Просмотр содержимого документа
«Мероприятия на тему "Ба?ытты балалы? ша?" »
Тақырыбы: Бақытты балалық шақ
Мақсаты: 1 маусым –халықаралық балаларды қорғау күніне мерекелік шара
ұйымдастыру; мерекеге байланысты өлең, тақпақтар оқу, би
билетіп өнерге деген ынталарын арттыру. Әр түрлі ойындар
ойнату арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ойыншықтар, шарлар.
Өтілу барысы:
Кіріспе сөз
Бақытты балалық шақ
Эстафеталық жарыстар
Асфальтқа сурет салу
Шағын концерт
Кіріспе сөз: 1 маусым –халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Дендерің сау болсын, әрқашан сабақтарыңды жақсы оқып, ашық аспан астында бейбіт өмір сүре беріңдер!
БҰҰ-ның Бас Ассамблееясы 1989 жылғы 20 қарашада Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға бүгінгі таңда 191 мемлекет қосылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар.
Конвенцияның негізінде 2002 жылы Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» заң қабылданды.
Конвенция балалардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қамтитын 54 баптан тұрады. Бұл құқықтар үш бөлімнен тұрады; қамтамасыз ету, қорғау және қатысу.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, 18 жасқа толмаған адам- бала деп танылады.
Балалардың мейрамында бүгін той
Балалардың мерекелік күні ғой
Алақай-ау, алақай!
Той тойлайық балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
Кел қосылып ән шырқайық, би билеп!
Ән: «Ауылым»
Қырдың гүлі,
Күннің нұры,
Қол бұлғайды саябақ.
Асқар белдер,
Толқын көлдер,
Құшақтайды аялап,
Еліміздің, жеріміздің
Жазы жаннат, тамаша!
Дала қандай,
Қала қандай,
Көз тоймайды қараса,
Шығысқа да, батысқа да,
Бастап жүрді күн мен ай.
Жермен, көкпен
Серуендеткен
Демалыстың күндері-ай!
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Балалық –қиялдың әлемі,
Ғажайып- сәуленің гүлдері.
Балалық- бұлбұлдың әуені,
Балалық-наурыз күндері.
Балалық- алтын шақ шақтары
Балалық- найзағай ақ жалын
Балалық- аспанның бұлттары
Балалық – толассыз ақ жауын
Балалық- арманның бүршігі,
Балалық -қоянның көжегі,
Балалық-бақаның у-шуы
Балалық –даланың өзені.
Ән: «Болайықшы осындай»
«Балалардың бақыты»
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып,
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Балаларға сол бақыт
Болса Отаны аман-сау
Басын бұлтқа байлатып,
Тұрса асқақтап Алатау.
Жапырақтарын жайнатып,
Әлдилесе бау-бақша.
Балаларға сол бақыт,
Жаз орманда жақса алау.
Балаларға сол бақыт,
Аман болса әкесі,
Қатар жүрсе тәтесі,
Аман болса анасы,
Жүрсе алдында ағасы,
Болса мөлдір өзені,
Болса байтақ даласы.
Ән: «Менің Отаным»
Балалық шағы-
Патшаның тағы.
Тіл жетпес оны бағалап,
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей біл.
Ілгері күнді сағалап.
Үйрен, білім жастықта,
Білмей өс жанға қастықта.
Спорттық жарыстар
а/ Эстафеталық жарыстар
ә/ Асфальтқа сурет салу.
Тақырыптары:
а/ «Ауылым қандай тамаша!»
ә/ «Мектебім-алтын ұям»
б/ «Дос болайық бәріміз»
в/ «Есірткіге жол жоқ»
Шағын концерт
Камзол киген қынай бел,
Толған ою-өрнекке
Билесін деп сұрайды ел,
Өнеріңді көрмекке.
Оқушылар ән айтып, би билейді.
Шаттық әнін шырқасақ барлығымыз,
Жібереді жаңғыртып тауды үніміз.
Алтын таңын, тал түсін, салқын кешін,
Аямастан сыйлайды әр күніміз.
Сағындырып келгенше сары ала күз,
Серуен құрып, шат күліп, дем аламыз.
Күн иісін аңқытып бойымыздан,
Қайтқан құстай мектепке ораламыз.
Хормен:
Анаң-күнің жүрегің,
Әкең өмір тірегің,
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Хор: « Әрқашан күн сөнбесін!»
Жоғарыдағы байқаулар қорытындысы бойынша балаларды мадақтап, сыйлықтар беру.