kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым шамшырағым - балғын бөбек балбұлағым" бастауышпен қоштасу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауышым  шамшырағым – балғын бөбек  балбұлағым

Мақсаты:

1.Мектептің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге  есік  ашатынын  сезіндіру. Білімге деген  құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға  шақыру.

2. Бастауыш сыныбымен,  білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен  қоштастыра отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім ордасы – мектепті,  ұстаздарын, құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуға жетелеу.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Кеше ғана  тарыдай болып  кіріп, ақыл ойлары толысып оң мен солын танып, жақсы мен  жаманды айыра білуге  үйренген шәкірттерімнің  ұйымдастыруымен  «Бастауышым  шамшырағым – балғын бөбек  балбұлағым»  атты ертеңгілікті бастауға  рұқсат етіңіздер. Ертеңгілікті жүргізетін  жүргізушілермен таныс болыңыздар. Мәди мен Айғаным және Зарина мен Әмір (екі жақтан шығару)

Мәди: Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Айғаным: Армысыздар, әжелер мен аналар!

Зарина: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым шамшырағым - балғын бөбек балбұлағым" бастауышпен қоштасу кеші»

Бастауыш пен қоштасу мерекесі

«Бастауышым-балбұлағым» 
Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздермен тақырып,шар.

Кіріспе сөз: 
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, 
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған 
«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, 
4 «а» сыныбын ортамызға! 
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. 

Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақжаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қошкеліпсіздер, құрметті қонақтар!
Мұғалім сөзі: 
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
(Экранға назар аударыңыздар-слайд) 
Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Джунусбеков Қажет Джунісбекұлына беріледі. 

1 номер: .4 «А» сынып қыздарынын орындауында Қазақ биі қарсы алыныздар.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 
Бақдаулет: Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 
Ақмарал: Армысыздар, әжелер мен аналар, 
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 
Бақдаулет: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер, 
Қыран құстай балапанын мәпелер, 
Бүгін міне бастауышпен қоштасады, 
Азамат боп кешегі сәби еркелер. 
Ақмарал: Армысың сен алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мектебіме арналады бұл әнім. 
Бақдаулет: Ия, мектебімізге қандай жыр арнасан да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. 

1.оқушы:(Еркежан)

Мектеп деген білім кені , жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2. оқушы:(Мади)

Мектеп – үйім , ұстазымменің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған

3. оқушы:(Аида)

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ержетіп сенде сөзім, арттысанам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтседағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай біржүрекбұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

4.оқушы:(Оразалы)

Алтын ұя мектебім аялаған

Бар балаға білім беріп сая болған

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жаманға да жақсығада пана болған!

5. оқушы:(Ақбота)

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

6. оқушы:(Аяжан)

Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Бараржергетезжетеміз.

Төртжылалғанбілімнәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

2 номер: Ән мектебім қабыл алыңыздар. 
Ақмарал: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Бақдаулет? 
Бақдаулет: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 
Ақмарал: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! 

1. оқушы:(Нұрлан)

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2. оқушы:( Әсем)

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

3. оқушы: Қанат

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны – бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы

4.оқушы:Миржан

Ұстазым бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген

5. оқушы:Еркежан

Өз шығармалығынан Еркенова Еркежан ұстазға,мектепке арналған жырын кабыл алыныздар

Мектебім менің аяулым

5 – ші сыныпқа таядым

Ұстазым менің Ақбота

Білімін оның ақтаймын

Айтқанынан қайтпаймын

Мен ұстазымды тыңдаймын

Ұстазым

Ұстазым менің арайлым

Жанымда болдың әрдайым

Білім беріп өсірдің

Біліміңді ақтаймын

Мектепті мен бітіріп

Сіздің жолынызды қуйын

Серік болып білімге

Арманыма самғаймын.
6.оқушы:Бауржан

Қиынға төзуге

Жамандықтан безуге

Жақсылық жасауға

Үйреткен қашанда

Мұғалім ол біздің

Бақдаулет:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, 
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. 
Жатталды жан жүректе есіміңіз, 
Адамның аяулы үні сияқтанған. 
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, 
Мың алғыс отты мына жүректерден. 
3 номер.4 «А» сыныбының орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.
Ақмарал бүгін міне бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа? 
Карина:

Бастауышта шырқалмаған жыр барма? 
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? 
Бастауышта алған білім жырларым, 
Азық болар, мәңгі талай жылдарға. 
Айжол: Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын. 
Әсем: Бастауышым – балбұлағым, 
Лаулап жанған шам шырағым. 
Өзің берген біліміңмен, 
Самғап ұшар тау қыраның. 
Ақжол: Өтті сенде қызық шағым, 
Бастауышым – балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол былғаймын. 
Бақдаулет:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің, 
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын. 
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін, 
Бастауыштың билейміз соңғы биін. 
4 номер:Ортага «Шығыс биі» билейтін қыздарымызды шақырамыз.
Ақмарал:

Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда. 
Бақдаулет: 
«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты, 
Үлпілдетіп балапандай самғатты. 
Мейірімімен мәпелеген біздерді, 
Ата - аналар аманбысыз ардақты. 
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. 
Ақмарал: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай, мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау. 
Бақдаулет: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, 
Аумайсың жарығы мол ашық күннен. 
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін. 
Ақылды балаларың оны білген. 
Ақмарал:5 номер:Ән: «Әкелер» Орындайтын Мұрат Бақдаулет
Ақмарал:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөзбар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей алмайсын» деген.Алайда ардақты анамыздың ақсүтін ақтай білгенгене жетсін! 
Бақдаулет:Иә, дұрыс айтасынАқмарал!Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емеспе? 
Ақ сүт беріп аялаған, 
Бізден бәрін аямаған. 
Жанашырым саялаған, Ол кім?

Бәрі: аяулы анамыз. 
Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен. 
6 номер.Ән: «Аналар туралы жыр» 4 «А» сыныбының орындауында.
Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, 
Кеуделерге намыс отын жаға алатын. 
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, 
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Габдуллина Бақыткамал Жексенбаевнаға беріледі.
7 номер.Сіздің құрметіңізге бишіміз Еркенова Еркежан мың бұралып би билейді. 
Мұғалім: Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананаң, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өзбаласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. 
(Ата-аналарға сөз беру) 

8 номер .Сіздердің құрметтерінізге балаларынан ата – аналарына жаңа заман биін қарсы алыңыздар
Ақмарал: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе, 
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, 
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, 
Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде! 
Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез – келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін! 
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, 
Сенімдердің айналыңдар серперіне. 
Ұстаздық ақжүрекпен мен тілеймін, 
Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. 
Айналайын жап – жарқын жүздеріңнен, 
Аластайтын жаныңды күз көңілден. 
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, 
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. 

1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.
2 - жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.
9 номер .Ән «Ұстаз» Ардақты ұстазым
Осымен Бастауышым балбұлағым атты қоштасуымыз өз мәресіне жетті.Қош – сау болыңыздар!














Мерекелік ертеңгілік   «Сарқылмас  ұлылықтың  бастауысың,

                                                       Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» 

Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып айтқандай тарыдай болып кіріп, ақыл ойларың толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Бастауышым – балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, әріптестер, оқушылар. Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошаметтеп қарсы алайық,
Бітіруші түлектерді ортамызға.
Вальс (оқушылар қатармен кіреді, вальс билейді).
Мұғалім: Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Б»сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне ес білген шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу» дәстүрлі «Наурыз» тойлары, «Алтын күз» мәнерлеп оқу сайыстары, балалардың есінде. Міне, бүгін біздің оқушыларымыз бастауышпен қоштасып тағы бір жасқа есейгелі отыр және ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсеткелі отыр. 
Енді сөз кезегін жүргізушілерімізге берейік.



1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты.



2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.



1-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.



2-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар алғысымыз көп біздің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.



1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл мектептен қаншама адам білім алған. Менің ағамда, апамда, менде осы мектептен білім алудамын. Олай болса мектебімізге арналған әнімізді шырқайық.



Ән: «Сәлем,саған мектебім!»

2-жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.



1-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

2-оқушы:Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Барлығын төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4-оқушы: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырайың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

6-оқушы: Мектеп үйім, ұстазым менің, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Барлығы :Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
1-жүргізуші: Ұзтаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды таныпқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені белгілі. 
2-жүргізуші: Әр шәкіртін баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, - деп бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ғылым иесі ғылымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуіріні күшті жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі, бәрі ұстазда тәлім алады.
2-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекшісінде ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнайық.
1-оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.



2-оқушы: Жарық күннен, жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыстатқан қара жол,
Көз жұмсамда көретұғын белестер.



3-оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай,
Мейірлене қарап қойып біздерге.
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.



4-оқушы: Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым, ұлылықты, даналықты,
Ұстаздың ұлағатынан басталғанын.



5-оқушы: Мұғалім, ұстазысың балалардың,
Болашақ ғылымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірде жеткізе алмас бағалардың.



6-оқушы: Кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы еді бір елі айналаңнан.
Мейірің бе ұстаздың жүрегің бе,
Жан дүниесін баланың жаулап алған.



7-оқушы: Алғашқы ұстаз ерекше дара туған,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалған,
Сағына әркез суретті парақтадым,
Адамның аяулы үні сияқтанып.



8-оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.

Ән: «Ұстазым»

1-жүргізуші: Иә, біз осыдан төрт жыл бұрын 6 жастағы бала едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттап едік. 



2-жүргізуші: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізі бастауыш мектеппен қоштасып орта буынға қосылғалы отырмыз. 



1-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстазымыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарады. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа. 
1-оқушы: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күліп ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.



2-оқушы:Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келел алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік кеп.



3-оқушы: Өмірдегі жолымды өзіңнен бастадым,
Есімде менің әріптерді атап-атап айтқаным.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

2-жүргізуші: Осы 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтеріп, санамызға білім нәрін құйған, әр пән ұстаздары да бар. Осы ұстаздар еңбектерін неге айтпасқа. 

 

 


1-оқушы: Әкеміздей мейірімді құшақ ашып,

Жүресіз Есболат ағай шуақ шашып                        .

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып.

2-оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкірттеріңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Гауһар апай

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

3 – оқушы: Білімнің байыбына барып терең,

Жұмабай ағай бастап еді тәрбиеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиешімалып келген.

4 – оқушы: 

Сөз сөйлесе жарқын – ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой – сананы

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі.

Қолымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Динара ұстазымызға

Алғыс айтады түгелі.

5 – оқушы:

Сыныпқа кіріп келгенде,
Қимылдамас еш пенде.
Индира  апай сабағын 
Өткіземіз деп- демде

6-оқушы:

Өзге тілді үйретіп, қызықтырып,
Тілімізді орысша жүр ұқтырып.
Рамазан ағай біз  сізге,
Рахмет айтып, бас иеміз иіліп..

1 – оқушы: Үйреткен сөз өнерін, қыр-сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын.
Раушан апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.
2 – оқушы: Байсалды мінезімен бірқалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Қуаныш ағай неткен мықты төзімдісіз,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

3 – оқушы:

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың

Күліп жүрер үнемі Марат ағай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

4 – оқушы: Дене шынықтыру сабағы мектептің

Денемізге саулықты сепкен кім?

Қуаныш ағай бас иеміз сізге де,

Жүгіруді  талмай бізге үйреткен.

5-оқушы:Дәмді етіп дайындап,
Ас мәзірін ұсынған.
Аспазшы біздін Айман апай,
Сізге алғыс жолданар.
6-оқушы: Ауырсақ дәрі беретін,
Шақырсақ жүгіріп келетін.
Медбике Жұпар апайға,
Шексіз алғыс жолданар.



1-жүргізуші: Бастауыш сыныпта, жоғары сыныпта өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия, т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендіңдер. Енді осыларға сөз берейік. 



1-оқушы: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен,
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілімен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.



2-оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика ол деген.



3-оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын.
Жалғаулар мен жұрнақтар,
Ережесін жаттадым.



4-оқушы: Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бәріде.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.



5-оқушы: Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз шарықтай,
Сәулесін шашқан жарықтай.



1-жүргізуші: Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы. 

 

2 – жүргізуші: Біздің ата – аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!



1-жүргізуші: Ыстық – ау кім –кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген – дегендей әкенің орны бөлек. 
1-оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.



2-жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен деп, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» - деген. Алайда анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.



1-жүргізуші:Дұрыс айтасың. Біз болашақта саналыда, ақылды бала болып өссек ананың басты арманы орындалды деген осы емес пе?



2-оқушы: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын аман болшы анашым!



3-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алам, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.



Жүргізуші: сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.

«Есеп».

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген   есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

 

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін

Кім сындырды деген сұраққа…

 

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

 

Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.


1 – оқушы:Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп ойнап біріміз бен біріміз.



2 - оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр барма,
Бастауышта айтылмаған сыр барма.
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар мәңгі талай жырларға.



3 - оқушы:Бастауышым балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.



4-оқушы:Бастауышым балбұлағым,
Лаулап жанған шам-шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.



5 - оқушы:Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
 

1 оқушы:

Біз нені үйрендік?

1. Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.

2.  Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.

3.  Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.

2 оқушы:Біз нені сүйеміз?

Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

3 оқушы: Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.

4 оқушы: Біз кім боламыз?

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

 

1-жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдедіме.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сендерге арнап айтылар тілегіне – дей отырып сөз кезегін ұстаздарға береміз. 

Ұстаз тілегі. 
2-жүргізуші:Қол жаяйық халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып,
Орта буынға барайық. (Бата алу)

 

Айдана: Біз білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге, тілімізді құрметтеуге, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектеп даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ! 
Қоштасу вальсі 4 сынып оқушылары.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бастауышым шамшырағым - балғын бөбек балбұлағым" бастауышпен қоштасу кеші

Автор: Қабылова Жұлдыз Талғатбекқызы

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 391992

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Бастауышым балбұлағым"
    ["seo_title"] => string(24) "bastauyshym_balbu_lag_ym"
    ["file_id"] => string(6) "382888"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485184886"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "231472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442506797"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бастауыш сыныппен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(29) "bastauysh-synyppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "133649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416561899"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Аттанды? бала ша?тан-болаша??а "
    ["seo_title"] => string(35) "attandyk-bala-shak-tan-bolashak-k-a"
    ["file_id"] => string(6) "212762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431927744"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства