kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым балбұлағым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:Бастауышым-балбұлағым

мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «а» сыныбын ортамызға.

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Сымбат:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр.

«Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

Рахман: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен

Балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ   

Сымбат:

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

          Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер

Хормен:Мектеп – кеме, Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

РахманШашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

(шашу шашылады)

Сымбат :« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып,  білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Рахман?

Рахман :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Ғылым иесі  ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

Сымбат:  Иә,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым балбұлағым»

Тақырыбы:Бастауышым-балбұлағым

мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.



Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «а» сыныбын ортамызға.

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.



Сымбат:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпта  білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр.

«Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.



Рахман: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен

Балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ

Сымбат:

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

          Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер



Хормен:Мектеп – кеме, Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.



Рахман: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

(шашу шашылады)

 

Сымбат :« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Рахман?

 

Рахман :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Сымбат:  Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 



Назира

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Жасұлан

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Мирас

Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Ж.Диас

Ақылшы асыл ұстазым

 Өзіңе мен де ұқсармын.

 Жеткенше қайрат күш-әлім

 Биікке самғап ұшармын.

 Сымбат:  «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.



Оқындар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген, ұстаздар.

Ән арнадық, арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

Ән: (хормен) «Ұстазым».

Рахман

             Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

             Менің де көкейімде із қалыпты.

             Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

             Ерінбей үйреттің де әр әріпті  .

             Қоссаңдар бірді екіге  үш болады-

            Деуші едің,-біліммен күш толады.

            Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

   Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.



Бекарыс

Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім

Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп, жан анам боп көрінді

Айтолқын

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Шәкірттің асыл қырағы.

Р.Диас

Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

Аида

Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.



Сымбат

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

ЖандосМектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

 

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Сымбат

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Нұржан

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ән: «Аяулы мектебім» орындайтындар: Сымбат, Алена

Ән: «Жаса Қазақстан» Болат Р, Қоблан Ж.

Рахман

Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.



Би:Флешмоб 4 «а» сынып қыздары

Көрініс:Өнерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана,  қария кісі.

Күй: «Кеңес» орындайтын:Мейрамбекқызы Назира

Аймира

Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.



Сымбат:Ендігі тыңдалатын өлең жолдары пән жетекшілеріне арналады. 

Алена:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

Аймира: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

Сымбат: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

 

Назира: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

Аида

Читать и писать на руском

Нас научила она

Это наша царица

Жанзира Адилгреевна



Бекарыс:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айзада апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

Жасұлан

Сайыс болса спорттан,

Шымырлылар жеңеді.

Гүлшат апай ұстазым,

Шынықтырған денені.



Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көп шәкірттің досындай

Қамажай апай осындай.

Олай болса келесі орындалар ән сіздерге арналады сүйікті ұстаздар.

Ән: сымбат пен Аймираның орындауында «Ұстазым» әні қабыл алыңыздар.

Рахман Анамызға, әкемізге, ата-әжелерімізге деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан-теңіз. Оларға шат көңіл, денсаулық, бейбіт өмір тілеп, ән арнаймыз.

Ән: анашым

Би: «Қамажай» орындайтын:Мухаметшина Аймира

Сымбат:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 

Рахман: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Әділет: Бастауыштың басшылары

Рыскүл мен Самал апай

Тәрбие мен ақыл берген

Мейірімімен шын жүректен

Ұстаздар ата-аналар бастауышты бітіріп, орта буынға аяқ басқалы отырған балаларға арнаған тілектеріңізді айтыңыздар.

Қорытынды:  Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым балбұлағым

Автор: Оразова Гулбаршын Толыбаева

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382888

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Бастауышым – балб?ла?ым"
    ["seo_title"] => string(26) "bastauyshym-balbu-lag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "252145"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447337759"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Бастауышым - балб?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(26) "bastauyshym-balbu-lag-ym-2"
    ["file_id"] => string(6) "175955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424344882"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Бастауышым-балб?ла?ым "
    ["seo_title"] => string(26) "bastauyshym-balbu-lag-ym-1"
    ["file_id"] => string(6) "167049"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423042066"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Та?ырыбы: «Бастауышым - балб?ла?ым»."
    ["seo_title"] => string(34) "tak-yryby-bastauyshym-balbu-lag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "269274"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450794905"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Бастауышым-балб?ла?ым сценарийй"
    ["seo_title"] => string(32) "bastauyshymbalbulagymstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "313575"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459507203"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства