Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау, әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Әліппе-білім бастауы» сөзі жазылған плакат, шарлар
Барысы:
Оқушылар музыка ырғағымен сыныпқа кіреді
Мұғалім: Бүгінгі қуанышты күн –«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын! Балалалдың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқыы – «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар.
Автор: Ертегі желісі бойынша айту
1. Сиыр берген тапсырма орындаймыз.
1-оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2-оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппемен қоштассақ
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз.
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Сұрақ: Біз кітап пен журналды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Хормен : Әліппе досымыз
Мұғалім: Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Әліппе: Армысыздар жас достар! Келешегі қазақтың
Армысыздар, ата-ана Басталады сендерден
Болашаққа жол ашар Жақсы білім көрімдік
Әліппе келді ортаға Болсын сізге халайық
Білім деген ғылымның Не үйрендік, не білдік
Әліппесін меңгерген Қане, ортаға салайық!
3-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма екен?
Ұстазым оның кілтін алып берді
Ағаштың тапсырмасы: Жұмбақ айту
4-оқушы: Арналды ұстаздарға
Құрмет деген, төр деген
Біздің елде адам бар ма
Ұстаз алдын көрмеген?
5-оқушы: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар
Кез келер сіздерден ақ бата алар
Ұлдарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар
Қыздардың тапсырмасы: « Қаражорға биі»
6-оқушы: Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз
Дүкеншінің тапсырмасы: Хор:
7-оқушы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің сүйікті әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
8-оқушы: А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазы көз алдыма күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп
Сөз оқимын айырып әріпті енді
Сөйтіп мысық шаршады, ендеше ән тыңдап, дем алсын
Ән:
Тауықтың тапсырмасы:
9-оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
10- оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе: Ризамын, балалар
Меңгердің, болмадың босқа тер
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме , балалар!
Туған елдің тілімін, Ана тілің арың бұл
Ақылымен танылам Ұятың боп тұр бетте
Түсіндірер бәріңе Өзге тілдің бәрін біл
Ана тілі-мен болам Өз тіліңді құрметте
-Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Сөйтіп мысық дәнді алып, келген жолымен кері қайтады.Мақта қызға қатығын беріп,Мақта қыз құйрығын беріп отырып, біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр,-деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
Ал, біз қандай болуымыз керек?
-Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адам болайық!