Просмотр содержимого документа
««Ананың алақаны».»
Ақсу ауылындағы КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасы
«Ананың алақаны»
Аналар сайысы
«Тұлпар» тобы
Тәрбиеші: Раимжанова Л.Н.
2016-2017 ж
«Ананың алақаны»
Мақсаты: Балдырғанда 8 Наурыз—аналар,әжелер,апайлар мерекесі екенін
ұғындыру,олардың еңбектерінің зор екенін түсіндіру,балабақша
мен ата-аналар қатынасын нығайту.Балалардың анаға деген
адамгершілік қасиеттерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші:Көктемнің алғашқы күні аяулы аналарымыздың мерекесі тойланады.Құрметті асыл аналар,қыз-қызғалдақтар,қонақтар! Мерекелерініз құтты болсын!
Жарқын жүзді жан анам, сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан.
Жүргізуші: «Ана десем әділдікті ұғамын» дей отырып, бүгінгі «Тұлпар» тобында өткелі отырған «Ананың алақаны» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен,
Құттықтайды балалар!
Балалардың аналарына арналған жыр шұмақтарын тыңдайық.
1.Көркем: Ана деген көп шығар
Анамдай менің жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
2.Кәусәр: Ана –біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
3.Диас: Әжемді жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда әжем жүргенде
Шаттанып ойнап күлем!
4.Азиз: Біз доспыз гүлдермен
Оны біз жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.
5.Раяна: Мені жақсы көреді
Күнде күліп жүреді.
Жүргізуші: Ал енді қазыр көктеммен бірге келетін аналар мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Ананың алақаны» сайысын тамашаланыздар. Сайыстың шарттары: 1. «Шаңырағым- шаттығым!» Өзін және отбасын өлең жолдарымен таныстыру. 2. «Шебердің қолы алтын!» (Өздерінің қолмен жасаған заттарын көрсету) 3. «Ас-адамның арқауы». (Үй тапсырмасын көрсету кезеңі) 4. «Көктем Ханшайымы». (Киім үлгісін көрсету кезеңі)
Жүргізуші: Әділ қазы береді, Өздеріңе билікті. Өнерде кім женеді, Алады сол сыйлықты.
2-ші – «Шебердің қолы алтын»көрсету кезеніңе береміз. (Аналар өздерінің қолдан жасаған заттарымен таныстырады).
Жүргізуші: Әділқазылар аналарымыздың ұпайларын анықтағанға дейін «Балапан» тобының орындауында «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Тұлғасына сән киім жарасады,
Бүкіл әлем таңғалып қарасады–деп
ортаға көрікті,сымбатты, инабатты супер аналарымызды шақырамыз. 3-ші «Көктем ханшайымы» киім үлгісінің көрсету кезеніңе береміз. 4-ші «Ас-адамның арқауы» үй тапсырмасы кезеңі. Жүргізуші: Осымен біздің байқауымыз аяқталды. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша кезекті «Жігіттер» тобының орындаунда «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыныздар.
Жүргізуші: Ал енді әділқазылар алқасына сөз берейік. «Ананың алақаны» атты сайысының жеңімпаздарын атайды. Әділқазылар алкасы жеңімпаз аналарды марапаттап, 1. «Өнерлі ана».2. «Шебер ана». 3.«Бұлбұл ана». 4.« Мейірбан ана» номинациясы беріледі. Жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадық.
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әр қашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен біздің «Ананың алақаны» атты сайысымыз аяқталды.Өз өнерлерін көрсеткен аналарға және тамашалап қошемет көрсеткен барлықтарынызға рахмет!
Көктемнің алғашқы аналар мерекесімен құттықтаймыз!