-өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Шаттық шеңбері:Балалармен шеңбер құрып тұру және қол ұстасып тұру.Бірге өлең жолдарын қайталау:
Қуан,шаттан! Қайырлы таң!
Қуан,шаттан! Қайырлы таң!
Қуанатын күн бүгін. Күліп шықты күн бүгін.
Өзіммен-өзім:Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында «Өзіммен-өзім» әдісін ұйымдастыру.Тақтаға ілінген сөздерді оқу және суреттерді көрсету.
Әңгімелесу:Оқушыларға «Қуанышты кездесу таңы» тақырыбының мәнін түсіндіруді әңгімелесу арқылы ұйымдастыру.
-Тақтадағы мына суреттер мен сөздер сендерге таныс па?
-Сендерді кім оятады және ненің дыбысынан оянасыңдар?
-Қандай көңіл күймен оянасыңдар?
-Таңертеңгі қуануыңа не себеп болады?
-Таңертеңгі жабырқауыңа не себеп болады?
Балалардың жауаптары тыңдалып,қорытындыланады.
Тапсырма:Адамдардың әр түрлі көңіл күйде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға тапсырма беру,тапсырманы орындау барысында балалардың таңертеңгі көңіл күйі туралы пікірлері беки түседі.
Тақтаға суреттер ілу,суреттер бойынша сұрақ-жауап өткеру:
1-сурет:Ұл баланы таңғы ұйқыдан оятып жатқан ананың суреті.
Анасы баласын қандай сөздер айтып оятады деп ойлайсыңдар?
2-сурет:Ұл мен қыздың отбасындағы суреті.
Дастарқан басында балалар қандай тілек айтты деп ойлайсыңдар?
3-сурет:Мектеп ауласында тұрған оқушылар.
Балалар бір-біріне кездескенде қандай сөздер айтты деп ойлайсыңдар?
-Балалардың жауаптары дұрыс болмаған жағдайда ,оларды дұрыс жолға бастау.Олардың жауаптарын толықтырып,қорытындылау.
Ойын:Балаларды жақсы көңіл күйде жүруге дағдыландыруды ойын арқылы ұйымдастыру. «Көңіл күйімді тап» ойыны.Ойынның шарты мынадай:-Кеспе қағаздарға сөздер жазылып,столға жайып қойылады.Балалар бір-бірлеп келіп бір қағазды алады да,сөйлеместен қағазда жазылған сөзді мимикамен көрсетеді.
Кеспе қағазда жазылған көңіл күй қимылдарының үлгілері:күлімдеу,жымию,күлу,қуанғаннан секіру,бас бармағымен «бәрі жақсы» деп көрсету,қуанғаннан билеу,қуаныштан құшақтасу,арқадан қағу,басынан сипау,қабағын түю,көзін төмен қарату,аяғымен жер шұқу,желкесін қасу,көзін қолымен уқалау,көзінің жасын сыпыру,теріс қарау және т.б.
Дәйексөз:Тақтаға «Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды» деген халық даналығын ілдіру.Оны бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру:-«Әр таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды» дегендей,әрбір атқан таңға,жаңа күнге қуанғандарың өзіңе,айналаңа шаттық сыйлағандарың.Сол себепті таңертең қандай көңіл күйде болсаңдар да,айналаңдағы адамдарға жақсы сөздер айтып,жылы шырай таныта алсаңдар –өздеріңе қуаныш сыйлағандарың.
Жүректен жүрекке:Шеңберге жиналып,жақын адамдарына жақсы тілектерін білдіру.