kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім көзі -кітапта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім көзі -кітапта сыныптан тыс іс-шара кітап туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім көзі -кітапта»

Білім көзі кітапта 

(5 сыныптарға арналған кітапханалық сабақ


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: 


  • оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету; 


  • оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету; 


  • білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу; 


  • оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту. 


Сабақ түрі: сайыс-сабақ. 

Көрнекілігі: экран, проектор. Кітапхананың іші шарлармен, кітап туралы нақыл сөздермен әсем безендірілген.

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»

Н.Ә.Назарбаев

Нақыл сөздер:

«Кітап - жан айнасы»,

«Кітап - таусылмайтын азық»,

«Кітап – оқу жабдығы, білім сандығы»,

«Кітап – айдың талмас қанаты».
Сабақ-сайыс кезеңдері:

1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

2 кезең. «Кім тез?» балалар энциклопедиясымен жұмыс.

3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.

4 кезең. Түсіндірме сөздігімен жұмыс.

5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма.

6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар. 
Барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім көзі кітапта» атты кітапханалық ашық сабаққа қош келіпсіздер.

Талап қыл артық білуге,

Артық білім кітап,-

деп Абай атамыз айтқандай ілім-білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы – кітапхана.

Кітапхана сабағы ойын түрінде өтеді. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны болады

1 сурет. 
ІІ. Топтарды таныстыру.

1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,

Артық білім ғылымда».

Абай.

2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны:



«Оқу –білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні

Тіршіліктің шамы».

С.Сейфуллин. 

ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру. 
1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

Слайд көрсетіледі. Екі топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Сұрақтар экраннан көрсетіледі. Бірінші топ жауабын білмесе, екінші топ жауап береді. Толық жауапқа - 2 ұпай, толық емес жауапқа – 1 ұпай.

1.Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).

2. Кітап үйі -... (кітапхана).

3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)

4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).

5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).

6. Аннотациядан басқа тағы қандай кітап туралы мәліметтер бар? (алғы сөз, безендірілуі, мазмұны).

7. Каталог деген не? (Кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет жазылған карточкалары салынатын жәшік).

8. Кітапханада қандай каталогтар бар? (Әліпбилік, жүйелік, электрондық).

9. Анықтама әдебиеттерінің қандай түрлерін білесіздер? (сөздіктер, анықтама, энциклопедия).

10. Біздің кітапханамызда қандай анықтама әдебиеттері бар? (барлық пән бойынша).



2 кезең. «Кім тез?» балалар энциклопедиясымен жұмыс. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясынан екі топқа сұрақтар қойылады. Ол үшін экраннан суреттер көрсетіледі. Топ мүшелері сол суреттің атын энциклопедияның қай томында, қай бетінде екенін тауып, мағынасын айтуы керек. Тез тапқандарға және толық жауап бергендерге 1 ұпайдан қойылады.

1. Қоян Т.2. 185 бет. Ол кім? Бұл не?

2.Жолбарыс Т.1. 403 бет. Ол кім? Бұл не?

3. Піл Т.3. 60бет Ол кім ?Бұл не?

4. Қобыз Т.2. 170 бет. Ол кім? Бұл не?

5. Дельфин Т.1 307 бет Ол кім? Бұл не?

6. Шахмат. Т.3. 342 бет. Ол кім? Бұл не? 

3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер. 

«Тапқырлар» тобының көрінісі 

Кітап күнтізбе емес

Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.

- Берік, бері келші

- Не , аға?

- Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?

- Мен 


- Неге?

- Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.

- Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?

- Ия, - деді Берік

- Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.

Ағасы қабағын түйіп:



  • Бұлай етуге болмайды, - деді. 


Ал Берік нық түрде: 


  • Болады, - деді. - Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді. 


Ағасының көзі атыздай болып кетті.

- Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап - біздің досымыз» дегенді білесің бе?

- Білемін

- Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.

Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды. 

2 сурет. 


«Білгірлер» тобының көрінісі 

Ескі кітап

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә үшінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:

- Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?

- Жоқ 


- Енді не болды?

- Маған мұқабасын мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.

Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді: 


  • Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-сіңлілеріңе берген жөн. 


Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады. 

3 сурет. 


4 кезең. Түсіндірме сөздігімен жұмыс.

Екі топқа түсіндірме сөздіктен карточкаға жазылып екі сөз беріледі. Сол сөздерді қай томнан, қай беттен тапқандығы, мағынасы туралы айту керек. Дұрыс тапқан топқа 3 ұпай беріледі.

1. Шақырық – құмдауыт ашық далада мекендейтін құс. 104 бет, Т.10 Түсіндірме сөздік

2. Болажна - болыс, билердің сыбағасына тиетін алым-салық. 354 бет. Т.2. Түсіндірме сөздік

3. Мәнзүр – елең қылмады, ескермеді. 162 бет,Т.7.Түсіндірме сөздік

4. Кәкір – мін, мәніс. 520 бет, Т 4. Түсіндірме сөздік



5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма. Топтық жұмыс. Екі топқа таза парақ беріледі. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір-бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін шығады. 

6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар. Екі топқа кезек–кезек сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын таппаса, келесі топ жауап беруге болады.

1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).

2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).

3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).

4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).

5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т.б).

6.Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған). 
Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім көзі кітапта» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қортындыны айту және марапаттау). 

Кітапханашы: Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! 



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Білім көзі -кітапта

Автор: Маликова Жанат Сейткановна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399176

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Кітапты  с?юшілерді?  б?секесі»"
    ["seo_title"] => string(30) "kitaptysuiushilierdinbsiekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "301704"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456978261"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашы? саба? "Білім кілті кітапта" "
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk-sabak-bilim-kilti-kitapta"
    ["file_id"] => string(6) "195833"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427970732"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Білім к?зі кітапта"
    ["seo_title"] => string(18) "bilim-kozi-kitapta"
    ["file_id"] => string(6) "252413"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447385176"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?рбие са?аты "Білім к?зі-кітапта""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatybilimkozikitapta"
    ["file_id"] => string(6) "289374"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454786984"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "К?ш білімде, білім кітапта"
    ["seo_title"] => string(25) "kushbilimdiebilimkitapta1"
    ["file_id"] => string(6) "281012"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453460378"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства