Просмотр содержимого документа
«"Ана - өмір гүлі"»
«Ана – өмір гүлі»
ЖҮРГІЗУШІ: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз
Анам менің сүйіктім Айгерім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет. Әділжан
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін. Ажар
БИ «ГУБКИ БАНТИКОМ»
Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған Үлкен кіші демейді Сыйлайды оны бар адам ӘДЕМІай
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?! Жангир
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз АМИР
Ән: «Ақ мамам» БАРЛЫҒЫ БІРГЕ
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді бүгінгі мейраммен құттықтаймыз