Жүргізуші: Балдаурен -балалықтың балғын күні, Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні. Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның, Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі- деп кешімізді жалғастырамыз. Ән ұран «Менің қазақстаным»
Жүргізуші: « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкінділігіше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп ойлайсындар?
Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата – анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.
Жүргізуші: Байқау «Әдепті бала»
I Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді, Не деп барып жеу керек? Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.
II Балалар жүр көшеде, Естіледі шу-айқай. Сенде шықтың көршіңді, қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.
III Осы келген бетіңде, Допты қүдың жарыстың. Көшенің сол шетінде, Кезекті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді? Барлығы: «Сәлеметсіз бе » деу керек.
IV Үй артында қоқысты, Жатқан көптен үйіліп. Тазалайды қарт кісі, Белі зорға иіліп. Не дегенің жөн еді? Барлығы:«Көмектесейін» деу керек.
Жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз, Би билейміз бұландап. Бақытты елде туғанбыз. Жаз гүліндей жайраңдап-деп кезекті:Сынып болып «Ай все будет куруто!» әніне билейді
Жүргізуші: «Мақал сөз атасы»
Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.
Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.
Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Жүргізуші:Ойын «Ауызша волейбол» Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы: достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті, жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б.
Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз, Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз. Арманның асқарына қанат қаққан, Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей келе бүгінгі кешімізді аяқтай келіп ата-аналар өз балдарыңызды қастарынна алып «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие» атты сауанамаға жауап беруіңізді сұраймын. Балалар сіздердің балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.