды)

  4. 3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды. Олар қандай сандар болғаны? 1+2+3=1х2х3=6

  5. Студент кешкі сағат 10 – да ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні сағат түнгі 12 - де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап оятқанша ол неше сағат ұйықтайды? ( 2 сағат

  6. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50

  7. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
    Ит 20 жыл, түйе 30 жыл

  8. Бір - бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта.
    9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? 10
    4. Мақал - мәтелдер сайысы
    Ал, балалар, балалар
    Мақал – мәтел айтайық.
    Қиындыққа қайыспай
    Асулардан асайық

    5. «Есепке кім жүйрік?» сайысы
    Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
    Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
    Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
    Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
    Берілген есептерді барлығы орындайды


1. Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * *
2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187

3. (-2)3 + (-5)2 = -8+25=17

4. 9a + 27b + 18c = 9( a+ 3b+ 2c)

5. 7a – (2b – c) = 7a – 2b + c

6. Шеңбердің диаметрі 8см, радиусы неге тең?

D=8, R = 4, ауданы 50,24см2


6. Қорытындылау
Әділқазыларға сөз беріліп, жеңімпаз топты анықтау, марапаттау


Сағашилі орта мектебі









(6а – 6ә – сыныптар)





Өткізген: С.Б.Аханова














2015 – 2016 оқу жылы









Хабарландыру



22. 01. 16ж күні математикадан

6а – 6ә- сыныптар аралығында «Білімділер бәйгесі» атты сайыс өтеді.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білімділер б?йгесі"

Автор: Аханова Сандугаш Бибитовна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства